Тіркелу Сайтқа кіру

Ана-біздің гүліміз.

Сабақтың тақырыбы:  Ана-біздің гүліміз.

Сабақтың мақсаты:

 Балаларға 8-наурыз туралы түсінік беру.Балаларды барлық аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап құрметтей білуге тәрбилеу. Балалардың  тіл  байлығын, сөздік  қорын  ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекіліктері: тәрбие сағатының тақырыбы, мақалдар, өлеңдер жазылған  плакаттар

Сабақ жүрісі:

-Балалар  көктем  мезгілі, наурыз  айы да келді,наурыз  айында тойланатын  мерекелер  бар,сонын  бірі 8-Наурыз  күні, яғни мамаларымыз, әжелеріміз, апаларымыздың  қыздардың мерекесі.       Біз қазір 8-наурыз  мерекесіне  байланысты  өздеріңіздің  дайындаған тақпақтарыңызды, өлендеріңізді, билеріңізді осы отырған мамаларыңызға  апайларына, әжелерімізге  арнаймыз.

Адам  бойындағы  барлық  жақсы  қасиет күннің  нұрынан, ананың сүтінен таралған.

Сондықтан құрметті  асыл аналар, әжелер,апайлар,қыздар бүгінгі

« Ана –біздің  гүліміз»   атты  тәрбие сағатымызды  сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.Сіздерді келе жатқан көктем  мерекесі

8 наурызбен құттықтаймыз!

Сіздерге зор денсаулық,отбасыңызға аманшылық тілейміз.

 

Иса: Той пердесін ашайық

               Тойға шашу шашайық.

               Аналарды құрметтеп

               Ән маржанды шашайық.

 

Ғизат:Бүгін  наурыздың сегізі

               Сұлулықтын негізі

               Әдемі сөз адамның

               Анаға айтар лебізі.

 

Нұрдәулет: Ана біздің күніміз

                    Ананың біз гүліміз

                    Ұландарды қуантып

                     Ұзақ өмір сүріңіз

 

Нұрлыбек: Құтты болсын ардақты аналар

                   Асыл  анам мерекең

                  Құтты  болсын теңдік  алған

                  Қуанышты берекең.

 

 

 

 

Ақерке:  Бәрімізге  анасың

                      Біз үшін  күн боп  жанасың

                      Құтты  болсын  мейрамың

                      Құттықтаймын  анашым.

 

 

Ән:«Анаға сәлем»

 

Нұрлыбек: Мамаларды сүйеміз

                    Сөзін ойға түйеміз

                Әжені де ардақтап

                Әдеппен бас иеміз.

 

Аружан:Бала,бала,бала деп

                Түнде шошып оянған

                Түн ұйқысын төрт бөліп

                Түнде бесік таянған

 

Қайсар:    Әлпештеген анамыз

                 Біз бақытты баламыз

                 Оқып білім аламыз

                 Жұлдыз болып жанамыз

 

  Шарқат: Бал бөбегін баптаған

                 Мамам үшін мақтанам

                 Аялайтын біздерді

                 Көп жасасын ақ мамам

 

Балалар,біз аналар туралы мақал білеміз бе?Мен сендерге бір жолын айтамын, сендер жалғастырасыңдар.

Ананың сүті-бал,

Баланың тілі-бал.

                                               Күннің шуағы жылы

                                               Ананың құшағы жылы

Қыз өссе –елдің көркі,

Гүл өссе –жердің көркі.

 

Гүлнәз:  Достықты біз ойлаймыз

                Бірге  күліп ойнаймыз

                Қыздарды да құттықтап

                Мерекесін тойлаймыз.

 

 

 

 

Бекзат:      Әлпештеген баласын

                  Ана бақыт, ана күн

                  Әркім сүйіп өзінің

                  Мақтан етер анасын.

 

Бексұлтан:Мамам, мамам, ақ  мамам.

               Мен өзіңнің ақ балаң.

               Меркеңмен  құттықтап.

               Ән  арнаймын  мен саған.

 

Қайрат:Гүлдерді мен жұлмаймын,

               Торғайларды қумаймын,

               Айтқан сөзін тыңдаймын.

               Анашымды сыйлаймын

 

Қасымжан:Апатайым Анашым,

                   Ақылы мол данасың.

                   Қамқоры сен сәбидің.

                   Гүлі де сен әр үйдің

 

Жансая:Мәпелейсің мен анам,

               Қолыңдағы құсыңдай,

               Құлпыра өсіп, дем алам.

               Құшағыңда қысылмай

 

 

 «Анамның дауысы» ойыны.

Құрметті  аналар, қазір  сіздер  бір-бірлеп, өз балаңызды  шақырасыз. Мысалы, ұлым  немесе қызым  деп, ал атын  атамайсыздар. Қай бала анасының  дауысын  таниды екен?

 

«Кім жылдам?» ойыны. Шарты: 3 ойыншы өз аналарын 1 мин уақыт ішінде тез әрі дұрыс киіндіруі қажет.

«Кімдікі?» ойыны. Балалардың ана, әже, апаларының заттарын ауыстырып тастаймыз. Қалған ойыншылар өз аналарының заттарын орын-орынына қоюы керек.

 

Қорытынды:

 Бүгінгі біздің аналар мерекесіне өз қолымыздан келген өнерімізді арнадық.Әрқашан аналарды сыйлап, қуантып жүрейік.Өйткені, ана біздің өміріміздің сәні мен мәні!

Анамызды  аялайық!

 

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру