Тіркелу Сайтқа кіру

Жас маман-2014 сайысы

Жас маман-2014 сайысы

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы
Ақтерек ауылы
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы№26 негізгі мектебі мектеп тәлімгері
Смагулова Бақытжан Бауыржанқызы

Тақырыбы: «Жас маман-2014 сайысы»


Мақсаты: Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.
Жүргізуші: Қайырлы күн! Қадірменді бүгінгі сайысымыздың қонақтары, ұстаздар!
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой,
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.
Бүгін біздің мектебімізде тамаша кеш өткелі отыр. Бұл кеште бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, жас та болса ұстаз деген атқа лайық жас ұстаздарымыз сайысқа түскелі отыр. Құрмет пен қошемет көрсетіп, сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
Шақырып жарыстарға сан салалы,
Жетекшілер тобы бәріңе жар салады.
Ту етіп достықпенен татулықты,
Сайыстың мүшелерін қарсы алайық.

1. Аты-жөні Абенов Думан Мұратұлы
2. Туған айы-күні, жылы 13.01.1990 ж
3. Сүйікті түсі- ақ
4. Сүйікті тағамы- қуырдақ
5. Сүйікті әншісі-Тамара Асар
6. Еңбек өтілімі- 3,5
7. Жұлдызнамасы- Тауешкі
8. Өмірлік ұстамы-Үлкенді сыйласаң-қадірлі боларсың,
Кішіні сыйласаң- құрметті боларсың.

1 Аты-жөні Смағұлова Гәкку Алтынбекқызы
2 Туған айы-күні, жылы 11.08.1991 ж
3 Сүйікті түсі- қызыл
4 Сүйікті тағамы- лағман
5 Сүйікті әншісі-Юрий Шатунов
6 Еңбек өтілімі- 1,6
7 Жұлдызнамасы- арыстан
8 Өмірлік ұстамы Өтіріктің балын жалап, тірін жүргенше
Шындықтың уын ішіп, өлген артық.

1 Аты-жөні Арапова Әсел Жаңабекқызы
2 Туған айы-күні, жылы 13.01.1990ж
3 Сүйікті түсі- көк, қара, ақ
4 Сүйікті тағамы- плов
5 Сүйікті әншісі- Айқын Төлепбергенов
6 Еңбек өтілімі- 4,5
7 Жұлдызнамасы- тауешкі
8 Өмірлік ұстамы- Тіл тәтті тамақ жейді, тіл ащы таяқ жейді.

1 Аты-жөні Жексенова Гүлназ Төлегенқызы
2 Туған айы-күні, жылы 11.08.1990ж
3 Сүйікті түсі- көк, қаракөк, қаражасыл.
3 Сүйікті тағамы- наурыз көже
5 Сүйікті әншісі- Нұр-Мұқасан, Баян Нұрмышова
6 Еңбек өтілімі- 1,6
7 Жұлдызнамасы- арыстан
7 Өмірлік ұстамы- Мықты болсаң, алдағыны босып оз,
Мықты болсаң, артағыға жеткізбе.

1 Аты-жөні Жолтаев Бұрхан Ойратұлы
2 Туған айы-күні, жылы 18.04.1989ж
3 Сүйікті түсі- көк. жасыл, ақ
4 Сүйікті тағамы- бешбармақ, қуырдақ
5 Сүйікті әншісі- Құрмаш Маханов
6 Еңбек өтілімі- 4жыл
7 Жұлдызнамасы- тоқты
8 Өмірлік ұстанымы- Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
Әділдікпен баға берер ұстазға,
Әділдікпен қара қылды жаруға,
Әділқазы алқаларын сайлайық.
Үздіктерді таңдап бүгін алуға
Ал енді әділ-қазыларды сайлап алайық.
Мектеп директоры Абенова Светлана Құсайынқызы
Математика пәнінің мұғалімі Жолтаева Жұмагүл Жақыпқызы
Бастауыш сынып мұғалімі Токишева Рымкеш Ысмағұлқызы
Орыс тілі пәнінің мұғалімі Сапарова Гүлнұр Үсенқызы
Сайысымызды бастамас бұрын кезеңдермен таныстырып кетейік.
1- кезең
1 Ашық сабақ өткізу.
2-кезең
1 Портфолио тексеру
3-кезең
3 Белгілі бір тақырыпқа сабақ жоспар құру.
4 Сауалнама мен тестқа жауап беру
Қорытынды кезең
1 Таныстыру
2 Өз өнерін көрсету
3 Ситуациялық тапсырма
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін - деп , жетпеген жеңісіне, орындай алмаған арманына артында қалған жастардың жететініне нық сенім білдіріп кеткен. Ақын-жазушы Мағжан Жұмабаев айтып кеткен.Сол сенімді сөзбен емес, іспен көрсететін жастарымыз енді. Таныстыру кезеңді бастаймыз.
Таныстыру кезеңі
Жас мұраты білім, тәлім талабы.
Өнер, оқу – жастық қару жарағы – демекші бүгінгі сайысқа
қойылатын екінші шарт өз өнерін көрсету. Жас мамандардың өнерін тамашалайық.
Белгілі бір тақырыпқа сабақ жоспар құру.
Ол үшін мен сіздерге белгілі бір сыныптың кітабын ашамын. Сол тақырыпқа сабақ жоспар құрасыздар. Әділ-қазыларға портфолияларыңызды беріңіздер, тексеріп бағалай берсің.
Жас мұраты білім, тәлім талабы.
Өнер, оқу – жастық қару жарағы – демекші бүгінгі сайысқа
қойылатын екінші шарт өз өнерін көрсету. Жас мамандардың өнерін тамашалайық.
Сергіту сәті сіздерге
Сөз құра, тез құра деген сергіту сәті
1Мөлдір моншақ толы жеміс- АНАР
2 Допты ойнаған тозар, асық ойнаған- АЗАР
3 Өзен суы немен ағады-АРНА
4 Киім тігетін шикізат- МАТА
5 Тайыншының қысқаша аты-ТАНА
6 Спорттық жарыстың соңы-МӘРЕ
7 Қорқыныштың синонимі- ЗӘРЕ
8 Зорға сөзінің синонимі- ӘЗЕР
9 Адам басындағы мүше-ЕРІН
9 Жануарлардың қабығы-ТЕРІ

Жас мұраты білім, тәлім талабы.
Өнер, оқу – жастық қару жарағы – демекші бүгінгі сайысқа
қойылатын екінші шарт өз өнерін көрсету. Жас мамандардың өнерін тамашалайық.
Өз өнерін көрсету
Педагогикалық жағдаят
Қане достар пікірлесіп қарайық,
Қилы - қилы ойды ортаға салайық.
Сан - салалы асыл ойлар тоғысып,
Толғандырған жайды шешіп алайық.

Ситуациялық сұрақтар:
1. Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз. Оны бір оқушы интерактивті тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алады, не істер едіңіз?
2. Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап алдыңыз. Бір оқушы дәптеріне сіздің суретіңізді салып мазақ етіп жазып қойған. Не істер едіңіз?
3. Бір оқушыға мықтап ұрысып алдыңыз. Ал ол үйіне барып апай басымнан ұрды деп арыз айтып, ата - анасын ертіп әкелді. Сіздің әрекетіңіз қандай?
4. Сіз сыртқа шығып кеткен кезде бір бұзық оқушы сөмкеңе бақа салып қояды. Сіз білмей сумкаңызды ашып қалған кездегі жағдай. Не істер едіңіз?
5. Сізді бір жоғарғы кластың оқушысы ұнатып қалғанын айтып, дос болуға шақырады, не істер едіңіз?
6. Мұғалім сабаққа кірген кезде, тақтадан өзінің карикатурасын көреді. Балалардың ойынша мұғалім кінәлі оқушыны іздеп, сабақ өткізбейді. Не істеу керек?
7. Сіз жаңа сабақ түсіндіріп жатырсыз, бір оқушы сізге сабақ түсіндіруге мұрша бермейді. Сіз оқушыға тыныш отыр дедіңіз , оқушы тыңдамады. Не істеу керек?
8 «Аманжол үнемі сабаққа ұқыпсыз келеді, шашы өскен, киімі үтектелмеген, бірақ осы түріне қарамастан үнемі сабаққа дайындалып келуге тырысады. Оқушылар арасында ешқандай доспары да жоқ,ешқіммен араласпай өз бетімен жүреді.» Сіздің іс-әрекетіңіз, қандай жұмыс түрлерін жүргізер едіңіз?
9«Сіздің сыныбыңыздағы оқушының отбасылық жағдайына байланысты ата-аналарымен қарам-қатынасы өте төмен. Бәлкім сол себептен сіздің оқушыңыз үнемі үйіне бармай мактепте жүреді немесе көшеде қаңғыбастыққа салынады. Араласып жүретін ортасындағы оқушыларда лайықты емес. Ата-анасының тарапынан қажет етпейтіндей қатынас байқалады.» Сіздің іс-әрекетіңіз?
10 «Сіздің сыныбыңыздағы Айнұр белгісіз жағдайда өзіне-өзі кол көтеріп, «суицидке» бейімділік көрсетті» Сіз осы оқушымен қалай жұмыс жұргізесі, және сіздің осдан кейінгі атқаратын жұмыстарыңыз қандай болмақ.
Психологиялық трениг
Суретте бейнеленген 5 фигураға қараңыз: квадрат, үшбұрыш, тік төртбұрыш, шеңбер, ирек. Осылардың ішінен сізді «бұл – Мен!» дегізетіндей біреуін таңдаңыз. Өзіңіздің формаңызды сезініңіз. Сонымен, сіздің бірінші деп белгілеген фигураңыз – Сіздің негізгі фигураңыз, немесе субъективтік формаңыз. Ол сіздің негізгі үстемдік ететін мінез-құлқыңыздағы ерекшеліктерді, тәртібіңізді анықтауға мүмкіндік береді. қанағаттандырмайтын сияқты болса, онда сізді екі не үш формадан тұратын комбинациясы сипаттай алады.
Квадрат: Қайраткер, еңбекшіл форма.
Оның өмір сүру ортасы өзіндік «Меніне» үйлесімді.
Жағымды жақтары – ұйымшыл, дәл, қатаң тәртіпті, ережені ұстану, аналитикалық ойлау қабілеті, ұсақ заттарға зейінділік, фактіге жүгіну, жазба сөйлеуге құштарлық, ұқыптылық, тазалық, сақтық, салқынқандылық, үнемшілдік, тұрақтылық, талапшыл, шешімінен қайтпау, шыдамдылық, еңбекқорлық, кәсіби эрудиция;
Жағымсыз жақтары: тақуа, өте ұсақшыл, өте сақ, «ақылгөй», ерегеспе, консерватор, (жаңалыққа қарсылық көрсетуші), шешімді қабылдауды созу, сараңдау, саясаткерлігі төмен, таныстары мен достары аз адам.
Үшбұрыш: Бұл лидерліктің символы, мақсатына бағытталу, дегеніне жету.
Жағымды жағы: лидер, билікке ұмтылыс, қайткен күнде жеңіске жету, проблеманың өзегіне үңілу, өзіне деген сенімділік, шешімге тез келе алу, сезімталдық, батылдық, өте белсенділік,тәуекелшілдік, жоғары еңбекқорлық, көңіл көтерудегі еркіндік, күшті саясатшы, тапқырлық, қарым-қатынаста көпшіл;
Жағымсыз жақтары: ең сенімді достары мен жақындары аз, қызбалық, атақ-даңққа бағыттылық, шыдамсыздық, өзінің мақсатына жеткенше басқаға көңіл аудармау, өз дегенінен қайтпау, қу, айлакер, өз дегеніне жетуде неге де бара алады, өзімшіл, мәртебе, мансапқа бағытталған, ұстамсыз, шыдамсыз.
Төртбұрыш: Өтпелі қалыптың символы. Өзгеру, басқа деңгейге ену, уақытша жағдай. Өзін-өзі түсіне бермеу, проблемадан қорқу…
Жағымды жағы: білуге құштарлық, барлық жаңаға жаны құмар, батыл, бейбітшіл, дау-дамайдан қашқақтайды;
Жағымсыз жағы: өзін төмен бағалау, өзгермелілік, тұрақсыздық,пікірін жиі өзгерткіштік, қозғыштық, өзіне сенбеу, аңқаулық, сенгіштік, қызбалық, көңіл-күйінің тез де жиі алмасуы,ұмытшақтық, заттарын жоғалтуға бейімділігі, ұқыпты емес, тиянақсыз, жаңа достар, өзгенің мінез-құлқына, қылығына еліктеу («рөлдерді өзіне өлшеу»), тез салқын тиіп ауырғыш, жарақаттанғыш, жол апатына түскіш. Төртбұрыштылық – бар болғаны стадия, өтпелі кезең екенін ескер!
Шеңбер: Мифологиялық тұрғыдан үйлесімділік (гармония) символы.
Құнды қасиеттері: адамдар, олардың жайы, жақсы қарым-қатынас орнату, қарым-қатынасты қажетсінуі өте жоғары, «желім» – отбасын, ұжымды біріктіргіш, ашық, өзгелерге қамқоршы, қолы ашық – мырза, өзгені түсіну, жақсы интуиция, байсалдылық, сенгіштік, өзгелерді иландыра алу, әділетсіздікке қарсы тұруда батылдық танытады, қоғамдық жұмысқа бейімділік, күн тізбегінеркін құрады, таныстары мен достары көп. Шеңбер – жақсыпсихолог!
Жағымсыз жағы: көбіне өзін кінәлі сезінушілік, меланхолияға берілгіштік, айналадағылардың пікіріне бағытталу, шешімге келе алмаушылық, саясаткерлігі төмен, көпсөзділік, әсерленгіш, сезімтал.
Ирек: Креативтілік, шығармашылық символы. Өзі де басқа фигуралар секілді жабық емес, ерекше формада.
Жағымды жағы: «оңжарты шарлы» — ойшыл, өзгеден ерекше, айрықша ойлау, шешім қабылдау, ортаның сүйіктісі, тапқыр, өзгерістерді қажетсінуі, креативтілік, білім құмарлық, жоғары интуиция, өзінің идеяларымен қанаттануы, арманшыл, болашаққа бағытталу, жаңалықтың барлығына деген оң көзқарас, қиялшыл, энтузиазм, еркіндік;
Жағымсыз жағы: өмірге аз бейімділік, импульсивтілік, көңіл-күйінің өзгермелілігі, мінезінің құбылмалылығы, ұстамсыздығы, экспрессивті (шындықты көзге айта салу), дара жұмыс істеуді ұнатуы, қағаз бастылықты ұнатпауы, айналысып жүрген ісі жаңа болудан қалса, аяғына дейін жеткізбей тастай салады, финанс жағынан салақтық.
Еліміздің ұстаздары аман болсын
Бастықтар жел өтпейтін пана болсын.
Сіздерге тек тілейміз аманшылық,
Болсын тек әрқашанда бейбітшілік – дей келе жас ұстаздарға деген құттықтау сөз ұстаздарға беріледі.
Тәуелсіздік таңы сендер, білемін,
Болашаққа бар білімін берерін
Барыс текті жастар ғана келешек,
Жалындатып биік шыңда жүретін
деп сайысты аяқтамас бұрын әділ қазылар алқасын ортаға шақырып, жеңімпазды анықтайық.
"Ұстазым"әні .

1- кезең
1 Ашық сабақ өткізу.
2-кезең
1 Портфолио тексеру
2 Белгілі бір тақырыпқа сабақ жоспар құру.
3 Сауалнама мен тестқа жауап беру.

Қорытынды кезең
1 Таныстыру
2 Өз өнерін көрсету
2 Ситуациялық тапсырма


Жас маман-2014 сайысы dle
Ұқсас мақалалар:
Тәрбие сағаты: Ата-анамен жұмыс

Тәрбие сағаты: Ата-анамен жұмыс

Бала-әр ата-ананың болашағы,өмірінің жалғасы Міндеті: ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып баланың ата-ана өміріндегі...
Шебер мұғалім - 2014

Шебер мұғалім - 2014

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебі Бастауыш сынып әдіскері Дүйсембаева Лятипа Арипқызы Шебер...
Педагогикалық шеберхана түрінде өткізілген ата-аналар жиналысы

Педагогикалық шеберхана түрінде өткізілген ата-аналар жиналысы

Бозжигитова Ляззат Конакбаевна Атырау қаласы № 23 орта мектеп орыс тілі пәнінің мұғалімі Педагогикалық шеберхана түрінде өткізілген ата-аналар...
Тың игеру кезіндегі Қазақстан

Тың игеру кезіндегі Қазақстан

Күні Сыныбы: 5 сынып Сабақтың тақырыбы Тың игеру. Жалпы мақсаты: Тың игеру саясатының ерекшеліктері, оның табыстары мен зардаптары және аталмыш...
ТӘРБИЕШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН САУАЛНАМА

ТӘРБИЕШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН САУАЛНАМА

ТӘРБИЕШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН САУАЛНАМА Тәрбиешінің аты-жөні: 1.Сіз топтағы барлық балаларыңызды жатқа танизіз ба?ата-аналарын ше? 2.Сіздерге баламен...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру