Тіркелу Сайтқа кіру

ҚатынасЫнтымағы жарасқан, туған өлкем- Қазақстан

Ескелді ауданы әкімдігінің «Балапан»                                          

балабақшасы мемлекеттік коммуналдық                       

қазыналық кәсіпорны  «Қарлығаш»  

тобының тәрбиешісі

Жакупбекова Аида Ерғизатқызы

              

 

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Білім көздері:  Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем- Қазақстан»
Мақсаты: «Құрмет», «Сүйіспеншілік», «Достық», «Ынтымақ» құндылықтарының маңызын түсіндіру. Сыйластық, татулық, бақыт ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту. Өзара жағымды қарым-қатынасты дамыту. Өзара достыққа, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстанның рәміздерінің суреттері, елімізде тұратын ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерімен суреттері, Қазақстан картасы,  жүрекше,бейбітшілік құсы,күн,әртүрлі гүлдер суреттері. 
Әдіс-тәсілдері: «Шаттық шеңбері», «әңгімелеу», «Дәйек сөз», «шығармашылық жұмыс», «сергіту сәті», «тыныштық сәті», «жүректен-жүрекке»

Оқу іс -  әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотевациялық қозғаушылық

«Шаттық шеңбері»
Бір шаңырақ астында,

Тату – тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құраймыз.

Балалар шаттық шеңберін құрып,

өлең жолдарын айтады.

Ұйымдастырушылық -  ізденістік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

- Дұрыс айтасындар балалар, ал енді осы айларда қандай мерекелерді тойладық?

 

- Иә балалар,  мамыр айында да мерекелер көп. Мамыр айының алғашқы мерекесі «1 мамыр – достық, ынтымақ, бірлік күні».
-Балалар, бүгінгі іс-әрекетіміз біздің көңіл күйімізге байланысты.Олай болса бүгінгі сәтті күніміз үшін бір-бірімізге жылы лебізімізді арнайық.
-Балалар, сендердің тілектерің қандай тамаша,рахмет сендерге.
-Балалар, жана біз бір-бірімізге тілек арнағанда бақыт деген сөзді айттық.
-Шынымен «Бақыт»деген не ?
Сендер қалай түсінесіңдер?
-Дұрыс Отан,Ана,Туған жер т.б.
-Өте тамаша .Мінекей балалар ата-аналарыңның бақыты сендер екенсіңдер.Сондықтан да ата-анамыздың тілін алып оларға қолқанат болу сендердің міндеттеріңде екен
-Балалар біз қандай елде тұрамыз?
-Елімізде қандай ұлттар тұрады?
(Қазақстанда тұратын ұлттар суреттерін көрсету)
-Біз олармен қандай қарым-қатынастамыз?
-Дұрыс балалар біздің еліміз көп ұлтты мемлекет қатарына жатады.
Біз қазақ елі олармен әрқашанда достық қарым-қатынастамыз.
Олар біздің елімізде тұрса да өз тілдерінде сөйлеуге,салт-дәстүрін сақтауға ерікті. Сонымен бірге олар біздің елімізде туып өскендіктен менің елім - Қазақстан деп айта алады.
-Жер шарын,Жер ананы ардақтап көтеру дегенді қалай түсінесіңдер?
-Дұрыс айтасыңдар балалар Жер шары ол біздің мекеніміз, тұратын жеріміз,суымыз көліміз,орманымыз тауымыз.
Әркім өз Отанын құрмет тұтып қадірлеуі тиіс.
                                            

«Сергіту сәті»
-Дөңгелене тұрайық
Керегені құрайық
Уық болып иіліп,
Шаңырақ болып киіліп
Достық үйін құрайық
                                                 


«Шығармашылық жұмыс»
«Туған еліме тілегім»
Қазақстан картасының суретін тақтаға іледі.
Балалар алдына гүл, күн, көгершін суреттерін үлестірмелі түрде тастайды
Өздері таңдаған суретті Қазақстан картасының бетіне жапсырып не себепті сол суретті таңдағанын тілегі арқылы білдіреді.
                                              

 «Тыныштық сәті»
-Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да боладыАуаны терең жұтып терең тыныс алыңдар.  Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап бақытқа, махаббатқа толы таза ауаның бойларыңа толғанын сезінесіңдер.
Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

«Жүректен-жүрекке»
«Мен өз Отанымды мақтан тұтамын»
Тәрбиешімен бірге орындайды
«Мен өз Отанымды мақтан тұтамын» сөзін қолдарын жүрек тұсына қойып бірнеше рет қайталайды.

- Көктем

- 3ай бар.

 

- Аналар мерекесі, наурыз (жаңа жыл) мерекесін, ғарышкерлер күні.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өз ойларын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

- Қазақстан.

- Орыс, татар, шешен, кәріс т.б

Рефлексиялық - түзетушілік

 

- Балалар ,біз бүгін не туралы әңгімелестік?
Кімдер туралы білдік?
Сендерге не ұнады?

Балалардың жауаптарын тыңдап,қорытындылау.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: мерекелер туралы мәліметтермен танысады

Игереді: есте сақтау қабілеттерін дамытады.

Меңгереді: әр ұлттың салт – дәстүрін меңгереді.

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру