Тіркелу Сайтқа кіру

«Оқу үдерсінде ақпараттық ресурстарды дәстүрлі оқыту құралдарымен байланыс негізінде қолдану»

«Оқу үдерсінде ақпараттық ресурстарды дәстүрлі оқыту құралдарымен байланыс негізінде қолдану».
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»
Н. Ә. Назарбаев
Қазіргі кездегі жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білім беру мекемелеріндегі жеткіншек ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеу олардың бойында жеке тұлғалық қасиеттерінің жан-жақты қалыптасуымен тығыз байланысты. Бұл мәселе дүниежүзілік қауымдастықта әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамудың басты факторы ретінде жариялануда. [1, 1 бет]
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне   мұқият қарайтын дәуір. Жалпы оқытудың мақсаты- оқушыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негізгі орын алған мәселе – дамыта отырып оқытуды зерттейтін бағыт. Білім беру үрдісін ақпараттандыру және жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту,  дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлату бүгінгі күннің басты талабы болып саналады. [2, 14 бет]
XXI  ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр:
компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты. [2, 14 бет]
Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:
- оқу үрдісінде ақпараттың технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;
- оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;
- мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;
- оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;
- мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту.
Ақпараттық –коммуникациялық технологияны (АКТ) бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.
Ақпараттық –коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Қазіргі таңда оқушы- ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек.
«Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек»-деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек.
Сол себептен жаңа технологияларды енгізу арқылы, оқу процесінің деңгейі көтеріледі, қазіргі заман талабына сай дамыған тұлға тәрбиеленеді.
Жылдан-жылға білім беру ісі ерекше қолға алынып отыр. Мектептерде жаңа бағдарламалар, технологиялар пайдаланылып жүр
Қазіргі заманда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналды. Дүние жүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артты. Адамның болашағы, оның қазіргі алған білімнің сапасына, көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі, білік негіздерден меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру -жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Жүздеген жылдар бойы қалыптасқан ескі жүйені бұзу үшін оқытуды жаңаша ұйымдастыру қажет. Ол мына міндеттерді қамтуы тиіс:
1. Оқушыларды оқу үрдісін басқаруға қатыстыру;
2. Ұжымдық іс- әрекетті ортақ қарым- қатыныс құралы ету;
3. Деңгейіне қарап саралып, ерекшелігіне қарап даралап оқыту.
Міне, осы міндеттерді қамтитын «дамыта оқыту» жүйесі даму заңдылықтарын ескере отырып, теориялық ойлауға бағытталған жақын даму аймағында оқытады. Нақ осы мәселелерді жүзеге асыруға бағытталған оқыту технологияларының көпшілігі ұжымдық ой қызметі негізінде баланы өз іс- әрекетінің субъектісі етуге ұмтылдырады, мақсатты оқу іс- әрекеті барысында нақты оқу міндеттерін шеше отырып даму педагогикалық ықпалдың алдын алатын іс- әрекеттік оқыту тәсілі арқылы балада ақпараттық және жалпы біліммен қатар амалдар мен құндылықтар жиынтығын қалыптастырады.
Ол үшін сабақты мұғалім қызықты, тартымды өткізуі керек.
Сабақ- өте күрделі, сан қырлы.Әрбір сабаққа қойылатын басты талап:
оқушының білімге деген қызығушылығын арттыру;
сабақтың әдіс-тәсілдерін түрлендіру;
ақпараттық технологияны тиімді пайдалану, оқушылар сезіміне әсерін білу;
балалармен ынтымақтастықта болу;
сабақтың өмірмен байланысын нығайту;
мұғалімнің сабақтағы жаңашылдық, шығармашылық әрекеті.
Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. Яғни, жаңа ақпараттық технологиялар - бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi. Бұл процестi icкe асырудағы негiзгi құрал компьютeр және интерактивті тақта болып табылады.
Интерактивті тақта - бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн аса маңызды құрал. Қазіргі уақытта  білім беруде  интерактивті құралдарды кеңінен қолданылып жүргені баршамызға аян. Сонымен қатар интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.
Білім берудегі интерактивті технология  - мұндағы интерактивті сөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға,оқушының сабаққа қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы Енді төмендегі көрсетілген кестеге назар аударсақ интерактивті тақтаның білім беру процесінде үлкен мүмкіншіліктерге ие екенінін байқауға болады.
Интерактивті тақта – оқытушыға оқыту үрдісін оңтайландыруға,білім алушының танымдық белсенділігін дамытып,мазмұнды және көрнекі тапсырмалар құруға, сабақты құрылымдауға,сабақ барысы мен қарқынын жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық технологиялық құрал екеніне көз жеткіземіз. [3, 21 бет]
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі.Атап айтар болсақ:
Пән бойынша базалық білімді  меңгеру ;
Алған білімді жүйелеу ;
Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру
Қытайдың бір нақыл сөзіне көңіл аударсақ: «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші –мен сонда түсінемін» делінген.
Яғни, оқушылардың  көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін  20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% дейін арттырады. Осы сөздерден интерактивті оқытудың мәні өз көрінісін табадыБілім берудегі интерактивті технология  - мұндағы интерактивті сөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға,оқушының сабаққа қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы
Соңғы кездерде «педагогикалық технология» жөнінде жиі сөз қозғалып жүр. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек. «Педагогикалық технология» дегеніміз не? Педагог ғалым Беспалько өзінің «Слагаемые педагогической технологии» деген еңбегінде былай дейді: «Оқу тәрбиесі процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асуы - белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы». Технология қарапайым тілмен айтқанда, жүзеге асатын ғана, нақты мақсаттардың алдын ала ойластырылған нақты жобасы, яғни, белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асатын жобасы. Ал, педагогикалық жүйе – педагогикалық технология негізі. Кәсіпке дайындау, мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселелер. Педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. [3,21 бет]
Ақпараттық технологиялар мен жаңа педагогикалық технологияларды ұштастыра отырып, оқыту үрдісін жаңаша сипатта жүргізу әдісін өз тәжірибеме енгізіп, іс жүзіне асырудамын
Сын тұрғысынан ойлауды үйренген оқушы «Оқушы-компьютер-интербелсенді тақта - мұғалім» жүйесін қалыптастырады, оқушы-басты тұлға, жаңа тақырыпты ақпарат көзі – компьютерден оқып, қажетті мәліметтерді дәптерлеріне түсіріп, интербелсенді тақта арқылы мұғалімге жауап бере алатындай түсінікпен келуі, СТО-ның әдіс-тәсілдері оқушы мен ұстаз біртұтастығын қажет етіп, екеуін де тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың қандай да болмасын қызығушылығының оянуына бетбұрыс жасап, одан әрі зерттеуіне, ізденуіне бағдар көрсетеді. СТО-ның әдіс-тәсілдерінің информатика пәніне ықпалы, әсері шексіз. Ол баланың еркін ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Мақсатымыз мына әрекеттер арқылы жүзеге асады: сыни ойлау, еркін сөйлеу, ізденіс, белсенділік, ой бөлісу, тұлға аралық қатынас.
СТО стратегиялары және ізгілендіруді көздейтін оқытудың жаңа технологияларын енгізе отырып, өзін дамыта алатын үнемі жетілдіру арқылы өз бағыт бағдарын айқындай алатын оқушы тұлғасын қалыптастырады.
Осы технологияны сабақта пайдаланғанда мен мынадай нәтижелерді күтемін.
Өз қабілеттеріне қарай мемлекеттік стандартты сапалы білім;
Еркін әрі сыни ойлай білетін, белсенді және білікті;
Өзін-өзі тани алатын, өзіне сене отырып, біліміне жауапкершілікпен қарайтын;
Оқу процесі кезінде алған түрлі мүмкіндіктерін өзекті мәселелерді шешуде таңдай және қолдана алатын;
өз мүмкіндігінше сенімді және жоғары баға беретін;
танымдық белсенділігі жоғары, өз- ісіне сныи тұрғыдан қарай білетін тұлға болады. [4, 23 бет]
Мұғалім – ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Н.Ә.Назарбаевтың мұғалімдердің ІІ съезінде сөйлеген сөзі», «Мектеп директоры» журналы, №3, 2005 жыл, 16 бет
2. Ш.А.Амонашвили «Қазақстан мұғалімі» газеті, 2008 жыл, 5 наурыз, 6 бет
3. Ә. Қабдешова. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Алматы, 2006 жыл
4. «Информатика негіздері» журналы №4-2008 жыл – Ж. Садыбекова
«Оқу –тәрби үрдісінде ақпараттық –коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі» dle
Ұқсас мақалалар:
мақала

мақала

Білім беруде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану....
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жаңа педагогикалық, ақпараттық-коммуникативтік технологияның мүмкіндіктерін қолдану.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жаңа педагогикалық, ақпараттық-коммуникативтік технологияның мүмкіндіктерін қолдану.

№ 3 орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жаңа педагогикалық, ақпараттық-коммуникативтік технологияның мүмкіндіктерін қолдану. Мектепке...
Бастауыш сынып білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану

Бастауыш сынып білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Күршім ауылы №3 Күршім гимназиясы ...
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖАҒДАЙЫНДА МАМАННЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖАҒДАЙЫНДА МАМАННЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖАҒДАЙЫНДА МАМАННЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ Сүлейменова Гүлсезім Абайқызы. БҚО, Қаратөбе ауданы «Қаратөбе...
АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІК,АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІК,АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Алғашқы әскери дайындық азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқаруға дайындық жүйесінің бір бөлігі болып...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру