Тіркелу Сайтқа кіру

Суретші ата-Қастеев

Маңғыстау  облысы

Қарақия  ауданы

Құланды  орта  мектебінің

Бастауыш  сынып  мұғалімі

Уткилбаева  Гулсим  Утеушкызы

 

Cабақтың тақырыбы: Суретші  ата-Қастеев

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың   ойлау қабілетін дамыта  отырып, Қастеев атамыздың   шығармаларымен  таныстыру.

Дамытушылық: Іздемпаздыққа, шығармашылыққа,   өнерді    сүйе  білуге үйрету.                                             

Тәрбиелік    мақсаты:  Еңбекқорлыққа,еңбекті   қадірлей    білуге 

тәрбиелеу,   өнер сүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Қастеев   атамыздың  суреті, суреттері.

Сабақтың барысы : 

Ұйымдастыру.Оқушылар назарын  сабаққа аудару.

 

Өткенді еске түсіру.

-Сонымен  өкен сабағымызда  қандай әнші , биші   апаларымызбен таныстық.

-Әнші апаларымыз туралы  не айтамыз?

-Әнші , биші  апаларымызға  байланысты  тақпақтарды  кім айтады?

 

Жаңа  сабақ.

Жақсы  оқушылар  бүгінгі   тақырыбымыз  суретші  атамыз   Ә. Қастеев  атамыз  туралы  болмақшы.

Тірек сызба арқылы  оқушыларға  жаңа сабақты  түсіндіремін.

Оқушылар  ойларымен   менің  айтқан   сабағымды   толықтырып       отырады.

Суретші  атамыздың   сурет   өнерін  оқушыларға  жеткізе  отырып   табиғат  , Отан  туралы   салған  өнерінің   мазмұнымен    таныстырып    түсіндіремін.

 

Сергіту  сәті:  «Ақылды  би» ойыны.

 

Ендігі кезекті  дәптерге  береміз

 

Кітаппен    жұмыс ,  кітабымыздағы  155-жаттығуды   орынымызда  орындаймыз.

Оқушылардың  көркем  жазуына  назар  аударамын.

156- жаттығуды  тақтада  орындаймыз.

Оқушылардың  сауаты оқу  жазу  дағдысына   назарды  аудармын.

Жақсы көркем  жазған оқушыларды  мақтаймын.

-Жақсы  оқушылар    сонымен    бүгін  біз кіммен таныстық.

-Оқушылар  хормен айтады  оларға  бірнеше   сұрақтар қойылады   және  қайталау  арөылы  сабақты бекітеміз,  сабаққа жақсы  қатысқан оқушы  бағаланады.

 

Дәйексөз:      Тақтаға  назар аударайық. Табиғат суреті ,  Қазақстан  суреті,   Оқушылар   өз   ойларын   айтады.

Оқушылардың  ойын  мұғалім  түйіндейді.

Табиғатты, Отанды  қорғау  өз қолдарыңда   балалар.

Оқушылар  Отан  туралы  өз  ойларын  толық  жеткізетін   өздері  шығарған  өлең  шумақтарын  айтып  береді.

 

Сергіту  сәті;  Тербеледі  ағаштар,

                        Алдымнан жел еседі.

                        Кіп-кішкентай  балалар,

                        Үп-үлкен  болып  өседі.

                        Қане,  қанат жазайық,

                       Қарлығаш болып   ұшайық.

                       Тілім барда  қазағым бар,  халқым бар,

                        Дәстүрім бар,

                        Ана жолы салтым бар.

 

Дәптермен  жұмыс:  -Балалар,  дәптерлеріңе  бүгінгі   сабақтан  білгендеріңді,  түсінгендеріңді, осы  сабақтан  алған  білімдеріңді  тұжырымдап,  түйгендеріңді        ой-пікірлеріңмен   жазыңдар.

 

Отан туралы  не білесіңдер түгел  қағаз  бетіне  түсіріңдер.

 

Жүректен  жүрекке :      Балалар, шеңберге  тұрып,  жүрек бейнесін   ұстап,  шын жүректерімен  бір-бірімізге кезекпен  жылы-жылы тілектерімізді  білдірейік.

 

Сабақты  қайталау  арқылы  бекіту.

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру