Тіркелу Сайтқа кіру

Кім көп біледі?

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылы
№98 орта білім беретін мектебі
физика пәні мұғалімі

Рашова Роза Темирбековна

 

Тақырыбы :Кім көп біледі?

Мақсаты : 1.Оқушылардың пәндер бойынша алған білімдерін толықтыру және бақылау

   2 . Пәнге деген қызығушылығын арттыру , ойлау және шығармашылық қабілетін дамыту

   3 . Өзара жарыстыра отырып ойларын жинақтай білуге , өз бетінше еңбектенуге , ізденуге , өзін ұстай білуге тәрбиелеу .

    Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер : интерактивті тақта  

    Сабақтың түрі : Жарыс сабағы .

    Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап  .

       Күтілетін нәтиже :

-          пәнге деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттері артады ;

-          оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады .

  Сабақтың барысы :

  1 . Ұйымдастыру кезеңі :

   2 . Ойынға қатысатын оқушылар мен әділқазылар алқасын таныстыру :

Жүргізуші:Құрметті ұстаздар мен оқушылар ! «Кім көп біледі?» атты интелектуалдық ойынына қош келдіңіздер ! Ойынға   8 оқушы қатысады .

  Жиналған ылғи дарындар ,

   Жүректе от , көздерінде жалын бар .

   Білімді оқушыларды халайық ,

   Қол соғып қарсы алайық ! – дей отырып ойынымызға қатысатын оқушыларды ортаға шақырамыз .

        Жоспар :

    1 . «  Қас-қағым сәт»

    2 . « Логикалық есептер » 

    3 . « Жұмбақтар » 

    4 . « Сырлы сауал»

    5 . « Әзіл-шынды сұрақтар»

    6.  « Мақал-мәтел»

    7. « Есептеп көр ерінбей»

    8.   Қорытынды

    Ойын ережесі :

    Әр турдың соңында төмен ұпай жинаған 1 оқушы ойыннан шығып отырады . Ойынның соңында ұпайы көп оқушы жеңімпаз атанады .

    Білімнің ұшқырлығын танып сен ,

    Асып – тасып , асықпа , қалыспа сен .

    Уақыт деген зымырап , зулап жатыр

    Тапқырлық пен шапшаңдық бұл сайыста керек екен – дей отыра « Озық ойлы оқушы » атты ойынымыздың  1 – кезеңін бастайық . 

Қас – қағым сәт :

1 .Атом атауын алғаш қолданған ғалым?        ( Демокрит)

2 . Квант қандай сөзден алынған ? ( латынша квантум – шама )

 3 . Қандай құбылысты фотоэффект деп атайды ?

     ( жарықтың әсерінен заттардан электрондардың ыршып шығуы )

4 . Реактивті қозғалыс дегеніміз не ?     ( Дененің бір бөлігі одан қандай да

       бір жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі қозғалыс )

5 . Фотоэффект құбылысын кім ,қай елдің ғалымы қашан ашқан ?

     ( Орыс физигі А.Г Столетов 1888 ж 26 ақпан )

6 . Фотон қандай сөзден шыққан ?     ( фотос – жарық , жарық бөлімі )

7 . Жарық қысымын қай жылы , кім өлшеді ? ( Орыс физигі П. Н Лебедев  1890 ж өлшеді    

8  . Ток күші қандай шама?  Скалярлық

9 . Изобарлық процесте не тұрақты?  Қысым

10 . магнит өтімділігі бірден кіші заттар қалай аталады Диамагнеттиктер 

 11.Лоренц қай елдің физигі? Голландия

12 .  Магнит ағынының өлшем бірлігі.  Вебер

13 Ядролық реактордағы нейтронды жақсы жұтатын зат?  Бор

14.  Призмадан ақ жарық өткенде ең аз ауытқитын түс? Қызыл

15. Жақыннан эсер ету принципі кімнің енбегіне негізделген? Фарадей  

16.       Алыстан көргіштікті жою үшін қандай линза тағу керек? Жинағыш    

 17. Екінші ғарыштық жылдамдық неге тең? 11,2 км/с   

18. магнит өтімділігі бірден үлкен заттар қалай аталады? Парамагнеттиктер

19 Резерфорд қай елдің физигі?  Ағылшын 

 20. Бірінші ғарыштық жылдамдық неге тең? 7,9 км/с

Жүргізуші:

Мәңгі бақи есте қалар

Қызықты бір жиын болсын!

Білімдірек шәкірт озар

Сұрақтары қиын болсын – дей отырып , сайысымыздың келесі бөлімін бастаймыз

Логикалық есептер :

1 . «Отырып  жүру »

    Отырып – ақ жүре  беретін кім ?     Жауабы : Шахматшы

2 . Түнгі сағат онда жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күн жарқырап шығуы мүмкін   

      бе? (Мүмкін емес, жоқ түнде күн шықпайды)

 3 .  «Талдағы жұмыртқа» .Алма ағашында жұмыртқа  болу мүмкінбе ?

       Жауабы : иә , онда құс ұя салса .

4 . «Шөлдегенде» .  Қатты шөлдегенде ыдыстағы сұйықтан ыдыстың да , ішіндегі   

     сұйықтың да түріне қарамай ішіп қоюы мүмкін . Дегенмен қандай ыдыстан су ішуге   

     болмайды .     Жауабы : бос ыдыстан

  5 .Дорбадан 10 асықты 10 бала бір бірден алды, сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?               

       (асықты бір бала дорбасымен алды)  

 6 . Бөлмеде 7 май шам жанып тұр , сен жанындағы біреуін өшірдің қаншасы қалды ? ( 1 )         

  7 . Сандыққа нені тығып қоюға болмайды ? Жауабы : жарық

  8 . Жарықтың соңы қай жерде аяқталады ? Жауабы : Көлеңке басталған жерде

  9 . Қос ат 40км жол жүрсе, бір ат қанша км жол жүреді?  (40км)                                             

  10 . Ұшақ бір қаладан екінші қалаға 1 сағат 30 минут ұшты . Ал қайтарда 90 минут ұшты                 

     Бұл қалай ?        Жауабы :  Екеуі тең .

Жүргізуші:

Шыңына ойдың қонайық

      Көңілге қуаныш алайық

      Берілсе сырлы жұмбақтар

      Шешуін бірден табайық – дей келе сайысымыздың үшінші бағыты бойынша кезекті жұмбақ шешу кезеңіне берейік.

    Жұмбақтар :

1 .Қабат-қабат қаттама,

   Ақылың болса аттама( кітап )

2 . Көк жиекті көмкеріп,

     Шатыр жайдым кең көріп( аспан )

3 . Арқалап бірін қоймай көтергеннің,

   Аяғы ешуақытта талғаны жоқ ( білім )

4 . Жай көзге көрінбейді

    Қозғалуға ерінбейді        (молекула)

5 . Аса қажет өмірге халық ушін

     Пайдаланамын күн сайын жарық үшін  ( ток )

6 . Бар жоғын білмейсің

     Онсыз өмір сүрмейсің   ( ауа )

7 .  Көтерілсе жоғары

      Ерітер мұхит мұздарды

      Төмен түссе шамалы

      Сездірер суық ызғарды     (температура)

8 .Қозғалысқа келтіріп,

   Жылдамдығын береді

   Өлшемдерін қараса,

   Ньютонға ол келеді    (күш)

9 .Өзі затты құрайды,

   Теңесуге таразыны сұрайды  ( масса )

  1. Тіршіліктің қамы үшін,

Жоқшылықты түзейді.

Егер іскер жан үшін,

Жоқшылықты тежейді   (Жұмыс)

Жүргізуші:

Ағатын мөлдір бұлақтар

Білімнен кім бар жырақтар

Тақтаға қарап үңілсең

Сырлы сауал сұрақ бар – дей келе сайысымыздың төртінші бағыты бойынша сырлы сауалдарға кезек берейік.

  1. Айдың бетінде тұрып «аққан жұлдыздарды» көруге бола ма?

                 Жоқ, өйткені айда атмосфера жоқ

2.Сарқыраманың қай жерінде судың температурасы жоғары? Сарқыраманың табанында

3.Альпинистер жоғары биіктікте тамақ дайындады, уақыты жеткенмен бірақ тамағы піспеді. Не үшін? Атмосфералық қысым төмен болғандықтан          

  1. Марс планетасында жұмыртқаны пісіруге бола ма? Болмайды, атмосфера өте сирек.

5.Неліктен үлкен өзендер мен көлдердің айналасы орналасқан жеміс-жидек ағаштары басқа ағаштарға қарағанда кешірек гүлденеді?

Жауабы: Өйткені судың меншікті жылу сыйымдылығы көп.

6.Қанттың салқын суға қарағанда ыстық суға тезірек еруі неліктен?

  Температура артқан сайын диффузияның жылдамдығы артады.

  1. Еденге аққан суды құрғату үшін неліктен оны еденге жағады?

           Кебу бетін кеңіту кебу жылдамдығын арттырады.

8.Мұз қандай жағдайда жылтқыш болуы мүмкін.    

 Басқа дененің температурасы мұздың температурасынан төмен болғанда

  1. Не үшін адамдар қоланы темірден бұрын қолданған?

          Қоланың балқу температурасы темірден төмен

  1. Аспанның түсі неге көк.

Жауабы: атмосфера күннен келетін жеті спектрдің көгін жақсырақ жұтады.

 Жүргізуші:

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

Біреуінің күмбірлеген күші бар

Енді біреуінің қатты істейтін миы бар-дей келе келесі кезекті «Әзілді –шынды» сұрақтарға береміз

  1. Кім барлық тілде сөлейді?     (жаңғырық).
  2. Теңізде қандай тастар табылмайды?      (құрғақ)      
  3. Егер1жұмыртқаны 4 минут қайнатса,5 жұмыртқаны неше минут қайнатады (4)
  4. Бір кішкене қыз атасынан, сіз нешедесіз деп сұрады. Сонда атасы: «менің жасымды алты есе кемітіп, 6-ны алса, 6-ға тең болады» депті. Сонда атасы неше жаста болған? (72 жаста)
  5. Бойымен жарық таралатын сызық- (Сәуле)
  6. Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды ? (Сабақ)
  7. Онкүндік қалай аталады ?  (Декада)
  8. Балаларды жазалау үшін қандай геометриялық фигура қолданылады ?     (Бұрыш)
  9. Математика жағынан қарастырғанда бір поездің екінші поезден айырмашылығы неде ?     (Поезд номерінде)
  10. Қандай фигура күннің көзімен достасқан ? ( Сәуле)

Жүргізуші:

Сөзге бай қазақпыз ғой жанымыз,

Келіспей ме мақалменен сәніміз.

Сәйкестіріп бағытты сызықтармен,

Физикалық құбылысты табыңыз – дей келе сайысымыздың алтыншы бағыты мақал -мәтелдерді сәйкестіру кезеңіне кезек берейік.

 

Мақал -мәтелдер

Физикалық құбылыстар

Қарыстан сүйем жақын

Тонның жылуы терісінен емес жүнінен

Қимылдаған қыр асар                            

Таумен тасты су бұзар

Адамзатты сөз бұзар

Аяқ сүрінсе басқа салмақ түсер

Шапшаң озар

Жатқан қалар

Жеті рет өлшеп бір рет кес

Көсеу ұзын болса қол күймес

Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді

Отқа салса темірде балқиды

Аттыға жаяу жолдас болмас

          Жылу өткізгіштік

Физикалық шама

Заттың агрегаттық күйі

              Механикалық қозғалыс

 

            Жылдамдық

 

             Инерция

             Диффузия

Физикалық шаманы өлшеу

Жылу өткізгіштік

Жылдамдық

Заттың агрегаттық күйі(балқу)

 

 

Жүргізуші:

Қалмаңдар білімде көрінбей

Ұлдар мен қыздар өрімдей

Жеңімпаздарға беремін

Есепті есептеп көр ерінбей – дей келе сайысымыздың жетінші бағыты есептеп көр ерінбей кезеңіне береміз.

1-      есеп

Массасы 10кг тас көмір толық жанғанда, қанша жылу мөлшерін береді? (тас көмірдің меншікті жану жылуы 2,7джоль/кг)

                                          Жауабы: 2,7джоль/кг

2-      есеп

Жер күнді айнала 30км/с жылдамдықпен қозғалады, 1сабақ өткенде яғни ,45 мин ішінде жер қандай жол жүреді?          Жауабы:81000км 

Жүргізуші:

Біреу озса жарыста,

Біреу артта қалады.

Ренжімей тараса,

Озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену жалықпау.

Әділ қазылар алқасына сөз кезегін береміз.

Жүргізуші:

Қадірлі ұстаздар, оқушылар сайыскерлер үшін атсалысып, уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін мыңда бір рахмет айтамыз.

Ғылым дами берсін ғаламдағы

Білімді үйренейік жаңа замандағы

Аман сау тұрыңыздар осыменен

 физикалық сайысымыз тәмамдалды

 

 

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру