Тіркелу Сайтқа кіру

Алтын күз

Алтын  күз
Әжібаева Нұрлыгүл

«Ақбота» балабақшасы
«Берекелі алтын күз!»

Жүргізуші:
Қуантып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз!
-Армысыздар құрметті ата-аналар,балабақша қызметкерлері!Баршаңызды бүгінгі «Берекелі алтын күз!»мерекесімен,шын жүректен «Балдырған»тобы құттықтайды!
Бүгінгі берекелі алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастаймыз.
Жүргізуші:Біздің балаларкүз мезгіліжайында жаттағантақпақтарын айтып береді.
Ортаға Шерхан,Әділет,Ағахан,Нұрғиса шығады.
Шерхан:
Алтын,сары,қызыл,көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
Абдурахман:
Алақай,алақай,
Шаттанды балақай.
Мереке алтын күз,
Береке салты күз.
Әділет:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.

Ағахан:
Бүгін мейрам,бүгін той,
Қуаныш қүн,біліп қой.
Күзгі бақтай сыңғырлап,
Алақанды соғып қой.

Ән: «Күз жомарт»
Тосын сәт. Дымбілмес әндетіп кіреді.
Жүргізуші:ой,сен кімсің?
-Дымбілмес:Мен Дымбілмеспін,атым солай болғанмен,тақпақ білемін.Би де билей аламын,далада ойнағанды жақсы көремін.Жапырақтарды жұламын,құстарды,малдарды қуамын.Сабаққа барғым келмейді,тек күні бойы далада ойнағанды жақсы көремін.
Жүргізуші:Дымбілмес,сен қазір жылдың қай мезгілі екенін білесің бе? (Қыс мезгілі)
Жүргізуші:балалар,Дымбілмес дұрыс айтып тұрма,
-Жоқ,қазір күз мезгілі.Күзде күн суытады,жаңбыр жауады.Жапырақтар сарғайып жерге түседі,құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Ойын: «Түрлі-түсті жапырақтар»
Жүргізуші:Енді,балалар,мерекеміздің сәнін келтіретін Күз ханшайымын ортамызға шақырайық!(Осы кезде әуенмен Күз ханшайымы ортаға билеп шығады,қолында күзгі базарлығы бар)
Күз ханшайымы (Тәрбиеші)
Армысыздар,балалар!
Күзгі бақта қонақтар!
Өздеріңе әкелдім,
Күздің сыйын көз тартар.
-Көп рахмет сізге,Алтын күз.(Бәрі хормен)
Күз ханшайымы: Мен Дымбілместің жасап жүрген істерінің дұрыс емес екенін айтып түсіндірейін.Өсіп тұрған ағаштардың гүлдерін,жапырақтарын жұлуға болмайды,үй жануарларын қорлауға болмайды.Сабақтан қалуға болмайды балалар.
Түсіндіңбе Дымбілмес.(Иә)
Дымбілмес:Бұдан былай ақылды бала боламын,Күз ханшайымы мені кешіріңіз.
Жүргізуші:Балалар,әрі қарай ертеңгілігімізді жалғастырамыз.
Би «Балапандар»
Жүргізуші:Күзгі жемістер мен көкөністер адамдардың еңбегімен келеді.Олай болса күздің сыйы болған көкөністерді ортаға шақырайық.
Пияз(Әділет)
Асханадан шықпаймын,
Атым пияз бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып
Тұмаудан да сақтаймын.
Асқабақ(Есенаман)
Күзді күтіп жатамын,
Жиып нәрді бойыма
Асқабақпын,жараймын.
Қауын(Нұрғиса)
Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргендер тамсанған
Балдай тәтті қауынмын.
Қарбыз(Ағахан)
Көрсең егер бақшада,
Доп екен деп қалма.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алма.
Жүргізуші:Күз қуанышы болған жемістерді қарсы алайық.
Алмұрт(Зерделі)
Мен алмұртпын,алмұртпын,
Күзде жинап алатын.
Балбыраған біреуін,
Жесең тойып қалатын.
Алма(Гүлхан)
Менқызыл алмамын,
Мәз болады алғандар.
Жазда әдемі киінем,
Тілді балдай үйірем.
Жүзім(Ақниет)
Мен жүзіммін,жүзіммін,
Моншақ болып тізілдім.
Шие(Інжу)
Шиемін мен шиемін,
Піскенше тон киемін.
Бала келсе қасыма,
Басымды мен иемін.
Өрік(Адема)
Көктемде ерте гүлдеймін,
Кешігуді білмеймін.
Уылжыған өрікпін,
Бау –бақшаға көрікпін.
Жүргізуші: Біз кішкентай балдырған,
Сескенбейміз жаңбырдан.
Төбемізде қолшатыр.
Алдымызда жол жатыр.
Би: « қолшатыр» биі орындайтындар қыздар тобы.
Күз ханшайымы: Балалар ойын ойнағыларың келе ме?
Балалар: иә
Ойын: «Түрлі – түсті жапырақтар».
Жүргізуші: Кезекті бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына берейік.
Нұрғиса. Күздің қазан айында,
Алма,алмұрт піседі,
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр түседі.
Гүлхан. Жапырақтар сап –сары,
Қонып жатыр жерге көп,
Қызықтап бау-баушаны
Шаттанды бал-бөбек
Нұрсая. Күз айы тамаша,
Ән айттық жаңаша.
Би билеп бәріміз,
Қуанайық балаша.
Асылым. Алақай,алақай
Шаттанды балақай.
Күз түсті,дән пісті,
Айтамыз алғысты.
Би «Көңілді балдырғандар»
Күз ханшайымы: Ой балалар, өте өнерлі екенсіздер.Енді мен сендермен қоштасамын.Сау болыңыздар.
Жүргізуші:Құрметті қонақтар осымен «Балдырған» тобымыз «алтын күз» мерекелік ертеңгілігі аяқталды.Назар қойып тыңдағандарыңыз dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру