Тіркелу Сайтқа кіру

Қосымша білім беру жүйесінде жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Қосымша білім беру жүйесінде жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

 

Қазіргі кезеңде Республикамызда қосымша білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Қазіргі таңда білім беру жүйесінде қосымша білім беру мектептен тыс ұйымдардың бірегей жүйесін сақтау және дамыту, жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту және шығармашылық дамытуда олардың рөлін арттыру мақсатында ұйымдастырылады. Балаларға қосымша білім беру мазмұны, оны ұйымдастыру түрі, әдістері мен технологиялары сапасын көтеру, педагогикалық шығармашылық жұмысты бағдарлы түрде ұйымдастыру көзделген. Қазақстандағы қосымша білім беру жүйесі білім беру кеңістігінің ең динамикалық және дамушы құрамды бөлігі болып табылады, ол стандартты жүйеге қарағанда ерекше ашық және еркін дамуды қалыптастырады.  Балаларға қосымша білім беру – білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі, үздіксіз білім жүйесінің ажырамас бөлігі. Балалардың қосымша білім беру жүйесі – салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаны өздігінен дамыту, шығармашыл дарынды балаларды іздеу, қолдау көрсету және дамыту, өскелең ұрпақ тәрбиесіне және олардың дарындылығын дамытуға, балалардың құқықтарын қорғауға назар аударуды күшейтуге бағыттауға негізделген.

Мұғалім компьютерлік технологияларды кез келген сабақта және оның түрлі кезеңдерінде қолдануына болады. Ақпараттық технологияны пайдаланып оқыту төмендегідей мақсаттарды көздейді:

  •         Ақпараттық технологияны білім деңгейін тексеру бағытында қолдану;
  •         Мұғалімнің оқытушылық мақсатында қолдануы;
  •         Компьютерді мультимедиялық мүмкіндіктер арқылы көрнекі құрал ретінде пайдалану;
  •         Электрондық оқулықтармен интернетті пайдалану.

Оқу үрдісінде компьютерді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмыстарын ақпараттық – әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге, елеулі өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Олардың баяндама, реферат жазғанынан презентация жасағаны тиімді, себебі, презентация жасау барысында олар алған материалдарын жүйелеп, негізгісін, тақырыптың өзекті жерлерін бөліп алады. Бұл дағды оқушының логикалық ойлауын, шығармашылықпен, ақпаратпен жұмыс жасауын қалыптастырады. Оқушылардың шығармашылық жоба жазуына да ақпаратпен жұмыс жасауына көмегін тигізеді.

Әр адам бос уақытын өзінше бір нәрсеге арнайды. Бірақ, бос уақытты ұтымды етіп өткізу әлдеқайда тиімді. Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос уақыт – олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз етеді. Баланың бос уақытын оның өз қалауымен өткізуге ат салысу, оған аса мән беру – қазіргі таңның басты мақсаты саналуы тиіс. Бүгінгі таңда жаңа білімді адамды қалыптастыру барысында қосымша білім беру мекемелеріндегі үйірме жұмыстары күннен-күнге ұлғая түсуде. Мектептен тыс орталықтарда жүргізілетін тәрбие жұмыстары, сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады, ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың және олардың адамгершілік мінез құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың формасы болып табылады.

Біріншіден, оқудан тыс әр тарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан – жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.

Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі үйірме жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.

Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады.

Қосымша білім беру ұйымдары қызметінің басты ерекшелігі мынада:

Балалар мен жасөспірімдерді өз еркіне қояды және мұнда адамның өзін-өзі жан-жақты көрсетуіне толық мүмкіндік беріледі, сонымен қатар балалар білім алу бағытын, жүйесін, деңгейін және соңғы нәтижені өздері таңдайды. Бұл ерекшелік қосымша білім беру ұйымдарының білім беру жүйесіндегі шығармашылық қарым-қатынасты, педагог пен баланың немесе педагогпен қосымша білім беру ұйымдарының бірлескен іс-әрекетін белсенді және қарқынды жаңа педагогикалық технологиялық оқыту әдістемесін үнемі үйлестіріп отырудың қажеттілік екенін айқын көрсетеді;

Педагогпен бірлесе отырып жасаған шығармашылық тапсырмаларды шешу білім алу процесіндегі психологиялық құрылымды өзгертеді немесе екі жақтың әрекеттесуі, қарым- қатынас жасауы, барлық қатысушылардың бір-бірімен тығыз байланысты болуы әр баланың ішкі стимуляциясының оянуына әкеледі;

Балаларға қосымша білім беру мекемелерінің бағдарламасы білім беретін сонымен қатар қызметпен (іс-әрекетпен) қамтамасыз ететін және мекеменің дамуы болып екіге бөлінеді.

Қосымша білім беру ұйымдары өзі қызмет көрсететін жердегі тұрғындардың мәдени-ағарту жұмыстарындағы өзара әркеттік сипатын ашуға да септігін тизізеді. Қосымша білім беру ұйымдарға тән өзіндік ерекшеліктер мұндағы жұмыстарға балалар мен жасөспірімдердің өз еркі және талғамы бойынша қатысуын қамтамасыз ете алады. Мұндағы педагогикалық әсерге әртүрлі кәсіп және жас деңгейіндегі адамдар тобы мүдделерінің бірлігінің қалануы мен жұмыс мазмұндарының алуан түрлілігін, оның формаларымен түрлерінің көптігін де жатқызуға болады.

Сонымен елімізде білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қосымша білім берудің, оның негізгі субъектісі мектептен тыс ұйымдар қызметінің өзектілігін арттыра бермек. Өйткені қосымша білім беру ұйымдары жалпы білім беретін мектептермен, басқада білім беру орындарымен бірлесе біріңғай үздіксіз білім беру жүйесін құра отырып:

  •         балалар мен жасөспірімдерді шығармашылық белсенділікке, өз бетінше білімін жетілдіруге ынталандырады;
  •         білім мазмұнын белсенді және іскерлікпен меңгеруге үйретеді;
  •         балаға өзіндік өмірлік тәжірибесін талдап қорытып, оның қалыптасқан құндылық жүйелерімен ара қатынасын ажырата білуге үйретеді;
  •         өз ісіне баға беруге, сөйтіп өз мінез-құлқын қалыптастыруға үйретеді;
  •         жаңа ғылыми білімдерді және олардың айқын тенденцияларын ажырата білуге үйретеді;
  •         баланың дамуы мен дербес сана- сезімінің даму эволюциясын ескере отырып, білім берудің барлық түрлеріндегі мазмұн сабақтастығын сақтайтын мекеме ретінде бейімделу іс-бағыттары бойынша атқарылатын жұмыстардың жүйелі, үздіксіз жүргізілуін басшылыққа алады.

Балаларға қосымша білім беру ұйымдарының басқа білім беру орындарынан айырмашылығы онда бала басқаша білім жолын басып өтеді. Мұнда балаға қосымша ақпарат беріп қана қойылмайды, ең бастысы бала шығармашылық жұмыс істеуге тартылады. Бала адамзат еңбегінің, білімінің бірін терең игереді, оған дағдыланады. Жас ұрпақтың дара ерекшелігін ескере отырып ойлау, шешім қабылдау, қорытынды ой-пікірін білдіруін, белсенділігін, танымдық қабілетін дамытуын, өзінің шығармашылық әрекетін жүзеге асыруын қалыптастыруына мүмкіндік туғызған дұрыс. Оқушылардың қабілетін ашып, дамытуға жан-жақты жағдай жасағанда ғана мақсатқа қол жеткізуге болады. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп есептейміз.

dle
Ұқсас мақалалар:
«Қосымша білім беру жүйесінде жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін әлеуметтендіру процесін қамтамасыз ету жолдары

«Қосымша білім беру жүйесінде жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін әлеуметтендіру процесін қамтамасыз ету жолдары

Проблемалық тақырыбы: Жан – жақты дамыған, рухани бай, шығармашылық белсенділігі жоғары, білімді жеке тұлғаны қалыптастыру Шешу жолдары: ...
Инклюзивті  оқыту сыныбында ойын элементтері арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру жолдары

Инклюзивті оқыту сыныбында ойын элементтері арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру жолдары

I мектеп жаңа қоғам мектебi, болашақ мектебi, яғни саналы халықтық мәдениетке...
Жаңашылдыққа қарышты қадам

Жаңашылдыққа қарышты қадам

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы "№19 жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі Информатика пәні мұғалімі Турниязова Базаргуль...
Бастауыш сынып білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану

Бастауыш сынып білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Күршім ауылы №3 Күршім гимназиясы ...
Шығармашылық жұмыс – ізденімпаздықтың кілті

Шығармашылық жұмыс – ізденімпаздықтың кілті

Шығармашылық жұмыс – ізденімпаздықтың кілті...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру