Тіркелу Сайтқа кіру

ТӘРБИЕЛЕУ ҚАЗАҚ ІЛІМІ

  ТӘРБИЕЛЕУ  ҚАЗАҚ  ІЛІМІ     
     Мәселенің мән-жайы түсінікті болуы үшін сана деген іргелі ұғымды еске түсіруімізге тура келеді. Бұл аталған күрделі ұғымның арғы жақтағы қатпарларына бармай-ақ, қысқа қайырсақ, сана дегеніміз адамдардың ақиқат дүниедегі зат, құбылыс, уақиға т.б. түйсінуі, қабылдауы және оларды ой елегінен өткізу барысында пайда болған, қалыптасқан түсінігі мен көзқарасы дегенге саяды. Түсінік, көзқарас, әрине, алдымен адам санасында, дүниеден қабылданған әртүрлі ақпарлардың жинақтала, қорытыла келе білімге айналады. Ондай білімдердің біралуаны ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан «дәстүрлі білімдер» болса, бір алуаны зерттеуші,танушы адамдардың әрқилы ақпараттарды салыстыру, ойлау нәтижесінде пайда болған «табиғи білім» жүйесі болып табылады.Білімнің тағы бір түрі арнайы бағдарлама бойынша оқыту барысында мектепте,жоғары оқу орындарында, арнаулы курстарда алынған үйретінді білімдер жүйесіне жатады. Дәстүрлі білімдер,қорытылып,сараланып кейде жеке тұлғаның өз ойлары мен пікірлері,түйгендері жинақталып сол адамның атымен сақталуы да мүмкін.Адам тәрбиелеу қазақ дәстүріндегі-дәл сондай, білімдердің жиынтығын-ТӘРБИЕЛЕУ ҚАЗАҚ ІЛІМІ деп отырмыз. Мысалы,тәрбиелеу Абай ілімі-«Адам бол!» формуласы, кісілік философиясы,тәрбиелеу Шәкерім ілімі-ар-ождан  ілімі, ақиқат философиясы, Иасауидің сопылық-моральдық ілімі,ислами-түріктік философиясы т.б.              
         Қазақтың түп тұқияны жұмыр Жерге келіп ғұмыр кешкеннен бері: «Тән-Тәңірден,Тәрбие-өзімізден»-деген қағиданы   басшылық етіп,«Кісілік» мұратты  шам-шырақ болдырып, ұрпағын өмірге дайындап,тәлім-тәрбиелік кең тынысты, орасан аумақты,заңғармақсатты,іс-шара,қимыл-әрекет,жұмыс-шаруа жүргізу,ұйымдастыру,өткізу нәтижесінде:«Бала бақшадағы гүлің,оны тәрбиелеу үлкен ғылым» деген даналық  қорытындыға келген.  Иә,.          Қазақ танымында:-тәрбиелеу әрі өнер,әрі ілім. 
         Қазақ-өткенді қадірлеген,жаңаны байыптаған, болашақты болжап бағдарлаған дана халық.Ежелгі ескі заманнан бастап күні бүгінге дейін ғұмыр кешкен қазақ халқы отбасы,әулет,ауыл,ата-ру,тайпа,-топ,одақ,ұлт қатарлы қауымдастықтың сан түрін құрай отырып,елдікке жетіп, аты әйгілі (шамамен 16 империя орнатып)  мемілекет құрып, Ұлы Дала кеңістігінде бес мыңнан астам уақыт тіршілік еткен көне,текті, байырғы қауым. Мемлекеттің шаңырағы бір де биіктеп,бір де шайқалып,скифтердің тұңғыш патшасы Торғытайдан бастап,қазақтың соңғы ханы Кенесарыға  дейінгі  уақыт кеңістігінде тасқын судай сапырылған сақ,ғұн,түркі,оғыз-қыпшақ ұрпақтары ұзақ сонар тауарихын найзаның ұшымен ғана емес,ақыл-парасат күшімен де,ұрпақ тәрбиелеу ісімен де,ұлағатты үлгі өнегелі сөзімен де, «кісі» болдыру амал-айласымен де, ақыл-кеңес үлгісімен де айшықтап,бізге сарқылмас ілім мұрасын мирас етті.Қазақтың тәрбиелеу ілімі қалыптасып, дамып,іске асу барысында талай ұлық ұстаздар туып шықты, әулет мектебінің сан түрі пайда болды.Бұл мектептердің  бас ұстаздары ана мен дана,ата мен әже,әке мен шеше,аға мен көке,дос пен таныс,жеңге мен жезде сияқты ұлағатты ұстаздар есімі,іс-әрекеті ел есінде,халық жадында мәңгі сақталған.Түбі бір,бар қазақ отау тігіп, орда көтеріп, тамырын тереңге жайып өсіп-өне отырып,бір шаңыраққа топтасып әулеттік тұғыр,тектік бастау-Қарашаңырақ мектебін дүниеге әкелді.Оның бас ұстаздары Дана Аналар мен Дана Аталар болды.Ол дамып жетілу барысында Дана мектебіне ұласып оның барлық түрі мен тармағы,саласы мен бұтағы ,бөлшегі мен бөлігі,тарауы мен бөлімі ұйыса келіп-Әулет мектебінеайналды. Қазақ қауымында осы  негізде пайда болған, әлмисақтан бері, әлеуметтік  және әулеттік  деп аталатын екі топтағы мектеп болған-ды.
     Әулеттік мектеп-(қалың қауым,жұрт арасында,ел аузында,ол:-қазақтың қарадомбай мектебі аталады)-жеке отбасынан бастап,әулет,ауыл,тайпаға дейінгі адамдарға ортақ, жарық дүниеге жаңа келген сәбиден бастап, қарттарға дейін қатысатын,қазаққа тән(түрік тектес халықтардың барлығында ұқсас қалыптағы тәрбие мектебі                                                                                                     болғанымен арасында аздап айырмашылық бар),сан ғасыр бойында қызмет жасаған,күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан,келешекте де болатын,ұлт өкілін қалыптасты- ратын шынбайлы нұсқа, ерекше тәлім-тәрбиелік орта.Қазақ танымында адам жасы:балалық,жігіттік жәнеқарттық («Тәңертең төрт аяқпен,күндіз екі аяқпен,кешке үш аяқпен жүреді.Ол,кім?»-деген жұмбақты еске түсіріңіз.) үш кезеңнен тұрады.Өмірге келген күннен бастап,қырқына шыққанға дейінгі бала-қызылшаха(кей өлкенде шарана, шақалақ) деп аталады.Ит көйлегін шешіп,қарын шашын алдырған соң,қаз-қаз басқанша-нәресте(кей өлкеде бөбек) делінеді. тұсауы қиылып, аяғын басқаннан жеті жасқа дейін-сәби(кей өлкеде балдырған)аталады.Жеті жастан он үш-он бес жасқа дейін- балалық шақ.Балалық шақтың тіршілік  тұрағы,  тұрмыс аясы-жанұя аталған.           
      Отау иесі болғаннан,немере (не жиен)сүйгенге дейінгі кезең-отағасы(отанасы) аталып,тіршілік тынысының шеңбері-отбасыделінген.Немерелі-шөберелі болғаннан бақиға аттанғанға дейінгі кезең-ата(әже)делініп-тұрмыс аясы-әулет атанған.Осы аталған кезеңдердің тіршілік шеңберінде жүргізілген,мақсатты,жүйелі тәрбелік іс-қимыл әрекетті,тәлім-тәрбиелік үлгі-өнегені- ӘУЛЕТ МЕКТЕБІ деп отырмыз.Бұл мектеп- аты-жөнін айпарадай етіп маңдайшасына жазып қойған еңселі, ғимарат емес.(Алайда, тәр-биелік іс-әрекет белгілі ортада үйретуші- ұстазы бар, үйренуші-шәкірті бар,айқын бір нәрсені үйретіп  ұқтыратын амал-айла, сабақ-дәріс меңгертетін педагогикалық іс-қимыл.Мысалы, Сұлтан деген ұстаз,Қожа деген шәкіртке, иен жонда,ат үстінде,шылым шегуді үйретіп бара жатыр.)Әулет мектебі-кім-кімге?,нені?, қалай? үйретіп жатқаны айқын көрініп тұратын, «тұнық шыныдан жасалған»,әулет мүшелерінің көз алдында сабағын өткізетін мөлдір де, ашық мектеп.Ол талантты да озаттарды бөліп алып, оңаша оқытпайтын,кәрі-жас,ұл-қыз,бай-кедей,шенді-шекпенді,хан қараша баласы деп алаламай-тын көпке ортақ мектеп.Осындай мектептің қазақ ортасында бар екенін, қазақ баласына тәлім-тәрбие беру амалына  көңіл аударғандар мен арнайы зерттегендердің барлығы да айтқан болатын.         
       Кейбір әулет өсіп-өніп,рулы елге,тайпа дәрежесіне жеткен. Орталарынан неше түрлі дарынды,өнериелері туып шыққан.Осы негізде дамыған,тайпа арасына қызмет жасаған, өнерлік-кәсіптік мектептер де болған.Олардың ерекшелігі тарихи тұлғалардың, өнериелерінің есімімен аталуы.Мәселен, Қорқыт, Ықылас мектебі,Құрманғазы, Тәттімбет мектебі, Бұқар,Абай мектебі т.б. Сондай-ақ,керейлік үйшілер мектебі, адайлық зергерлік мектебі, наймандық бақсылар мектебі. 
       Әулет мектебінің  түрі де мол.Мәселен ата-әже немесе әке-шеше мектебі,жезде-жеңге мектебі,ақсақалдар мектебі,қарашаңырақ мектебі, ана мектебі,дана мектебі, ақшам мектебі, бала думаны, құрбы-құрдас мектебімереке-мейрам мектебі,еңбек-өнер мектебі  т.б.       
        Әулет мектебі қазақтың тұрмыс салтынан туындағандықтан,оны,әдет-ғұрып,дәстүрден айыра.тану оңай емес. Былай қарасаңыз,қазақта не көп,той думан,мереке көп. Оның бәрі,асып-төгіліп,шашылып-тарату үшін жасалған, мақтаншақ-бөспенің іс-әрекеті емес,бала тәрбиесі үшін жастарға ұлағат үшін, үлгі-өнеге беру үшін жасалады. Оларды жалпы алғанда,қазақ-жастар думаны(бала қуанышы)деп атаған.Қазақ қандай да,салтын,думанын жасаса да,оның тәрбие мектебіне айналуын көздеген  
     Қазақ салтанатты адам рухын асқақтату үшін жасайдыАл,ұлттық рух бала жанына ділмен, тілмен,дәстүрмен,өнермен сіңетінін аңғарған халық,бала алғашқы мүшелден асқанға дейін,оның дамып жетілуі,өсіп нығаю әр кезеңін мұқият бақылап,жетістігіне жігер беріп, табысына талдау жасап,үнемі атап өтіп отырған Мәселен,құрсақ той,ат қою, шілдехана,бесікке салу,шаш алу(қию),тұсауқияр, атқа мінгізу,сүндет той,тілашар т.б. ғұрыптарды осы кезеңдерде өткізген.Ондағы негізгі мақсат:жас баланы әлпештеумен қатар басқа балаларға берілетін тәрбие мен білімді осы шараларға сіңіріп беру ісін ұйымдастыру еді.Басқаша айтқанда; балаларға тәлім-тәрбие беру үшін,әулет мектебін осылай ұйымдастырып, оның пәндерін осылай оқытқан.Ол өз кезегінде,осы ұйымдастыру нәтижесінде,қазақтың ғұрып салтымен біте қайнасып,әдет-әдебіне ұласқан,күнделікті тыныс-тіршілігінің қалыбына айналған.Олай болса әулет мектебінің түрлері дегеніміз қазақ салтында,әдет-ғұрпында атқарылған әрбір іс-әрекеттің,ұйым-дасқан,бірлескен,белгілі мақсатқа сай жүзеге асырылған шаралардың жиынтығы болмақ.          
     Әулет мектебінің тәрбие құралдары мен тетіктері де ерекше болған.Мәселен,тіл және сөз,ырым және әдеттер,ғұрыптар,рәсім-тәмсілдер,наным-сенімдер, мұралық және жәдігерлік дүниелер,атамекен-ел-жұрты, тұтынған ас суы,киім-кешегі,баспанасы,өскен өлке,ата-баба моласы,зираты т.б.Қей ретте,тәрбие құралдары өз кезегінде әулет мектебіне де ұласа алады.Мысалы,жұмбақ айту,жасыру тәрбие құралы болумен қатар «Айтыс» аталатын бала думанының құрамдас бөлігі.Ал,балалар айтысы жай ғана тәрбие құралы емес.ол-әулет мектебінің бір түрі.Айталық,балалар айтысы тәжіксілесу немесе қарапайым сөз қағысы;суырып салмалыққа баулу,соған жаттықтыру айтысы;өтірік өлең айтыс;жаңылтпаш жарысы;мақал-мәтел сайысы:қараөлең айтысы;жұмбақ  жасыру сайысы;сыр ашу сайысы;жұмбақ өлең айтысы, -қүлдіргі айтыс ,аралас айтыс сияқты оның көптеген түрі бар. Міне,осыларды өткізудің белгілі ережесі,әр түріне сай қойылатын талап бар.       
       Қазақ қоғамы аталы сөзді дәріптеп,оны тек қатынас құралы немесе тәрбие құралы ғана емес,өмір салтын үйлестіруші тетік ретінде пайдаланған.Осы негізде дала демократиясын қалыптастырып,жетім-жесір,қарт,мүгедек үйлерін жекелемей, түрме, қамау орындарын тұрғызбаған. Ол олма,құлдар мен күң, тұткындар мен олжаланған адамдар тағдыры ізгілікпен шешілген.Сондай-ақ,қазақ азаматын марапаттаса,«шенді шекпен жаппайтын,төсіне жылтыратып металл тақпайтын.» Қазақтың марапаты да-сөз,жазасы да-сөз.Сол себепті әулет мектебінде негізгі тәрбие құралы міндетін сөз атқарған. Мысалы;ардақтау, ұлықтау,мадақтау,дәріптеу,қолдау-қолпаштау,кешірім сұрау, тағзым ету,аяққа жығылу, көңіл сұрау,естірту, дауыс шығару , көрісу,жоқтау қатарлы әдеттер,өз рәсім-тәмсілдерімен ғұрыпқа сіңісіп, қазақтың кім екенін басқаға танытатын ерекше бір ұлттық нышанға айналған.Оған коса,тәлімдіқ сөздер,тыйымдық сөздер,өсиет сөздер, бата-тілектер,аңыз-әңгімелер,ертегі-хикаялар,шешендік сөз-дер,өлең-жыр,толғау дастандар қазақтың телегей теңіз рухани мүрасын құрай отырып, нағыз тәрбие құралы бола алған.Бұлар ислам хадис шарифімен ұштаса келіп діни тыйымдар мен бұйрықтарға етене қабысып кеткендіктен әулет мектебінің басты да, нақты тәрбие құралына айналған.Қазақ бір ауыз сөзбен, тұрғанды  отырғызған, жатқанды тұрғызған, есенгірегеннің еңсесін көтерген, еліргеннің екпінін басқан, бір ауыз сөзбен «тірілтіп», бір ауыз сөзбен  «өлтірген». Тіптен, «Әулет мектебінің ең басты әлеуметтік пәні де- «Тіл өнері» болған. Осылайша, қазақ деген халықтың;сөзді тыңдау,сөзге тоқтау,сөзде тұру,  сөзді ұғып оны қадірлей білу дағдысы, оның салихалы  әдебіне, ерекше қасиетіне,өзгеше мінезіне айналған.Қазақ сөзбен адам жанын да,тәнін де емдеген. Қазақ тілмен тұлға,азамат тәрбиелеп қалыптастырған. Қазақтың тілі-қылыш,сөзі сойыл.Әулет мектебінде берілген үлгі-өнеге,білім мен дағдының мазмұнын пайымдасақ, жекелеген пәндерді үйрету ғана емес, жалпы әлеуметтік білімді үйрету көзделген       
      
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ,кең байтақ өлкемізде буыннан –буынға жалғасып, ұяттылық, әдептілік, көргендік, мейрімділік салтанат құрып, үйлесім тауып жатқан. Міне, сол қымбат,асыл қасиеттердің бәрі отбасы,ошақ қасында бүршік атып,бұтақ жайған.   ҚАРАПАЙЫМ ҚАЗАҚ ОТБАСЫ түрлі тәрбие құралдарын толық пайдалана алмаса да,өңірлік,рулық ,ауылдық шеңберде өз балаларын әулет мектебінде тәрбиелеп келді. Шаруа отбасында тәрбие,үлгі өнеге көрсету іс-әрекеті, әулет пен тайпаның,рудың шынайы өмір әрекеттерінен айырмашылығы аз еді.Тәрбие тағылымдарының аясы атам заманнан қалыптасқан шаруа отбасының қатынастар жүйесіне,еңбек қимылдарының ауқымында,ғұрып-салтының шеңберінде жүзеге асырылатын.Ұлттық тәрбие құралдары өз жүйесін құрай отырып,тұрмыс салтында тұрақты әрекет етуші дәйекке айналған.    
         Қазақ қауымының қай кезеңінің алып қарасаңыз да,еңбектің көбін балалар еңсерген. Олардың тіршілік те алар орыны,әулеттегі қолғабысы орасан зор болған.Қазақ атамыз: «баланың ісі білінбес,тайдың мінісі білінбес» деген ғой.Әсіресе бақташылар мен бағбандардың,балықшылар мен дихандар үшін балалардың көмегі шексіз еді.Әрі өмірге дайындау,осы еңбекке жас өспірімді тікелей қатыстыру жолымен жүргізілетін. Сондықтан,баланың жасына сай,игертуге тиісті еңбек дағдысын уақытты ұтымды пайдаланып үлгерту ата-ана үшін қасиетті борыш,әрі парыз болған.Мәселен  бала қозы жасында-қозы бағып,бұзау қайыруға тиісті болған.Тезек теріп, шөмшек отын дайын-дау да,осы жастағылар үлесіне тиген.Мал сауып,төл бөлу, қозы көгендеп, құлын тарту қозы жасындағы балалардың басты еңбегі еді. Ал,ата-әже және әке-шеше үшін бала жасы оның еңбекке араласуына сай төмендегідей аталатын. Ермегім, алданышым, қолұшым, қолғанатым,серігім, сүйенішім, асыраушым. Қолқанат бола бастаған   шақта олардың жасы атқаратын  міндетімен аталатын. Қозы жас; қой жас;жылқы жас; патша жас; аңдушы; қағушы; суқұяр: атқосшы; көрікші; соғушы; аутартар; ескекші. Жыл бойында атқарылатын еңбек науқаны, балаларға олардың жасына сайеңбек мейрамын-(әулет мектебін) сыйлаған-ды.Төл аяқтандыру, қырқын,төл пішу,шөп шабу, егін ору,соғым сою сияқты еңбек науқандары бітісімен, қазақтар,салттық мейрам жасап, оны әулет мектебіне айналдырған.Мысалы: сірге жинар,төстік қаптар,соғым бас,көгентүп жасау,пішен той,сабан той т.б.Әулет мектебінің қай түрін алсақ та,негізгі мақсат:ЖАС ҰРПАҚТЫ көзі ашық,көкірегі ояу,парасатты жақсы АТА-АНА болуға әзірлеу,дәуір талабына сай өмірге дайындау екендігі айқын аңғарылады.Өмірге есті де,епті әке-шеше дайындау қазақ үрдісініңбірінші ерекшелігі:ұл мен қыздың өмірге келген күнінен бастап,отау тігіп бөлек шыққанға дейін,бір ғана әулет мектебінің аясында тәрбиеленуі болып табылады. Екінші,Қауымдық тәрбие мен отбасылық тәрбиесі, бірін-бірі қолдаушы  ниеттес іс-әрекет арқылы жүзеге асатын.      
Үшінші.Адамдардың тәрбие ісіндегі мақсат,мұрат сәйкестігі, ұлттық мүдде бірлігі,әдеп,тіл,дін ұксастығы ұрпақ тәрбиесінде алалық туғызбайтын.Кәзіргі  қазақ қауымындағы осы жағдаят ахуалын пайымдап көрсеңіз ұрпақ тәрбиесіндегі олқылықтардың    туу себебін, қиындықтардың шығу тегі,оны арылтудың амал әдістері ептеп айқындалары сөзсіз.  Қазақ ұғымында,азамат қалыптасу негізі 3-13 жаста қаланады.Бүгінгі қалыптасқан белгілі ғылыми–теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмірге келгенше де адамзат тәрбие ісімен айланысып бақты.Оның қағазға жазылып түспеген,бірақ қауым жадында мәңгі сақталып,ұрпақтан –ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, өсиет,өнеге, қағида болып тарап келген  білім-білік, тәлім-тәрбие беру тағлымдары бар.Ал,қазақтың педагогикалық негізгі ілімдері тек ауызша ғана емес тасқа,қағазға жазылып бізге жеткен. Ауызша және жазба түріндегі педагогикалық ой-сана, оларды жүзеге асыру амал-айла , тәсіл-әдістерінің тәжірибелік үрдістері мен халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық  ұстаным, құндылықтар жүйесін  халық педагогикасы деп атап жүрміз.Біздің ойымызша бұлай атау басқаны еліктеуден туған,тәрбиелеу қазақ ілімінің негізгі мазмұнын көрсете алмайтын ұғым.Себебі,қазақтав топтық (касталық), таптық(бай,кедей)тәріздес тәрбиелеу ілімі болмаған.Тәрбиелеу мұрат-мақсаты,қағида-ережелері, қөзқарастары мен ілімдері,қазақ педагогикасы,қазақ адамтану ілімі,қазақ әдептану ілімі т.с.с. ілкі мағынасында қолдануы тиіс.Олай болса,тәрбиелеу қазақ ілімі қоғам дамуының (алғашқы қауымдық қоғамнан бастап)белгілі сатыларынан өтіп, ғылыми педагогика дәрежесіне жеткенше ұрпақ тәрбиесінің бастау бұлағы, педагогиканың түп негізі болып, тәрбие жүйесінің құрылымын айқындайтын бірден бір ой-сана қоры,асыл мұра бола алады.Ұлттық педагогика ұғымын біршама талдаған орыс педагогы К.Д.Ушинский: халық тәжірибесінсіз “педагог та жоқ, педагогика да жоқ “-десе, Аристотель: «Біз бала тәрбиеилеуде халық тәжірибесіне сүйенеміз»-дейді.Бұл тәлім-тәрбиелік үрдіс-сол халықтың ұлттық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан. Ал ұлттық ерекшеліктері сол этностың тұрмыс-тіршілігіне, тарихи әлеуметтік, жағра—фиялық жағдайларына, генетикалық, физиологиялық т.б.ұлттық ерекшелігіне байлан-ысты болатыны белгілі. Тәрбиелеу ұлттық үрдісі: салт-дәстүр, жол-жора ырымдар, салттық рәсімдер мен ауыз әдебиеті үлгілері, ұлттық ою-өрнек түрлері,ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып, ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа, қала берді бүкіл халықтың қарым-қатынасынан берік орын алған.Ол-әбден қалыптасқан,орныққан құндылық.Ол бас-аяғы жүйелі, ғасырлар бойы қалыптасқан айрықша төлтума дүниетаным кешені. Қазақ халқының этностық ерекшеліктерін байыптасақ,бұл халық ұрпақ сабақтас-тығын сақтап, алысты жақындатып, аразды татуластырып, ізетті келіннен таныған,татулықты абысыннан тапқан, дархандықты даласынан,даналықты бабасынан,пәктікті баласынан алған халық.Қазақ адамгершіліктің басы-әділдікті ту етіп, әділдіктің басы болған адалдықты анасынан алған.Аналар ұрпақты ұлағаттыққа баулап, дауға-дәру, жауға-қару,араздыққа-араша,татулыққа-тамыр,тазалыққа-нәр,пәктікке-пәрмен, дәстүрге-дәрмен, өнерге-тұлпар, көкте-сұңқар етіп тәрбиелеген.Нақтылы жазба дерек бой-ынша,түрік дәуірінде,Ұмай Ана мектебі жұмыстаған. Ұмай Ана мектебіндегі тәрбие туралы Орхон-Енисей ескерткіштері біршама мағлұмат береді..(Ана мектебінің кейбір ұлық ұстаздарының педагогикалық ой-пікірлері Батыс және Шығыс жазба әдебиеттері арқылы бізге жетті) Қазақ мектебінің басы–Ана мектебі. Оның даму тарихы тым тереңде жатыр.Ол даму тарихында Дана мектебі дәрежесіне жеткен. Қазақтың жеке ел болып,еңсе көтерген сол бір дәуірде,текті ата әулеттерінде Қарашаңырақ мектебі орнаған. Әулет,ауыл, ру,тайпа аумағында ақсақалдар мектебі ерте дәуірде қалыптасқанын жоғарыда айттық. Бұлар тіршіліктің бар саласында, өмірдің әр белесіне етене араласып, әже-ата,әке-шеше, жезде -женге мектебі аталып, қазақ қоғамында ауқымды педагогикалық іс-әрекет жүргізді,жас ұрпақты өмірге дайындады,үлгі-өнеге ұқтыр-ды.Оларды жалпысынан Әулет мектебі деп атадық Әулет мектебі аумағында жүргізілген педагогикалық-тәлім-өнегелік тәжірибесі барысында жинақталған педагоги-калық ой-сана қорын-Әулеттік мектеп  педагогикасы деп отырмыз. Европалық үлгідегі мектеп педагогикасы қашаннан бары белгілі ғой!...Қазақтың әулеттік мектебінде педа-
гогика жоқ деп ешкім де,дауласа қоймас.             
   
 Әулет мектебінде- білім беру, тәрбиелеу ісі әдетте, отбасылық тәрбие делініп келгені белгілі.Қазақтың ұрпақ тәрбиелеу үлгі өнегесі бір ғана отбасының міндеті болған жоқ және тек бір ғана отбасы шеңберінде жүзеге асқан жоқ. Шындығында,ол іс-әрекет оқшауланған бір ғана отбасылы- педагогикалық процесс те емес.Баланың тәрбиесі мен оның үлгі-өнеге игеруіне тек әке-шеше ғана емес, ағайын туыс, ауыл-аймақ, көрші қолаң,алыс-жақын бәрі де жауапты болған.Танысын-танымасын кез-келген ересек қазақ, баланың оғаш қимыл әрекетіне,құлық- мінезіне ескертпе жасап, тиым қоюға міндетті болған.Дәлірек айтқанда,әрбір ересек адам,ақсақал қария,ақын-жырау,сері-сал, жүргінші жолаушы, түсел-мейман, ел кезген диуана, керек десеңіз,дала кезген жиһангер бәрі-бәрі әулет мектебіне қатысып, ұстаздық етуге тиіс болған.Сонымен қатар әулет мектебі тек жастарға тәлім-тәрбие,білім беру үшін құрылған жоқ. жасамыстар да,қарттар да бұл мектепке әрі ұстаз, әрі шәкірт болған.Қазақта үзіліссіз білім беру,тәрбиелеу ісі,осылай, әулет мектебі арқылы жүзеге асқан. 
         Әулет мектебі; ата-әже,әке-шеше,жеңге-жезде деген сияқты отбасылық білім беру,тәрбилік үлгі-өнеге қөрсету үшін тармақтала отырып дамыды.Ол-балалар ойын- сауығын ,ұлттық еңбек мейрамдарын,сайыс-додалар мен ғұрып салттарын қамти отырып,қазаққа өнер-білім беріп,ұлттық ой-санасын орнықтыратын,кісілік келбетін айшықтайтын педагогикалық құралдар жүйесін тағайындап өмірге келтірген, керектеніп пайдаланған.Қазақтың педагогикалық ілімі,қазақ философиясымен бірге қалыптасып,біте қайнасқан.Дәлірек айтқанда,қазақ педагогикасы қазақтың даналықой-пікірлерімен,адамтану  білімімен, дүниета-нымдық,наным- сеінімімен, әдептік үлгі-өнегесіментікелей байланысты дамып,бүгінгі ғылыми педагогикаға ұласты. Анығында,қазақ педагогикасы-аталған төрт тұғырдың  өзара байланысы мен заңдылық-тарына сүйене отырып дамып жетілді. Қазақ педагогикасы –оқыту және тәрбиелеу ісінде шәкірт пен ұстаз алдына айқын мұрат-мақсат жүктеген;үнемі басшылыққа алатын,тұрақты да, терең қағидаларға сүйенген;айқын жолы мен амал-айласы бар, жүйелі ,қалыптасқан;ұлық ұстаздардың әр дәуірде ойлап тапқан ілімдеріне негізделген;- сүбелі дүниетаным, ұлтанды мәдениет.Оны ғылыми  тұрғыдан пайымидап, теориялық тұрғыдан саралайтын,оның құрамдас бөліктері мен ұғымдар арасындағы байланысты, заңдылықтарды ашып көрсететін педагогикалық ғылымның бір тармағын (Г.Н.Волков үлгісімен) Этнопедагогика деседі.                          
         Талай ғасыр талқысынан сүрінбей өтіп,бізге жеткен, қызылшаха жәндікті салып жібергенде, «өңдеп», «азамат» етіп «өндіріп» беретін Тәңір сыйлаған,ерекше құрылымы бар-«Электрондық–тәрбиелік қазақ машинасы»-ұлт өкілін қалыптастыратын қазақ үрдісі. Ұлттық тәрбие үрдісінің ерекше қасиеті-өткенді талдап,кәзіргіні анықтап, бола-шақты болжауға мүмкіндік беретін,табанға тірек,барша ұстазға бағыт -бағдар болатын шамшырақ болуында.Ұлт өкілін қалыптастыратын  қазақ үрдісіне тап болған, қандай-да болсын жеке адам,егер , ол;әжептәуір басқа ұлт өкілі болуға төселген болса да,тіптен сезім мүшелерінде қандай бір кемістік болса да,тіптен дүние танымы, наным-сенімі өзгешелеу болса да,белгілі уақытта қазақ ұлт өкілді болып қалыптаса алады.Тек кейбір жағдайларда,ұлттық тілді меңгермеген,ойлау жүйесіне басқаның әсері тиген адамның ұлт өкілі болып қалыптасуы аздап кешігетіні болмаса, бәрі –бір түбінде оңалады.Мұның айқын дәлелін, көптеген басқа ұлт өкілдерінің, қазақ ұлт өкілін қалыптастыратын   
«машинасына» тап болып сіңісіп,қазақ болып кеткенін де білеміз.  Мұсылман дінін тарату үшін келген арабтардың қожа аталып,Ұлы монғол империясы дәуірінде келген монғол текті рулардың-төре,тіленгіт аталып, Абылай дәуірінде айдалып келген  қырғыздардың-қырғыз руы аталып қазаққа сіңіп кеткен.Бұларды еске алғанда ұлт өкілін қалыптастыратын қазақ үрдісінің мықтылығын, тектілігін,күштілігін айтып марқаюмен қатар мына жағдайларды ойға оралту ниетіміз бар еді..              
Бірінші
.Ұлт өкілін қалыптастыратын ұлттық үрдіс- терең дариядай мол қазына, бола тұрып,егер қауым болып,ел болып оның үнемі бекем беріктігіне,толы-түгеліне көңіл аударып,ой салмаса ортайып қалады.Толық суалып кетпесе де іргесі шайқалып,шашылып-төгілуі әбден мүмкін. Кеңестік дәуірде, «коммунизм құрылысшыларын дайындап, совет адамын қалыптастырып» жүріп,қазақ ұлт өкілін қалыптастыратын тетіктеріміз бен ұстындарымыздың қайда қалғанын естен шығарып алып,оны ортайтып алғанымызға кейіннен өкініп те жүрміз.  
Екінші.Ұлт өкілін қалыптастыратын жүйелі үрдістің жан-жағын,жақсы абайлап,мұқият бақылап отырмаса,қазына қашанда,қандай бір бүлінуге,тозуға тап болуы мүмкін. Әсіресе,бүгінгі жаһандану дәуірінде,оның тазалығына, құрам бөліктерінің беріктігіне, сенімділігіне селкем түсіретін қандай бір құбылыстар мен әрекетке қарсы
тосқауыл қою,күрес жүргізу қажет (Бұл жағынан, кәзіргі халіміз тым төмен).Ақылшы данышпан ұстаз-Анахарсистің басқа жұрттың ғұрып-салтын уағыздағаны үшін,өмірін қидық,жастарды ата салтын бұздың деп,елден -жерден қудық,өздігінен ата-ананың ақ батасынсыз тұрмысқа шыққан қызымызды «ғұмыр бақи көрмей» кеттік,әдет-ғұрпымызға немқұрайлы қарағандарды елден аластадық, әке-шешеніің арына кір келтіргендерді, қорқақтарды,қашқындар мен сатқындарды иен далаға  тентіретіп жібердік     Қылмыскерлерді бет-аузын күйелеп,көлікке теріс қаратып мінгізіп,жұрт алдында масқараладық.Адамға қиянат жасау несі жақсы!Алайда,бұларды-тәрбиелік тетігіміздің, үлгі-өнегелік құндылықтарымыздың тазалығы үшін,ар-ұятымыздың бекемдігі үшін жасаған едік.
   Үшінші.Қазақ айтқан ғой.«Бүгін сығалаған адам, ертең кіруді ойлайды»-деп.Мына заманда,ашық қоғамда,сан қырлы уағыз,ой-сана,пікір,ниет,ағым, лебіздер әр түрлі жолмен, сағамен,жылғамен жылмиып кіріп,жыртығымызды бітеп үлгермей жатқан-ымызға арқа сүйеп,үлгі-өнегелік,тәрбие-тәлімдік құндылықтарымыздың түте-түтесін шығарғысы келіп тырмысып бағуда.Оны Ұлы көршілерімізден бастап,алыс-жақындағы діндес,тілдес, мүдделес қауымдардың қайсысы да пайдаланып қалуға ұмтылуда.Бұлай болуы асылында,біздің талап тілегімізге тәуелсіз,болуға тиісті заңдылық құбылыс. Алыс-беріс, келіс-кетіс,аралас-құраластықсыз өмір сүру кәзіргі заманда мүмкін еместігі түсінікті.Ол жағдай дүниенің төрт бұрышын тым жақындатқандықтан,кешегі АҚШ-та болған өзгеріс-құбылыс,нақты жағдай, ертеңдері Қазақстанда да болатынығы даусыз. Сондықтан,сырттан келген қандай бір мәдениет,руханият үлгілерінің асылын аршып алатын, жасығын сылып тастайтын қоғамдық санада  «РУХАНИ СҮЗГІ»болу керек.Бұл сүзгі-ұлт өкілін қалыптастыратын қазақ үрдісінің қақпасына қойылуы тиіс.Осындай үлгі өткен шақта болған екен.Ол-діл едіДілдің кешегісін, бүгінгісін, ертеңгісін зерттеп,баршаға ұсынғандар да баршылық..Алайда сол сүзгіні қақпа етіп,қазақ ұлтын қалыптастыратын асыл мұраның есігіне қоя алмай келеміз.  
      Төртінші.Кез-келген ұлттың тәрбиелік дәстүріне көз жүгіртсеңіз және олардың ерекше жетістікке жеткендерін зерделесеңіз,қоғамдық наным-сенім,діни санасына негіздемей,саналық дәстүрге сүйенбей ешқайсысы табысқа жетпеген.Мысалы,япондар мен немістердің,ұрпақ тәрбиелеудегі озық дәстүрі баршаға аян.Қытайлар мен үндістердің
тәрбие үрдісі өзгеше –ақ.Олардың табыс бастауы ұлттық ерекшеліктерін,сенім-нанымын негіздеген ұстанымында жатыр.Қытайдың бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесінде Конфуций т.б. ілімдері,үндістанда тәрбиелеу жолының  үлгісі болған «Бхага-вадгита» ілім негіздері керекті жерінде,қажетті уақытында қолданыста жүр.Бала тәрбиесінде,ананы ардақтау,әспеттеу ілімі жапондарда дамып,бала тәрбиесімен үйде отырған аналарға жалақы төлеуге дейін жеткен.Немістердің орынды,дер кезінде талап қою60ата4 т2рт3пеке баулу ілімі мен вольдорф үлгісі үлкен беделге ие болған. . Дамыған елдер ішінде Жапонияда білім беру жүйесі ерекше.Жапон елінің білім жүйесі батыстық үлгіде болғанмен, нақты бір елдің жүйесін емес, керісінше батыстық  педагогикамен үйлестіріп, өзіндік білім жүйесін жасауға қол жеткізді. Жапондықтар ең бірінші өздерінің ұлттық құндылықтарын жоғары бағалайды. Олар білімге деген құштарлығымен танылған ұлт, ондағы білім жүйесі оқушы бойында да тиісті адамгершілік ережесін қалыптастырып, ұлттық сипаттағы қасиеттерді дамытады.Жапон елінде имандылық пен өнегелікке , патриоттыққа тәрбиелеу ең маңызды мәселе болып табылады.Ата-баба дәстүрін қандай заманда өмір сүрсе де бұлжытпай сақтауға тырысатын ұлттардың бірі жапон ұлты. Ғылымы мен техикасы қарыштап дамып,кез-келгеннің ақыл-ойы жетпес ғажайып технологияларды өндіріске енгізіп,соның арқасында экономикасімен өзге елдерден озық тұрған жапондардың адам тәрбиелеуге деген ынтасы өзгелерден өзгеше. Баланың ержеткенше рухани толысуы үшін ғұрыптары кұншығыс храмдарында күні бүгінге шейін бұлжытпай орындалады. Ер бала беске, қыз бала жетіге толғанда ата-анасы оған арнайы кимөнө кигізіп,храмға апарып, баланың аман-саулығы үшін рәсімдер жасалады. Осы шараға арнайы ұлттық тағамдар әзірленеді. Бала ержетіп,21 ге толғанда,арнайы кимөнө киіп,храмға барады.Үлкен өмірге қадам басуы осы кезден басталады. Бұл ең алдымен ата-баба дінін жүрегіне ұялатып,бойына сіңірумен байланысты. Ер не қыз балалардың ойнайтын ойыншықтарына дейін ұлттық нақышта жасалған. Ойын арқылы жапон баласы ер бабаның ерлігін түсініп, дана әженің шеберлігін таниды. Мысалы: ‹‹карута төри››деген ойынды кішкене баладан бастап,ересек адамдарға дейін ойнайды. Ол, әшейін уақыт өткізіп,ермек үшін емес, елінің кешесін санасына сіңіруге арналған. Бұл ойынды ойнау үшін байырғы әдебиеттен 100 жыр білу керек. Бұл 100 ақынның өлеңін жатқа айтумен бірдей деген сөз. Феноменды ми қабылеті осылай дамиды. Сонда тәрбиедегі кұншығыс елімен біздің ұқсастық жеріміз: отбасы тәрбиесіне мән беріп,ер баланы ел қорғаны,қыз балаға келешек отбасының ұйтқысы болуға баулу   
Ал,бізде Фарабидің, Баласағұнның, Йассауидің,Абайдың,Шәкерімнің қай ілімі,қашан ескеріліпті?! «Иманды ұл,ибалы қыз», «бек ұл,пәк қыз» т.б. тәрбиеліқ мұраттар мен қағидалар ауызға алынса,орта ғасырға жалтақтамай ілгері жылжиық,ондай қыздар мен ұлдар,қазақ музейлерінің мұрағатында да жоқ» дейтін халге жеттік.                                  
 
 
                                     Қобдабай Қабдыразақұлы(ғалым-жазушы)
dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру