Тіркелу Сайтқа кіру

Үшбұрыш.Үшбұрыштың түрлері

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нарқызыл негізгі мектебі ММ
математика пәнінің мұғалімі Қожабекова Бағдагүл Жанғазықызы
Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: геометрия 7-класс
Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыш.Үшбұрыштың түрлері
Сабақтың мақсаты:Үшбұрыш туралы білімдерін кеңейту, элементтерімен, түрлерімен танысу, есептер шығаруда қолдана білу, қабырғаларының ұзындықтары бойынша периметрін есептеуге үйрету, үшбұрыштарды салу дағдыларын қалыптастыру
Міндеттері:Оқушылардың ізденісін, тұрақты ой қорытындысын жасай білу қабілеттілігін дамыту, топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Оқылған материалды, қорытындылай білу, өз ойын жеткізе алу қабілетін дамыту.
Күтілетін нәтиже: Үшбұрыш түрлерін, үшбұрышты салуды, элементтерін біледі, Топпен жұмыс жасауға машықтанады, ережені өздері қорытып шығаруға үйренеді, танымдық қабілеттері дамиды
Сабақтың көрнекілігі:
(Дереккөздер, қажетті құралдар)
Кеспе қағаздар, тірек -сызбалар, бағалау парағы, А3 форматы, маркер,сызғыш
Оқулық, таратпа материалдар
Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер:Топта жұмыс істеу, диалогтык оқыту,деңгейлеп оқыту, СТО стратегиялары,("ЖИГСО", "ИНСЕРТ", "Сұрақ қою, қайта сұрақ қою")
сұрақ -жауап, түсіндіру, талдау, қорыту
Бағалау:Бағалау парағына топ басшысы бағалайды

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аудару,амандасу;
Оқушылардың көңіл - күйін сұрау;
Топқа бөлу «Үш бәйтерек», «Үш би»
(Оқушылар амандасады, өз көңіл күйлерін білдіреді
Кеспе қағаздар алған оқушылар өз топтарына жиналып, топ құрамын айқындайды.)
Тұсаукесер Сабақтың іздендіру−зерттеу кезеңі:
«Миға шабуыл»
Жаңа сабаққа қажетті материалдарды қайта жаңғырту үшін оқушыларға сұрақтар қойылады
Бұрыш, бұрыштың түрлері
(Оқушылар еске түсіру арқылы сұрақтарға жауап береді)
Практикалық жұмысты орындауға нұсқау беру:
1) Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүкте белгілелеңдер;
2) Осы үш нүктені тізбектей қосыңдар;
3) Пайда болған фигураны ата, төбелерін белгіле
4) Қабырғаларын, бұрыштарын (элементтері) жазыңдар;
5) Барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосыңдар
(Оқушылар әрқайсысы өз дәптерлерінде орындайды, топ мүшелері бір біріне көмек береді.)

Оқушыларға сұрақ қойып, бағыт бағдар беру,ойларын толықтыру

Өміріміздегі үшбұрышты заттарды еске түсіру
- Таулар, пирамидалар, жол жүру ережесіндегі ескерту белгілері және т. б.
Негізінен үшбұрыштар үшкір болады, сондықтан оның ауаны тесіп өтетін қасиеті бар деуімізге болады. Мысалы: ұшақтардың басы, құстардың тұмсығы, майшамның жанып тұруы
Оқулықпен, мәтінмен жұмыс жасап негізгі ойды анықтауға бағыт бағдар беру
Үшбұрыштың түрлері
І топ
А) қабырғаларына қатысты
ІІ топ
Ә) бұрыштарына қатысты
Топтық жұмыс
«Инсерт» әдісі бойынша мәтінмен жұмыс жасайды, жұпта,топта талқылайды.
Топтық таныстырылым дайындайды
Сергіту сәті
«Телпек»
Телпегім менің үшбұрышты
Үшбұрышты телпегім менің
Егер ол үшбұрышты болмаса,
Ол емес менің телпегім

Жаттығудың ережесін түсіндіру:
Телпек дегенде басымызды, менің дегенде өзімізді, үшбұрышты деген кезде үш саусағымызды көрсетеміз.
Негізгі бөлім
Бекіту тапсырмалары
Әр оқушыға сәйкестендіру тест беріледі
Жеке жұмыс
Әр оқушы жеке орындайды
Оқулықпен жұмыс Топтық жұмыс
№133 (1)
№134
Қорытындылау
Топтық жұмыс
Үшбұрыш модельдерін пайдаланады

Ертегі - сұрақ:
Бірде барлық үшбұрыштар орман алаңқайында жиналып қай үшбұрышты патша сайлаймыз деп кеңесті.Олар ұзақ уақыт айтысып, бір тоқтамға келе алмады.Сонда бір үлкен үшбұрыш «Бәріміз үшбұрыштар патшалығына жолға шығайық, қай үшбұрыш патшалыққа бірінші болып кірсе, соны сайлайық» депті. Барлық үшбұрыш осыған келісіп, жолға шығады. Жолда келе жатса алдарынан өзен шығып: «менен тек барлық бұрыштары сүйір үшбұрыштар ғана өтеді» дейді.Сонымен үшбұрыштардың кейбіреуі өте алмай жағада қалады, қалғандары өтіп әрі қарай жолға шығады.
Жолда келе жатса, алдарынан тау шығады, ол айтады «тек екі қабырғасы тең үшбұрыштар өтеді» деп, бұл өткелден өткен үшбұрыштар одан әрі жүріп отырады.олар бір кезде тік жарға кездеседі,онда өте тар көпір тұрады. Көпір «менен тек барлық қабырғалары тең үшбұрыш өте алады» дейді.Сонымен көпірден бір үшбұрыш өтіп үшбұрыштар патшалыға барады, патша болады.
Қай үшбұрыш патша болды?
Қай үшбұрыш негізгі қарсылас болып кқпірге дейін келді?
Жарыстан бірінші шығып қалған үшбұрыш түрі
«Рефлексия» Бағалау
Топтық бағалау
Бағалау парағы бойынша
Сабаққа қатысымы бойынша бағалау, бағалауға анализ жасау.
«Білдім, түсінбедім, білгім келеді» кері байланыс жасайды.
Үйге тапсырма
Оқулықпен жұмыс
№ 133
Ізденіс жұмысы
Үш санына қатысты ұғымдар;
Үшбұрышқа ұқсас заттар, ұғымдар т.б dle
Ұқсас мақалалар:
Тіл ұстарту (Абай әндері)

Тіл ұстарту (Абай әндері)

7 - сынып Сабатың тақырыбы Тіл ұстарту (Абай әндері)...
Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі

Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі

Сабақтың тақырыбы Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі. Мақсаты Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының...
Перпендикуляр және көлбеу

Перпендикуляр және көлбеу

Бір нүктеден түзуге түсірілген перпендикуляр мен көлбеуді салыстыру. Тік бұрышты үшбұрыштағы тригонометриялық қатыстар. Перпендикуляр және көлбеудің...

"Алтын баға" сайыс

Тақырыбы: А л т ы н б а ғ а Мақсаты: Оқушылардың ынтасы мен пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойын жеткізе білуін және ой өрісін дамыту....
Тіл ұстарту (Абай әндері)

Тіл ұстарту (Абай әндері)

7 - сынып Сабатың тақырыбы Тіл ұстарту (Абай әндері) Мақсаты Абай шығармашылығының жаңа қырын анықтау,қазіргімен салыстыру Күтілетін нәтиже А)...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру