Тіркелу Сайтқа кіру

"Ғажайып әлем"

Тақырыбы: «Ғажайып әлемі»
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта Мақсаты: Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету. Білімділік: Ертедегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Дамытушылық: Сөздерді анық айтып, есте сақтау қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке, дос болуға тәрбиелеу. Көрнекілік: Шарлар, жануарлар суреттері.
Ұйымдастырылған іс-әрекет. Жүргізуші: Құрметті қонақтар, «Ғажайып әлемі» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! -Алдарыңызда «Айгөлек» ортаңғы тобы өз өнерлерін көрсетеді.
«Ертегілер» әні орындалады.
Жүргізуші: О халайық, халайық, Кезекті балаларға берейік. Актёрлерді сөйлетіп, Қызығын бір көрейік.
«Дос іздеген бота»-атты ертегінің сахналық қойылымын тамашалаңыздар.
Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты. Ол өзінің жібек жүнді сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді бота өте ақылды болып өседі.
Бір күні анасы: -Боташым, мен саған жақсы достан басқасының бәрін бердім. Енді тура өзің сияқты дос тап. Доссыз өмір қиын, әрі қызық емес, -дейді.
Бота өзіне ұқсайтын жалт-жұлт еткен жүні бар, жағымды үні бар дос іздеп шығады.
Жайылып жүрген құлынды көріп: -Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін,- деп бота боздайды. -Иһ-һ-һі, кел, екеуміз дос болайық,-деп құлын кісінейді. –Жоқ, сен сияқты дос емес, -дейді бота күлімдеп. –Мүмкін бұзау болар,-деп құлын ботаны шығарып салады.
Бота бұзауға келіп: - Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін,- деп бота боздайды. - Мө-ө-ө, кел, екеуміз дос болайық - деп бұзау мөңірейді. –Жоқ, сен сияқты дос емес, -дейді бота. – Мүмкін қозы болар, - деп бұзау ботаны шығарып салады.
Бота қозыға келеді: -Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп боздайды. -Мә-ә-ә, кел, екеуміз дос болайық – деп қозы маңырайды. –Жоқ сен сияқты дос емес – дейді бота күлімдеп. –Мүмкін күшік болар, - деп қозы ботаны шығарып салады.
Бота күшікке келіп: -Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп боздайды. -Әуп-әуп, кел, екеуміз дос болайық – деп күшік үреді. –Жоқ сен сияқты дос емес – дейді бота күлімдеп. –Мүмкін мысық болар, - деп күшік ботаны шығарып салады.
Бота мысыққа келіп: -Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп боздайды. -Мияу-мияу, кел, екеуміз дос болайық – деп мысық мияулайды. –Жоқ, сен сияқты дос емес – дейді бота күлімдеп. –Мүмкін әтеш болар, - деп мысық ботаны шығарып салады.
Бота әтешке келіп: -Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп боздайды. -Ку-ка-ре-ку! Кел екеуміз дос болайық – деп әтеш айғайлайды. –Жоқ, сен сияқты дос емес – дейді бота күлімдеп. –Мүмкін қарға болар,- деп әтеш ботаны шығарып салады.
Бота қарғаға келіп: -Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп боздайды. –Қа –а –рр , қа- а- рр, екеуміз дос болайық – деп қарға қарқылдайды, -Жоқ, сен сияқты дос емес – дейді бота күлімдеп. –Мүмкін бақа болар, - деп қарға ботаны шығарып салады.
Бота бақаға келіп: -Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп боздайды. –Бақ-бақ, кел, екеуміз дос болайық – деп бақа бақылдайды. –Жоқ, сен сияқты дос емес – дейді бота күлімдеп. –Мүмкін ара болар, - деп бақа ботаны шығарып салады.
Бота араға келіп: -Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп боздайды. –З –з-з-зз, кел, екеуміз дос болайық – деп ара ызылдап қуа жөнеледі. Бота арадан зорға қашып құтылады. Басы салбырап, ерні салпиып бота өз анасына келеді. Анасы: -Дос таптың ба, ботам? – деп сұрайды. –Жоқ, анашым, сенбесеңіз көктегі күннен сұраңыз.Тура мен сияқты ешкім жоқ екен, - дейді. Анасы жымиып: -Өзің сияқты дегенім, адалдығыңды айтқаным, боташым. Досты жан тазалығымен таңдау керек, - дейді. Бота қуанып, адал достары: құлынды, бұзауды, қозыны, күшікті, мысықты, әтешті, қарғаны, бақаны ертіп келіпті. Ал, араны сабырсыздығы үшін қоспаған екен дейді.
Рөлдерде:
Ботаның анасы – Тәрбиеші: Жумагалиева Жазира Бота – Мейрамбек Құлын – Алдияр Бұзау – Серік Қозы – Ұлхан Күшік – Темірлан Мысық – Қарақат Әтеш – Айжан Қарға – Әділжан Бақа – Аружан Ара – Айнель
Жүргізуші: Ертегілер-балалардың қуанышы, Ертегілер – балалардың жұбанышы. Кішкентайдан айтылғанда балаға, Өркендейді, өседі, қиыл күші – дей келе «Дос болайық» әнімен аяқтайық. dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру