Тіркелу Сайтқа кіру

Менің досым кім?

Тақырыбы:Менің досым кім? Мақсаты: Достықтың адам өміріндегі өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру арқылы оқушылардың достық қасиеттерін ұштау, өмірден адал да шыншыл дос таба білуге баулу. Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта Сабақ әдісі: түсіндіру сұрақ ,жауап Барысы: 1. Оқушылар достық жайлы өз ойларын ортаға салады. - Сен достықты қалай түсінесің? 1- оқушы: Достық-алдымен екі адамның бір-біріне адалдығы. Адалдықсыз достық бола алмайды.Ал адалдық деген –рухани тазалық. Онсыз сен досың үшін ешқандай жақсылық жасай алмайсың. Оның қатесін жаның ашып көре алмайсың, оған шын жүректен жәрдем ете алмайсың. 2- оқушы: Достық- адамның бір-біріне сөз жүйесінде де, іс жүзінде де адал және шынайы болу, бір-біріне терең сенім, қайғы мен қиыншылықта өзара қол ұшын беру, өзара жауапкершілік пен қамқорлық. 3- оқушы: Достық әншейін дос тапқысы, дос болғысы келгендіктің нәтижесі емес. Бір-біріне пейілі, ықыласы түскен, жанжүрегі қалаған, көзқарасы мен ой ниеті үйлескен, мінездері сыйымды адамдар ғана дос бола алады. - Нағыз дос деп кімді айта аласың? 4- оқушы: Сатқындық пен екіжүзділік, өтірік айту, тәкаппарлық, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Жалқау, менмен, мәдениеттсіз, самарқау, салдыр-салақ адамдар бір-бірімен дос бола алмайды. 5- оқушы: Адамдардың білместігіне түсіністікпен қарап кешіре білмеген адам нағыз дос бола алмайды. 6- оқушы: Адал дос әрқашан сеніммен қарайды,қатесін, кемшілігін кешіре біледі. Ондай адам жан дүниеңді түсініп, әрдайым қасыңнан табылып көмектесуге дайын тұрады. Бұл –нағыз достық. 7- оқушы: Нағыз достық адамға шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға жәрдемдеседі. Бір-бірінің кемшіліктерін айтпау, бір-біріне жөндеп талап қоймай, болмашы істерін дәріптеп сөйлеу-бұл жалған достық. - Балалар, сендер достарыңның бойынан қандай қасиеттердің болғанын қалайсыңдар? Саналы Ынталы Шыншыл Жомарт Дос Адал Мәдениетті Білімді Қайратты Қайырымды Сенімді 3. Достық туралы мақал - мәтелдер оқу Жолдасы көптің олжасы көп. Өз басыңды дауға берсең де, Жолдасыңды жауға берме. Дос сыртыңнан мақтар, Дұшпан көзіңе мақтар. Ас барында дос көп, Ат барында той көп. Жалған достан жау артық. Мал көтерер өлімді, Дос көтерер көңілді. Досы жоқ адам - тұзы жоқ тағам. Жаман дос алдыңды орап жүргізбейді. Дос жылатып айтады, Дұшпан күлдіріп айтады. Жақсы дос пайдасын тигізбесе де, Зиянын тигізбейді. Досыңмен көп сөйлеспе, жолынан қалар, Дұшпаныңмен көп сыйласпа, сырыңды алар. Достың орны- төр, Дұшпанның орны –көр. 4. - Аққуды атпайды, Достықты сатпайды. Енді осы сөздің сырына үңіліп көрейікші. Аққу –киелі құс,сұлулық символы. Ал достықты сатпау деген не? Досы үшін өзінің басын қатерге тосу. Досын құтқару – достық өлкесінің заңы. Ал М. Шаханов ағаларың осы жайында не айтып еді? Өлең оқу. М. Шаханов. «Достық өлкесінің заңы» -Мұхтар мен досы әжесінен неге қатты қорықты ? -Әжесі неге немересін жазалаусыз қалдырды? - Нағашысы жиенін қалай қорғады? - Баланың орнында болсаң не істер едің? 5. Жаман дос- көлеңке. Ы. Алтынсариннің « Жаман жолдас» әңгімесіне салынған сурет бойынша әңгіме айтылады. • Жақсы жолдас пен жаман жолдасқа мінездемелер беріледі. • Жағдаяаттарды шешу • 1- жағдаят: Ақылбек пен Асылбек екінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Ақылбек сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Асылбек те ойнап жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Асылбек: -Мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені апайға ауырып қалды дей салшы,- деп өтінішін Ақылбекке айтты... Ақылбек егер адал дос болса, қалай жауап берер еді деп ойлайсыңдар? 2- жағдаят: Қаңтардың қара суығы. Мұхит екі шелекті қолына алып, өзеннен су алып келіп, қорадағы қойларды суаруға бет алды. Шелегін суға толтырып, қораға кіре берісте Мұхиттың аяғы тайып, құлап түсті. Су үстіне төгілді. Орнынан әрең қозғалып, үйге кірді... Мұхиттың тобығы шығып ауруханада көп жатты. Сендер Мұхиттың досы болсаңдар, не істер едіңдер? 6.Достық туралы алтын ақыл Өзгелерден өзіңе қандай қарым қатынас қаласаң, сен де оларға сондай қарым қатынас жаса. Өзің жақсы жолдас болсаң досың да көп болады. «Жолдасы көптің, олжасы көп», -дейді халық. Достарым көп болсын десең... Жаман өле жейді, Айтпа жалған ешқашан, Жақсы бөле жейді. Шыншыл болғын әрқашан. Әрқашан тілектес Іштарлыққа жол берме, Досыңа көмектес. Бақталастық білдірме. Өмірде достар арасында түрлі жағдай бола береді. Бірақ, бір біріне сенімді шын достар, кешірімді келеді, достықтарын бұзбайды. 7. «Менің досым» шығармаларынан үзінді оқу. 8. Қорытынды сөз: Болуға тырыс талпынып Асылдардың көзіндей. Кездейсоқпен достаспа Асылдығын сезінбей. Кеуде соғып лепірме Жан жоқтай басқа өзіңдей.

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру