Тіркелу Сайтқа кіру

май қызметкерімен кездесу, 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету. Қоңыр күз, Ұлттық киімдер

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта, қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет: Айналамен таныстыру, тіл дамыту.
Тақырыбы: Май қызметкерімен кездесу.
Мақсаты
Білімділік: Балаларға жолда жүру туралы алған білімдерін тиянақтау.
Жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру.Алған білімдерін іс жүзінде қолдануға қызығушылықтарын тудыру.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Тілдік қорын жетірдіру.
Тәрбиелік: Балаларды мейірімділікке, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Бағдаршам,жаяу өтпесі, Аялдама.
Метод әдіс тәсіл: Көрсету, түсіндіру, сұрақ жауап, ойын мадақтау, қортындылау.
Керекті құралдар: Жол белгілері.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Мативациялық
қозғаушы
Балалалар шаттық шеңберге тұрып, қимылмен көрсету балалар бүгінгі,күнімізде сендерге сәттілік тілеймін.
Балалар жол белгілерінсіз, бағдаршамсыз, жолда жүру өте қиын екен. Олай болса , бізге бүгін қонаққа май қызметкері қонаққа келді. Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Май қызметкерін көріп жол ережесін білуге, олармен амандасуға пікір алмасуға деген қызығушылығы арта түседі.





Іздену
ұйымдастырушы
Балалар жол белгілерін қаншалықта білеміз соны мына отырған ағайларымызға көрініс арқылы көрсетіп берсек қалай қарайсыңдар.
Жолда жүру ережесін жақсы біліп
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.
Атай қараңыз мына сұмдыққа маймаққа не болған,кім оны қынжылтқан?
Айболит: Маймақ не болды ісінген бет аузың?
Аю: Жармасып едім көлікке ,домалап түстім жол үстіне.
Айболит: Бір сәт тойынар қарының қамы үшін бұзыпсың жол тәртібін.
Аю: Айболит ата, инспектор аға, енді ешқашан машинаға жармаспаймын, жолда жүру ережесін бұзбаймын.
Түлкі: Қоян мені мінгізіп алып айдады ай құтыртып . Байқамай құладық бір тасқа сүрініп.
Қоян: Қашан қоясың қылықты алдаған
Рулде мен емес сен едің отырған.
Маған келіп жабасың
Айболит: Өздерің жол тәртібін білмейсіңдер.Тағыда бір-біріңді тілдейсіңдер.Инспектор сынақтан өткізбесе енді бұдан былай велике мінбейсіңдер.
Мысығым ау не болды Құйрығың кеткенбе ит жұлып?
Мысық: Анау жерде тұр достарым.Футбол тептік білместіктен дәл көшеге жиылып.Жүргізуші сақ кісі екен қалар едік қырылып.
Айболйт: Инспектор мырза жолда жүру ережесін үйрет, содан соң сынақтан өткіз.
Тәрбиеші : Балалар мысықтың,түлкінің, аюдың әрекеті дұрыс деп ойлайсыңдар ма? Жоқ, дұрыс емес сендер жолда жүру ережесін анық, нақты түсінік алу үшін жол полициясының аға лейтенаты жолдас Қуанышқалиев Айдос Жанабергенұлына сөз береміз.
Инспектор: Балалар бүгінгі көрініс қойылымдарың маған ұнады, дұрыс жол ережесін білмеу, жол тәртібіне бағынбау қайғылы апатқа алып келеді. Сондықтан әр бір бала осы тәртіпке бағынуы міндетті.
Төрт белгісі туыстай , жол көрсетіп тұрады ұрыспай
1.Бағдаршам.
2.Тыйым салу белгісі.
3.Анықтама белгісі.
4.Көрсеткіш белгісі.
Кіршіксіз атқарып жүрміз біз .
Келіп жүр біздерге, балалар, ұмытпай.
Балалар өздері білетін жол тәртіібі жайлы түсініктерін
айтып береді.


Балалар көрініс ұйымдастырып оны ролдерге бөліп алып ойнайды.




Жол белгілері өз міндеттер жайлы тақпақтар айтады.



Балаларға жол макетін көрсетіп қай белгі нені білдіретінін айтқызып отыру.




Жұмбақтар шешкізу.


Рефлексті
коррекциялаушы

Инспектор мырза енді балалардың қаншалықты білімді игергені жөнінде .Жол тәртібін, ережесін білетіні жөнінде сұрақтар қойып сынасақ қайтеді?



Сұрақ-жауап алу арқылы қортындылау.
Мадақтау. Балалар өздерінің білетін ән, биімен өнерлерін көрсетеді.
Көшеде тек жүремін
Өзіншеде бұл ерлік
Ата-анасы қынжылмасын
Түсіріп ұнжырғасын
Бүгінгі мерекеміз
Айналсын шежіреге
Әр сәби құлағың сал
Жол бойы ережеге.
Күтілетін нәтиже: Жол тәртібіне бағыну.
Білуі керек: Әр бір бала жол ережесін білуі керек.
Болуы керек: Оқу іс әрекетіне деген қызығушылығы болуы керек.
Баланың қолынан келуі: Сұраққа нақты, толық жауап беру, тақпақтар айту, жұмбақтар шешу, ролдерге бөліп ойнау.





Ұйымдастыру оқу іс-әрекеті:Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру.
Тақырыбы. 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету.
Мақсаты: Сандарды тура және кері санау, .Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс-әрекет дағдыларын меңгерту, әлемнің тұтас бейнесін түсініп, ойлауға ауызша қосып -алу және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, қарым-қатынас, көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыру Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап , сергіту сәті, « Қай сан жоғалды?» дидактикалық ойыны , жұмбақтар.
Құралдар: суреттер ,кілем, шар, геометриялық пішіндер, үшбұрыш, төртбұрыш, сандар, үлестірмелі материалдар пайданылады

Әрекет кезендері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мативациялық
қозғаушы


-Саламатсыздарма, балалар!
Саламатсыз ба!
-Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық!Біз әдепті баламыз
Амандасу үлкенге,
Алдыменен қонақпен
Тәрбиенің басы ғой.
Амандасып аламыз.
Ал кәнекей бәріміз.
Сәлем!- дейік үлкенге
Жылулық шеңбер.
-Қане ,балалар барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.
-Балалар ,мынау ненің суреті? (күннің)
-Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады.
-Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма?
Кәне, бізде қайырлы таң тілейік.
-Қайырлы таң көздерім, сендер ояныңдар!!!
-Қайырлы таң құлақтарым, сендер ояныңдар!!!
- Қайырлы таң саусақтарым, сендер ояныңдар!!!
Көздерін, құлақтарын уқалайды.
Шапалақтайды.
-Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырып. Жылулық шеңберінде тұрады. Амандасады














Іздену
ұйымдастырушы














-Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын
Мына шарларды ала келдім .
-Бір жылда неше мезгіл бар?
-Төрт мезгіл. Кәне, атап шығайық . .. (қыс, көктем, күз, жаз)
Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.
Мына шардың түсі қандай ?(ақ)
-Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?
Қыс. қыста жер қандай болады (ақ)
Сары шарды көрсету
Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.(күз)
-Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.
Жер беті сары кілемге ұқсайды.
Жасыл шарды көрсету.
Бұл түс шөптердің түсі сияқты.
-Табиғат көктемде оянып ,жер беті жасыл шөпке толады..
Ағаштар бүршік жара бастайды.(көктем)
Қызыл шарды көрсету.
-Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.?
Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?.(жаз)
-Балалар ,түстерін білдік, енді сиқырлы шардың ішінде не бар екенін білгілерің келе ме? Кәне, шарды кім жарады.
Бір бала шығып шарды жарады, Балалар, бізге тапсырмалар берілген, осы тапсырманы дұрыс орындасаңдар,мына сиқырлы кілемшеге отырып «Ғажайып математика» еліне саяхатқа барамыз
1-тапсырма . 1-ден 5-ке дейін тура және кері санау
Екі тілде санау.
2-тапсырма.Дидактикалық ойын. Сандардың көршісін табу. «Жоғалған сан».
(1-ден 5-ке дейін сандар бойынша ретімен тұрады.)
3-тапсырма. Логикалық есептер
- Дүкеннен анам төртбұрышты 2 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім.менде неше доп қалды? (1)
2. Ағашта 5құс отыр, оның 2-уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?
3.Себетте 2 алма , табақта 3 алма қосқанда барлығы болады неше алма
4-тапсырма Жұмбақтар.
Адамға серік, күзетке берік.(ит)
Жүрегі бар,ізі жоқ,
Қанатты бар, ұшпайды.
Су астында қыстайды. (Балық)
Мен атамнан қаштым,
Мен әжемнен қаштым
Таба алмадым атамды, әжемді.
Үйімді сағындым.(Бауырсақ)
Бұл қай ертегі?
Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар (қой)
Сергіту сәті:
кәне орнымыздан тұрайық
Оңға қарай түзу тСолға қарай түзу тұр
Алға бір қадам
Артқа бір қадам
Жоғары –төмен қарайық
Орнымызды табайық
Бір серігіп алсаңдар одан әрі жалғастыру .
Балалар ,ақылмен ойлап әр түрлі нәрселер жасауға болады екен.
Мынау түрлі-түсті пішіндерді қараңдаршы.Оларды қалай атаймыз.
Балалар :Тіктөртбұрыш, төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек.
Тәрбиеші : Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек, менің атым (дөңгелек)
Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме,бірден білер құлақ асқан сөзіме. (үшбұрыш)
Теледидар таныс екен баршаға, ал пішінім ұқсайды ғой (шаршыға)
Үлестірме материалдармен жұмыс.
Балалар , геометриялық пішіндерді ажырата білсек, енді «Ғажайып математика» еліне саяхатқа баратын кілемшемізге қарап геометриялық пішіндерді орналастырайық!
Қараңдаршы ,балалар, қандай әдемі кілемшелер жасадыңдар.Ал осы кілемдегі оюлар қандай пішіннен құралған (үшбұрыш, төрбұрыш, дөңгелек)
Берілген тапсырмаларды орындайды


Сұрақтарға жауап береді



































5-ке дейін тура және кері анайды







Логикалық есептер шығарады

Рефлексті
коррекциялаушы




Геометриялық пішіндерді кілемшеге орналастырдық.
1-ден 5-ке дейін тура және кері санадық.
Жұмбақтар шештік.
Балалар, келесі оқу іс-әрекетінде осы кілемшеге отырып «Ғажайып математика» еліне саяхатқа барамыз.
-Жарайсыңдар, балалар,бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.
Қортынды сұрақтарға жауап береді

Күтілетін нәтиже:
Қолынан келу:
- Балалар, біз бүгін геометриялық пішіндерді ажыраттық және кілемшеге орналастырдық.
Білуі қажет:
Сандарды тура және кері санау, логикалық есептер, жұмбақтар шешу.
Болу керек: зейінді, ұқыпты, мейірімді, есте сақтау, ойлау қабілеттері, дамыған.

















Тақырыбы: Қоңыр күз
Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жармеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! Күзбен қоштасу барысында өткізгелі отырған « Қоңыр күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан
Құрметті келген қонақтар бүгінгі мерекеміздің басты кейіпкерлері «Аққу» тобының бүлдіршендерін ортаға шақырайық. қол соғып бірге қарсы алайық!

Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар кіріп орындықтарға жайғасады.

Жүргізуші: Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық.
Күз мезгілінің соңғы айы. Қыс мезгіліде таяп қалды. Күз мезгілі үшке бөлінеді Алтын күз, Жомарт күз, Қоңыр күз болып. Алтын күз дейтін себебі айналаның бәрі жапырақтар, шөптер сары түске енеді сондықтанда алтын күз деп атайды. Ал, Жомарт күз деп егіншілеріміздік астықтарын жинайтын кезі астық жиналып болған соң егіншілер сабан той жасаған молшылық пен байлықтың кезі. Қоңыр күз деп ағаштар жалаңаштанып жердің бәрі қоңыр тартып аспанды сұр бұлт жауып тұрады міне мұны қоңыр күз дейді. Балалар міне сендермен өз өзгерісімен ерекшеленіп тұратын күз мезгілімен қоштасу барысында өткізілетін ертегілігімізді тақпақтармен бастасақ.
Тақпақтар
Ерсұлтан
Сары алтындай сары күз
Бірге шырқар әніміз
Жаздай күткен бәріміз
Келді міне алтын күз
Парасат
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
шақырады біздерді
Ерасыл
Сары ала тон жамылған
Күз атамыз секілді
Қойны толы дәмді нан
Тәттісі көп не түрлі

Ақбөбек, Бекарыс, Нұрғисаның орындауында «Бидай мен қаңбақ» мысалынан көрініс қояды қабыл алыңыздар.

Ән: Күз

Қонаққа саңырауқұлақ келеді

Саңырауқұлақ: Балалар сәлеметсіздер ме! Мұнда не болып жатыр?
Балалар сендер тақпақтар білесіңдер ма?
Өлең білесіңдер ме?
Бәрін жаттап алғандарың көрініп тұр ал сендер менің жұмбақтарымды шеше аласыңдар ма?


Жұмбақтар
Ағайынды бәрі шықса жасыл түссе қызыл (Жапырақтар)
Аяғынан тік тұрған, Қалпағы бар антұрған (Саңырауқұлақ)
Тырс-тырс тамады, тереземді қағады (Жаңбыр)
Өте жақсы балалар мен сендерге енді өзімен бірге «Саңырауқұлақтар» биін ала келдім.
Би: Саңырауқұлақтар
Ойын: Жемістер мен көкөністерді ажырат
Жүргізуші: Енді сен біздермен бірге қонақ болып, балалардың ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
Тақпақтар
Амина
Листик клена на ладошку
Потихонку упадеть
Это осень золотая
По дорожке к нам идет
Альбина
Осень славная пара
Любит осень детвора
Груша, слива, виноград
Все паспела для ребят
Дамир
Что за время года
Дождик морсит
Это проста осень
В детский сад спешит
Балалар сендерге Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім? Балалар: Ол күз.
Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.
Күз: Сәлеметсіндер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!
Күз: Береке бақ дарыған,
жомарт көңіл жарқын жаз.
Сары алтынға малынған,
Алтын күз деген мен болам. Армысыздар , құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?
Балалар: Жоқ.
Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап
Шақырады жарқын жүз
Сайрандаған күліп-ойнап,
Келді міне Алтын күз!
Күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Жиын-терін болатын
Қамбаға астық құятын
Қызыл қырман ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Балалар: Күз
Күз: Дұрыс таптындар, жарайсындар!
Жүргізуші: Алтын күз , біздің балалар күз туралы өлен, тақпақтар біледі.Сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Ән «Күз келгенде..»
Тақпақтар
Олжас
Күзім-ау, күзім-ау!
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау.
Рысбек: Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр-сыбдыр етеді
Бағжан
Сары алтындай сары күз
Бірге шырқар әніміз
Жаздай күткен бәріміз
Келді міне алтын күз
Рамазан
Астық жеміс жиылды
Қамбамызға құйылды
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім сыйыңды
Ақжарқын
Көк аспаның мөлдіреп
Алтын күзім елжіреп
Асыр салып жүре бер
Сары көйлегің желбіреп
БИ: Жапырақтар
Ойын: Жапырақ жинау
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар бізге тағыда бір қонақ келе жатқан сияқты кім екен қарайықшы.
(Бағбаншы ата қонаққа келеді)
Бағбан ата: Амансыңдар ма балалар не тойлап жатырсыңдар?
Ал сендер менің кім екенімді білесіңдер ме?
Мен бау-бағшаны қарайтын күтіп баптайтын күзететін бағбан аталарың боламын. Мен де күзді өте жақсы көремін өйткені барлық екен егіндерімізді жиып-теретін науқанының басталатын кез. Не ексең соны орасың деген . Жерді күтсең,қарасаң оның саған берер азығы мол.
Жүргізуші: Бағбан ата біздің балаларымыздың өлеңі мен тақпақтарын тыңдап көңіл күйіңізді көтеріп қонақ болуға шақырамыз.
Мен кәне сендерге жұмбақ жасырайын ал сендер шешуін тауып беріңдерші
Көкала кастюм киеді
Күннің көзін сүйеді ол не? Қарбыз
Қалың киімді ұнатады
Шешіндірсең жылатады ол не? Пияз
Көктемде ақ гүлге оранады
Күзде қызыл доп болып оралады ол не? Алма
Ой жарайсыңдар ал енді менің сендерге алып келген Жемістер биім бар
Би: Жемістер
Жүргізуші: Өте тамаша балалар рахмет сендерге енді кезекті балалардың тақпақтарына берейік
Тақпақтар
Али
Көбейді құт береке
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мерек
Алтын күзді тойлаймыз
Ақтоты
Көктемде егін егетін
Күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала
Елжан
Алтын нұрдай тамшылап
Жапырақтар төгіледі
Біздің өмір таң шуақ
Біздің өмір көңілді
Ғалымжан
Таза жездей жайнаған
Сары бояу айналам
Енді сары бояумен
Күз суретін саламын
Ән: Күз жомарт
Алтын күз ханшайымы, Бағбан ата, Саңырауқұлақ қоштасып шығып кетеді
Жүргізуші: Қарашы күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді
Құс біткен керуен түзеді
Көңілсіз неліктен күз енді
Қара бұлт қабағын түйеді,
Бұталар боз қырау киеді
Осы ма, осы ма күз деген
Бақшаға баратың бізбенен
Осымен күзбен қоштасу арналған «Қоңыр күз» атты ертенгілігімізді аяқтаймыз. Тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Сау болыңыздар.









Наурыз мерекесіне арналған ертенгілік
Тақырыбы: Ұлттық киімдер
Ұлттық киім киген балалар залға кіреді.
Жүргізуші: Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды, Наурыз тойын тойлатып, ұлыстың ұлы күні келді ағайын. Той құтты болсын! Ақ мол болсын!

Жыл басы Наурыз келді көркімен,
Қарсы аламыз ата-баба салтымен.
Төс қағысқан ағайын жұрт қуанып,
Құттықтауда бірін-бірі Наурызбен.

әні орындалады.

Жүргізуші: Балалардың Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарын тындайық.

Береке: Көктем келді,наурыз келді,
Жер көгерді, ел көгерді.
Дастарханын жайып дархан
Жақсылық пен бақыт шашқан
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын
Қайда барсаң жол болсын.
Әсемай: Осыншама жақсылық.
Алып келген Наурызым
Төрлеп бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің.
Дилназ: Наурыз тойым құтты болсын құтты болсын халайық
Қане достар шыркап әнге салайық
Күн мен теңелді
Жер шуаққа кенелді,
Соны тойлап ел енді.
Наурыз тойы салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз,
Көшеге тал егеміз.
Қадырхан: Жарқырап тұр күніміз,
Жайқалсын жас гүліміз.
Бақта бұлбұл сайрасын,
Наурыз тойы тойлансын.
Әлібек: Cәнді көктем нұрлымен,
Наурыз тойы жырымен.
Көңіл гүлдей жайнасын,
Наурыз тойы тойлансын.

Ойын: .
Дана: Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз.
Тәтті болып жасалған,
Наурыз көже ішеміз.
Аделина: Ата-бабам тойлаған,
Наурызым армысың.
Қызығына тоймаған,
Дархан дала, қарлы шың.
Мерей: Ежелгі шығыс елінің,
Аңсаған арман, ойы бар.
Тарқайтын жері шерінің,
Дәстүрлі наурыз тойы бар.
Арыстан: Сәнді көктем нұрымыз,
Наурыз тойы жырымыз.
Көңіл гүлдей жайнасын,
Құлпырсын қыр мен ой,
Құтты болсын, Наурыз той!
Ән .

Расул: Мерекені байрығы
Алды халқым қабылдар
Ақ дастархан жайылды
Ошақты от жалындап
Гүлназ: Малдар төлдеп, қой қоздар,
Сүттен бұлақ ағызған
Жаңа жылдың сипаты
Басталады наурыздан
Ойын: Қыз қуу
Гүлданай: Жаңа жыл жарылқа,
Наурыздан басталған.
Көңіл күй шарықта,
Мол болып дастархан.
Қайсар: Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
Би: Қаражорға.
Ерсін: Наурызға еріп құс келді,
Әнге бөлеп даланы,
Өлкем ерекше түске енді,
Киінгендей жаңаны.
Жұлдыз: Наурызда күлімдеп,
Күн нұры төгілді.
Өзгеше бүгін леп,
Желпінтер көңілді,
Жылғалар былдырлап,
Сырғасы сырдырлап.
Тал-қайың бүріледі.

Жанболат: Құтты болсын Наурыз!
Жалқаулық қас жауымыз,
Дала толып егіске,
Малға толсын наурыз,
Қалдырмасын қауіп із.
Бейбітшілік жолында,
Болмасын еш дауымыз.
Жүргізуші: Балалар бүгінгі тақырыбымыз ұлттық киімдер болғандықтан сән үлгісін көрсететін қыздарымыз бен ұлдарымызды ортаға шақырайық, ал осы киім үлгілерін мен сендерге таныстырып отырамын . Қазақтардың басқа халықтарға ұксамайтын киім үлілері бар. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол - біздің ұлттық мәдениетіміз.
Айыр қалпақ – аса қымбат матамен тысталып, ішіне жұқа киіз немесе қалың мата салынып сырылып тігілетін ер адамдардың бас киімі. Сыртына өсімдік тектес өрнек салынып, алтын жіппен зерленеді. Оны ертеде, негізінен, хан-сұлтандар салтанатқа киетін болған.
Оқалы немесе зерлі шапан
Оқалы немесе зерлі шапан – қымбат матадан жағасы мен өңіріне зер салынып, арқасы мен етек-жеңі оқалы жіппен өрнектеліп тігілетін сырт киім. Арқасына күн тәріздес дөңгелек өрнек, өн бойына өсімдік тектес оюлар салынады. Ертеректе мұндай шапандарды хан-сұлтандар, ауқатты адамдар киетін болған.
Жарғақ шалбар
Иленіп, әбден өнделген жұқа теріні қазақтар «жарғақ» дейді. Қызғылт түске боялып, түрлі-түсті өрнек салынған жарғақ теріден тігілген шалбарды «жарғақ шалбар» деп атаған. Бұл сәнді киімді кезінде батырлар, бектер мен билер, сал-серілер салтанатқа киген.

Тымақ
Қазақта тымақтың түрлері көп, соның ең бағаласы – түлкі тымақ. Оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкі терісі тігіледі де, сырты мақпалмен, пүлішпен немесе басқа асыл маталармен сырылып тысталады. Тымақтың төбесі төрт немесе алты сай (бөлек) үшкіл (үш бұрышты) киізден құралып, шошақ болып келеді.
Ішік
Ішік – сырты матамен тысталып, түрлі аңның терісінен жүнін ішіне қаратып тігілетін қысқы сырт киім. Қолданылатын терісине қарай олар: түлкі ішік, қасқыр ішік, сеңсең ішік, нышпақ ішік деп әртүрлі аталады.
Саптама етік
Саптама етік – қонышы тізені жауып тұратындай ұзын, табаны қалың сіріден оң-солы жоқ, түзу болып тігілетін аяқ киім. Оны киіз байпақпен киеді. Қысқы күнгі аязда ат үстінде жүргенге жылы, әрі қолайлы.
Кимешек
Кимешек – жасамыс (егде) әйелдер киетін бас киім. Ол өн бойы көкіректі жауып тұратын тұтас матадан тігілдеді. Ақ матадан бет жағы ойылады. Жағы, өңірі оқаланып кестеленеді. Төбесіне сәндік үшін шылауыш немесе күндік сияқты ақ мата оралады.
Камзол
Камзол шапанға қарағанда ықшам, қысқа, кобінесе жеңсіз немесе қысқа жеңді болып келетін әйелдің сырт киімі. Салтанаттарға киілетін камзолдар аса қымбат маталардан белі қыналып, өңірі мен етегі түрлі өрнектермен кестеленіп өрнектеледі.
Кебіс мәсі
Мәсі - өңделген жұқа теріден қонышына ою салынып, табансыз, ұлтансыз, негізінен үйде киілетін жеңіл аяқ киім. Кебіс – табаны қалың, өкшесі биіктеу, сыртына түрлі өрнектер сылынып тігілетін, мәсінің сыртынан киюге арналған аяқ киім.
Бөрік
Бөрік – жеткіншектерден бастап, ересек адамдарға дейін киетін бас киім. Ол етегін айналдыра қымбат тері күсіліп тігілген материалына қарай шошақ бөрік, үкілі бөрік, камшат бөрік сияқты түрлерге бөлінеді.
Тақия
Қазақта тақияның түрі көп. Соның ішінде аса сәндісі, көркемі – бүлдіршін қыздар киетін үкілі тақия. Ол биіктігі 10-15 см мөлшерінде дөңгеленіп тігілген, жалпақ төбесіне үки тағылатын жеңіл бас киім. Айнала жиегіне ою салынып, түрлі асыл тастармен көмкеріледі. Оны жас қыздар үзатылғанға дейін киеді. Ұзатылған қыз – қыз ғумырдың белгісі – тақиясымен «сыңсу» айтып қоштасады.
Балалар бүгінгі ұлттық киімдермен таныстық енді осы киімдерге байланысты ырымдырды да айтып өтейін.
Киімге байланысты ырымдар
Әйелдер басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі.
Нәрестенің иткөйлегін далаға тастамайды. Олай жасаса, сәбиге сырқат жұғады. Сәбидің бақыты ит көйлегін кигеннен басталады.
Сыңар аяқ киім киген бала ұры болады.
Киімнің түймесін айқастырып салса, қуанышты хабар келеді.
Ілулі тұрған киімнің түймесін салмайды.
Аяқ киімді оң аяқтан бастап киеді, сол аяқтан шешеді.
Қонаққа келген сәбиге көгендік береді немесе киім алып береді.
Балалар бүгін сендер ұлттық киімдердің бірнеше түрімен таныс болдыңдар ұлттық киімдеріміздің киюдің өзіндік мәні бар екенін білдіңдер. Енді концерттік бағдарламамызды одан әрі қарай жалғастырсақ.
Би: Бипыл
Назерке: Жасасын деп ұлысты Наурыз,
Құтты болсын айтты атамыз.
Барлық үйге кіріп-шығып,
Барлық үйден дәм татамыз.
Айсұлу: Арпа-бидай бастаған,
Жеті дәмнен аспаған,
Наурыз көже ежелден,
Бұл тойдағы бас тағам.
Бекзат: Наурыз тойын аңсап келген,
Ата-бабам жырлап өткен
Той-думандар жалғассын деп,
Той-бастарды дәстүр еткен
Ақтілек: Наурыз келсе құт келгені халайық,
Берекелі ұлыстың ұлы күнін,
Шашу шашып,
Қуанышпен қарсы алайық…
Күттіріп келген жыл басын,
Бізбенен бірге тойлашы,
Дастарханға елімнің,
Береке, ырыс сыйлашы.
Нұржанат: Келдің Наурыз жар салып,
Би билейік ән салып,
Жылда келсін ұлыс күн,
Тұрайық есен қарсы алып.
Ғалымжан: Армысың Наурыз,
Қуаныш боп кір төрлет,
Ел болып саған,
Көрсетем сый-құрмет.
А Әсемай: Тақпақ айтам жыл басы,
Құлағың сал тындашы.
Бар бөбекке өзіңдей,
Тыныш өмір сыйлашы.
Онберген: Уа, халайық, халайық,
Әсем әнге салайық.
Наурыз тойын көңілді,
Бірге қарсы алайық:
Мөлдір: Жыл басы-Наурыз мереке
Ақ нұрға әлем боянды,
Наурыз тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды.

Шапағат: Қош келдің наурызым ардақты
Халқым саған бар үмітін арнапты
Жылда осылай келе берсін жасарып
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.
Мерекелік ертенгілігіміз аяқталды.Ертенгілікті «Наурыз біздің жаңа жыл» әнімен аяқтасақ. dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру