Тіркелу Сайтқа кіру

Ұрпақтар ұмытпайтын – Ұлы Жеңіс!

Атырау облысы Мақат ауданы Абай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тоғызбаева Гүлсила Ергенқызы
Сабақтың тақырыбы: Ұрпақтар ұмытпайтын – Ұлы Жеңіс!
Білімділік: Оқушыларға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халықтың басына түскен ауыртпалықтары туралы түсінік беру, жеңіске жету жолындағы қазақстандықтардың ерліктерімен таныстыру;
Дамытушылық: Оқушылардың тарихи оқиғаларды есте сақтау, зерттеу, іздену, шығармашылық жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұлы жеңістің тарихи маңызын танып-білуге, соғыс ардагерлерін құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, музыка
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі материалдар, бейнебаяндар, үнтаспа
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу;
2) Оқушыларды топқа бөлу;
3) Оқушыларға сәттілік тілеу.

Қуанамын мен де, қуанасың сен де.
Қуанайық достарым, арайлап атқан күнге.
ІІ. «Қызығушылықты ояту» кезеңі
Соғыс жөнінде бейнефильм көрстеу.
“Ой ашар” бөлімі
Топтық жұмыс (Оқушылар өз ойларын ортаға салып, жоба қорғайды.)
1-топ: “Отан” сөзін қалай түсінесіңдер?
2-топ: “Соғыс” сөзін қалай түсінесіңдер?
3-топ: “Бірлік” сөзін қалай түсінесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ұрпақтар ұмытпайтын – Ұлы Жеңіс!
Әр елдің өз тарихы бар. Тарихта адамзат баласының басынан көптеген оқиғалар өтті. Ұлы Отан соғысы тарихтағы ең қайғылы оқиға болып табылады.
1933 жылы 30 желтоқсанда Германияның рейхсканцлері болып Адольф Гитлер сайланады. Оның негізгі мақсаты-әлемді жаулап алып, билігін орнату болды. 1940 жылы желтоқсан айында КСРО мен фашистік Германия арасында шабуыл жасаспау туралы шартқа қол қойылды. Бірақ, шабуыл жасаспау туралы Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды.
Соғыстың басталуын хабарлау жөнінде жазбаны тыңдату.
Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстандықтар саны -1 млн 200 мың. Соғыста қаза болғандар - 603 мың.
Гитлердің КСРО-ны жаулап алу жоспары «Барбаросса» деп аталды. Ол жоспар бойынша Гитлер КСРО-ны 3-4 айда жаулап аламын деп есептеді. Бірақ, соғыс 1418 күнге созылды.
Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, әсіресе, Мәскеу түбіндегі шайқаста шықты. 1941 жылдың 16 қарашасында немістер Москваға Волокалам бағытында ұрысқа шықты. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075 ұлан атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. Взвод жауынгерлері барлығы 28 адам төрт сағатқа созылған ұрыста жаудың 14 танкісін қиратты. Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28 панфиловшының 23-і қаза тапты. 28-дің 22-сі қазақстандықтар еді.
ІҮ. Сабақты бекіту.
- Тағы қандай Кеңес одағының батырларын білесіңдер?
(Оқушылардың пікірі тыңдалады.)
- “Ұлы Отан соғысы” көптеген шығармаларға арқау болды. Соның бірі - М. Мағауиннің “Бір атаның балалары” повесі. Алдыңғы сабақтарда осы шығармамен таныс болдыңыздар.
Өткен тақырып бойынша топтық жұмыс, постер қорғау.
1-топ: Соғыс кезіндегі ауыл адамдарының тұрмыс –тіршілігі, өмірге көзқарасы.
2-топ: Басты кейіпкер Зигфрид Вольфганг Вагнерден Зекен Ахметұлы Бегімбетовке дейінгі іс -
әрекеттерді саралау.
3-топ: Қазақты басқа халықтан ерекшелеп тұратын игі қасиеті – бауырмалдығы.
- 9 мамыр – Жеңіс күні! Ұлы Жеңіс - он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы. Биыл Ұлы Жеңіске – 70 жыл!
Ү. Сабақты қорыту.
- Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағы адамдарының жеңіске жетуіне не себеп болды?
(Оқушылардың пікірі тыңдалады.)
-Әрине, Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағы адамдарының жеңіске жетуіне Отанға деген патриоттық сезімдері себепші болды. Сондай-ақ, көшіп келген, қоныс аударылған басқа ұлт өкілдерімен қазақ халқының арасында бауырмалдық, түсіністік, сыйластық, достық, туысқандық қарым-қатынастар орнады. Басқа ұлт өкілдеріне құшағын жайып, өздеріне жақын тартып, бір үзім нанын бөлісіп жеген бауырмалдық қасиеттерінің арқасында Қазақстан халқы Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін де бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешуде.
Бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге мәңгі шуағын шашпақ.
“Жойылсын соғыс” әні. (Олай болса, бәріміз осы әнді орындайық.)
ҮІ. Үйге тапсырма:
“Біз соғысқа қарсымыз...” тақырыбына эссе жазу.
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Рефлексия
Бүгінгі сабақ барысында естіген жылы және суық сөздерді алдарыңыздағы қағаздарға жазып, суық сөз жазылған қағазды киыршықтап қоқыс жәшігіне салыңыз. Енді өмірімізде бұндай суық сөздерді естімейтін болайық. Ал жылы сөздер жазылған қағазымызды тақтаға ілейік. dle
Ұқсас мақалалар:
Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майданында

Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майданында

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы «Түркістан көпсалалы медицина колледжінің» тарих пәнінің оқытушысы Қыдыралиева Жазира Сейілханқызы ...
Ерлік ұрпаққа ұран

Ерлік ұрпаққа ұран

Тақырыбы:« Ерлік ұрпаққа ұран» Сабақтан тыс іс-шара...
«Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады»

«Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады»

Кештің тақырыбы: «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады» (Сахна ашылып, Экраннан бейне көрініс көрсетіледі.) 1 жүргізуші :...
Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты)

Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты)

Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты) Тақырыбы: «Ұлы жеңіс жасасын!» Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға...
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында Күні: Сыныбы: 5 сынып Сабақтың тақырыбы Қазақстан 1941 - 1945 ж. Ұлы Отан соғысы жылдарында Жалпы мақсаты...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру