Тіркелу Сайтқа кіру

«Миллион кімге бұйырады?»

І. Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер, ойынпаздар«Миллион кімге бұйырады?»сайысымызға қош келдіңіздер. Бұл сайысқа 8 сынып оқушылары қатысады.

1. Әр сыныптан екі оқушыдан қатысады. Яғни, 4 топ мүшелері.

Енді ойынға қатысушы ойынпаздарымызды ортамызға шақырайық.

  1. 8«а» сыныбынның « Apple core» тобы. Бұл топтың мүшелері : Адилжанов Алибек, Тұрсын Мерей

 8«ә» сыныбынның «Google » тобы. Бұл топтың мүшелері : Аликеева Асия, Жанысбай Дина

 

 8«Б» сыныбынның «    » тобы. Бұл топтың мүшелері: Қыдыралиев Елдар, Медетбеков Олжас

 8«В» сыныбынның «Windows » тобы. Бұл топтың мүшелері: Қожанова Меруерт, Альмаханова Аружан

 

 Осы сайысымыздың әділқазы алқасымен таныстырып кетейік:

  1. Математика пәнінің мұғалімдері: Жұмақанова Қ, Абдрахманова Н, Нұрбек Ж, Болатбекқызы А

Жалпы ойын ережесімен таныстыра кетейін. Бұл сайыс барысында сұрақтар информатика пәні бойынша қойылады.

1. 1000 тенгеден бастап 1000000 тенгеге дейін. Екінші айналымнаның соңынан бастап ойыннан балы аз топ шығарылып отырады. Ең соңында қалған екі топ 1000000 теңгенің сұрақтарына жауап беру арқылы сайысқа түседі.

2. Барлық топқа қиындық туғызатын сұрақтарға 2 жеңілдік беріледі. Осы жеңілдіктерді 1000000-ға жеткенше тиімді қолдана білуіміз керек.
І. Зал көмегі.
ІІ. 50*50.

1. Зал көмегінде, көрермендерге берілген сұрақты оқып жауаптарын айтамын, дұрыс жауапқа, көрермендер қолына берілген жетонды көтеру арқылы жауап бере алады. Көрермендер қойылған сұрақты мұқият тыңдап, тез жауап беруіміз қажет

ІІ. 50*50, бұнда берілген жауаптардың ішінен екі дұрыс емес жауапты алып тастаймыз.

Ал, құрметті ойыншылар сіздерге тек «сәттілік» деп ойнымызды бастайық.
І айналымда әр топқа 4 сұрақтан беріледі. Әр сұраққа 1 балдан беріледі.

 

 

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан тарихы. Етістіқтің өткен шақ

Сынып: 4

Сабақ мақсаттары:

Білімділік:  сөйлем ішінен өткен шақта тұрған етістікті табуға, етістіктің түрлерін ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: оқушының ой-өрісін, сөздік қорын, белсенділігін, деңгейлік тапсырмалар арқылы жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: елін, жерін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Патриоттық тәрбие беру.

Күтілетін нәтиже:

1.Барлық балалар етістіктің өткен шақтүрімен танысты.

2. Көпшілігі өткен шақта тұрған етістікке мысал келтіріп айталады.

3. Кейбір оқушылар етістіктің шақтарын ажыратады.

Сабақтың  түрі: жаңа сабақ

Құралдар: А-3, интербелсенді тақта, слайдтар, асықтар, оқулық, дәптер.

Әдіс- тәсілдері: топпен жұмыс, постер, интербелсенді тақтамен жұмыс, өзін-өзі бағалау, ән айту.

 


1000 -тур

1. Қайсысы ақпаратты сақтау құрылғысына жатпайды?

А. Дискета     Ә. Қатқыл диск

Б. Монитор   В. СD диск

2. Компьютер деген не?

А. Ақпараттық процесті жүзеге асыратын құрылғы

Ә. Ойын ойнайтын құрал

Б. Ақпаратты сақтайтын құрылғы

В. Адамдар арасындағы қатынас құралы

3. Алғашқы ЭЕМ қай жылы жасалды және қалай аталды?

А. 1823, Минск

Ә. 1946, ЭНИАК

Б. 1951, IBM

В. 1949, ЭНИАК

4. Курсордың алдында тұрған символды өшіру пернесі?

А. Delete

Ә. Backspace

Б. Insert

В. CapsLock

5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі қайсысы?

А. Килобайт

Ә. Байт

Б. Бит  

В. Мегабайт

6.Принтердің түрлерін ата

А. Матрицалық, лазерлік

Ә. Лазерлік, сия бүріккіш

Б. Матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік

В. Матрицалық, сия бүріккіш

7. Пернетақтаның пернелері неше блокқа бөлінеді?

А. 5

Ә. 3

Б. 4

В. 6

8. Қосымша менюді шақыру үшін тышқанның оң батырмасын қанша рет басу жеткілікті?

А. 3

Ә.1

Б. 2

В. 4

9. Ақпараттың өлшем бірліктері тізбектерінің қайсысы өсу ретімен орналасқан?

А. Гигабайт, килобайт, мегабайт, байт

Ә. Байт, килобайт, гигабайт, мегабайт

Б. Мегабайт, килобайт, байт, гигабайт

В. Байт, килобайт, мегабайт, гигабайт

10. Информатикаға анықтама бер

А. Информатика – ақпараттың түрлерін зерттеп, таратады

Ә. Информатика – адамның өз іс-әрекетіне ақпарат жиымдарын пайдалану

Б. Информатика – мақсат, міндет

В. Информатика – ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым

11. Пернетақтада қанша перне бар?

А. 100

Ә.96

Б. 104

В.102

12. Қолданбалы программалар қандай топтарға бөлінеді?

А. Жүйелік, арнайы

Ә. Әмбебап, арнайы

Б. Әмбебап, жүйелік

В. Топқа бөлінбейді

13. Компакт дисклерді оқуға арналған құрылғы:

А. Сканер

Ә. Монитор

Б. Процессор

В. СD-ROM

14. Ақпаратты шығару құрылғыларын көрсетіңіз

А. Монитор, принтер

Ә. Монитор, тышқан

Б. Процессор, принтер

В. Принтер, сканер

15. Өшірілген объектілерді уақытша сақтауға арналған қапшық қалай аталады?

А. Жұмыс алаңы

Ә. Тақырыптық қатар

Б. Себет (корзина)

В. Алмастыру буфері

16. Алгоритмнің түрлері

А. 5

Ә.4

Б. 3

В. 6

 

10000 –тур

1. Бейнеадаптер қандай қызмет атқарады?

А. Ақпаратты енгізу

Ә. Мониторда көретін ақпарат бейнесін басқару

Б. Ақпаратты шығару

В. Суреттерді өңдеу

2. Процессор ақпаратты қандай түрде өңдейді?

А. Ондық санау жүйесінде

Ә. Мәтін түрінде

Б. Екілік кодта

В. Морзе әліппесіне сүйеніп

3. Жедел жадтау құрылғысы, бұл – ішкі жад, онда...

А. Компьютер желіден ағытылғанда да ақпарат сақталады

Ә. Нақтылы міндеттерді шешуге арналған программалар сақталады

Б. Уақыттың осы мезетінде орындалатын программа сақталады

В. Іске қосылған соңғы он программа сақталады

4. Компьютер жұмысының өнімділігі неге байланысты?

А. Жадтаушы құрылғы-лардың сыйымдылығы мен тез әрекеттігіне

Ә. Қоректендіру кер-неуіне

Б. Сыртқы жад сыйым-дылығына

В. Процессордың такті-лік жиілігіне

5. Жұмыс столында жаңа бума құру әрекеті қалай орындалады?

А. Қосымша меню→ Создать→Папку

Ә. Қосымша меню→ Открыть→Папку

Б. Негізгі меню→ Создать→Папку

В. Негізгі меню→ Открыть→Папку

6. Интернет желісінде нақты уақыт режиміндегі қатынас жасау құралын атаңыз

А. Use Net

Ә. MS Word

Б. E-mail

В. Chat

7. Файлдың толық аты неше бөліктен тұрады?

А. 4

Ә.2

Б. 3

В. 1

8. Сандық пернелерді іске қосатын перне?

А. Caps Lock

Ә. Insert

Б. Num Lock

В. Enter

9. Компьютер типі қандай файлдарды программа деп анықтайды?

А. .doc, .txt, .bmp

Ә. .exe, .com

Б. .wav, .avi

В. .xls, .ppt

10. Байт дегеніміз не?

А. 10 биттен тұратын код

Ә. 8 биттен тұратын код

Б. 18 биттен тұратын код

В. 8 бірліктен тұратын ақпарат

11. Иілгіш дискеттің сыйымдылығы қанша?

А. 3,5 МБайт

Ә. 1,44 МБайт

Б. 190-700 МБайт

В. 4,7 ГБайт

12. Касперскийдің антивирустық программасы қайсысы?

А. Dr Web

Ә. AVP

Б. Aidstest

В. ADif

13. Экрандағы графикалық кескіндердің ең кіші элементі?

А. Кегль

Ә. Байт

Б. Пиксель

В. Бит

14. V буын ЭЕМ-ры дегеніміз...

А. Микропроцессормен жұмыс істейтін машиналар

Ә. Жасанды интеллект

Б. Интегралды схемалармен жұмыс істейтін машиналар

В. Транзисторлармен жұмыс істейтін машиналар

15. Сызықтық алгоритм...

А. Алгоритм қадамдарының тізбектей орындалуы қандай да бір шартқа тәуелді өзгереді

Ә. Бір тілден екінші тілге командаларды аударып, оларды бірден орындауға арналған программа

Б. Алгоритмнің бірнеше рет қайталануы

В. Барлық бұйрықтар алгоритмде көрсетілгендей тізбектей орындалады.

16. Циклдік алгоритм...

А. Алгоритм қадамдарының тізбектей орындалуы қандай да бір шартқа тәуелді өзгереді

Ә. Бір тілден екінші тілге командаларды аударып, оларды бірден орындауға арналған программа

Б. Барлық бұйрықтар алгоритмде көрсетілгендей тізбектей орындалады

В. Алгоритмнің бірнеше рет қайталануы

100000 – тур

1. Деректерге сүйенсек есепшоттың жасы шамамен қаншада?

А. 1000-2000

Ә. 2000-5000

Б. 6000-7000

В. 7000-8000

2. ІІІ буын ЭЕМ-ы ... арқылы жұмыс істеді?

А. Жартылай өткізгіш - транзисторлар

Ә. Электронды лампалар

Б. Интегралдық схемалар

В. Микропроцессор

3. МАРК-1 автоматты есептеуіш машинасын кім құрастырды?

А. Герман Холлерит

Ә. Сергей Алексеевич Лебедев

Б. Говард Айкен

В. Джон Фон Нейман

4. Модельдеу дегеніміз...

А. Нақты нысанды, құбылысты немесе үдерістерді қарапайым етіп түсіндіреді.

Ә. Бір тілден екінші тілге командаларды аударып, оларды бірден орындауға арналған программа

Б. Мәліметтерді екілік кодқа түрлендіретін программа

В. Бір тілді екінші тілге аударатын программа

5. Кез-келген ақпаратты электр сигналдарының тізбегі ретінде қабылдап, өңдеуге негізделген құрылғы

А. Модем

Ә. Пернетақта

Б. Қатты жад

В. Процессор

6. Программалық жасақтамалар қандай топтарға бөлінеді?

А. Жүйелік, қолданбалы, құрал-саймандық

Ә. Жүйелік, әмбебап, қолданбалы

Б. Қолданбалы , операциялық жүйе

В. Операциялық жүйе, әмбебап, арнайы

7. IV буын ЭЕМ-ы ... арқылы жұмыс істеді?

А. Жартылай өткізгіш - транзисторлар

Ә. Электронды лампалар

Б. Интегралдық схемалар

В. Микропроцессор

8. І буын ЭЕМ-ы ... арқылы жұмыс істеді

А. Жартылай өткізгіш - транзисторлар

Ә. Электронды лампалар

Б. Интегралдық схемалар

В. Микропроцессорлар

9. “Вырезать” командасын қандай пернелер көмегімен істеуге болады?

А. Ctrl+V

Ә. Ctrl+C

Б. Ctrl+X

В. Alt+X

10. Қаріптің орташа өлшемі?

А. Кегль

Ә. Пиксель

Б. Байт

В. Бит

11. Ең алғашқы программист кім?

А. Говард Айкен

Ә. Герман Холлерит

Б. Ада Лавлейс

В. Чарлз Бэббидж

12. “Вставить” командасын қандай пернелер көмегімен істеуге болады?

А. Ctrl+C

Ә. Ctrl+V

Б. Ctrl+X

В. Alt+X

 

1000000- тур

1. Ақпараттың өлшем бірліктерін өсу ретімен орналастыр

Б,ә,а,в

2. ДК-дің аталған құрылғыларына сәйкес анықтамаларды ретімен орналастыр:

монитор, пернетақта, принтер, модем

ә,в,а,б

3. Ретімен орналастыр:

MS Word, MS Excel, Paint, MS Access

ә,в,а,б

4. Сыртқы сақтау құрылғыларын пайда болу уақыты бойынша өсу ретімен орналастыр:

ә, б, в,а,

5. Енгізу құрылғыларын қажеттілігіне қарай реттеп шық:

в,ә, а,б,

Бүгінгі интеллектуалды ойынымыздың жеңімпазы   « » сынып оқушысы марапатталады. Жеңісіңіз құтты болсын, әрдайым биіктерден көріне беріңіз, рахмет!
Бар ынтаңызбен қатысып, тамашалағандарыңызға рахмет!

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру