Тіркелу Сайтқа кіру

Армысың, әз Наурыз!(мерекелік іс-шара)

Қостанай облысы
Аманкелді ауданы
"Жұпар" балабақшасы
"Ертөстік" тобының тәрбиешісі
Немзорова А.С
Армысың, әз Наурыз!(мерекелік іс-шара)

Мақсаты: Қазақ халқының Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін қарсы алу рәсімдерін көрсете отырып, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын балалардың санасына сіңіріп, ұлттық қасиеттерге баулу. Ұлтжандылық сезімдерін ояту. Ұлттық дәстүрге құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: газеттер, нақыл сөздер, киіз үй керегесі, ұлттық бұйымдар.
Барысы: І Кіріспе Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады. Ұлағатты сөздер: «Наурыз құтты болсын!» «Жыл басы - наурыз!» «Наурыз құт әкелсін!» «Құт береке мейрамы Наурыз жасасын!» Залда әсем әуен ойнап тұрады.
Киіз үйде дастархан басында ата мен әже отырады. Залға атпен шауып бала кіреді.
(Күй ақырын ойнап тұрады.)
Нұрмұхамет.
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Естімеген естіңіздер!
Тыңдамаған тыңдаңыздар!
Ауылда той басталды!
Тәрбиеші:
Армысыздар құрметті қонақтар.
Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!
Наурыз тойын жұп жазбай
Қошеметпен қарсы алып.
Досқа құшақ ашайық.
Өлең-жырға басайық.
Қазақтың бір салты деп
Тойға шашу шашайық.
(Әжесі мен Наурыз қыз ортаға келеді. Әжесі шашу шашады)
Наурыз қыз.
Наурыз тойы береке,
Наурыз тойы жыр аңыз.
Қызып дулы мереке ,
Қызық думан құрамыз.
Тәрбиеші :
Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.
Тағы да бір топ қонақтар келе жатыр. Бұлар мен білсем табиғатты дүр сілкіндірген Наурыз ару және Наурыз күні теңелетін Күн мен Түн болса керек.
Күн мен түн келеді.
Әже: Келіңдер шырақтарым, төрлетіңдер.
Күн: Сәулесі көп күнмін,
Түн: Жұлдызы көп түнмін.
Бірге: Бірдей болып біздер,
Теңелерміз бүгін.
Күн: Ұзарамын мен енді,
Түн: Қысқарамын мен енді.
Бірге: Гүлмен жерді жайнатып,
Гүлден, Наурыз сен енді.
(Күн мен түн теңелгенін көрсетеді). Күн мен түн билейді.
Әже: Иә, балалар, дәл осы күні күн мен түн теңеледі екен.
Наурыз қыз:
Айналайын, балалар!
Жаса жаңа заманда,
Бақыт тілеп адамға.
Қудым жерден суықты,
Қырдан салқын бу шықты.
Жайнатамын гүл-гүлді,
Сайратамын бұлбұлды.
Гүл жайнаған көктемде,
Гүлден сыйлық көп менде.
(Қонақтарға гүл шоқтарын тартады.)
Тәрбиеші:
Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мейрамы,адам баласымен табиғат ана қайта жаңғырып ,түлейтін –әз Наурызбен шын жүрегімнен құттықтаймын!
Күллі шығыс жұртына ортақ мереке Наурыздың тарихы тым тереңде жатыр.Күн мен түн теңелетін ,ырысы мол мереке біздің жан –дүниемізді шуаққа бөлейді,ой ниетімізді таза арнаға бұрады.Бұл кешірім мен мейірімнің ,үміт пен сенімнің ,ізгілік пен түсіністіктің мерекесі.Бұл күні біз өткен жылда жасаған жұмысымызға есеп беріп ,келешекке жоспар құрамыз,тәуелсіз еліміздің өркендеп өсуі жолында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз.Наурызда айтылған барлық тілек қабыл болады деген де наным бар.




Наурыз күні той-думан,
Ортамызды ашайық.
Әнімізбен халыққа,
Інжу-маржан шашайық.
Ән: «Наурыз жыл басы»
Орындайтын :Балтабаева Марал

Жүгіріп бала кіреді: Сүйінші, сүйінші! Қыдыр ата келеді.

Әже: Хош келдіңіз Қыдыр ата, төрлетіңіз. Дастарханға келіңіз.

Қыдыр ата: Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
(Қыдыр ата төрге шығады)

Балалардың тақпақтары.
Диана
Би биледік бәріміз
Егін өңін толқытқан
Елдің көңілін шалқытқан
Бас иеміз наурыз
Толғанай
Қош келіпсің наурыз
Арман тойы халықтың
Қуанышы халықтың
Құтты болсын қадамын
Ұлданай
Сені тойлап қарсы алып
Бар әлемге жар салып
Сәлем бердік біз сізге
Гүлсін
Уа ,ағайын халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың.
Наурыз тойын бастайық!
Тәрбиеші:
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып басып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Құрметті қонағымызға әдемі биімізді ұсынамыз.

Би:»Испан» биі
Орындайтын : Айгөлек тобының тәрбиеленушісі Айзере ,Жанель


Тәрбиеші:
Наурыз жырын жырлаймыз
Онымен де тұрмаймыз.
Шыңдалып жеткен бұл күнге,
Ел дәстүрін сыйлаймыз.

Наурыз мерекесі ұлттық мерекеміз болғандықтанда өз ұлтымыздың салт-дәстүрін айтпай кетпеске болмас. Салт-дәстүрлерінің ішіндегі бала тәрбиесіне байланысты тәрбие дәстүріне тоқталсақ. Тәрбие дәстүрі.Салт-әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне,ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып,өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі.Қазақтың салттарын ата-аналарымыз қаншалықты білетінін тексеріп көрелік.
(Қоржыннан сұрақтар таңдалып алынады.Ата-аналар жауап береді.)

1.Шілдехана(салт).жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той.
2.Кіндік кесер(салт). Нәресте туған сәтте оның кіндігін әйелдер(кіндік шешесі) дайын тұрады.Кіндік кесу-мәртебелі, абыройлы іс.
3.Бесікке салу(салт). Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті,киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.
4 .Тұсау кесер(салт).Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.
5.Базарлық(дәстүр) -алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес,көрші-көлем,жас балалар, сыйлас адамдарына) әкелген сыйлығы.
6.Байғазы(дәстүр)-балалардың, жастардың жаңа киім үшін берілетін ақшалай,заттай сый.
7. Асату (дәстүр).ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.
Тәрбиеші:
-Мінекей көптеген салт-дәстүрлерімізді біліп біраз мағлұмат алдық. Енді ата-аналарымыз ұлттық салт дәстүрден әр түрін көрсетпекші. Барлығымыз тамашалайық.
Апай сізге арналған каде сыйымыз бар.Қабыл алыңыз.
Тәрбиеші :Тұсау кескен апайға каде сый беру.
Бесікке салған апайға каде сый беру.
Шілде судан шығарған адамға каде сый беру.
Әже: Міне, Наурыз мерекесінің қасиетті тағамы Наурыз көже дайын болды. Бұл көжеге жеті түрлі дәм салып әзірленеді.. Наурыз күні көже мол болса, сол жылы тоқшылық болады. Наурыз дәмін татқан адам олжалы болады. Алыңдар, көжеден алыңдар.
(Балалар көжеден ауыз тиеді).




Тәрбиеші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен жақсы күй
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.
Ән :»Бипыл »
Орындайтын:Ажар,Айда,Толғанай

Тәрбиеші:
Су жылтырап бүршік ашқан жас талдан,
Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.
Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,
Бар тіршілік Наурыздан басталған!

Би :»Аспазшылар»
Орындайтын:Ұлдар тобы

Айгөлек тобының тақпақтары.
Тәрбиеші :
Қазақтың мың бұралған биі қандай
Әсемдік әлемінен құйылғандай
Сахнаға шыққанда сұлу қыздар
Тағаты көрерменнің тиылғандай
Би : «Жұпар »би тобы

Тәрбиеші: Ұлыстың ұлы күні ұлы адамнан бата алса, сол жылы олжалы болады дейді. Ата, батаңызды беріңіз. Бұрынғы ата бабаларымыз бата жасап бет сипайды екен.
Қыдыр ата:
Тұрсын бата береді.Шапан болу керек.
Наурыз құтты болсын.
Ұлыс бақты болсын,
Дендерің сау болсың.
Ақ мол болсың,
Бәле жала жерге енсің.
Құт береке әкелсің,
Қайда барсаң ,жол болсың!
Амин!!!
Наурыз қыз ,Күн мен Түн кетеді Қыдыр атамен.
Тәрбиеші:
Хош болыңыз, Наурызымыз ардақты,
Халқым саған бар үмітін арнапты.
Жылда осылай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты!

Қыдыр ата: Хош болыңдар, балалар! Мен енді басқа ауылға барып ақ дастархандарына бата берейін. Наурыз қыз, Күн, Түн жүріңдер бірге ел аралап, жақсы тілек айтайық. (Шығып кетеді)
Наурыз қыз ,Күн мен Түн кетеді Қыдыр атамен.
Тәрбиеші :
Ерітіп қарын даланың,
Жинатып гүлін саланың.
Жетелеп жұмсақ самалын
, Келді Наурыз – жыл басы.
Күлімдеп қарап күміс күн,
Аспаның бүркіп пүліш түн.
Ұлы күні Ұлыстың,
Келді Наурыз – жыл басы!
Хор: «Наурыз - думан»

Тәрбиеші :
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын,бақыт әкелсін!
Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің,ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы –көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке.
Наурыз –көктемгі жаңарудың,махабаттың,ақ пейіл мен татулықтың мерекесі.Ол –өткенді саралап,болашағымызды болжайтын ерекше кезең.
Отанымызға –береке,халқымызға –игілік,мемлекетімізге –молшылық,ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін.
Армысың ,әз Наурыз ! атты мерекелік ән шашуымыз осымен аяқталды.
Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге мыңда бір алғыс!!!
Еліміз өркен жайып ,Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін! dle
Ұқсас мақалалар:
Жыл басы - Наурыз!

Жыл басы - Наурыз!

Жыл басы -Наурыз! Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге ...
Қош келдің, Әз-Наурыз!

Қош келдің, Әз-Наурыз!

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы №9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шамуратова Бибигул Ивановна Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы...
Наурыз – берекем, наурыз - мерекем !!!

Наурыз – берекем, наурыз - мерекем !!!

Наурыз – берекем, наурыз - мерекем !!! Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу,...
Жыл басы - Наурыз!

Жыл басы - Наурыз!

Жыл басы - Наурыз! Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру, алаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге...
ЖЫЛ БАСЫ НАУРЫЗ

ЖЫЛ БАСЫ НАУРЫЗ

ЖЫЛ БАСЫ НАУРЫЗ! Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру