Тіркелу Сайтқа кіру

"Бағдарлама жасау" арнайы курсы

Атырау облыстық дарынды балалар
мектеп-интернаты

«Бағдарлама жасау»
Арнайы курсының оқу бағдарламасы
Құрастырған: Тұрғанбаева Л.А.

Атырау қаласы

Авторы: Тұрғанбаева Л.А.
Информатика пәнінің мұғалімі:

Түсінік хат

«Информатика» пәнінен білім беру стандартының «алгоритмдеу және программалау» бөліміне сәйкестендіріліп құрылған. 10-11 сыныптарында аптасына 1 сағаттан программалау тілдерінің объектілі бағдарлау негіздерін үйрету жоспарланған.

Курс бағдарламасы:

Программалау жүйесі: топтау, төменгі және жоғарғы деңгейдегі тілдер. Интерпретаторлар және компиляторлар.
Құрылымдық және модульдік программалау әдістері.
Берілгендердің негізгі тәсілдері және олардың түрлері.
Айнымалылар типтері.
Программалау тілдерінің негізгі операторлары мен құрылымдары.
Тармақталу программасын енгізу мен шығаруды ұйымдастыру.
Массивтер: екі өлшемді массив түсінігі. Массивтерді өңдеу.
Көмекші алгоритмдерді түрлендіру.
Жиын. Текстер мен массивтерді өңдеуде жиынды пайдалану.
Машиналық графика, негізгі графикалық процедуралар мен функциялар.
Сандық әдістерді программалау.
Дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

Курстың негізгі мақсаты- программалау тілін тереңдетіп оқыту арқылы оқушыларды олимпиадаға жоғарғы оқу орындарына осы мамандық негізінде түсуге дайындау. Курс программалау тілін жоғарға деңгейде тереңдетіп оқытуға негізделген.

Оқушылар нені білу керек:


Программалау тілдерінің өзгешелігін;
Файлдар құрылымын;
Программалау тілінің алгоритмдік құрылымын;
Құрылымдық және модульдік программалау түсінігі;


Оқушы нені үйрену керек:


Үйренуші, бақылаушы және ойын программаларын құрастыруды;
Алгоритмдік құрылымды программалау тіліне аударуды;
Көмекші алгоритмді шақырып өңдеуді,белгілі бір тәсілмен бір өлшемді массивті өңдеуді;
Екі өлшемді массивті жазуды, әр түрлі тәсілмен екі өлшемді массивті өңдеуді;
Есептерді шешуде сандық әдістерді пайдалануды;

Оқу бағдарламасы
10 сынып
(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
1.Программалау тілі туралы алғашқы мағлұматтар (1 сағат)
2.Енгізу-шығару операторы .Шартты оператор.Есептер шығару
(3сағат)
3.Файлдар. Магниттік дискідегі файлдар. Мәтіндік файл. Файл-
дармен жұмыс. Мәтіндік файлдарды оқу және мәтіндік
файлдарға жазу. Кіріс және шығыс файлдарына есептер
шығару(3 сағат)
4.Бірөлшемді жиым. Жиым элементтерін енгізу-шығару. Жиым
элементтерін кірістіру және жою.Массив элементтерін іріктеу.
Массив элементтерін алмастыру. Есептер шығару.(5 сағат)
5. Екі өлшемді жиым.(1 сағат)
6. Матрицаларды өңдеу. Матрицаларды түрлендіру.
7. Олимпиадаға даярлық. Математикалық олимпиада есептерін шығару
Физикалық, экономикалық олимпиадалық есептер шығару.
(3 сағат)
8.Символдық айнымалылар және функциялармен
жұмыс.Символдық айнымалыларға есептер шығару (2 сағат) 9.
9.Берілгендердің жолдық типі. Жолдың элементерін табу,
алмастыру.Экранға шығару.(2 сағат)
10.Символдардың жиымы және оларды өңдеу.(1 сағат)
11.Бағыныңқы шарттарға қолданылатын стандартты функциялар.
(2 сағат)
12.Көмекші алгоритм туралы түсінік. (1 сағат)
13.Ішкі программа.Ішкі программаны пайдаланып есептер шығару
(2 сағат)
14.Процедура және функция (1 сағат )
15. Әртүрлі типтегі есептер шығару. Ішкі программалар мен
көмекші алгоритмдерді пайдаланып есептерін шығару.
(2 сағат)
16. Нәтижелерді график және таблица түрінде шығару.Гистограмма
мен диаграммаларды тұрғызу (2 сағат)
17. Қорытынынды қайталау есептерін шығару. Сынақ (2 сағат)
Бағдарлама 34 сағатқа негізделген.

Тақырыптық күнтізбелік ж о с п а р
10 -сынып
Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
№ сабақ реті Сабақтың тақырыбы Сағат саны
1. 1. Программалау тілі туралы түсінік 1
2. 2. Енгізу-шығару операторы 1
3. 3-4. Шартты оператор. Есептер шығару 2
4. 5. Файлдар. Магниттік дискідегі файлдар. Мәтіндік файл 1
5. 6. Файлдармен жұмыс. Мәтіндік файлдарды оқу және мәтіндік файлдарға жазу. 1
6. 7-8. Кіріс және шығыс файлдарына есептер шығару 2
7. 9. Бірөлшемді жиым. Есептер шығару 1
8. 10. Жиым элементтерін енгізу-шығару. Есептер шығару 1
9. 11. Жиым элементтерін кірістіру және жою 1
10. 12. Жиымды сұрыптау. Есептер шығару 1
11. 13. Жиымды түрлендіру. 1
12. 14. Екі өлшемді жиым. Есептер шығару 1
13. 15. Матрицаларды өңдеу. Матрицаларды енгізу шығару. Матрицалармен жұмыс алгоритмі 1
14. 16. Олимпиадаға әзірлік 1
1
17. 19. Символдық айнымалылар мен функциялармен жұмыс. 1
18. 20. Символдық айнымалыларға есептер шығару 1
19. 21. Берілгендердің жолдық типі 1
20. 22. Жолдың элементерін табу, алмастыру.Экранға шығару 1
21. 23. Символдардың жиымы және оларды өңдеу. 1
22. 24. Стандартты функцияларды қолдана отырып анықталған шартқа бағыну 1
23. 25. Көмекші алгоритм туралы түсінік 1
24. 26. Ішкі программа 1
25. 27. Ішкі программаны пайдаланып есептер шығару 1
26. 28. Процедура және функция 1
27. 29. Әртүрлі типтегі есептер шығару 1
28. 30. Ішкі программалар мен көмекші алгоритмдерді пайдаланып есептерін шығару 1
29. 31. Нәтижелерді график және таблица түрінде шығару 1
30. 32. Гистограмма мен диаграммаларды тұрғызу 1
31. 33. Қайталау қорытынынды есептер шығару 1
32. 34. Сынақ 1

Оқу бағдарламасы
11 сынып
(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
1.Қайталау. Енгізу-шығару операторы. Шартты оператор Қайталау септерін шығару (2 сағат)
2.Бірөлшемді жиым. (1 сағат)
3.Символдық айнымалылар және функциямен жұмыс.
Берілгендердің жолдық типі (1 сағат)
4.Машиналық графика негізі.CRT модулы.(1 cағат)
5. Негізгі графикалық процедура мен функция (1 сағат)
6. CRAPH модулында сурет. Функция мен процедура (1сағат)
7.Терезе құрудың текстілік режимінде жұмыс.(1 сағат)
8.Дыбыстық эффекті. Дыбыстық файлдар құру.(1 сағат)
9.Көмекші алгоритмдерді пайдаланып есептер шығару
Ішкі программаларды пайдаланып есептер шығару Процедураға
есептер шығару. (3 сағат)
10.Олимпиадаға әзірлік. Математикалық, экономикалық
олимпиадалық есептер шығару. Физикалық олимпиадалық
есептер шығару. Әр түрлі типтегі есептер шығару (4 сағат)
11.Жиын түсінігі. Жиынды қолдану (2 сағат)
12. Сандық әдістер. Сандық әдістерді қолданып есептер шығару
негізгі сандық әдістерді қолдану Негізгі сандық әдістерді
қолдануды практикада бекіту (4 сағат)
13.Құрылымдық және модульдық программалаудың әдістері
туралы түсінік (1 сағат)
14.Жазбалар.Құрылымдық берілгендерді жазбаларда қолдану.
2 (сағат)
15. Оқушылардың шығармашылық жұмысы.Оқыту программасын
жасау. (2 сағат)
16.Кездейсоқ сандар.Кездейсоқ сандарды генерациялау.Сандармен
жұмыс. Сандық тізбектер.Комбинаторикаға есептер шығару.
(5 сағат)
17.Қорытынды есептер шығару. Шығармашылық жұмыстарын
қорғау.(1 сағат)
18.Сынақ (1 сағат)
Бағдарлама 34 сағатқа негізделген

Тақырыптық күнтізбелік ж о с п а р.
11 сынып
(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

№ Сабақ реті Сабақтың тақырыбы Сағат
саны
1. 1. Қайталау. Енгізу-шығару операторы. Шартты оператор 1
2. 2 Қайталау есептерін шығару 1
3. 3 Бірөлшемді жиым. Есептер шығару 1
4. 4 Символдық айнымалылармен мен функциялармен жұмыс.Берілгендердің жолдық типі.
1
5. 5 Машиналық графика негізі. CRT модулі. 1
6. 6 Негізгі графиктік процедура және функция.
1
7. 7 CRAPH модулында сурет. Функция мен процедура
1
8. 8 Терезе құрудың текстілік режимінде жұмыс
1
9. 9 Дыбыстық эффекті. Дыбыстық файлдар құру.
1
10. 10-12 Көмекші алгоритмдерді пайдаланып есептер шығару. Ішкі программаларды пайдаланып есептер шығару Процедураға есептер шығару.
3
11. 13-16 Олимпиадаға әзірлік. Математикалық, экономикалық олимпиадалық есептер шығару.Физикалық олимпиадалық
есептер шығару. Әр түрлі типтегі есептер шығару 4
12. 17-18 Жиын түсінігі. Жиынды қолдану 2
13. 19-22 Сандық әдістер. Сандық әдістерді қолданып есептер шығару негізгі сандық
әдістерді қолдану Негізгі сандық әдістерді
қолдануды практикада бекіту 4
13. 23. Құрылымдық және модульдық программалаудың әдістері туралы түсінік
1
14. 24 Жазбалар 1
15. 25 Құрылымдық берілгендерді жазбаларды қолдану. 1
15. 26-27 Оқушылардың шығармашылық жұмысы. Оқыту программасын
жасау. 2
16. 28-32 Кездейсоқ сандар.Кездейсоқ сандарды генерациялау.Сандармен жұмыс.
Сандық тізбектер.Комбинаторикаға есептер шығару. 5
17. 33 Қорытынды есептер шығару. Шығармашылық жұмыстарын қорғау 2
18. 34 Сынақ 1

Стандарт талаптарын орындау.

Стандартқа енгізілген әрбір оқушының жеткілікті үйрену деңгейін бағалау мен бақылаудың міндетті сипаттамасы оқушыларға байланысты. Стандарт бойынша оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар өзінің оқу міндеттерін жан-жақты орындай алатын оқушыға қойылады.
Оқушылардың міндетті дайындық деңгейіне жетудегі іс-әрекетін бағалау үшін «есепке алынады» немесе «есепке алынбады» бағалары енгізілсе, ал жоғары деңгейге жетсе, онда «4» немесе «5» бағалары енгізіледі.
Қате жауап берген жағдайда «есепке алуды» қайта тапсыру екілік бағадан «есепке алынбады» бағасының өзгешелігін анықтайды. Бұл жағдайда бағаның объективтілігі «бір» тақырып үшін «екі» немесе «екі» немесе басқа тақырыптар» үшін «үш» бағаларын алуға жол бермейтін және баланың үздіксіз дамуына мүмкіндік беретін тақырыптық бақылау және деңгейлік тапсырмалармен қамтамасыз етіледі.

Әдебиеттер тізімі:

1.Е.Р. Алексеев, О.В.Чеснокова .Турбо Паскаль 7.0
НТ Пресс, 2004-320 бет
2.С.И. Молчанова.Основа программирования. Турбо
Паскаль7.0 для школьников и абитуриентов –М: ЗАО «Премьра», ООО «Издательство АСТ» 2000-224 бет
3. А.П. Брудно, Л.И.Каплан. Московские олимпиады по программированию.-М:Наука 1990
4.А.И. Гусева Учимся программировать: Паскаль 7.0 Задачи и методыих решения –М: Диалог МИФИ 1998 dle
Ұқсас мақалалар:
математика пәніне арналған орта мерзімді жоспары

математика пәніне арналған орта мерзімді жоспары

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы № 13 жалпы білім беретін бастауыш мектептің III деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған бастауыш сынып...
Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар   жүйесі.Координаталары  бойынша нүктені салу

Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі.Координаталары бойынша нүктені салу

«Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі.Координаталары бойынша нүктені салу» тақырыбына есептер шығару....
химиядан күрделілігі жоғары есептерді шығару

химиядан күрделілігі жоғары есептерді шығару

Курстың мақсаты: оқушыларға химия пәнінен күрделілігі жоғары есептерді шығару жолдарын меңгерту арқылы білімдерін тереңдету, олимпиадаларға дайындау....
Математика пәнінен қысқа мерзімді жоспарлар

Математика пәнінен қысқа мерзімді жоспарлар

Математика пәнінен қысқа мерзімді жоспарлар №21жалпы білім беретін орта мектебінің коммуналды мемлекеттік мекемесінің математика пәнінің мұғалімі...
Көпөлшемді массивтер.

Көпөлшемді массивтер.

Сабақтың тақырыбы: Көпөлшемді массивтер. Білімділігі: Оқушыларға көпөлшемді жиымдар туралы толық мағлұмат беру. Бірөлшемді және көпөлшемді жиым...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру