Тіркелу Сайтқа кіру

Сіз деген әдеп,біз деген көмек

Тақырыбы: «Сіз» деген - әдеп, «біз» деген – көмек Мақсаты: Балалардың «сыйластық», «қамқорлық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: өзара сыйластық қарым - қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру; бірлесіп еңбек етуге қызығушылықтарын арттыру; өзара сыйластыққа, өзара көмекке, бірлікке тәрбиелеу. Ресурстар: Шаттық шеңбері: Балалар мұғаліммен бірге шаттық шеңберін құрады(әр елдің сәлемдесу рәсімі) Топқа бөлінеді (Әдепті; Сыпайы; Ізетті) Мұғалім: Сыйластықты іздеген, Әдеп сақтар ізгі өрен Сыпайылық белгісі – Үлкендерге «Сіз» деген... демекші- Неге топтарың Әдепті; Сыпайы; Ізетті боп аталдыдеп ойлайсыңдар? Балалардың жауабы... Ендеше балалар тәрбие сағатында не туралы әңгімелесеміз тақырыбы қандай болмақ?«Сіз» деген - әдеп, «біз» деген – көмек Бүгінгі сабақта біз әдептіліктің бастауы- «сіз»бен «біз»туралы әңгімелесеміз. Олай болса,балалар, айтыңдаршы біз неге тәрбие сағатын сәлемдесу рәсімсінен бастадық? Ендігі кезекті оқушыларға берсем деймін. 1. «Әдептілік сәлемдесуден басталады» дейді дана халқымыз. Сәлем сөздің анасы болғандықтан, амандасу әр халықтың мәдениетінің алғашқы беташары. Қазақ халқында амандасу рәсіміне ерекше мән беріледі. Әдетте кіші – үлкенге, аттылы – жаяуға бұрын амандасады. 2. Мұсылман халқында амандық салты «Ассалаумағалейкум!» деген сөзден басталады. Ол жақсы тілек. «Сізге алланың нұры жаусын деген сөз». Жас адам жолы үлкен, жасы үлкен адамға алдымен ұмтылып, қос қолын ұсынады. Ал, сәлем алушы қария «Уағалейкумассалам» деп, оң қолын ұсынады. Ол «Алланың рақым нұры маған бір есе жауса, сізге 2 есе жаусын» деген сөз. 3. «Сәлем беру» қазақ қыздары мен келіндеріне тән ізеттілік белгісі. Келін үлкен адамдарға қолын кеудесіне қойып, сәл иіліп, даусын шығармай сәлем қылады. Үлкендер «көп жаса, бақытты бол», деп бата береді. 4. Ауылға келген қонақпен ауыл адамдарының амандасуында белгілі ереже бар. Үй сыртына таяп келген үлкен адамға аттан түсіріп алғалы тұрған жасы кіші адам бұрын сәлем беруге тиісті. Ал, сырттан үйге кірген кісі қандай жастағы адам болса да, үй ішінде отырғандарға өзі бұрын сәлем беруі керек. 5. Ертелі-кеш өзіңе таныс адамдарды көргенде немесе мұғаліміңді көргенде біз: «Сәлеметсіз бе?» дейміз. Олар да: «Сәлеметсіңдер ме?» деп бізге жауап қайтарады. «Сәлем – сөздің анасы» деп халқымыз осыған сүйеніп айтқан. Сәлем беру дегеніміз – адамдар жүрегіне бастайтын жол. 6. Амандасу рәсімінің бірнеше түрлері бар. Қол беріп амандасу, Төс қағыстырып амандасу, қолдан сүйіп амандасу, маңдайдан сүйіп амандасу. 7. Қол беріп амандасқанда бетті бөтен жаққа бұрып немесе теріс қарап тұрып амандасуға болмайды. Әйел адамның немесе қыз баланың қол беруі міндетті емес. 8. Төс қағыстырып амандасу ер жігіттердің, батырлардың шынайы достығын, кездесуге қуанышын білдіреді. Бір-біріне сенетін жігіттер ғана осылай амандасады. 9. Қолдан сүйіп амандасу — әжелердің, апалардың жақсы көретін балаларын, жасөспірімдерді қолынан сүюі. Қолдың сыртынан ғана сүйеді, алақаннан сүюге болмайды. 10. Маңдайдан сүйіп амандасу – үлкен адамдар кішкентай балалардың, жеткіншектердің маңдайынан сүйіп амандасады. 11. Көпшілік отырған жерге, дастархан басына келген кісі әрқайсысына емес, жұрттың бәріне ортақ бір ғана сәлем береді.Тамақтанып отырған кезде, ас үстінде қол ұсынбайды. Қолғапты, бас киімді шешіп амандасу да адамды құрметтегендіктің белгісі. 12. «Сәлеметсіз бе?» кішігірім ғана бір ауыз сөз. Ал, бірақ бұл «Мен сені аман-есен ұшырастырып тұрмын, ағайын. Пейілің жарқын, жүзің ашық болсын, мен сені сыйлаймын, сені де сыйластық танытады деп білемін. Өз басым саған денсаулық, амандық, бақыт тілеймін» деген бірқауым ойларды білдіреді. 13. Сәлемдескенде ешқашан дауысты көтермей, жылы шыраймен ізет көрсету – сәлемдесу әдебінің шарты. Дауыс ырғағының өзі маңызды қызмет атқарады. Кейбір елдерде адамдар дауыс ырғағынан-ақ «кім екеніңді білдім» дейді. Бұл кездейсоқ айтылған сөз емес. Көнекөз қария бір сәтте-ақ бойыңыздағы барлық қасиетіңізді байқап қалады. 14. Сәлемдесудің әдеп ретіндегі ең басты шарты – жылы шырай екенін ұмытпаған жөн. Сол себепті әркім қалай сәлемдесе білуді, өзінің қас-қабағын, дауыс құбылысын қадағалап, алдындағы адамға жақсы әсер қалдыратындай болуына талпынуы керек. 15. Менің ойымша, жастардың үлкендерге қалшиып тұрып, бір қолын ұсынуы немесе шарт еткізіп дыбыс шығаруы да әдепсіздік болады. Сондай-ақ немкетті, саусақтарын былқ еткізіп ұстата салу, басқа біреуге қарап тұрып амандасу да әдептілікке жатпайды. 16. Топ адамның ішінен атақты-абыройлы деген бір-екеуімен ғана алалап сәлемдесіп, қол алысу — барып тұрған әдепсіздік. Бұл сәлем берілген адамдардың өзін ыңғайсыз жағдайда қалдырады да, сәлем берілмегендер үшін ашықтан-ашық қорлау болып табылады. 17. Қазақта «Алыстан 6 жасар бала келсе, алпыстағы қария барып сәлем береді» деген дәстүр бар. Алыстан келген кісіге сәлем беру тәртібі жасқа байланысты емес. Ал, кездескенде кіші үлкенге сәлем бермей кетсе, ол көргенсіздік, әдепсіздік болады. 18. Қазақ тілінде әдептілік, сыпайылық, ізеттілік деген сөздердің түп мағынасы бар. Ол –адамгершілік. Яғни, ата-анаңды құрметтеу, үлкенді сыйлау, шыншыл және әділетті болу, сондай-ақ адамның көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуі. 19. Адамның қоғамда бағалануы, ардақталуы, қадір-қасиетінің болуы – оның адамдармен қарым-қатынасын адамгершілік принциптерге құруына байланысты болады. Жақсылық пен жамандық адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. 20. Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені, адам өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттілігімен ардақты. Осыған орай күнделікті өмірде «жақсы адам» немесе «жаман адам» деген әдептілік бағасы беріліп жатады. Ал, әдептілік жағынан кіршіксіз таза болу дегеніміз – адамгершіліктің асқар шыңы. 21. Әдептілік ережелерін сақтау табиғи және мейлінше емін-еркін болып, ешқандай жағыдайда екіжүзділікке, өтірікұялшақтыққа негізделмеуі тиіс. Адам өзінің әдептілік сезімін жетілдіре алуы үшін, көбінесе, өзін ойша басқа адамның орнына қоя алуы керек. 22. Әдептілік қағидалары сан алуан, солардың негізгілеріне қысқаша тоқтала кетсек: Әдепті адам өзінің белгілі бір адамды жек көретінін байқатпайды және шамадан тыс ұнатқандық сезім де білдірмейді, өйткені мұның өзі айналасындағылардың көңіліне келуі әбден мүмкін. 23. Таныс адамды ыңғайсыз жағдайда көріп қалғанда, оны байқамаған сыңай білдіріп, мұны ешқашан оның есіне салмау, әрі басқа ешкімге айтпау әдептілік болып табылады. Адамның қоғамға зиян келтірмейтін кемшіліктері мен әлсіз жақтарын басқалардың алдында әшкерелемеу керек. 24. Кемтар, кекеш, саңырау, ақсақ және т.б. адамды сырттай болса да күлкі қылу және келеке ету әдепсіздік қана емес, сондай-ақ дөрекілік те. Мұндай қалдегі адамдарға ерекше ілтипат және жанашырлықпен қарау керек. Жанашырлықты әдептілік сезімі билеуі тиіс. 25. Жасы үлкендердің арасында адам өзін-өзі ұстай білуі және қимыл-әрекет мәнері жөнінен құрбы-құрдастары арасында болғандағысынан гөрі әлдеқайда жинақы болуы керек. Бұл арқылы ол үлкендерді құрметтейтінін көрсетеді. 26. Тұрғанда тікесінен тік, бірақ емін-еркін тұруы қажет. Аяқты олпы-солпы басып, қалай болса солай теңселе ырғалаңдай жүруден аулақ болу керек. 27. Көшеде кісілерге дөрекі қарап, олардың сырт бейнесіне күлу сыпайылық емес. Үнтаспаны елге естіртіп жүру, жүріп келе жатып тамақ жеу, жарамсыз билет және қажетсіз нәрселерді көшеге тастай салу әдепсіздік болып табылады. 28. Қоғамдық көліктерде мүгедектерге, балалы кісілерге, аяғы ауыр әйелдерге, ересек кісілерге орын беріледі. Ер балалар отырып, қыздардың түрегеп тұруы ерсі көрінеді. 29. Иә, әдептілік әдебі осы сияқты инабаттылық үрдістері болып табылады. Әдептілік бұзылса, халықтық дәстүр де бұзылады, ұлттық намысқа нұқсан келеді. 30.Әдеп сақтау ұлттық тәртіпке, ережеге амалсыз бағыну емес, қайта сол заңдарды құрметтеу, қастерлеу, адамгершілік борышты өтеу болып табылады. Жағдаяттарды талдау 1.Жания өзінің інісі Ернармен үйдің ауласында ойнап жүр еді. Екеуінің тұсынан дүкеннен келе жатқан көрші үйдегі Анардың анасыөтіп бара жатыр еді, Ернар: - Анар бізбен ойнасын, шақырып жіберші,- деді. Жания інісінің сөзіне ұялып қалып, Ернарға әлденені түсіндіре бастады.Жания інісіне не туралы айтты? 2. Ұланға әке - шешесі жұмысқа кетерде: - Балам, біз жұмыстан келгенше сабағыңды оқып болған соң, үйдің айналасын жинастыр, үйге су алып кел,- деп тапсырды. Ұлан сабақ оқып болған соң, үйге оның достары Айдын мен Дидар келіп, Ұланды футбол ойнауға шақырды. Ұлан әке - шешесінің тапсырмасын орындауды, әлде достарының көңілінен шығу керек екенін білмеді. Сендер Ұланның орнында болсаңдар, не істер едіңдер? 3. Бүгін сенбілік. Кеше мұғалім мектепке сыпыртқы, шелек алып келулерін тапсырған. Мектеп алдында барлық мектеп оқушыларына жиналыс болып, әр сыныпқа әр түрлі жұмыстар тапсырылды. 2 - сынып оқушыларына мектеп ауласын сыпыруды және гүлдерге су құю жұмыстары тапсырылды. Сенбілікке сыныптағы барлық оқушылар жиналды. Ұлдар мектеп ауласын сыпырып, ал қыздар гүлге су құйды. Сынып жетекшісі балаларға қызыға қарап тұр. Балалар өздеріне жүктелген жұмысты ұйымшылдықпен тез әрі ұқыпты аяқтады. Бұл сыныпты қандай сынып деп ойлайсыңдар? Сергіту сәті: Мұғалім -Әдептілікке байланысты қандай өлең жолдарын білеміз? (Әр топ қимылмен көрсете отырып,өлең шумағын оқиды) Қарсы ал ерте күн көзін, Төсегіңді жина өзің Асықпай іш тамақты, Жалама аяқ-табақты, Пышақты ұста оң қолмен, Шанышқыны сол қолмен Нанды үгітпе, қадірле, Қабығымен бәрін же. Саусағыңды сормағын, Салдыр-салақ болмағын Сақта көше тәртібін, Бағдаршамның ал «тілін» Салма аузыңа инені, Үзбе жұлқып түймені Ашуланбай, долданып, Жауап бергін ойланып. Құр бекерге қылтима, Болмашыға бұртима, Іштарлыққа жол берме, Бақталастық білдірме, Сыйлап үлкен кісіні, Қамқорлыққа ал кішіні. Мақсат қоймай алдыңа, Қыдырып, құр қаңғырма! Әр топ осы сұрақтардың төңірегінде көрініс көрсетеді. -Адамға «Сіз» деп сөйлескенде қандай сезімде болады? «Сен»деген де ше?- «Біз»деп сөйлескенде ше? «Мен»деп сөйлескенде ше?-Өздеріңе басқа кісілер «сіз»дегенде ше?»сен»дегенде ше? -Әдепті бала әдептілікті қайдан үйренеді?Мақал-мәтелдерден, мектептен, ата-анадан,мұғалімнен, журналдан, газеттен,суреттерден,кітаптан, театрдан, жақсы адамнан,нақыл сөздерден, ұлағатты сөздерден алады. Олай болса, балалар сендер мына конверттерді ала отырып, тақырыпты таңдайсыздар.Сол тақырыптар бойынша әр топ постер құрастырады және қорғайды.( Әдептілік туралы мақал-мәтелдер; Әдептілік туралы тыйым сөздер; Адамзаттың 9 жауынан сақ бол;) Әдептілік туралы мақал-мәтелдер: 1. Әдепті бала арлы бала Әдепсіз бала сорлы бала 2. Әдепті бала ата-анасын мақтатар, Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар. 3. Әдептіліктің белгісі – иіліп сәлем бергені. 4. Сіз деген әдеп, біз деген көмек. 5. Әдептің не екенін әдепсіз адамды көргенде білесің.6. Әдептілік-ар, ұят – адамдықтың белгісі. 7. Қадірлі кісі қартаймас 8. Ұят- адамгершіліктің бір жемісі 9. Үлкен әдепті болса, кіші әдепті 10. Мейірімділікті анадан үйрен, Әдептілікті данадан үйрен. Әдептілік туралы тыйым сөздер:1.Үлкен кісімен сөйлескенде қолыңды қалтаға салып тұрма, 2.Үлкеннің жолын кесіп өтпе. 3.Біреумен сөйлескенде бетіне қадала қарап, тақалып тұрма, күле берме. 4. Біреудің дүниесіне таңдана қызығып, тесіле қарама. 5. Біреудің дүниесін өз бетіңмен аударыстырып, ақтарма. 6. Ата-анаңның бетінен алма. 7. Адаммен айқайлап сөйлеспе. 8.Кемтар адамға күлме. 9. Әркімді бір кекетіп , мұқатпа. 10. Тамақ ішкенде ашкөзденіп, қомағайланып кетпе. 11. Бас киімді теппе, айналдырма, аяқ асты тастама. 12. Үйдің ішінде ысқырма. 13. Малды бастан ұрма,ақты төкпе. 14. Нанның үстіне зат қойма. 15. Жасы үлкенніңсөзін бөлме, одан жоғары отырма. Адамзаттың 9 жауынан сақ бол. 1. Басты жауың — жалқаулық, Сорлататын жаныңды. 2. Осалдығың – аңқаулық, Соқтыратын саныңды. 3. Жасқаншақ болсаң, ұры алар, Қоралап қойған малыңды. 4. Жалатқызбас жасықтық, Аузыңдағы балыңды. 5. Өтірік айтсаң, өңмеңдеп, Жоғалтасың арыңды. 6. Өсек терсең телмеңдеп, Суға кетірер салыңды. 7. Көпірме, босқа мақтан қып, Түкке тұрмас барыңды. 8. Көрінгенге жалтақтап, Бола алмайсың жағымды. 9. Біреуді алдап, арбаумен, Аша алмайсың бағыңды Вен диаграммасы Ж – жігерліЖ – жалқау А — адал А – арам Қ – қайырымдыМ – мейірімсіз С – сыпайыА – арсыз. Ы – ынтымақтыН — надан Жомарттық, батылдық, шыншылдық, сыпайыгершілік, әділдік пен достық, ар мен намыс және тағы басқа да адамгершілік категориялары сонау көне дәуірден басталып, күні бүгінге дейін өз маңызын еш жоғалтпай келеді. «Егер сені ешкім қадір тұтпаса, мұның себебі өзіңде екенін ұмытпа». Об этой рекламе «Сіз», «біз» деген жылы сөз Жылытады жүректі. Жақсылық билеп жанды тез, Біреуге біреу жақсылық, Тілесе әркез жаны ашып, Осы бір шырын – тәттілік, Тұрмай ма жанға жарасып?! – Баршаға керек жақсылық! Қызғанбай бөліп алыңыз! «Сіз», «біз» деген жылы сөз – Бір - біріне болып көз,Жақсылықтың мейірі Оятады игі тілекті.. Кең болсын адам пейілі! Түйіндеу (мұғалім): -Қазақ халқында өзінен үлкенмен, сондай –ақ жасы кіші болса да сыйлы адаммен «сіз»деп сөйлесу игі әдетке айналған.Бұл сыпайылықты, адамға деген сыйластықты білдіреді. «Көп жүрген жер –көңілді.,көп еңбегі-өнімді.» «Біз»деген ұғым көпшілікті білдіреді. «Жалғыз ағаш орман болмайды »деген халық мақалы бар.Сол сияқты жалғыз адам бір өзі адами қасиеттерді көрсете алмайды, адамның адамдығы адамдармен бірге көрінеді.

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру