Тіркелу Сайтқа кіру

Армысың ,әз Наурыз!

Балабақшадағы тәрбие сағаттың тақырыбы: Армысың ,әз Наурыз!

Мақсаты:Наурыз халықтың ұлттық мейрамы. Балаларды ұлтжандылыққа,мейрімділікке баулу. « Үйлесімділік »құндылықтарының мәнін ашу.

Көрнекілік:Салт-дәстүрге байланысты ұлттық киімдер,заттар,тағамдар.

1жүргізуші:Армысыңдар ата аналар,балалар,қонақтар !

2жүргізуші:Бәріміз асыға күткен Наурыз мерекеміз келіп жетті.Тойларыңыз құтты болсын !

1 жүргізуші: « Наурыз-жаңа күн» деген сөз.Бұл күн біздің ата- бабаларымыз арғы тегіміз мыңдаған жылдан бері тойлап келе жатқан,жыл басы мерекесі ұлыстың ұлы күні деп атаған.Наурызда денсаулықтарыңыз мықты,тілектеріңіз қабыл болсын ! Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн  тенеледі.

2жүргізуші: « Армысың,әз Наурыз »атты ертенгілігімізге қош келдіңіздер.Ертенгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

1 жүргізуші:Ендеше,бүгінгі Наурыз мерекесіне сонау алыстан ат терлетіп ұлы жүздің биі Төле би.

2 жүргізуші:Орта жүздің биі Қазыбек би.

1жүргізуші:Кіші жүздің биі Әйтеке би аталарымызды ортаға қошеметтеп шақырайық.

Үш би келеді.

2 жүргізуші:Ұлыс күні кәрі жас,

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өріскен.- демекші Төле би ауылын ортаға шақырайық.

1 жүргізуші:Қонақ келсе үйіне,

Жалғыз қойын соятын,

Барын алға қоятын,

Біздің халық ер халық.- Қазыбек би ауылын ортаға шақырайық.

2жүргізуші:Келді Наурыз жыл салып,

Би билейік ән салып.

Жылда келсін ұлыс күн,

Тұралық есен қарсы алып.

Келесі кезекте Әйтекеби ауылын шақырайық.

1жүргізуші:Наурыз құтты болсын ағаларға,

                     Наурыз құтты болсын аналарға,

                     Жыл сайын тойлайтын мәнгі бақи,

                     Наурыз құтты болсын баршаңызға.

Балалар айтыңдаршы Наурыз айында бізге қонаққа кім келеді?

Балалар: Қыдыр ата

2 жүргізуші:Қыдыр ата бізге не әкеледі?

Молшылық,бақыт,денсаулық.

1жүргізуші:Ендеше,балалар Қыдыр атаны қарсы алайық.

(ортаға қыдыр ата келеді)

Жаңбыр мен жер көгерер,

Бата мен ел көгерер –демекші ата батаңызды берсеңіз.

Қыдыр ата:Ұлыс оң болсын,

                     Ақ мол болсын.

                     Қайда барсаңда жол болсын,

                     Ұлыс бақты болсын,

                     Төрт түлігі ақты болсын.

                      Ұлыстың ұлы күні құтты болсын.

Ақ әже шашу шашады.

2жүргізуші:Армысыңдар,халайық,

                     Бармысыңдар халайық.

                     Наурыз тойын жұп жазбай,

                     Жылда қарсы алайық.

1жүргізуші:Жайнатамыз бар гүлді,

                     Сайратамын бұл бұлды

                     Төгілтіп ән жырымды

                      Мейрам етем бұл күнді.

Құрметті қонақтарға сөз беру.

Мектеп директоры Садиров Адилхан ағайға,

Бастауыш оқу ісінің меңгерушісі Қалиева Жадыра апайға сөз кезегі берілді. 

 

 

2 жүргізуші:Наурыз тойы салтымыз,

                      Аман болсын салтымыз.

                      Ұлыс оң болсын ,

                       Ақ мол болсын.

1 жүргізуші:Салт-дәстүрмен жарасса,

                      Қайта құрып жаңаша.

                       Жарыса өнер көрсетіп,

                       Той тойлайық тамаша.-демекші Төле би ауылы қандай салт-дәстүр ұстанады?

Төле би:Қыз ұзату

Қызды екі жеңгесі екі жағынан ұстап алып шығады.Бір жеңгесі ақтық жаяды.Әжесі қызына тілек айтып атасы батасын береді.

Жас отауға бата.

Әуелі Құдай оңдасын,

Періштелер болсын жолдасын.

Ақ батамыз пәк болсын,

Ақ ордаңа бақ қонсын!

Жас отауың басқа толсын,

АллаҺ мың бәр атты пәледен сақтасын.

2 жүргізуші:Ән қосылып әніне,

                      Сән қосылып сәніне.

                      Ырысты боп жаңа жыл,

                      Бақ дарысын бәріңе! - демекші Қазыбек би ауылы қандай салт-дәстүр ұстанады?

Бесікке салу.

Қазақ халқы Бесіксіз үйде  береке жоқ деп өмірге келер сәбиді асыға күткен.Себебі бала өмірдің гүлі,жалғасы.Келін тұңғыш рет босанғанда орындалатын дәстүр.

 

Әжесі:Келін бірінші бесікті әкел!

Баланы жатқызбай тұрып бесіктің өзін жын шайтандардан қуу үшін түрлі иістерден арылу үшін отпен аластайық!

                Алас,алас баладан алас,

                 Иесі келді,пәлесі көш!

                 Алас алас бәледен алас,

                 Көзі жаманның көзінен алас.

                 Қырық қабырғасынан алас,

                 Отыз омыртқасынан алас.

 Келін баланы алып кел.Бесікке салмай тұрып тыштыма жасайық.Ал,балаларым қолдарынды жайыңдар тыштыма?

Балалар: Ия

Әжес: Бесік жырын айтады.

Әлди-әлди ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Жылама бөпем жылама,

Жілік шағып берейін.

Бай құтанның құйрығын,

Жіпке тағып берейін!

1.Бесіктің үстіне көрпе жаяды.Халықшыл болсын деп.

2.Шапан жабады.

3.Ат жалын тартып мінсін деп қамшы іледі.

4.Көз тимесін деп тұмар тағады.

  1. Жеті түрлі бағалы киімдер іледі.

1жүргізуші:Ұлыс күні қазан толса,

                     Ол жылы ақ мол болар.

                     Ұлы кісіден бата алса,

                     Сонда ол мол жыл болар! - демекші келесі Әйтеке би ауылы қандай

 салт -дәстүр ұстанады екен.

Балалар: Тұсау кесу.

Ендеше балалардың салт-дәстүрін көрейік.

Бала жүре бастаған кезде,кішігірім той қылып,тұсау кеседі.Жіпті ақ қара жіптермен өріп еркін байлауға жететіндей етіп дайындайды.Ала жіптің жартысы оң қай,жартысын солақай еседі.Бала оңы мен солын танасын деп.Астына ақтық жаяды,жолы ақ болсын деп.

Тұсау кесу әні:Қаз-қаз,балам қаз балам,

                          Қадам бассан,мәз болам.

                          Қаз-қаз,балам қаз балам,

                           Тақымыңды жаз балам.

                           Күрмеуіңді шешейін,

                           Тұсауыңды кесейін.

                         

Төле би бата беру.

Жеткіншекке бата.

Өнері өрге өрлесін,

Құлашын кең сермесін.

Күш-қуаты кернесін,

Озат болып ерлесін!

2 жүргізуші: Наурыз–шаттық әніміз,

                        Салтанатты сәніміз.

                        Ән саламыз жас кәріміз,

                        Би билейміз бәріміз.

Төле би ауылының қандай өнері бар екен,өнерін тамашалаймыз.

«Қазақ биі»

1 жүргізуші: Береке бірлік болсын деп,

                        Би билейік жаңаша.

                        Күшейтіп бірлік білімді,

                        Ән айтайық тамаша.

 Қазыбек би ауылының өнерін тамашалайық.

Ән: Наурыз Көктем.

2 жүргізуші.Құрметті қонақтар,балалар көктемнің тамаша мерекесі ұлыстың ұлы  күні наурыз құтты болсын! Әр шаңыраққа береке,бірлік,татулық алакелсін.Кліміз тыныш ауыз біршілігіміз мол болсын. Әйтеке би ауылының өнерін  өнерін тамашалайық.

Тақпақ.

Сағадат:Уа,ағайын халайық,

                Мұнда назар салайық!

                Мерекесі халықтың,

                Наурыз тойын бастайық!

Іңкәр:Наурызбенен құттықтап,

           Алыс-жақын қауышты.

           Көктемдегі жарқын сәт,

           Көңілдерге ауысты.

Айгерім:Наурыз келді еліме,

               Наурыз келді жеріме.

               Байлық,бақыт тілеймін,

               Бұл қазақ еліне.

Гүлзат:Жыл басы-Наурыз мереке,

            Ақ нұрға әлем бөленді,

            Наурыз тойы береке,

            Тіршілік жаңа оянды!

Айару:Наурыз тойым,Наурыз тойым,

            Құтты болсын халайық!

            Қане достар,қане достар,

            Шырқап әнге салайық!

1 жүргізуші.Наурыз тойға жиналған халқым менің,

                      Бәрінің ойға алғанын нарқын сенім,

                      Бүгінгі той ертеңгі ардақты ісің,

                      Ғажап болсын таппайтын тепе-теңін.

2 жүргізуші.Келді Наурыз бол күш тасқыны мен,

                      Құлпырып қайта өзгеріп жастығы мен.

                      Жер иіп,тамыр болып,бүршік жарып,

                       Табиғат ықыласына тас жібіген. –демекші Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған ұлттық ойындарымыз бар.

1.Палуандар күресі.

Мен мен деген палуандар күш сынасады.Жеңілген палуан келесі ауылдың палуанымен күреске шығады.

2.Арқан тартыс.

Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартады.Қай топ арқанды өз жағына тартып алып кетсе,сол топ жеңіске жетеді.

3.Асық ату.

Әр ойында екі асық бір сақа.Ойыншылардың қайсысы көп асық жинаса,сол жеңіске жетеді.

4.Күш сынасу.

Әр ауылдың мен мен деген жігіттері шығып,білек күштерін сынасады.

Ал енді күш сынасуға әркімнің өз ептілігін сынауға уақыт келіп жетті.

1жүргізуші.Айтыс Наурыз қазақ халқының  ұлттық мирамы.Сондықтан халқымыздың ұлттық аспаптарына тоқталып өткен жөнболар.Соның ішінде бәрімізге жақсы танысы домбыра.Домбыра қазақ халқының мақтан ететін киелі аспабы.Сондықтан да халқымыз «Нағыз қазақ,қазақ емес- нағыз қазақ домбыра»деп бекер айтпаса керек.Осындай тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз деп түсінген кішкентай айтыскелерімізді қошеметтеп қарсы алайық.

Айтыс.

Айшабибі: Айтыс айтыс болады,

Шықса ақын теңімен.

Наурыз тойын қыздырып,

Айтысып көр менімен.

Ғалымбек:Айтыс айтыс болады,

Сөз саптасаң жөнімен.

Айтыспаспын деп едім,

Айтысайын сенімен.

Айшабибі:Жарқын-жарқын әніміз,

Болашақтың күні біз.

Балалалық шақ үйінің,

Жайнап тұрған гүліміз.

Ғалымбек:Ұлы Наурыз бәріңді,

Татулыққа шақырған.

Тоқтатайық айтысты,

Сөз қалғанба ақыннан.

Айшабибі:Әзіл болды аздаған,

Түйгеніміз алдағы.

Аман болсақ адам болу,

Арманымыз алдағы.

 2 жүргізуші.Әнімде саған,биімде ,

                        Құтты қонақ өзің үйімде,

                        Қуаныш сыйлап еліне,

                        Күлімде наурыз күлімде.

1 жүргізуші.Енд ортаны баршаңызға ашайық,

                       Көрерменге жырдан шашу шашайық,

                       Ән мен күйді жыр мен биді шалқытып.

                       Өнерменен інжу маржан шашайық- демекші ортаға «Күш Шуақ » шағын орталығының «Балдәурен»тобының барлық балаларын Қара жорға биін билеуге шақырамыз.

Би:Қара жорға

 

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру