Тіркелу Сайтқа кіру

БИОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ДӘПТЕРДІҢ ҰСТАЛУЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР.

Нукиева Миргул
БИОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ДӘПТЕРДІҢ ҰСТАЛУЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР.


 Оқушылардың жұмыс дәптері 6-11 сыныптар арасында төмен деңгей оқушылар дәптерлері аптасына 1 рет, ал жоғары деңгей оқушыларының дәптерлері айына 1 рет тексеріледі;
 Бақылау жұмыстары 6-9 сыныптарда келесі сабақтарда тексеріліп беріледі. Оқушылар саны 70 тен асса бір сабақтан кейін екінші сабағында таратылып беріледі. Ал 10-11 сыныптарда бақылау жұмысының тексеріліп таратылуы 5 күннен аспауы керек. Қатемен жұмыс бақылау даптеріне орындалуы керек
 6-11 сыныптарда бақылау жұмысында жіберілген қателердің асты сызылады, қатені оқушының өзі жөндейді.
 Бақылау жұмыстары бағаланып сынып журналына қойылады;
 Дәптердің шет сызығы 4 клеткадан кем болмауы керек, жазу шет сызықтан аспауы керек;
 Күні, айы, қазақша дәптердің ортасына жазылады;
 «Сынып жұмысы» деп жазылмайды, күні, айы, жазылғаннан кейін 2 жол тасталып, сыныпта орындалатын тапсырмалар орындалады;
 Есептің нөмері дәптер бетінің сол жағына нөмер таңбасы қойылып жазылады;
 Есеп бірінің астына бір жол тасталып жазылады, ал теорема, анықтама жазылған кезде бос жол тасталмай жазылады.;
 түрлі-түсті сиямен жазуға болмайды, бір түсті сиямен жазылады;
 Сыныпта орындалған жұмыс аяқталған соң екі жол тасталып, үй жұмысы жолдың ортасына жазылады;
 Мұғалім тексерген кезде бағаны бір жолдан асырмай дәптердің оң жағына қояды.;
 Үй тапсырмасы сыныпта орындаған тапсырманың үштен бір бөлігін құрайды, үй тапсырмасы сыныпта қарастырылған есептерге ұқсас болады. Қажет жағдайларды сыныпта талданады
БИОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ АУЫЗША ЖАУАБЫНА ҚОЙЫЛАТЫН БАҒАЛАУ НОРМАСЫ:
«5» БАҒАСЫ:
 Оқулықтағы және бағдарламадағы материалдың көлемінде тақырыпты толық аша білсе;
 Теориялық қағидаларды нақтылы мысалдармен көрсете алатын, оларды практикалық тапсырмаларды орындаған кезде жаңа жағдайда қолдана алатындығын көрсетсе;
 Бұрын өтілген бірге жүріп отыратын мәселелерді меңгергенін, жауап бергенде пайдалана алатын икемділік пен машықтықтың қалыптасқандығы мен тұрақтылығын демонстрациялап көрсете алса;
 Мұғалімнің жетекші сұрақтарынсыз жауап берсе;
 Қосымша сұрақтарға жауап бергенде немес есептеулерінде мұғалімнің ескертуімен оқушы оңай түзететін бір-екі ағаттық болуы мүмкін.

«4» БАҒАСЫ:
«5»-ке қойылған талап орындалып, төмендегідей кемшіліктер кездессе:
 Баяндаған кезде жауаптың биологиялық мазмұнына нұсқан келтірмейтіндей шамалы олқылықтар жіберген болса;
 Жауаптың негізгі мазмұнын баяндағанда мұғалімнің ескертуімен түзетілетін бір-екі кемшілік жіберілеген болса;
 Жауаптың қосымша сұрақтарға жауап бергенде немесе есептеулерде мұғалімнің ескертуімен оңай түзететін қате немесе бір-екі кемшілік жіберілген болса;

«3» БАҒАСЫ:
 Материалдың мазмұны ретсіз немесе шала айтылса;
 Бір сұрақты жалпы түсінгенін көрсетіп немесе программалық материалды алдағы уақытта меңгеріп алуға жеткілікті икемділік көрсете алса;
 Ұғымдарға анықтама бергенде, есепте мүғалімнің бірінші жетекші сұрағынан кейін түзетілетін қателер жіберсе немесе қиналатындығы байқалса;
 Оқушы практикалық тапсырманы орындаған кезде теорияны жаңа жағдайда қолдана алмаса, бірақ берілген тақырыптағы қиындығы міндетті деңгейдегі тапсырманы орындамаган болса;
 Теориялық материалды білуінде негізінде іскерліктер мен машықтарды жеткіліксіз қалыптасқаны байқалса;

«2» БАҒАСЫ:
 Оқу материалының негізгі мазмұны ашылмаса;
 Оқу материалының негізгі немесе басым бөлігін оқушының меңгермегендігі анықталғанда;
 Мұғалім ескертуінен кейін жіберілген қателер жөнделмесе қойылады.

Үй тапсырмасының жүйесі
 Оқушылардың білім сапасын көтеруде уй тапсырмасының ролі.
 Үй тапсырмасы оқушылардың негізгі білім-біліктілігін меңгерту қызметін атқарады.
 Үй тапсырмасын орындағанда сабақта алған білімін қолдана алу керек – бұл оқушылардың білім деңгейін кеңейтеді, жетілдіреді.
 Үй тапсырмасын орындауда жеке тұлғаның іскерлігі, терең ойлау қабілеті дамиды және шығармашылық жұмысқа ынталандырады.
 Оқушыларда өз қабілеттілігіне сенімділік пайда болады, жауапкершілік қасиеті қалыптасады.
 Үй тапсырмаларын орындау жаңа сабақты меңгеруіне ықпалын тигізеді.
 Үй тапсырмаларын беруде әр түрлі деңгейлі саралап оқытудың элементтерін қолдану

БИОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ДӘПТЕРДІҢ ҰСТАЛУЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР. dle
Ұқсас мақалалар:
Математикадан Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіі

Математикадан Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіі

ШҚО Бородулиха ауданы Зубаир орта мектебі Садықов Амангелді Сапашұлы (2013 – 2014 оқу жылы) Математикадан Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі...
Технология пәнін оқытуда интерактивті тақтаның мүмкіндіктері

Технология пәнін оқытуда интерактивті тақтаның мүмкіндіктері

Технология пәнін оқытуда интерактивті тақтаның мүмкіндіктері. Баяндама Жоспар: І. Кіріспе. ІІ. Негізгі бөлім....
Құрақ құру «Жұлдызды көрпеше»

Құрақ құру «Жұлдызды көрпеше»

Құрақ құру «Жұлдызды көрпеше»...
MS Word. Қайталау

MS Word. Қайталау

Сабақтың тақырыбы: "Microsoft Word. Қайталау" Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың білім - білік дағдыларын жүйелеу, бекіту. Дамытушылық:...
Кембридж бағдарламасы үсынған білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс-тәсілдер

Кембридж бағдарламасы үсынған білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс-тәсілдер

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Бестерек орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Оспанов Ақылбек Ануарбекұлы Кембридж...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру