Тіркелу Сайтқа кіру

Тәуелсіз елдің ұланымыз

«Тәуелсіз елдің ұландары»
( Әке мен бала арасындағы спорттық сайыс)
Мақсаты: Балалардың спорт туралы білімдерін кеңейту, қызығушылығын арттырып, достыққа баулу. Ата-аналардың балабақшамен тығыз байланысын арттырып, ойындарға әкелерді белсене қатыстыру. Әке мен баланы достық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Қажетті құралдар: Асық, балық, шелек, кегли.
Барысы: Құрметті ата-аналар, балабақша ұжымы және бүлдіршіндер. Бүгінгі салтанатты мерекеміз – Тәуелсіздік күні құтты болсын!
«Тәуелсіз елдің ұландары!» - атты әке мен бала арасындағы спорттық сайысқа қош келдіңіздер!
Өз жеріме өзім ие болған күн,
Тілім таза, бостандығын алған күн.
Елтаңбам мен көк байрағым желбіреп,
Тарихыма өшпес белгі салған күн.
Әнұран: « Менің Қазақстаным »
Ал, ендеше осы мерекеге арнап « Тәуелсіз елдің ұландары » атты сайысымызды бастайық. Құрметті қатысушылар төрге шығыңыздар.
Кімдер күшті, кім алып,
Әділқазы көріңіз.
Қара қылды қақ жарар,
Әділ баға беріңіз – дей отырып, әділ қазылар алқасын сайлап алайық. № 5 « Жеткіншек » балабақша меңгерушісі Ш. Ерғалиева, психолог Ж. Қайырболатова, тәрбиеші Д. Мусинаны ортаға шақырамыз.
Ал, қане, бір-бірімізді қостаймыз,
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
«Жеңіске жетеміз» - деп,
Жалынды ұран тастаймыз. Кезекті таныстыру бөліміне берейік.
1-сайыс. «Алтын сақа». Әке мен бала асықты көздеп атып, тигізеді.
2-сайыс. «Балық аулау». Әке балыққа қарай жүгіреді, жоғарыда ілініп тұрған жіпті қиып, балықты ұстап алу керек, жүгіріп қайтадан келіп, балаға балықты береді, бала балықты шелекке салады.
3-сайыс. «Жүйрік ат». Әке баласын арқасына отырғызып, кегілердің арасымен жүріп, қайтадан өз орнына келеді.
4-сайыс. «Сұрақ-жауап».
1. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?
2. Қазақстан Республиксының рәміздерін ата.
3. Отан туралы мақал-мәтел.
4. Еліміз өз тәуелсіздігін қашан жариялады.
5. Желтоқсан құрбандарын ата
6. Әнұранның сөзін жазған кімдер?
7. ҚР туында нелер бейнеленген?
8. Астанадан бұрын Қазақстанның астанасы болған қай қала?
Жүргізуші: Айналайын гүлдерім,
Ақ шуақты күндерім.
Ерекше қызық тілдерің,
Сендердікі болашақ – деп, құртетті қонақтар сіздерге ән шашу ретінде «Балдырған» тобының тәрбиеленушілерінің
орындауында « Біз бақытты баламыз » әнін жолдаймыз, қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Бүгін міне оң болып әр ісіміз,
Жоғары боп күш жігер намысымыз.
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталды халайық жарысымыз.
Әділ қазыларға сөз беріледі. Сайысқа қатысқан әкелер, бүлдіршіндер, әділқазы мүшелері сіздерге көп-көп рахмет.
Қортынды бөлім: Жеңімпазды құттықтау, әкелерді « Алғыс хатпен » марапаттау, жеңімпаздарға сыйлықтар беру. dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру