Тіркелу Сайтқа кіру

«М.Монтессори технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері»

Атырау облысы,
Жылыой ауданы,
Құлсары қаласы
«Айналайын» ясли бақшасының
тәрбиешісі Жанұзақова Сәнім Жұмабайқызы

«Монтессори технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері»

Жоспар:

І. Кіріспе

М.Монтессоридің педагогикалық жүйесі жәнеоның маңызы

ІІ. Негізгі бөлім

1. Монтессори технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері.

2. Монтессори методикасы

3. Тәжірибелік жолмен іске асатын жаттығулар.

4. Мүмкіншіліктері шектелген балаларды түзете-дамыту жұмыстарында Монтессори әдісін қолдану
ІІІ. Қорытынды
М.Монтессоридің педагогикалық жүйесі жәнеоның маңызы
Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі XX ғасырдың бірінші жартысында итальяндық педагок, ғалым әрі ойшыл Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес, балдырғандар мен бүлдіршіндер дидактикалық материалдар мен сабақ ұзақтығын әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ағым мен Бала – ата-ананың көз қуанышы, көңіл жұбанышы. Кез келген ата-ана баласы үшін өмір сүреді деп ойлаймын. Халқымыз «Балалы үй базар» деп тегін айтпаса керек, отбасылық өмірдің мәні мен сәні сәбимен бірге кіреді. Үлкен адамдардың өміріне соншама қуаныш пен шаттық сыйлайтын сәбилер кейде, керісінше, ата-анасының көңіліне уайым мен алаңдаушылық ұялатып жататыны да қоғамымыздағы белгілі жәйт. Туғаннан мүгедектікке душар болған, не есейе келе әртүрлі жағдайдың салдарынан денсаулығына, соның ішінде, жүйке жүйесіне зақым келген балаларды тек ата-анасы емес, мемлекет те бақылауда ұстап, қолынан келген жәр¬демін аяп отырған жоқ. Өткен жылғы халық санағының қоры-тындысы бойынша еліміздегі осындай балалардың саны 58 мыңдай екені анықталды.ырғақта дамиды. Соңғы жылдардағы тағы бір жетістігіміз – Монтессори әдіс¬теме¬сін енгізуіміз. Бізде қазақ және орыс тілдерінде білім беретін мектеп жұмыс істейді. Онда жалпы білім беру, қосымша білім беру бойынша және психо¬физиологиялық дамуы тоқтап қалған балаларға арналған бағ¬дар¬лама бойынша сабақ оқыты¬лады. Мектепте 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған меди¬циналық және психологиялық негізде адам дамуы туралы білім¬дерден құрылған екі Монтессори-педагогика кабинеті жұмыс істейді. Мария Монтессори италиялық дәрігер әйел. Бұл жүйені осыдан 100 жыл бұрын сол ойлап тапқандықтан, соның атымен аталады. Қазіргі кезде Монтессори жүйесін 146 мемлекет қолданады. Бұл жүйе бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елесте¬туді, қимылды дамытады. Оның негізгі қағидаты – «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығу¬ларды таңдап алу. Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқы¬туда ерекшеліктер бар. Сондай-ақ олар өз қателіктерін өздері көріп, соны өздері түзеп отырады. Монтессори әдістемесінің маңызды ерекшелігі – баланың жеке қабі¬летін көрсете алатын және көрсеткісі келетін арнайы ортаны құру. Бұл Монтессори ортасы деп аталады. Бұл ортада психоло¬гиялық жайлылық, таңдау ерік¬тілігі және педагогтің сабырлы адамгершілігі салтанат құрады. Бұл күндері жүйені баяғыдан бері пайдаланып келе жатқан Жапония, Қытай, Сингапур, Германия секілді мемлекеттерде интеллектуалды дамыған адамдардың көптігі осыған байланысты еке¬ніне біртіндеп көз жеткізіп келе¬міз. Тіпті сол дамыған мемлекеттерде тек жалпылама адамдар емес, ұлттың өзі интеллектуалды ұлт ретінде қалыптасып отыр¬ғаны белгілі. Бала жас кезінде жас шыбық сияқты. Қалай исең, солай қарай иіледі. Жақсыға үйретсең, жақсылап үйретсең тез қабылдайды. Осы тұрғыдан келгенде Монтессори әдіс¬те¬месінің біздің орталыққа енуі жақсы бастама деп ойлаймын. Бұл ауру балаларға қолданғанда Монтессори терапия деп аталады. Бізде осы терапия бойынша әдіс¬темені арнайы үйренген 140 педагог жұмыс істеп жатыр. Оларды оқыту үшін грант ұтып алған болатынбыз. Соның арқасында біздің педагогтар осы бір жыл көлемінде науқас балалармен жұмыс жасауда қолайлы жүйені таңдап отыр.

Монтессори технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері.

Мария Мантессори -1870 жылы 31тамыз айында дүниеге келген.
Итальяндық педагок,әрі ғалым.Ол балаларды еркін тәрбилеу идеясын жасап, өмірге енгізді.1896ж Рим Университетінің медициналық факультетін бітіргеннен кейін М.Монтессори Италиядағы әйелдерден шыққан бірінші медицина докторы болып табылады.
Университеттің емханасында ақыл-ойы артта қалған балаларға бақылау жасап көрді.
1900ж Марияның өзі дамуында ауытқушылықтар бар балаларға арналған Еуропадағы бірінші оқу орнына басшылық етті. Оның кішкентай емделушілері нашар сөйлегендіктен,ол саусақтардыңұсақ моторикаларын жаттықтыру арқылы сөйлеуді дамытатын арнайы жаттығулар және балалардыңөзіндік сенсорлық тәжірибе негізінде қоршаған ортаны зерттей алатын арнайы құралдар және ойындар әзірледі. Сөйтіп,Монтессори өзінің бірегей дидактикалық құралдарын әзірлей бастады.
Бірқатар уақыт өткеннен кейін оның тәрбиеленушілері оқу,жазу және есептеуді кәдімгі мектептегі өздерінің құрдастарынан бұрын үйренді.
1909ж бастап М.Монтессори жүйесі өмірге белсенді түрде енгізіле бастады.Түрлі елдердің педагогтары үшін курстар ашылды.1910ж әлемнің көптеген тілдеріне аударылған «Монтессори әдісі» атты кітап жарық көрді.
1929ж Мария Монтессори қазіргі кезде де жұмыс істеп жатқан халықаралық Монтессори Ассоциациясының (АМІ) негізін салды.Италиядағы фащистік тәртіп кезеңінде Марияның елден кетуіне тура келді. Ол Еуропаға 76 жасында қайтып келді. Көптеген еңбектерін шығарды,оқу курстарын жүргізді, психологиялық еңбектер жазды.1950ж оған Амстердам университетінің профессоры атағы,докторлыққұрметті дәрежесі берілді.
Бұл әдіс бойынша 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Монтессори әдісінің негізгі қағидасы- «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу.Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқытуда ерекшеліктер бар. Сондай-ақ,олар өз қателіктерін өздері көріп,соны өздері түзеп отырады.Монтессори бөлмесінде «Барлығымен еркін айналыс, бірақ басқаларға кедергі жасама» деген ереже үнемі сақталады.
Бүгінде осы әдіспен жұмыс істейтін балабақшалар көптеп ашылып жатыр. Балабақшадағы ұстаздар міндетті түрде дайындық курсынан өтеді.Монтессори әдісінде сыныптық сабақ системасы жоқ,мектеп партасының орнына жеңіл қозғалатын столдар мен отырғыштар, кілемшелер қолданылады. Монтессори ұстаз баланың өз бетімен жұмыс жасауын қадағалайды.Монтессори әдісі үш негізгі бөлімнен тұрады: бала, қоршаған орта, ұстаз.


Монтессори әдісінің мақсаты:
балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу;
өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру;
балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру.

Монтессори ұстазының міндеті:
балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу;
негізгі түстерді айыра білуге үйрету;
ұсақ моториканы дамыту;
алғашқы математикалық, ғарыштық түсініктерді қалыптастыру;
зейінін тұрақтандыру;
тәртіпке үйрету;


Монтессори бөлмесі 5 аймаққа бөлінген:

1.Сенсорлық аймақ.

2.Математика-лық аймақ. 3.Күнделікті өмір жаттығулары аймағы. 4.Тілдік аймақ. 5.Ғарыштық
аймақ.




Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы
тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес, балдырғандар мен
бүлдіршіндер дидактикалық материалдар мен сабақ ұзақтығын
әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ағыммен ырғақта дамиды.
Балалардың табиғи қажеттіліктері мен үрдістері үшін даярланған Білім беру дәстүріне деген көзқарасты елестетіңіз. Педагогтарды білім көзі ретінде емес, оқушылар сынамалар мен қателіктер арқылыпроблемалардышешетін, жаңалықтар ашатын және тәжірибелер арқылы үйренетін динамикалық, даяр орта ұйымдастырушы ретінде елестетіңіз.
Мария Монтессори осы әдістің негізін 100 жылдан астам уақыт бұрын салған. Бүгінгі әлемде, білім сағат сайын өзгеріп, деректер құм шамасындай чиптерде сақталатын заманда ақпарат емес, ой алдыңғы орынға шығады. Білім емес, әрекет маңызға ие болады. Біз ойланып әрекет жасайтын, жаңалықтар ашатын, ойлап шығаратын, құрастыратын және алдағы ғасыр алдына қоятын проблемаларды шешетін келесі ұрпақты қалайша тәрбиелей аламыз? Шынайы, іс жүзіндегі жұмысқана сұрақтың жауабы болып табылады. Білім беру білім тарату және деректерді жалаң түрде жаттатудан оқушының қолымен миын жұмыс істететін, сын тұрғысынан және креативті ойлауды өмір жолына айналдыратын оқыту түріне көшуі тиіс. Балалық шақтан бастап, жеткіншек шақ арқылы ересек өмірге дейін адамзат дамуының бәріне ортақ үрдістері бар. Егер бұл үрдістер білім беру базасын қалыптастыру үшін пайдаланылса, бізоқытубарысындатабиғатпенүйлесімдежұмысістей аламыз. Дұрыс орта қалыптасқан жағдайда үйрену,жұмыспен тапсырма орындау барысында ләззат алу адамзат табиғатына тән. Туғаннан бастап жеткіншек шағы арқылы даму деңгейлері адамзат табиғатымен үйлесімде үйрену әдісіне сценарий бола алады. «Өзін-өзіқалыптастыру» әрбір баланың міндеті екендігін түсініп, Біз өзіміздің педагогтар ретіндегі роліміздің сәулет Инженері кәсібіне ұқсастығын байқаймыз. Біз оқушылардың шығармашылығын, қиялымен дербестігін ынталандыру барысында дағдылары мен білімдерін қалыптастыратынжоспарлар,материалдар, құралдармен тәжірибелердің әрбір кезеңде әр бала үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуіміз керек.

Монтессори методикасы

Еңбасты Монтессори Бағдарламаның Айырмашылығы сынып–сабақты
Жүйесінің жоқтығы: Бала өзінің қызығушылық саласын өзі таңдайды.
Ата – аналар мен педагогтар бұл үрдісте қараушы рөлін ойнайды, сезгіш және ықыласты болады,неге десе олар жас Зерттеушінің Түсіну үшін
Лайықты шарттар жасау керек. Біздің балабақшада Баланың әртүрл іәрекет
Салалары тек қана балаларда емес, олардың ата–аналар алдында үлкен
Танымалдығын білдіреді. Санау оқу, бөлу жәнет.б. сабақтарда тақырыптың презентациясы өтеді. Бұдан кейін бала өзі онымен жұмыс істеуге үйренеді, онымен қатар материалдың түсін,пішінін өзгерте алады.Жасалған материалды қолыңа алғың келе береді,өйткені ол өзі Әрекет жасауға магнит сияқты тартады. Одан қалды ол қауіпсіз және онда зор потенциалы бар.
Әрине, біздің балабақшада балалар тек қана күнде жаңа материалмен таныса бермейді.Бізде балалардың қатысуларымен өте қызықтымерекелер болады.
Сөйтіп маңызды мәдени оқиғалар балардың жанынан өтіп кетпейді.
Бірақ, еңбекпен сабақты сауықтан айыра алады: іске уақыт—сауыққа бірсағат.Айтар болсақ, балабақшада педагогтар өт етәжиребел іжәне«жаныптұрған»адамдар,олар үнемі бір жаңа нәрселерге үйреніп жатады, өздері әртүрлімерекелерд іойлап табады, балалармен жұмысты қызықты формалардажүргізеді.Монтессори формасымен оқи отыра,балалар өз ойын білдірусаласында барынша көп еркіндік алады, мектепке дайындық мерзімдіжеңіл өтеді. Олар онда үйлеріне барған сияқты. Ең бастысы, олар өздіктүрде білім алады, және олардың құмарлықтарын тоқтата алмайсың! Әрине, бұнда ең маңызды рөлді мұғалімдермен ата–аналар ойнайды, олар баланың ерекшілігін қабылдау үшін тілектестікАтмосфера жасауларықажет. Баланыңер екшілік қасиеттерін бастапқылыққа қойып нақты адамды
тәрбиелеуге болады.

«М.Монтессори технологиясын қолданудың әдіс - тәсілдері»

ХХІ ғасыр табалдырығын біліммен ғылымды инновациялық Технологиялық
Бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны
Болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән - мағыналы, өнегелі тәрбиемен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі.Баланың жеке тұлға Ретіндегі дамуы
Өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой – өрісінің кеңеюіБалабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз.Қай кезеңде болмасын балабақшада Монтессори әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес. Бала табиғатында білуге құмар,тумысынан-ақ өсуге,жетілуге ұмтылысы басым. Сондықтанда қарқынмен дамып бара жатқан мына замандаБалабақшадағы педагогтардың
ұлттық қалып, ұлттық мінезді сақтай отырып, бала тәрбиесінің Әдістерін тынбай ізденіп, жиі жаңартып отыруы заңдылық.
М.Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге,Өздігінен шешім
қабылдауына, топтада,жекеде жұмысжасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады.Бұл әдістің мақсаты – балалардың табиғимінезін,
қабілетін,тәрбиешінің нұсқауымен емес,өз еркімен тәуелсіздік рухында
тәрбиелеу.
«Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер»дейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап
сөйлеу бұл әдісте мүлдем жоқ. Ұйымдастырушысы балаларға әр сала жайлы қызықтыра мағлұмат береді. Балалардың жас ерекшеліктері әртүрлі, 3пен 6 жас бірге өз қалауларымен жұмыс жасайды.Бұлжастың қабілетін ашуға,
үлкеннің кішіге мейірім,қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берері сөзсіз.
Қай салада жұмыс жасау бала қалауында:зертханада, жаратылыстану,
аспанәлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен, т.б. Еркін жұмыс жасау
барысында жетістігін өзі көріп, қатесінде өзі жөндеуі ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады деп ойлаймын. Пайдаланған заттардың ең басында қалай тұрғанын бақылаған бала жұмыс аяғында тап солай жинастырып, тазартып қояды.
Мектепке дейінгі оқу тәрбие жүйесін жетілдіру мақсатында шынайы өмірде тиімді ету қабілеттерін дамыту үшін–монтессори әдісін қолдану тиімді.Монтессори материалы арқылы бала затты түсінеді және оны
қолдануға тырысады.Монтессори материалы қандайда бір іс-әрекетке
итермелейді. Монтессори материалы төрттүрлі жолмен іске асады:

Тәжірибелік жолмен іске асатын жаттығулар.ең алғашқы жылында балақозғалыс жасау үстінде жүреді.Онда сензитивтік периодтың даму жолықалыптасады.Алғашында қозғалысы онша болмағандықтан, моторлықжүйесін қосу үшін тәрбиенің негізіне үлеседі.Моторлық даму жеке-дарақозғалыс темпін құлшындыруға әсерін тигізеді.Оған қозғалыс жасау үшінтүрлі жаттығулар жасалады, өзіндік іс-әрекетке итермелейді.Бір сызықтыңбойымен жүру тепе-тендік сақтауға итермелейді.Басқа да топтықжаттығулар балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға көмектеседі.Мысалы, рөлді койындар бір-бірін сыйлауға үйретеді.Жаттығуға арналған материал тәжірибе жасау барысында жас ерекшелігіне сай болу керек.Жаттығудың шарты түсінікті болу керек.

Нәтижесінде өзін-өзі тәрбиелеуге үйренеді.

Жаттығулардың негізгімақсаты:баланы қоршаған ортаға деген жауапкершілік Қасиеттерін Қалыптастыру болып табылады.
Тәжірибелік жолмен іске асатын жаттығулардың түрлері:
1.Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құю.
2.Металды тазалау.
3.Кесілген гүлдерді күту жолдары.
4.Бір сызықтың бойымен жүру.
5.Тыныштандыру жаттығулары.
6.Қоғамдық өмірге қатысы бар жаттығулар.
Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құю
Керекті құралдар: поднос,шүберек,лейка
Мақсаты:Қозғалыс жүйесін дамыту,қоршаған әлем ішінде тепетендікті
сақтауға үйрету. Жас мөлшері 3жастағы балалар. Материалмен жұмыс жасау жолдары: лейка суға толтырылады.Мұғалім лейканы қолына алып
жоғары көтереді.Ыдысқа суды құяды. Лейканы қай
тадан үстел үстінеқойып,ыдыстағы суды қайтадан лейкаға құйды.Төгіліп қалған суды сүртіпотыру қажет.

Сезім мүшесін дамытаты материалдар: әр сезім мүшелерін дамытуды
ұсынады.Бұл материал арқылы заттардың көлемін, түсін, өлшемін,
дыбысын ажырата алады.Жеңілден ауырға көтеру ұғымы қолданылады.
Бала моторикасымен сенсорикасын жаттықтыру үшін материалды
қайталауға тура келеді. Материалды қолданған соң бала жоспарлау,дайындау, бір тапсырманы соңына дейін орындауға тырысады.
Бірақ сабақ кезінде бала сол материалмен жұмыс жасау жолын
толығымен таныс болу керек.Мұнда жұмыс барысында балаға сөз
беріледі.Тапсырманы орындай алмайтындарға қайтадан тағы бір сабақ
өткізу керек. Алған білімін бекітіп, содан кейін жаңа сабақт өтілуі керек.
Сабақ 3 құрылымнан тұрады:
1. Көлемін анықтауға арналған материалдар;
2. Бір сызықтың бойымен жүру;
3. Тыныштандыру жаттығулары;
Сабақ балаға өзін-өзі танытуға талпындырады.
1.Көлемін анықтауға арналған материалдар:
Ойынның түрі «Қызғылт башня»
Керекті құралдар: «Қызғыл тбашня» 10 шаршыдан құралады (ауырағаш, қызғылттүс) шаршының мөлшері 1см-ден 10 –смге дейін барады.
Мақсаты: үлкен, кішкентай түсініктері қалыптасады.
Моторикасын дамытады. Жас мөлшері 3 жастағы балалар.
Материалмен жұмыс жасау жолдары:кілемнің үстінде шаршылар шашылып жатады.Тәрбиеші баланың алдына ең үлкен шаршыны қояды,
Ал бала сондай шаршыны сол шаршының үстіне қою керек.
1.Затты дұрыс атауға үйрету.
2.Заттың атына тауып бала сол затты алып келеді.
3.Затты атап жаттығады.
Математикалық материалдар математикалық материалдар ойлау
қабілетінің дамуына көп септігін тигізеді.Бала ең алғашқыда көптеген
заттар мен жұмыс жасау арқылы өз білімін жетілдіреді.Монтессори
материалы сезімді дамытады, оған қоса математика әлеміне жетелейді.
Бала мұнда математикалық ұғымдарды тез игереді.Сан және онға дейін
санау жүйесін тез игереді.Математикалық монтессори материалы
баланы сенсоматорлық ішкі қажеттілігіне сүйене отырып қанағаттандыру
жолдарыніздеугетырысады.Математикалық материалды пайдалану
жүйесін білген соң, түрлі қиын тапсырмаларын қиындықсыз орындайды.
Мысалы:ашық түсті моншақтарды пайдалану арқылы сан құрамымен
пішін туралы түсініктері пайда болады.Ойынның аты:«Сылдыр қағаздағы сандар»Керекті құралдар: ағаш кестелер, сылдыр қағазға 0-9-ға дейін сандардың атауларымен таңбаларымен таныстыру.Қол икемділіктерін
дамыту.Жас мөлшері: үш жастағы балалар.
Материалмен жасау жолдары: тәрбиеші 13 сандарды үстел үстіне қойып
бастырады.Балаға кез-келген санды тандауға рұқсат етіледі.
Сабақекісандытандауданбасталады.Балаалдынатәрбиешісандыжазу
кестесін қойып,санның жазылу ережесіне сүйеніп таңбасын түсіреді.
Балаалдыменсандыатап,сосынтаңбасынжазуғакіріседі.Осылай бірнеше
рет қайталанады.
1.Математикалық ұғымдарды тез игереді.
2.Сан жәнесанау жүйесін игереді.
3.Берілген тапсырмаларды қиындықсыз орындайды.

Сөздік қорын дамыту материалдары қарым-қатынас жасау үшін адам-ның сөздік қоры ең басты роль атқарады.Бала туғаннан өсе келе
қоршаған ортадағы адамдар мен қарым-қатынас жасау үшін сөйлеуге
тура келеді. Балабақшаға келген балаларда сенсорлық период болғандықтан, түрлі ойындар,әңгімелесу мен сұрақтар қою арқылы ойлау қабілетімен
сөйлеу қабілеті күрт дамиды. Түрлі әңгімелер айтып тыңдауға көмекшілер
ата-аналар болып келеді.Жалпы 2 жастағы бала негізінен 200-ден
астам сөздерді меңгереді, ал 5 жастағы бала 3000-нан астам сөздерді
игереді.Бала түрлі сұрақтар қою арқылы өзіндік сөздік қорындағы жетпей
жатқан қажеттілігін қанағаттандырады.Сөйлеу қабілетін дамыту үшін
ойындар мен түрлі жаттығулар қолданады. Мысалы:затты атау,ойын-
сипаттама, әңгімені жалғастыр т.б
Ойынның аты: «Қозғалмалы алфавит»
Керекті құралдар:екі жәшікте толық алфавит бойынша штамтық әріптердің бірнеше түрлері салынады.Сылдыр қағаздың көлеміндей
әріптер болуы керек.Дауысты дыбыстар қызыл түспен,ал дауыссыз
дыбыстар көгілдір түспен белгіленеді.Екі жәшікте бір жолда жазылған
әріптер салынады.
Мақсаты: әріппен дыбыс туралы түсініктерін қалыптастыру.
Материалмен жұмыс жасау жолдары:Тәрбиеші себетке бірнеше заттарды салады.Мұнда атауларымен жазулары сәйкес болады.Бала затты алып
атын атайды,ал тәрбиеші оған сәйкес бірінші әріпін таңдап береді.Бала
сосын қалған әріптерді құрып, сөзді тізіп береді.
1.Дыбыс пен шуды ажыратады
2.Сөздік қоры байиды
3.Сұраққа толық жауап береді.
4.Сурет бойынша әңгіме құрастырады.
Күтілетін нәтиже:
1.Заттардың көлемін, түсін, өлшемін, дыбысын ажырата алады.
2.Алдарына қойған мәселені шешуге үйренеді.
3.Өз бетінше жұмыс жасауға машықтанады.
Бұл әдістің тиімділігі балалар өзін-өзі тәрбиелеуге және ұқыпты болуға
үйренеді.Монтессори бақылаушы ретінде баланың ішкі дүниесімен
таныса отырып, қажеттіліктерін қанағаттандыру жолында көп еңбек
сіңіреді.Айналадағы заттық орта туралы түсініктерін қалыптастыруда
монтессори әдісін жүйелі түрде қолданамын.
Педагогикада мектепке дейінгі әсіресе сәбилік жаста ерекше назар
аударатын түрі- заттық орта. Заттық орта әртүрлі: ақыл-ой, эстетикалық, елжандық,дене,адамгершілік т.б тәрбие түрлерімен қоса жеке тұлғаның
дамуына негіз болады.Соған байланысты заттық ортаны мектепке дейінгі
педагогикалық құрамның бір бөлігі деп айтуға болады.
Заттық ортаны алдымен қоршаған ортадағы болмысты қабылдаумен
түйсіккенегізделеді.Айналадағы қоршаған ортаны, заттар мен құбылыстарды көру,есту қабылдау арқылы өзіндік үрдістер:ес, қиял,
ойлау пайда болады. Бір нәрсені еске түсіру үшін алдымен оны көруіне
есту керек. Адамның ақыл-ойының дамуына қабылдау мәнді рөл атқарады
әртүрлі іс-әрекетте әрқилы тәжірибелік істердің реттеушісі болады.
Көркемдік шығармада заттық ортаның рөлі зор.Мысалы:музыкалық
шығармаларды музыкалық есту қабілетінсіз, бейнелеуді нәзік түстерді
қабылдаусыз,поэзияны жетілген тіл сенімінсіз түсіну мүмкін емес.
Психологиялық дамуда заттық үрдісінің рөлін бағалай отырып, белгілі
Бір біліммен дағдыны меңгеруде баланың жеке қабілетін ескеру өте
маңызды.Ақыл-ой және дене еңбегінің барлық түрлерінде, баланы
болашаққа қоғамдық іс-әрекетке даярлауда, оның сезімдік қабілетін
дамыту қажет ,яғни түстерді, пішіндерді, дыбыстарды дәл және дұрыс
айыра білуге үйрету, қоршаған ортадағы құбылыстардың өзіндік
қасиеттерін дұрыс қабылдау қажет. Сәбилік шақта айналадағы қоршаған ортаның үдемелі дамуы өте маңызды мәнге ие болады.Дәл осышақта
баланың психологиялық дамуының негізі қаланады. dle
Ұқсас мақалалар:
Көмекші  сыныпта  оқытудың  маңыз

Көмекші сыныпта оқытудың маңыз

Көмекші сыныпта оқытудың маңызы Сауаттылықты меңгеру (оқу мен жазудың бастапқы дағдылары)-күрделі психофизиологиялық үдеріс.Оны жүзеге асыру...
Балалардың сөздік қорларын дамыту жолы

Балалардың сөздік қорларын дамыту жолы

Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті...
БАЛАБАҚШАДА ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЛАРЫН ДАМЫТУ ЖОЛЫ

БАЛАБАҚШАДА ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЛАРЫН ДАМЫТУ ЖОЛЫ

БАЛАБАҚШАДА ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЛАРЫН ДАМЫТУ ЖОЛЫ Құрманалиева Гаухар Айталиевна «Алтын сақа» балабақшасы Қарағанды қаласы ...
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТҮРІ – ҰСАҚ МОТОРИКАНЫҢ МАҢЫЗЫ

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТҮРІ – ҰСАҚ МОТОРИКАНЫҢ МАҢЫЗЫ

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТҮРІ – ҰСАҚ МОТОРИКАНЫҢ МАҢЫЗЫ Жоспар: І. Кіріспе бөлім. 1. Бала тілінің...
баланың дамуындағы ойынның психологиялық әсері

баланың дамуындағы ойынның психологиялық әсері

Баланың дамуындағы ойынның психологиялық әсері І. Кіріспе бөлім Білім берудің басты құралы – ойын. Балалық шақ – бала бойына...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру