Тіркелу Сайтқа кіру

Жаңашылдыққа қарышты қадам

Жаңашылдыққа қарышты қадам

 

 Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты. Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, себебі, білім беру жүйесі өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.

    Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау.

       Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа әдіс-тәсілдердің сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Осы тұрғыда мен «Білім беру мен білім алуағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбындағы курсқа келіп,  үйренгенімді іс-тәжірибемде қолдандым.

     Бұл әдіс-тәсілдердің мені қызықтырғаны сол баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Сын тұрғысынан ойлау, өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесу, талдау жасап отыру, яғни оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын жеткізу оны дәлелдей алу, қасындағы оқушының пікірін тыңдау, сол пікірлерді салыстыру.

     Сонымен қатар жекелей жұмыстар, жұптық, топтық, жұмыстар арқылы ойын ашық айта білу, пікір айтуға үйрену, пікір таластыру, ойланып жауап беру, жолдастарының ойын тыңдау, жауаптарын бағалай білу, білім деңгейінің жоғарлауына әсерін тигізеді.

    Мұндай әдіс-тәсілдерді қолдану-біріншіден оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы арта түспек деп ойлаймын.

    Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді пайдалану қазіргі заман талабы.

 

 

№19 мектептің информатика пәні мұғалімі  Тұрниязова Базаргүл Оңғарқызы

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру