Тіркелу Сайтқа кіру

Жуан дауыстылар: а, о, ы, ұ. «Ақ бұзау».

Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Жуан дауыстылар: а, о, ы, ұ. «Ақ бұзау».
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өлеңді шапшаң, мәнерлеп оқуға төселдіру. Жуан дауысты дыбыстарды ажырату,
әдемі, сауатты жазуға , ой – өрісін, берілген сұраққа тиянақты жауап беру, тіл байлығын молайту.Үй
жануарларының пайдасын білуге, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, өз бетімен жұмыс, көрсету, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі: Төрт түліктің суреті, тірек сызба, интербелсенді тақта, қима қағаздар, автор суреті.
Пән аралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Күтілетін нәтиже: Мәнерлеп оқи алады, тапсырамаларды толық орындайды.
Сабақтың барысы:

№ Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Уақыт
1. Ұйымдастыру 1.Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.
Психологиялық дайындық.
«5»болсын алар бағамыз.
Біліммен бақыт табамыз.
Өнерменен өрістеп,
Өсе берсін санамыз.
Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз еңбек ету.
Хормен айтады. Жауап айту. 1 минут
2 Өткен сабақтан алған білімін тексеру «Ой қозғау»
1. Қазақ тілінде неше әріп бар? (42 әріп бар)
2. Сөз неден құралады? (дыбыстан)
3. Дыбыстар немен таңбаланып жазылады? (әріппен)
4. Әріп, өзінің айтылуына қарай нешеге бөлінеді?
(Екіге бөлінеді, дауысты және дауыссыз)
5. Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? (Екіге бөлінеді, жуан және жіңішке дауысты)
6. Төрт түлік мал туралы мақал - мәтелдер айту.
7. Төрт түлікке нелер жатады?
8. Төрт түліктің төлдерін қалай атайды? Жеке-жеке тұрып жауап бергізу.

4 минут
Негізгі кезең
№ Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Уақыт
3


Жаңа сабақ материалы


Ой ашар: «Ойлан тап» кестесімен танысу.
Енді балалар мына кестеге қарайық. Бізге мысалдар берілген. Осы мысалдарды орындап, жанындағы әріпті, мысалдың жауабы қанша шықса, сол номердегі тор көзге апарып жазамыз.
Соңында бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз шығады.
1 2 3 4
дауысты дыбыс әріптері

н 2+2

ж 7-6

у 3-1

а 9-6

Міне біз «Ойлан тап» кестесінің сырын таптық.
Дыбыстың 2 түрге бөлінетінін білеміз, дауысты және дауыссыз дыбыс болып.
Жуан дауысты дыбыс және жіңішке дауысты дыбыс болып.
2. Енді кестедегі жуан дауысты дыбыс әріптерін оқиық және жаттап алайық.
3. Слайдпен жұмыс. (Тірек сызба бойынша түсіндіру)
Жуан дауыстыларды (а, о, ы, ұ) айтқанда тілдің ұшы кейін қарай тартылады да, үсті сәл көтеріліп айтылады. Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады: қозы, лақ, құлын, бұзау.
Жуан дауыстылар:а, о, ы, ұ. 1. Жеке-жеке жауап беру, оқыту. 10 минут
4 Оқулықпен жұмыс - Ендеше, балалар «Ақ бұзау» өлеңін оқу, түсіндіру.
-Өлең не туралы? –бұзау
Оқулықтағы суретпен жұмыс
- Суретте кімді көріп тұрсыңдар?
Баланы
- Баланың жанында не бар?
- Бұзау
- Бұзау ненің төлі?
- Сиырдың төлі
- Өлеңді жазған балалар ақыны Жақан Смақов (1932, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ынталы ауылы - 1975) - ақын.
"Бақ-бақ" (1965), "Жаңғырық" (1976, өлеңдер, тақпақтар, ертегілер, жаңылтпаштар), т.б. жыр жинақтары жарық көрген. Ақынның өлеңдері өте көп. Алдағы уақытта оқулықтан, газет-журналдардан оқып танысасыздар.
***Қаймақ, айран, сүт сөздеріне дыбыстық талдау ауызша талдау.
- Олай болса «Зеңгібабаның» құрметіне орай «Ақ бұзау» өлеңін мәнерлеп оқып жіберейікші - деп 3-4 оқушыға тізбектетіп оқытамын. Тізбектей оқу, 3-4 оқушы толық өлеңді мәнерлеп оқу. 5 минут
5

Сергіту сәті Қане қанат жайайық,
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып,ұшып алайық,
Орнымызға қонайық. 1 минут
6 Дәптермен жұмыс
1.28 - жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, көшіріп жазу.Сөздерден жуан дауысты дыбыстпарды табыңдар.
2. Қолдарын сергіту.
3.Сөздік жұмыс
Кілегей – сүт бетінде тұратын майлы қабат, шикі қаймақ.
Уыз – жас төлдеген малдың алғашқы 3-4 күндік қою уыз сүтінен пісірілетін дәмді тағам.
«Сәйкестендіру»
І топ
Жылқы атасы - Қамбарата
Сиыр атасы - Зеңгібаба
Түйе атасы - Ойсылқара
Қой атасы - Шопаната
Ешкі атасы - Сексеката
ІІ топ
Жылқы төлі - құлын
Сиыр төлі - бұзау
Түйе төлі - бота
Қой төлі - қозы
Ешкі төлі – лақ.
ІІІ топ
Жылқы кісінейді.
Сиыр мөңірейді
Түйе боздайды
Қой маңырайды 1.Берілгенді жазу.
2.«Саусағым» хормен қолдарын сергіту.
3.Топпен жұмысжасау, жауап беру.
11 минут
7 Постермен жұмыс І топ «А» әріпінен басталатын сөздер.
ІІ топ «О» әріпінен басталатын сөздер.
ІІІ топ «Ұ» әріпінен басталатын сөздер. Сөзер көп болу керек, сауатты жазу. Қорғау топ басшы. 2 минут
8 Жаңа сабақты бекіту Карточкалар үлестіру. Берілген сұрақтар мен тапсырмаларды орындату арқылы жаңа материалды меңгергендерін тексеру.
«Тез ойла, сөз ойла»
1 2 3 4 5
т ү с
н а а й р
а й а
қ р т ұ

1. Сүт 2. Айран 3. Май 4. Құрт
Жеке-жеке жауап беру. 4 минут
Қорытынды
№ Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Уақыт
Сабақты қорытындылау
жеке жұмыс
Мұғалім сабаққа қатысты сұрақтар мен тапсырмалар береді.
«Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнату.
1. Бүгін Жақан Смақовтың қандай өлеңімен таныстық?
–Ақ бұзау
2. Бұзау қай малдың төлі? –Сиырдың
3. Сиыр иесін қалай атаймыз? –Зеңгібаба
4. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді?
– 2-ге, жуан, жіңішке
5. Жуан дауысты дыбыстарды ата: - а, о, ы. ұ
6. Жуан дауысты дыбысы бар бір сөз айт:- қой, айран, жуа Берілген тапсырманы жеке отырып жұмыс жасайды, Ойларын сыныппен бөліседі. 3 минут
10 Үйге тапсырма 1. «Ақ бұзау» өлеңін жаттау, 29-жаттығу. 1 минут

11 Бағалау Жауаптарына қарай стикерлер, тарату. Ал енді балалар! Бізге келген қонақтарды ұмытып кетпей «қонақ кәде» жасайық. Ол келген қонақтарға дәм-ауыз тиіңіздер - деп сый-сияпат көрсету. Олай болса ақ сиырдың сүтінен жасалған аппақ майлы құрттан ауыз тигізейік - деп екі оқушыға таратқызамын. Стикеркрлер көп болса 5, рташа болса 4, 2-1 болса 3 деген баға. 1 минут dle
Ұқсас мақалалар:
Не тәтті?

Не тәтті?

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы «№13 жалпы білім беретін бастауыш мектеп» мемлекеттік мекемесі 1 «В» сынып мұғалімі Итемгенова Санимайдың қысқа...
Ыы дыбысы мен әрпі.

Ыы дыбысы мен әрпі.

Әліппе Сабақтың тақырыбы: Ыы дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты:Оқушыларға Ы дыбысымен таныстыру. Ы дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасауға,...
Бізідң үй

Бізідң үй

Батыс Қазақстан Облысы, Бөрлі ауданы Березов мектеп-балабақша кешені, қазақ тілі мен әдебиеті пәніні мұғалімі Сатубалиева А.Н Сабақтың тақырыбы:...
Жуан және жіңішке жұп дауыстылар Туған жер

Жуан және жіңішке жұп дауыстылар Туған жер

Узденбекова Жанар Кенжетаевна Бастауыш сынып мұғалімі Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектеп Астана қаласы Пән Ана тілі 1 cынып Уақыты ...
ТЕМІРАҒАШ

ТЕМІРАҒАШ

Узденбекова Жанар Кенжетаевна Бастауыш сынып мұғалімі Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектеп Астана қаласы Пән Ана тілі 1 «» Уақыты ...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру