Тіркелу Сайтқа кіру

"Ақ күшік" тақпағын оқи отыра, Ит - жеті қазынаның иесі екенін ұғындыру.

Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Ақ күшік»та0
Мақсаты:Суреттерді қарап түсініп ,қуана білуге үйрету,үй жануарларымен таныстыру .Дыбыс тіркестерімен жұмыс.
Әдіс-тәсілі: Оқу,көрсету,түсіндіру,әңгімелеу.
Көрнекі қ ұралдары: Ақ күшік суреті, үй жануарлары.

Оқу іс-әрекет
кезеңдер Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушы-лық Жылулық шеңбер құрайық , бір біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуын сезінейік.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Бар әлемге,
Бас иеміз біз.
Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.
Ұйымдастырушылық- ізденістік -Күншуақта жатқан күшіктің,қасына «мысық» келеді.
м
-
- ысық
Күшікпен ойнақтап тұрып ,күшіктің сүйегін алып алады.
-Байлаулы жатқан күшік .Мысыққа жете алмайды.
-Мяу,мяу, Эй күшік сен жеті қазынаның бірісің ғой.Сен бос жүрген де маған маза бермейтін едің ғой?
-Күшік :Аф-аф-аф.Мысық кешір мені ,мен саған тиіспеймін,әкел менің сүйегімді берші.
-Мысық:Мяу, Мяу, Мяу Сен маған тақпақ айтып бересең ,сүйегіңді беремін.
-Күшік:Аф-аф-аф .Мен тақпақ оқи алмаймын-деп мұңайған күшік тәрбиеші апай қарап көмек сұрайды.
Тәрбиеші: -Жарайды мысық, Ақ төстің орнына мен айтайын.Сен құлақ сап тыңда «Ақ күшік»,тақпағы
Мен күшікпін,ақ күшік.
Қырағы да,сақ күшік.
Түні бойы жатпаймын,
Қоралы малды сақтаймын.
Тәрбиеші күшік туралы мағлұмат береді.
-Мысық: Күшік,сен күштісің ғой,үй жануарларын қорғайсың екен . Сен маған үй жануарларын атап берші .Мен қайталайын.
Тәрбиеші: Қане,балалар Ақтөске біз көмектесейікші. Балалар біз бәріміз үй жануарларын білеміз.Олар түйе, төлі-бота,
Сиыр төлі -бұзау, қой-қозы. жылқы-құлын.
Жылқы төлі- құлын
жылқының төлі Күшік, мысық.
Түйе боздайды,Қозы маңырайды,сиыр мөңірейді,жылқы кісінейді.
Балалар,сендер білесіңдер ме? Жануарлардың адамға пайдасы көп.Мінсең көлік болады.Жесең ас болады. Біздер малды сауып сүтін,ағарғанын ішсек,еттен түрлі тағамдар әзірлейміз.Тоңсақ жүннен жылы кеудеше ,аяғымызға шұлық қолымызға қолғап,басымызға түрлі-түсті, бас киім тоқып киеміз.Жастансақ жастық,жамылсақ көрпе,қызылды,жасылды,алаша тоқимыз.Әжелерміз жүннен киіз басады. Киізден байпақ жасаған.Ал қане , балалар бойымызды бір сергітіп алайық!
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі,
Кіп-кішкентай ағаштар
Су құйған да,өседі.
-Мысық :Жарайды күшік тақпақ маған ұнады. Үй жануарларының пайдасын білдім.Тәрбиеші апай сізге рахмет! Ақтөс міне сенің сүйегің,

-Күшік:Кел енді дос болайық

Сау болыңдар балалар.

Рефлексиялық ттүзетушілік Тәрбиеші,белсенділік танытқан балаларды мадақтайды.
Балалар ,күшік пен мысықпен қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Үй жануарларының пайдасын.
Игереді:Үй жануарларының төлін ажырата білуді. dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру