Тіркелу Сайтқа кіру

Бастауыш сынып мұғалімінде құзыреттілікті қалыптастыру

Бастауыш сынып мұғалімінде  құзыреттілікті қалыптастыру

Бастауыш сынып мұғалімінде құзыреттілікті қалыптастыру

Г.Н.Қойбақова
Атырау облысы
Махамбет ауданы
Таңдай орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі

Қазіргі жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түскен заманда адамның жалпы білімін көтеру кең де ауқымды мәселе болып отыр. Ал олардың біліктілігін , дағдыларын қалыптастыру қажеттігі еліміздегі ғылыми – техникалық және әлеуметтік мәдени жетістіктердің қарыштап дамуынан туындайтыны анық.
Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты - өзгермелі білім жағдайына тез бейімделетін өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлғаны даярлау. Яғни қазіргі қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі болуы ғана емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлылығы қалыптасқан мамандарды талап етіп отыр.
Ал бұл талапқа сәйкесінше, қазіргі ақпараттандыру қоғамында жаңа оқыту әдістерін, оқулықтарды, интернет, компьютер, т.б қажеттіліктерді пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Оларды тиімді пайдаланып, білім беру жүйесін тұтастай ақпараттандыру арқылы жаңа оқыту технологиясының толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды.
Бастауыш сынып мұғалімі – бұл қай кезде де ең алдымен, кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға.
Ол- оқытудың жаңа технологияларын өмірге енгізген, оқу – тәрбие ісіне жанашырлық танытатын, зерттеушілік ізденіске бейім, теория мен практика іс - әрекетін байланыстыра алатын, өмірлік құндылық қағидалары – адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, парасатты мінез – құлық қасиеттерді бойына сіңірген ұстаз.
Бүгінгі білім беру жағдайында әрбір ұстаз жүрегіне ой салар өзекті мәселелердің бірі - өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты педагогтарға қойылатын талаптар да өте жоғары.
Білім берудегі басты мақсат - өзінің және қоғамның мүддесінде өзін- өзі белсендіруге дайын өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру болса, педагогикалық құзіреттілікті дамыту, үнемі іздену – мұғалімнің басты міндеті.
Мұғалімнің барлық ақпаратты жағдайлардан хабардар болуы, азаматтылығы мен елжандылығы. Бұл құзырлылық өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді. .
Бастауыш сынып мұғалімі жоғары деңгейдің бірнеше құзыреттілігін игеруге міндетті. Мысалы арнайы әлеуметтілік, білімділік құзыреттілік түрінде жеке қол жеткізген нәтижелеріне жағымды эмоция туғызу, қолдау көрсету және психологиялық жағымды орта құру.
Мұғалімнің негізгі міндеті – сабақ үрдісін ұйымдастыру, жаңа технологияларды қолдану емес, керсінше, ол оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыта отырып, өзіндік таным біліктілігінің дамуын ұйымдастыру. Міне, осы мұғалімнің іс- әрекетінің негізгі қағидасы болып табылады. Демек, қазіргі таңда мұғалім менеджер болуға тиісті.
Педагогикалық Білім Концепциясында « Мұғалім өз пәнін міндетті түрде терең білуге тиісті, бірақ сонымен қатар оқу үрдісіне қатысатын мүмкіндіктердің өз орнын біліп, оны уақытында бағыттап, нәтижеге жетелеп, дер кезінде түзетулер енгізе алатын құзіретті тұлға болуы керек» делінген.
Қазіргі жаңа формация мұғалімі дайын білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық іс - әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білуі, нәтижеге бағдарланған білім сапасын арттыруда жаңаша жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет.
Ұлы ағартушы А. Байиұрсынов «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам, әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білуі керек» - деген тұжырымында
« Шығармашыл мұғалім шығармашыл шәкірт дайындайды» деген ой айқын аңғарылады.
Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық – ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс – қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды тауып, оларды таңдап сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогты айтамыз.
Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагогтың өзін- өзі ашу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Демек, педагогтарымыз ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы, жедел шешім қабылдаушы, ерекше ұйымдастырушылық қабілетті, нақты бағыт – бағдар беруші болуы – қазіргі заман талабы.Яғни, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлауды, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, ізденуге бағыталған күтілетін нәтижелер болып табылады.Мұның өзі қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеуде белгілі бір құзіретіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.
Мұндай құзыреттіліктер қатарына мыналар жатады:
1. Бағдарлы құзыреттілік - өз Отанының патриоты болу
2. Мәдени – танымдылық құзыреттілік - өз халқының мәдениеті, жетістіктерін білу
3. Оқу- танымдық құзыреттілік - оқушының зерттеу әрекеті
4. Ақпараттық – технологиялар құзыреттілігі- өз бетінше іздей білу, талдау, таңдай білу,өзгерте білу,ақпараттық технологияларды игеру.
5. Әлеуметтік – еңбек құзыреттілігі – отбасы, еңбек, экономика, саяси, қоғамдық қатынастар – білімге ие болу.
6. Тұлғалық өзін - өзі дамыту құзыреттілігі - өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарау,өз алдына жоспар құру.
7. Коммуникативті құзыреттілік – адамдармен қарым – қатынас тәсілдерін білу, топтармен жұмыс жасау.
Бұл жерде арнайы назар аударатын мәселе – мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігі. Ақпараттық қарым – қатынас технологиясын игеру әр кадрдан талап етіледі. Ақпараттық ресурс – ақпарат көзін алу үшін династиялық оқыту, мультимедиялық, электрондық проблемаларды меңгеру. Әрбір ұстаз , өзінің электрондық әдістемелік жүйесін құруы қажет.
Егер мұғалім өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана оқушы құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. dle
Ұқсас мақалалар:
«Оқу үдерсінде ақпараттық ресурстарды дәстүрлі    оқыту құралдарымен байланыс негізінде қолдану»

«Оқу үдерсінде ақпараттық ресурстарды дәстүрлі оқыту құралдарымен байланыс негізінде қолдану»

«Оқу үдерсінде ақпараттық ресурстарды дәстүрлі оқыту құралдарымен байланыс негізінде қолдану». «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық...
мақала

мақала

Білім беруде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану....
Бастауыш сынып білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану

Бастауыш сынып білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Күршім ауылы №3 Күршім гимназиясы ...
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖАҒДАЙЫНДА МАМАННЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖАҒДАЙЫНДА МАМАННЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖАҒДАЙЫНДА МАМАННЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ Сүлейменова Гүлсезім Абайқызы. БҚО, Қаратөбе ауданы «Қаратөбе...
АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІК,АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІК,АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Алғашқы әскери дайындық азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқаруға дайындық жүйесінің бір бөлігі болып...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру