Тіркелу Сайтқа кіру

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!

 

Мақсаты:

  1.      Балаларға тәуелсіздік туралы түсіндіру. Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру;
  2.      Патриоттық, отаншылдық сезімін ояту;
  3.      Елін, жерін, құреттеуге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Тақырып,ән ұран,суреттер т.б

 

Жүргізуші:

         Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер! Биыл үлкен мереке. Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды. Осы сәтте жылаған дауыс етіледі. Ханшайым кіреді.

Тәрбиеші:

-         Неге жылап келесің, Ханшайым?

Ханшайым:

-           Жолда келе жатқанда менің сыйқырлы қорабымды алаяқ түлкі алып, қайтармай ғойды! Енді оны қалай қайтарып алатынымды білмеймін.

Тәрбиеші:

-           Жылама. Балалар біз Ханшайымға көмектесеміз бе?

Балалар:

-         Иа!

Ханшайым:

-         Рахмет сендерге!

Балалар:

-         Алаяқ түлкі, қайтар қорапты!

Түлкі:

-         Қайтармаймын! Маған өздерінің білімдерінді көрсетіңдер. Мен сендерге тапсырмалар беремін, егер оларды орындасандар мен қайтарып беремін.

Балалар:

-         Иа, орындаймыз!

Түлкі:

Сұрақтар:

  1.      Біз қай Республикада тұрамыз?
  2.      Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?
  3.      Ал Қазақстан Республикасының Елбасы кім ?
  4.      Қазақстан Республикасының рәміздерін ата
  5.      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі - Қазақ тілі

Жұмбақтарды шеш:

1)Сөзі дана,

Үні жоқ.

Сөйлемейді,

Тілі жоқ.

Қолыңа алсаң-шешен,

Ақылы асқан көсем

                                  (Кітап)

2) Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.

                              (Кітап)

3) Зерек бала қолданса,

Көңілі тояр.

Жалқау бала қолданса,

Қол аяғын бояр

                            (Сия)

4) Үйреткен ілімді,

Қырық екі білімді

                            (Әліпби)

 

5) Жер көрдім қаласы бар

Үйлері жоқ мекендейтін

Көл көрдім,өзен көрдім

Сулары жоқ тереңдейтін

                                   (Карта)

-         Жарайды, бұл тек қана басы. Келесі тапсырам.

Мақал- мәтелдерді жалғастыр:

-         Қандай тақпақтар білесіңдер? Маған айтып беріндер!

Тәрбиеші:

-         Біздің балалар тек қазақ тілінде ғана емес, шет тілінде де тақпақтарды біледі.

Түлкі:

-         Тыңдайық онда!

Тақпақтар:

Түлкі:

-         Мен шаршап кеттім. Қане біраз сергіп, ойын ойнайық.

Ойын: Пазлы (ата анамен бірлесе құрастру)

Түлкі:

-         Сендер ақылды екенсіңдер. Бірақ менің сендердің қаншалықты ақылды екендіктерінді көргім келеді.

Ән: Туған жерім

Би: «Батырлар»

Көрініс: «Нағашы мен жиеннің» шешендік жарыс сөзін тыңдалық.

Нағашы: Ассалаумағалейкум!

Жиен: Уағалейкум салам!

Нағашы: Уа, қайдан келесің, жиен жан? Ауыл, ел аман ба?

Жиен: Ой, нағашы еке – ай, қайдағы амандықты сұрап тұрсыз. Немене газет оқып, теледидар көрмейсіз бе?

Нағашы: О, немене болып қалыпты?

Жиен: Ойбай – ау, мына Асанның маңында Ерназар әкеміздің 29 жылқысы бір күнде, тал түсте қырылып қалған жоқ па? Туу аңғал нағашым – ай, мына зауыттардың кесірі емес пе?

Нағашы: Ей, осы атам қазақ көзін тырнап ашқалы ел, жер туралы небір өсиет қалдырған, соны біздің басшылар білмеген – ау.

Жиен: Нағашы – еке, онда мына жас балалардың құлағында қалсын, екеуміз бір шешендік сөз жарыстырайық.

Нағашы: Мен басын бастағанмен аяғын аяқтай алмаймын.

Жиен: Мен керісінше, басына шорқақпын, аяғын қатырамын.

Нағашы: Мен бастайын.

                   «Орман, тоғай – жер сыны ,

                   Бетеге, жусан – бел сыны.

Жиен:        Көкорай шалғын – көл сыны,

                   Ебелек - ермен – жол сыны.

Нағашы:   Дуадағы болмаса, шөлдің көркі бола ма?

Жиен:        Орман тауы болмаса жердің көркі бола ма?

Нағашы:   Нулы, сулы болмаса, қоныс әсем болар ма?

Жиен:        Қаз, үйрегі болмаса, көлдің көркі болар ма?

Нағашы:   Ел ағасыз болмаса,

Жиен:        Тон жағасыз болмас.

Нағашы, жиен: Әлі талай заман өзгерер, өткен қателіктер жөнделер. Сыйласа берсек өмір де, маржандай думан күй кешер.

Түлкі:

-         Рахмет, балалар! Сендер ақылды ғана емес, әрі өнерлі балалар екенсіңдер! Ханшайым, міне сенің сыйқырлы қорабын. Сендерге үлкен рахмет!

Тәрбиеші:

-         Түлкі, сен кетпес бұрын бізге енді біреудің затына тиіспеймін деген уәде бер.

Түлкі:

-         Енді біреудің затына тиіспеймін. Уәде беремін! Сау болыңдар!

Ханшайым:

-         Балалар, бұл қорапты сендерге арнап әкеле жатқан едім! Бұл қорапта «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» құтты болсын деп сендерге арналған шағын сыйлығым бар еді.  Мереке құтты болсын! Сау болыңдар!

Қорытындылау «Қай жұп күшті?»
Қазір әркім өзіне серік таңдайды, шарды алып, көңілді музыкаға билеп, шарды жарады. Шардың ішінен жақсы тілектер алып шығып, қалған ойыншыларға дауыстап оқып беру. Бүгінгі ертеңгілікке қатысқандарыңызға көп рахмет. 

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру