Тіркелу Сайтқа кіру

Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігінің негізі

Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігінің негізі
Білім туралы заңның 51-бабында Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігінің негізі көрсетілген.

Педагог қызметкердің:

1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға;

1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға;

2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;

3) жеке педагогтік қызметке;

4) тиісті білім беру деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары сақталған кезде педагогтік қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға;

5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;

6) ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бір рет біліктілігін арттыруға;

7) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға;

8) педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түріндегі моральдық және материалдық көтермеленуге;

9) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;

10) әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;

11) ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік стажы сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;

12) білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағымдануға құқығы бар.

Сонымен қатар құқықпен қатар міндетің қатар жүретін ұмытпағаныңыз жөн, педагог қызметкер:

1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;

2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;

3) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;

4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;

5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;

6) бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге;

7) педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;

8) оқушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. dle
Ұқсас мақалалар:
Химия пәнін арнайы пәндермен байланыстыра оқыту әдісім

Химия пәнін арнайы пәндермен байланыстыра оқыту әдісім

Химия пәнін арнайы пәндермен байланыстыра оқыту әдісі Қызылорда облысы, Арал қаласы, №2 кәсіптік лицейінің химия, биология пәндері оқытушысы Ақбала...
Балабақшада балаларды шығармашылық құзіреттілігіне дамытудағы музыка оқу іс-әрекетінің маңызы

Балабақшада балаларды шығармашылық құзіреттілігіне дамытудағы музыка оқу іс-әрекетінің маңызы

Балабақшада балаларды шығармашылық құзіреттілігіне дамытудағы музыка оқу іс-әрекетінің маңызы Бала тәрбиесінің негізгі іргетасы қаланатын мектепке...
БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ.

БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ.

БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және...
Президенттік сынамалар

Президенттік сынамалар

Президенттік сынамалар Спорт!... Сен өміріміздің сенімді серігісің. Біздің жанымыз бен тәнімізге өлшеусіз қуаныш сыйлайсың. О, спорт! Сен: армандау,...
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЛГІ ЕРЕЖЕСІ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЛГІ ЕРЕЖЕСІ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЛГІ ЕРЕЖЕСІ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы «21» желтоқсандағы №1353 қаулысымен...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру