Тіркелу Сайтқа кіру

Білім кілті-кітапта

Сабақтың тақырыбы: Кітап – білім кілті Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Оқушыларға кітаптың шығу тарихы туралы түсінік беру. 2) Тәрбиелік: Оқушыларды кітапты күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу. 3) Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, нақыл сөздер, кітаптар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі 1. Оқушыларды топқа бөлу. Сабақтың барысы: 1. Мұғалім сөзі Кітап ( араб: жазба) – мерзімсіз баспасөз басылымы; көркем әдеби, қоғамдық –саяси, ғылыми-практикалық мазмұндағы туынды. Кітаптың алғашқы түрлері ежелгі Шығыс елдерінде, Грекияда, Римде қыш текшелеріне, тақта тастарға сына жазумен жазылды. Б.з.б 25 ғ. Мысырда қыш текшелердің орнына қамыс ( папирус) қолданылды. Б.з.б 2ғ. қамыстың орнына тері жарғақ қолданылды. Ежелгі Рим мәдениеті мен ғылымы өкілдерінің туындылары жарғақ кітаптарға жазылып таралды. 105ж. Қытай шебері Цай Лунь қағазды ойлап тауып, 13 ғасырда қағаз жасау өнері Шығыстан Батысқа қарай таралды. Кітап мұқабалары т.б алтын, күміс т.б металдармен өрнектелді. 15 ғасырдың ортасында неміс өнертапқышы Иоганн Гутенбергтің баспа қалыбын ойлап табуына байланысты, жылжымалы құйма қаріппен құйылатын баспа кітап пайда болды.Осы заманға кітап – мұқабаға дәптерлер түрінде өзара тіркестіріліп бекітілген кітап блогі үлгісінде жасалды. Кітап туралы ақындарымыз өлеңдер жазған. Кітап – жеміс ағашы Кітап та алма ағашы Жемісін біздер теретін. Тәтті алмаға балашы Кітабыңның әр бетін. М.Әлімбаев Олай болса берілген алма ағашына қолымызға берілген алмаларды ілуіміз керек. Қай топ көп алма жинаса, сол топ жеңіске жетеді. І. Тапсырма Екі топқа ортақ кітапқа байланысты 5 мақал-мәтел беріледі. Берілген мақал-мәтелдің жалғасын тапқан топ қолындағы алмасын ағашқа барып ілуі керек. 1. Кітап - білім бұлағы, --------- - өнер шырағы. (Білім) 2. Кітап ғалым, -------- мұғалім. (Үнсіз) 3. Кітап – -------, білім – оймақ. (Қаймақ) 4. Кітап - --------- қазына. (Алтын) 5. Наданмен дос болғанша, ---------- дос бол. (Кітаппен) ІІ. тапсырма Берілген сұрақтарға тез жауап беру керек. 1. Кел балалар оқылық. (Ы.Алтынсарин) 2. Қазақ халқының ұлы ақыны (А.Құнанбаев) 3. Ғылым таппай мақтанба ( Абай) 4. Қағаз қай елде пайда болды? (Қытай) 5. Кітап мұқабаларында қолданылған металдар (Алтын, күміс) ІІІ. Кітапқа көмек. Берілген сөздерді әр топ өз ұяшықтарына орналастыру керек. Таза, Лас, Жырту, Бояу, Түптеу, Желімдеу. І. Топ Ұқыпты бала ІІ. топ Ұқыпсыз бала ІҮ.Қорытынды Оқушылардың жинаған алмалары бойынша жеңімпаз топ марапатталады.

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру