Тіркелу Сайтқа кіру

Мемлекеттік мақтаныш

Жүргізуші: Сонымен біз ойынымызды бастаймыз!

1 кезең: «Таныстыру»

 Топтар өздерінің топ атауын, ұранын және топ басшысын сайлайды.Барлықтарыңыз ортаға шығып өздеріңді таныстырасыздар. Бағалануы 3 ұпай. Дайындыққа 3 минут уақыт беріледі.

 

Жүргізуші: алдарыңызға 3 ғқсп тобының студенттері, Абай оқулары байкауының 1 орын иегері Қасымқан Қуандық, 2 орын иегері – Толықбай Шыңғысхан және 3 орын иегері Бердібаев Сәкенді шақырамыз. (өлең шумақтары)

Жүргізуші: Сонымен 1 кезең таныстыру - топтарға сөз кезегін берейік:

Жүргізуші:Әділ-қазылар алқасы 1 кезең нәтижесін айтып өтсеңіздер.

Жүргізуші:

2 тапсырма: сұрақ-жауап. Топтарға сұрақ таңдауға мүмкіндік беріледі.

Құрметті ойыншылар, бұл кезеңде сіздер 10 сұрақтантаңдап, жауап  берулеріңіз қажет. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріледі. Өзге топтың жауап берілмеген сұрағына келесі топ жауап беруіне болады.

Жүргізуші:

  1.       Қазақстан Республикасының Конституциясы қай жылы қабылданды?1995ж. 30 тамыз
  2.       ҚР қазіргі таңда тұрғындар саны? 17,5 млн адам
  3.       Парламент депутаттарының жалпы саны? 144
  4.       ҚР тенге валютасы қай жылы енгізілді? 1993 жылы 15 қараша
  5.       ҚР облыстары, қалаларының саны? 14 облыс, 86 қала
  6.       Қазақстан Республикасының Елтаңбасы қандай бейнелерден тұрады? көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады. Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды.
  7.       Шаңырақ пен уықтар нені білдіреді ? біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді.
  8.       Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қай жануармен сипатталады? қанатты тұлпар.
  9.       Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш ненің белгісі? бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі.
  10.   Елтаңба төменгі жағындағы жазба? «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді.
  11.   ҚР-ның рәміздері қашан қабылданды? 1995 4 маусым
  12.   Елтаңба тану ғылымының атасы кім?
  13.   Мемлекеттік Тудың авторы кім?
  14.   «Әнұран» терминінің өзі ненібілдіреді?
  15.   Мемлекеттік Әнұранның авторлары кімдер?
  16.   Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары кімдер Жандарбек Мәлібеков
  17.   Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде барТу
  18.   Қазақстан Республикасының жаңа Гимні алғаш рет қандай жиында орындалды
    Ел президентін ұлықтау рәсімінде
  19.   Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі1992 жылы Мемлекеттік Туды бекітті. Шәкен Ниязбеков.

20.                 Мемлекеттік Тудың ұзындығы мен енінің қатынасы қандай
2: 1

 

Жүргізуші: 3 тапсырма. Келесі кезең мақал-мәтелдер сайысы. Бұл сайыста: Қазақстан-Отан тақырыбына байланысты 2 минут ішінде мақал-мәтелдерді әр топ кезекпен айтуы керек. Бұл сайыс 2 ұпаймен бағаланады.

 

Жүргізуші: (4 тапсырма)

Келесі кезең Топ басшылары кезеңі. Топ басшылары ортаға шақырылады. Әр топ басшысына қазақ халқының  өнер, мәдениет қайраткерлері мен  тарихи  тұлғаларының  суреттері берілген.  Сіздердің  негізгі әрекеттеріңіз суретке мұқият  қарап, менің беретін   ақпаратыма  құлақ  асу.Әр  суреттегі  тұлғалардың өмірбаяны мен Отан үшін, еліміздің  тәуелсіздігі үшін   атқарған қызметі  жайлы, өз заманында  әлемдік  үлкен сахнаға шығып  қазақты  танытқан   өнері, ерліктері  жайлы айтамын,  ал  сіздер  өз  кезектеріңізде тұлғаның  аты-жөнін  айту керексіздер. Әр дұрыс жауап 2 ұпай

1) композитор, Қазақстанның халық артісі (1991). ШымкентТаразЖетісай қалаларының құрметті азаматы.

Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі.

Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келді. Бала кезінен бойындағы бар талантын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді. 1950 жылдан бастап шығармашылықпен түбегейлі түрде шұғылданды. 1956-1962 жж. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясында В.В.Великанов класында оқыды. Шәмші әндері ғажайып саздылығымен, сылдырап аққан бұлақ суындай тап-таза сыңғырымен, лирикалық наздылығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық жағынан сіңірген еңбегі қазақ эстрадалық әндерінің әуенін ұлттық нақышпен құнарландыруында, яғни халықтық қайнармен қабыстыруында жатыр. Ал бұл оның қазақ жұртының музыкалық дәстүрі сүтін еміп өскендігіне дәлел.- Шәмші Қалдаяқов

2) Қазақстанның көрнекті ақыны, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері. Елуінші жылдардың екінші жартысында, алпысыншы жылдардың басында өлеңдері республикалық баспасөзде жиі жарияланып жүрді. Алпысыншы жылдардан бастап өлеңдері мен шығармалары, үш романы, аударма кітаптары "Жазушы", "Жалын" баспаларынан жарық көрді:"Балауса" (1961)"Сыбызғы сыры" (1962)"Өз көзіммен" (1964)

Жұмекен Нәжімеденов

3) Қазақтың атақты әншісі, актер әрі музыканты. Шығыс Қазақстан облысының Абыралы ауданына қарасты Дегелең тауының алабында туған. Шыққан тегі Орта жүз ішіндегі Тарақты руы.Ол есейе  келе  1921-1924 жылдары Семейде құрылған қазақ жастарының ағарту ұйымы «Ес-аймаққа» мүше болып, әншілік өнерін шыңдай түседі.Бүгінгі күні, ол кісінің атымен Семей қаласындағы  облыстық филармония аталады. 1925 ж Халық Ағарту комиссары Луначарскийдің шақыруымен Парижде болатын дүниежүзілік көрмеде қойылатын концертке қатысады. Онда  ол  «Ағаш аяқ», «Дудар», «Екі жирен» т.б. әндерін  айтып, өзінің ерекше дауысымен  Париж халқын  таң қалдырып, қазақ  деген  халықтың  атын  әлемге  паш  етеді.

Әміре Қашаубаев

4)Соғыстан кейінгі қазақ әдебиетінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан, ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнекті қайраткерлерінің бірі. Ақын, журналист, драматург, сазгер, аудармашы және пародист. 1911 жылы 10 қазанда Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. Семей мал дәрігерлік техникумын (1930) бітірген, Орал педагогикалық институтында (1931) және Ленинградтың орман шаруашылығы институтында (1932) оқыған.  Оның ең мықты туындылары, майдангер ақынның қасіретіне толы.Көптеген  өлеңдері соғыстың ауыр жылдарында  жазылған («Елге хат», «Қоштасу», «Май майданда», «Ағайға» т.с.с.). Арнайы музыкалық білім алмағанымен, ол суырып салма дарынына ие сазгер болған, ол домбырамен сүймеледей отырып, тамаша әндер жазатын.Қасым Аманжолов

 

Жүргізуші: (5 тапсырма) Еңдігі кезекте бүгінгі ойынымызды қорытындылайтын соңғы сайысқа да келіп жеттік. Бұл сайыста әр топ мемлекеттік рәміздерге деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімідерін арттыру мақсатында үйде сурет салу немесе өлең шумақтарын шығару керек еді. Әділ қазылар алқасына көрсетулеріңізді өтінемін. Әр туынды 1 ұпаймен бағаланады.

 

Жүргізуші: Ал әділқазылар ұпайларды санап жатқан уақытта, жанкүйерлер осы  ойыншылардың қоржынына үлес  қосуларыңызға  мүмкіндік  берелік. Ол  үшін  мен  сіздерге  1 минут  уақыт  беремін және   мына  алдарыңыздағы шатаспа  кестесінен   Тәуелсіз  Қазақстанымыздың   қала  аттарын  тауып  айтуыңызды  сұраймын. Қай топ жанкүйерлері  көбірек қалаларды   атаса  сол топтың  қоржынына 3 ұпай  қосылады.

 

СКЕӨНМЕ, ЗАТАР, ЛҚҒОАТДНРЫА,ӨБҚТЕА, ЗҒНАЖҚЕЗН, НТЕШТАК,ШО, КБКЕШИ, ЕЫТШМКН, АТӘБВСЕ, АНТСАА, АШБЛХА,  ТУАЫРА

 

Тамаша, жанкүйерлерге де  үлкен рахметімізді  айтамыз.

ҚР-ның Ата заңның 34- бап, 2-тармағында «Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті»делінген. Олай болса, рәміздерді құрметтеу- әрбір қазақстандық азаматтың міндеті. Әсіресе, ел ертеңі, болашағы - сендер үшін бұдан асқан мақтаныш пен міндет болмаса керек деп қорытындылай отырып, сайыс сабағымыздың жеңімпаздарын анықтау қорытынды сөз әділ қазылар алқасына беріледі.
Әділ қазылар алқасының сөзі.

 

Кезеңдер

2 ғқсп ұпай саны

 

3 ғқсп ұпай саны

1.Таныстыру (ұйымшылдық,нақтылық, тақырыпқа сай келу керек)

Көп дегенде 3 ұпай

 

 

2. Сұрақ-жауап(әр дұрыс жауапқа2 ұпай)

 

 

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру