Тіркелу Сайтқа кіру

Шебер мұғалім - 2014

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы
М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебі Бастауыш сынып әдіскері
Дүйсембаева Лятипа Арипқызы


Шебер мұғалім - 2014
Сайыс тақырыбы: Бір мақсат, бір - мүде, бір - мақсат
Сайыс мақсаты: Елбасы президентінің жолдауын негізге ала отырып, мұғалімдердің шығармашылдығын анықтау, жас мамандарға жаңашаланған тұрғыдағы педтехнологиялардың үрдістерімен әдіс алмасу.
Сайыс көрнекілігі: Ұранды сөздер, мұғалімдердің шығармашылық кітапшалары, портфолиолары, баннерлер мен слайдтары.
Сайыс әдісі: Тест, шығармашылық эссе қорғау, постермен жұмыс т. б.
Сайыс жүрісі:
Жүргізуші:
- Құрметті ұстаздар! «Шебер мұғалім - 2014» сайысымызға қош келдіңіздер! Бүгін біздің мектебімізде тамаша сайыс өткелі отыр. Бұл сайыста бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім - тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, ұстаз деген атқа лайық ұстаздарымыз сайысқа түскелі отыр.
Шақырып жарыстарға сан салалы,
Жетекшілер тобы бәріңе жар салады.
Ту етіп достықпенен татулықты,

Сайысқа қатысушы ұстаздарды. Құрмет пен қошемет көрсетіп, сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
1. Шомбалова А. Бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілі - 25 жыл, 2 - ші санаттағы білікті маман.
................
Жүргізуші:
Осындай тапқыр достар кез - келген де,
Жетсін - ау, жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас болғанменен, құрбысыңдар.
Тілейміз ізгі тілек сендерге де!- деп сайысымызды жалғастырамыз.
- Әділдікпен баға берер ұстаздарға,
Әділдікпен қара қылды жаруға,
Әділқазы алқаларын сайлайық.
Үздіктерді таңдап бүгін алуға - деп әділқазы мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Әділ қазылар алқасын тағайындау.

І - кезең. Панорамалық сабақ (ұзақтығы – 15 минут)
Бәрімізді бей - жай қылған тақырып,
Сырласайық ой - теңізін сапырып.
Батыл болсын, анық болсын пікірлер.
Сөз маржаны жатсын тыңнан атылып - деп сайысымыздың келесі кезеңі «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбында панорамалық сынып сағатын көрсету. Бұл кезеңде сайыскерлер өзінің жұмыс қызметіндегі бір сабақтан үзінді көрсетеді және өзінің педагогикалық қызметін қорғайды.

ІІ - кезең. Шығармашылық эссе қорғау. (Мұғалім өзінің зерттеп жүрген тақырыбын тәжірибесімен баяндап, кітапша етіп жинақтап тапсыру). (5 мин)
Психологиялық тренинг:
Жүргізуші:
Ал, мамандар сайысқа қалайсыңдар,
Сендер өтер әлі де талай сын бар,
Білімді бір тексеріп көрейік біз,
Жауап қатсаң сұраққа жарайсыңдар.
жүргізуші:
О, заманда ашқан қазақ өнер сырын,
Шақырған сайыстарға бірін - бірі.
Қарайық тамашалап жиылған жұрт,
Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін - деп келесі бөліміміз «Менің қиялымдағы өнер» тақырыбындағы мұғалімдердің өнерлерін байқау.
Жүргізуші:
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін әділ қазыларға берейік.
Арамызда білімді достар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрейік. – деп бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз әділқазыларға беріледі.

- Бүгінгі кешімізге қатысқан ұстаздарға көптен - көп рахмет.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке мен шаттық тілейміз dle
Ұқсас мақалалар:
Тәрбие сағаты: Табиғат – тіршіліктің  көзі (Сайыс)

Тәрбие сағаты: Табиғат – тіршіліктің көзі (Сайыс)

№1 мектеп Мұздыбаева Раушан Хасенқызы Карағанды облысы Жезказған қаласы Бастауыш сынып мұғалімі. Тәрбие сағаты: Табиғат – тіршіліктің көзі ...
Жас маман-2014 сайысы

Жас маман-2014 сайысы

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы Ақтерек ауылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы№26 негізгі мектебі мектеп тәлімгері Смагулова Бақытжан Бауыржанқызы ...
Бұрымды қыз

Бұрымды қыз

Байзақ ауданы, Түймекент ауылы Түймекент орта мектебінің мұғалімі Джумадилова Зура Адилхановна....

"Ән жұмбақ" музыкалық сайысы

Сабақтың тақырыбы: Ән жұмбақ (музыкалық сайыс) Мақсаты: Оқушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын...
Сыныптан тыс

Сыныптан тыс "Толағай!" отбасылық сайысы

Мақсаты: ата – ана мен оқушы және мектеп арасындағы байланысты нығайту мақсатында салауатты өмір салтын насихаттап, ұлттық сананы қалыптастыру,...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру