Тіркелу Сайтқа кіру

Жеңісті біз тойлаймыз!

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, батырлардың ерлік істерімен таныстырып оларға деген құрметтерін арттыру. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлей білуге тәрбиелеу.
Ән: Әнұран
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы стенді, батырлар суреттері.
Тәрбиеші: соғыста Кеңес Одағымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында миллиондаған қазақстандықтар болған. Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанның қорғауға біздің батыр апаларымыз, ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты. Биыл Ұлы Жеңіске 70 жыл толды. Баршаңызға жеңіс күні құтты болсын. Балалар бүгінге мерекеге өздерінің өлең жолдарын арнайды.
Аңсаған: Жеңіс келді далама
Жеңіс келді қалама
Жеңіс келді әке боп
Елдегі бар балаға.
Жайна: Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән болып.
Жеңіс келді алақай,
Тоя жейтін нан болып.
Дамир: Баламын мен бүгінде
Кіп-кішкентай ғана бір
Ертең менде өскенде,
Ел қорғауға барамын.
Арыстан: Туған жердің әр тасы,
Маған ыстық қашаннан.
Бұйраланған аршасын,
Қорғайтын ер мен болам.
Гүлзат: Елін, жерін сүйетін
Ертеңі үшін күйетін.
Рухы биік ұланбыз
Болашаққа сенетін.
Шаттық: Алақай – ай! Әйгілі
Тоғызыншы май бүгін.
Алғашқы күні шаттықтың,
Соңғы күні қайғының.
Ырысбек: Жеңіс - жеңіс естіледі жалынды
Жеңіс - жеңіс қоңыраулар қағылды.
Күн парақтар қып-қызыл боп ашылды,
Жеңіс келген тоғызыншы мамырды.
Ай көркем: Шекарада, күзетте
Қас қақпайды ағалар.
Балбыраймыз төсекте,
Біз алаңсыз балалар.
Ағалар саптан шықпасын,
Аналар қабақ шытпасын.
Бақытқа жетіп бар адам,
Сәбилер тыныш ұйықтасын.
Данагүл: Тыныштық жаса тыныштық!
Осы сөз бізге тым ыстық.
Көркейе берсін еліміз,
Көркейе берсін ырыс-құт.
Тәрбиеші: иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды бірақ үміт оты еш өшкен емес.
Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты.
Арылтып жаудан жеріңді,
Табанға шаншып өлімді.
Жеңіспен желпіп өмірді,
Оралды ерлер көңілді.
Десеңдер бұл қай күні,
Тоғызыншы май күні.
Ән: «Бейбітшілік сақталады» орындайтын Аңсаған.
Би: « Смушлянка молдованка » әніне қойылған би.
Тәрбиеші: біздер соғысқа қатысып батыр болмайық балалар, бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білімді өз жеріміздің патриоттары болайық.
Шекарада солдат тұр,
Ел бақытын қорғап тұр.
Көңілденсін ағалар,
Амандық хат жолдап тұр.
Ән: «Ел қорғауға әзірміз» орындайтын «Ұлдар» тобы
Тәрбиеші: Қыр қызы орындады берген антын,
Халқына адал болу ердің салты.
Ел үшін қастық қанын аямаған,
Жүректе мәңгі өшпейді Мәншүк аты.
Ән «Мәншүк апай батыр қыз» орындайтын Жайна.
Тәрбиеші: Жеңіс атылған оқпен ғана келген жоқ, әнмен келді. Жауынгерлерді ән алға жетеледі, жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын қақты.
Ән «Соғыстан қайтқан солдаттар» орындайтын Данагүл.
Тәрбиеші: 1941 жылы миллиондаған адам сұрапыл соғысқа аттанды. Барлық жұмыс соғыс талабына сай ұйымдастырылды. Партизан отрядтары құрылды.
Соғыс бұлты төнгенде,
Серік болып ерлерге.
Жаудың бетін тойтарған,
Елдің кегін қайтарған.
Ән «Батыр бала Болатбек» орындайтын Ырысбек.
Тәрбиеші: Соғыс отын жақпаңдар,
Балаларды бақытынан қақпаңдар.
Жер бетінде тіршіліктің тәңірі,
Жалғыз ғана тыныштықты сақтаңдар.
Құрметті ата-аналар, қонақтар бүгінгі «Жеңісті біз тойлаймыз!» атты тәрбиелік шарамызды аяқтаймыз. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын.
Ән «Сарбаздар маршы» хор. dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру