Тіркелу Сайтқа кіру

«Мұқағали-поэзия Хантәңірі!»

Өтетін күні: 07.02.2014 ж.
Уақыты: 10.00 (3-сыныптар)
Болатын жері: өзін-өзі тану кабинеті
Өткізген мектеп тәлімгері: Г.Есмурзаева

«Мұқағали-поэзия Хантәңірі!»
атты мәнерлеп оқу сайысының жүрісі

Мақсаты: Ақынның шығармашылығын, өмірін жас бүлдіршіндерге түсіндіру.
Оқушыларды елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Ақиық ақын
Мұқағали Мақатаевтың өмірімен өзектес жырларының құдыретін
сезіну, өміршеңдігін, адам тіршілігіндегі маңызын, тіл шұрайын
таныту, үлгі алу.

Көрнекілігі: ақынның суреті, билеттер, кітаптар,буклет,слайд.

Жүру барысы.
Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар және
бүгінгі сайысқа қатысушы сөзі мәнерлі, қаламы әсерлі кішкентай
бүлдіршіндер!
«Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден» деп жырлап өткен Мұқағали Мақатаевтың 83 жылдық мерейтойын атап өту кешіне қош келдіңіздер!
Бүгін менің туған күнім.
Ой,бәлі-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай, дей келе бүгінгі Ақиық ақынның туған күніне арналған «Мұқағали-поэзия Хантәңірі!» атты мәнерлеп оқу сайысын бастаймыз.
Қазақтың әйгілі ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақыны Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9-ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданы Қарасаз кеңшарында дүниеге келген. Ақынның азан шақырылып қойылған аты-Мұқаметқали. «Пайғамбардың атын алып жүру жас балаға ауырлық етеді» деп ата-анасы оны кішкентай күнінен «Мұқағали» деп еркелетіп атап кеткен. Мұқағалидың әкесінің аты Сүлеймен, ал анасының аты Нағиман. Бастауыш сыныпты Қарасазда оқып, орта мектепті аудан орталығы Нарынқолда интернатта оқып бітіреді.
Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды. Ең алғашқы өлеңдері 1948 жылы «Советтік шекара» газетінде жариялана бастады. Мұқағали ағамыз орта мектепті бітірген соң, ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметінде болып, 1949 жылы көктемде Лашын апамызбен өз отбасын құрды. Одан соң дүниеге Алмагүл, Шолпан атты екі қызы, Жұлдыз, Айбар атты ұлдары келді. Ал, Майгүл есімді қызы 10 жасында қайғылы қазаға ұшырап, Мұқағали ағамыздың қабырғасын қайыстырды.Кейін 1962 жылы маусым айында Алматыға көшіп келіп, осы жерде өзінің көптеген шығармаларын дүниеге әкелген. Мұқағалиды ақын еткен де, мәртебесін биіктеткен де, ақындық ғарышқа самғатқан да-осы қазақтың қара өлеңі. Ақын осы қара өлеңді бағалайды, бас иеді, тағзым жасайды.Дантенің, Шекспирдың шығармаларын қазақ тіліне аударған ақиық ақынымыз- Мұқағали Мақатаев 1976 жылы 27 наурызда өмірден өтті.Халық ақыны, қазақ жырының шоқ жұлдызы, сұлулық сарайының шебер тасқалаушысы тірі болғанда биыл ақпанның 9-ында 83 жасқа толар еді.
Мұқағали Мақатаев қаламынан «Қарлығашым, келдің бе?», «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», «Өмір-дастан» т.б. жыр жинақтары туған. Бүгінгі сайысымызда Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқу арқылы сайыскерлеріміздің шығармашылық қабілеттерін сынайтын боламыз. Ендеше сайыскерлерімізді ортаға шақырайық
(музыка әуенімен)
Ән: «Айтатын саған сырым бұл»

Р/с Аты-жөні Сыныбы Шығармасының аты
1 Теңелова Ұлдай 3-ші «А» «Поэзия,менімен егіз бе едің»
2 Саяхатқызы Шұғыла 3-ші «А» «Отан туралы»
3 Есалы Арсен 3-ші «А» «Фаризаға»
4 Жолдасова Гүлшат 3-ші «Ә» «Менің кішкентай күнім»
5 Хожамбердиева Жанат 3-ші «Ә» «Адасқанда»
6 Кемельхан Марал 3-ші «Ә» «Арулар»
7 Маткерімов Берекет 3-ші «Б» «Ей,бауырым»
8 Сәрсенбай Жансая 3-ші «Б» «Отан»
9 Елеусін Ақниет 3-ші «Б» «Ей,өмір»
10 Кролхан Әсем 3-ші «В» «Таудағы көктем»
11 Алшинбай Меруерт 3-ші «В» «Өзгереді»
12 Изиханов Батырбек 3-ші «В» «Қыздарға»

Сайысымыз екі бөлімнен тұрады:
І-бөлім: Ақынның бір өлеңін мәнерлеп жатқа айту.
ІІ-бөлім: Ақынның өміріне, шығармашылығына байланысты сұрақ-жауап.(1-
минут)
Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдікпен шындыққа арқа тұтқан,
Құрметті әділқазыларды қарсы алайық!
Сайысымызды бастамас бұрын байқауымызға төрелік ететін қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1. Газимова Халампыр Шапхатқызы-мектеп директоры, қазылар алқасының төрайымы
2. Толюбаева Мереке Айдарбайқызы-директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
3. Искакова Ләззат Жолдасқызы-мектеп кітапханашысы
4. Сарсенова Алтынгүл Жұмабайқызы -2-ші «В» сынып жетекшісі
5. Қалниязова Тілектес Мұқашқызы-2-ші «Ә» сынып ата-анасы
Ендеше әділ қазы алқасымен таныс болдық, олай болса сайысымызды бастаймыз.
Тағы да, тағы, тағы да
Тағы да сына, білгішім
Кіріп ап менің жаныма,
Кір іздеп тағы жүрмісің?!
Бір жырым-менің бір балам,
Мезгілсіз шала тумаған,
Мерзімі жеткен шағында,
Шығам деп сыртқа тулаған,-деп келесі кезекті І-бөлім мәнерлеп оқу сайысына береміз.
Ортаға:
1. 3-ші «А» сынып оқушысы-Теңелова Ұлдай Мұқағали Мақатаев
«Поэзия,менімен егіз бе едің»
2. 3-ші «А» сынып оқушысы-Саяхатқызы Шұғыла Мұқағали Мақатаев
«Отан туралы»
3. 3-ші «А» сынып оқушысы-Есалы Арсен Мұқағали Мақатаев
«Фаризаға»
4. 3-ші «Ә» сынып оқушысы-Жолдасова Гүлшат Мұқағали Мақатаев
«Менің кішкентай күнім»
5. 3-ші «Ә» сынып оқушысы-Хожамбердиева Жанат Мұқағали Мақатаев
«Адасқанда»
6. 3-ші «Ә» сынып оқушысы-Кемельхан Марал Мұқағали Мақатаев
«Арулар»
7. 3-ші «Б» сынып оқушысы-Маткерімов Берекет Мұқағали Мақатаев
«Ей,бауырым»
8. 3-ші «Б» сынып оқушысы-Сәрсенбай Жансая Мұқағали Мақатаев
«Отан»
9. 3-ші «Б» сынып оқушысы-Елеусін Ақниет Мұқағали Мақатаев
«Ей,өмір»
10. 3-ші «В» сынып оқушысы-Кролхан Әсем Мұқағали Мақатаев
«Таудағы көктем»
11. 3-ші «В» сынып оқушысы-Алшинбай Меруерт Мұқағали Мақатаев
«Өзгереді»
12. 3-ші «В» сынып оқушысы-Изиханов Батырбек Мұқағали Мақатаев
«Қыздарға»

(Сайыскерлер кезекпен өлеңдерін мәнерлеп оқиды)
Осымен І-бөлім Мұқағали өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу сайысы аяқталды. Қазылар алқасынан сайыскерлеріміздің ұпайларын беруін сұраймыз.
1. 3-ші «А» сынып оқушысы- Теңелова Ұлдайдың ұпай саны
2. 3-ші «А» сынып оқушысы- Саяхатқызы Шұғыланың ұпай саны
3. 3-ші «А» сынып оқушысы- Есалы Арсеннің ұпай саны
4. 3-ші «Ә» сынып оқушысы- Жолдасова Гүлшаттың ұпай саны
5. 3-ші «Ә» сынып оқушысы- Хожамбердиева Жанаттың ұпай саны
6. 3-ші «Ә» сынып оқушысы- Кемельхан Маралдың ұпай саны
7. 3-ші «Б» сынып оқушысы- Маткерімов Берекеттің ұпай саны
8. 3-ші «Б» сынып оқушысы- Сәрсенбай Жансаяның ұпай саны
9. 3-ші «Б» сынып оқушысы- Елеусін Ақниеттің ұпай саны
10. 3-ші «В» сынып оқушысы- Кролхан Әсемніңі ұпай саны
11. 3-ші «В» сынып оқушысы- Алшинбай Меруерттің ұпай саны
12. 3-ші «В» сынып оқушысы- Изиханов Батырбектің ұпай саны
(Қазылар алқасы ұпай сандарын көрсетеді.)
Не сыйлайды, не береді келер күн?!
Неде болса тірі тұрсам көрермін.
Желідегі құлынымын мен елдің,
Көгендегі қозысымын мен елдің,-деп ақын жырлағандай келесі ІІ-бөліміміз сұрақ-жауапқа өтеміз. Бұл кезеңде ақынның өміріне, шығармашылығына байланысты сұрақтарға сайыскерлеріміз жауап береді.

(Сайыскерлер кезекпен билет суырып, сұраққа жауап береді.)

1) Ақынның тұңғыш өлеңдері нешінші жылы және қай газетте жарық көрді?
(1948 жылы, «Советтік шекара»).
2) Ақиық ақынымыз қай жылы және қай айда өмірден өтті?
(1976 жылы, 27 наурыз)
3) Мұқағали Мақатаевтың әкесі мен анасының есімдері кім?
(Әкесінің аты-Сүлеймен, анасының аты-Нағиман)
4) Мұқағали Мақатаевтың 80-жылдық мерей тойын қай жылы өткіздік?
(2011 жылы)
5) Ақынның азан шақырылып қойылған аты кім?
(Мұқаметқали)
6) Мұқағали Мақатаев кім?
(ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын)
7) Мұқағали Мақатаевтың қандай өлеңдері бар?
(«Қарлығашым, келдің бе?», «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда»,
«Шуағым менің», «Өмір-дастан» т.б.)
8) Ақиық ақынның әйелінің аты кім?
(Лашын)
9) Мұқағали Мақатаевтың неше ұл, неше қызы бар?
(2 ұлы, 3 қызы бар)
10) Ақиық ақынымыз қай жылы және қай айда өмірге келді?
(1931 жылы, 9 ақпанда)
11) Ақынның қайтыс болған қызының атын ата?
(Майгүл)
12) Ақын неше жасында өлең жаза бастады?
(10-11 жасында)

Осымен сайысымыздың ІІ-бөлімі ақынның өміріне, шығармашылығына байланысты сұрақ-жауап беру аяқталды. Сайыскерлеріміздің жауабына қазылар алқасынан ұпай сандарын көрсетуін сұраймыз.
1. 3-ші «А» сынып оқушысы- Теңелова Ұлдайдың ұпай саны
2. 3-ші «А» сынып оқушысы- Саяхатқызы Шұғыланың ұпай саны
3. 3-ші «А» сынып оқушысы- Есалы Арсеннің ұпай саны
4. 3-ші «Ә» сынып оқушысы- Жолдасова Гүлшаттың ұпай саны
5. 3-ші «Ә» сынып оқушысы- Хожамбердиева Жанаттың ұпай саны
6. 3-ші «Ә» сынып оқушысы- Кемельхан Маралдың ұпай саны
7. 3-ші «Б» сынып оқушысы- Маткерімов Берекеттің ұпай саны
8. 3-ші «Б» сынып оқушысы- Сәрсенбай Жансаяның ұпай саны
9. 3-ші «Б» сынып оқушысы- Елеусін Ақниеттің ұпай саны
10. 3-ші «В» сынып оқушысы- Кролхан Әсемнің ұпай саны
11. 3-ші «В» сынып оқушысы- Алшинбай Меруерттің ұпай саны
12. 3-ші «В» сынып оқушысы- Изиханов Батырбектің ұпай саны
(Қазылар алқасы ұпай сандарын көрсетеді.)

Енді, қазылар алқасы сайыскерлеріміздің жалпы ұпайын шығарғанша, ақиық ақынымыздың өз даусымен айтылған өлеңдерін тыңдалық және ақынға арналған концерттен үзінді көрелік.

Сөз кезегін қазылар алқасының төрайымы Газимова Халампыр Шапхатқызына береміз.

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай өткізіліп отырған «Мұқағали-поэзия Хантәңірі!» атты мәнерлеп оқу сайысы өз мәресіне жетті.Келгендеріңізге көп-көп рахмет, келесі кездескенше, қош сау болыңыздар! dle
Ұқсас мақалалар:
«Әдепті бала - 2013» сайысы

«Әдепті бала - 2013» сайысы

Сайыстың мақсаты: Жас ұрпақтың бойына игі салт сананы сіңіре отырып, оларды имандылықпен, инабаттылыққа тәрбиелеу, өсіп келе жатқан ұрпақтың арасынан...
«Сүйікті анама сыйлығым дайын!»  атты

«Сүйікті анама сыйлығым дайын!» атты

«Сүйікті анама сыйлығым дайын!» атты жас суретшілер және қол өнер байқауының жүру барысы....
Мұқағали Мақатаев өлеңдері -үш тұғырлы тілде

Мұқағали Мақатаев өлеңдері -үш тұғырлы тілде

Мұқағали Мақатаев өлеңдері -үш тұғырлы тілде Мұқағали Мақатаевтың 83 жасқа толуына байланысты «Мұқағали Мақатаев – үш тұғырлы тілде!» атты кештің...
М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»

М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»

Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» Сабақтың мақсаты: 1.Сезіммен өлең өрген жыр парағы-Мұқағали туралы дерек, поэманың мазмұнын ашу,...
Есіңе мені алғайсың

Есіңе мені алғайсың

Есіңе мені алғайсың Сабақтың тақырыбы: Есіңе мені алғайсың Мақсаты: әдеби-музыкалық кештің мақсаты ақын өмірімен, шығармашылығынан мәлімет бере...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру