Тіркелу Сайтқа кіру

Мектепке дейінгі ұйымдарда ағылшын тілін оқытуда ойын технологиясының маңыздылығы

Түркістан қаласы,  “Мереке” МКҚК

балабақшасының ағылшын тілі мұғалімі

З. Ж. Зайнилова.

 

Мектепке дейінгі ұйымдарда ағылшын тілін оқытуда ойын технологиясының маңыздылығы


          
Қазақстан әлемдік қауымдастыққа екпіндеп басып келеді және өзінің алдына жоғары даму мақсатын қояды. Әлем барынша әртүрлі және көптілді болып келеді, және көптеген балалар бір тілден  артық тіл қолданатын ортаға түседі.  Уақыт талабына сай, саясы тар мақсаттағы сапалы білім емес, шет тілдерді үйренуге дәл осындай қырынан қарау керек.

Мектепке дейінгі ұйымның бітірушісін тәрбиелеуде ана тілімен тең және басқа шетелдік тілдерде білім үлкен рөл атқарады. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев айтқандай: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі».

  Қазіргі қоғам мәселелерінің бірі тек қана экономикалық жағдайға бейімделген тұлғаны тәрбиелеу емес, сонымен бірге нақты заманға лайық белсенді жеке тұлғаны қалыптастыру.
Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес елдегі беделді тілдің бірі – халықаралық қатынастағы ағылшын тілі болып саналады. Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Ағылшын тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертуді талап етеді. Ал ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен.

 

 

Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту сәбилердің коммуникативті даму біліктілігін арттырады, қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көптілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Ағылшын тілінде қатынас жасау мақсатқа сай болуы тиіс. Баланың шет тіліндегі сөздерді қабылдауының оң ыңғайын жасау керек. Сол оң жағдай жасаудың бірден-бір тәсілі ойын болып табылады. Ойын-баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы. Мектепке дейінгі жаста ойын әрекеті жетекші әрекет екенін ескере отырып, балалар өзінің жеткен нәтижесін ертерек көру үшін ұйымдастырылған оқу-іс әрекеттерімді көбіне сөйлеу қабілетін дамытуға бағытталған ойын формасында өткізу өте тиімді. Ойын тілді әр жаста тез меңгеруге өте жақсы жағдай жасайды әрі көмектеседі.
       Балалармен жұмыс тәжірибесінде ағылшын тілін оқытуға бағытталған әр түрлі ойындарды кеңінен қолдануға болады: ережеге негізделген ойындар, рөлдік, білім тереңдету ойындары, лингвистикалық ойындардың әр түрлі нұсқалары. Ойынды сабақтың әр кезеңінде пайдалануға болады. Мысалы, ұйымдастыру бөлімі кезінде фонетикалық рифмовка алуға болады. Бұл кезеңде балалардың сабаққа қызығуын жоғалтып алсақ, олардың тілді әрі қарай меңгеруі қиынға түседі. Сондықтан, сабақ арасында ойын элементтерін қолдану сабаққа қызығуын, белсенділігін, ойлау қабілетін дамытуға, жаңа сабақты пысықтау кезеңін сапалы өткізуге материалды толық меңгеруге көмектеседі.
       Ағылшын тілін оқытуда ең негізгі орын фонетика екенін ескере отырып, фонетикалық әдісті белсенді қолдану маңызды болып табылады. Балаларды дұрыс айту жаттығулары шаршатпауы үшін және де ҰОІӘ көңілді әрі қызықты өту іүшін фонетикалық жаттығулар ойын түрінде қолданылғаны жөн деп ойлаймын. Мысалы, фонетикалық жаттығуды әр түрі тіл ұстартуға арналған тақпақтар айтқызу, ертегі айтып беру, ойындар ойнату арқылы жасатуға болады.
        Жаңа сөздер енгізгенде 4-5 жастағы балалардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне аса зор мән беріледі. Бұл жаста балалардың сөйлеуі сезім мүшелерінің заңдылықтарына бағынады. Ашық, түрлі-түсті көрнекілік кіші жастағы балаларды оқытудағы таптырмас көмекші болып есептеледі. Жаңа сөзді суретпен, немесе әсем көрнекіліктермен байланыстыра отырып түсіндірсе, оны белгілі бір іс-әрекетте қолданылып көрсетілсе бала өте тез меңгеріп кетеді. Бала бір сүретті қайталап көре беруден жалығады, сондықтан көрнекіліктерді тез-тез ауыстырып турудың да маңызы зор.

Ұйымдастырылған іс-әрекеттерді 5-7 жастағы балаларға саусақ ойындарын кіріктіріп  өтуде оң нәтиже береді. Себебі саусақ ойындары арқылы баланың ұсақ қол моторикасы және ой-өрісі дамиды.

Ағылшын тілін оқытуды мектепке дейінгі мекемелерден басқа, отбасы ортасында да жүзеге асыруға болады. Бұл үшін педагогикалық білімнің болуы міндетті емес, жайғана үй жағдайында балалармен дидактикалық ойындарды ұйымдастырып өткізу ғана жеткілікті, мысалы ас дайындау, немесе серуен кезінде белгілі бір заттарды ағылшын тілінде атауын қайталату. Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен байланыста ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне, ертеңгіліктерге, пікір алмасу мақсатында дөңгелек үстелге шақырылады, сауалнамалар жүргізіледі, ақыл-кеңестер және үйге жеке тапсырмалар беріледі.

Ағылшын тілінде жұмбақтар, сөзжұмбақтар, лото, лингвистикалық ойындар, бөлмедегі жиһаздарды орнына қою, дүкендерді аралау, телефонмен сөйлесу, т.б. түрінде де ойналады.

 

Ағылшын тілін ерте жастан оқытуға арналған ойындар

 

 

 «Өрмекші» саусақ ойыны

Ойынды сергіту сәтінде қолдануға болады.

Ойынның барысы: Бірінші ойыншық өрмекшіні көрсетіп: «It’s a spider ... spider... spider. It has got many legs. These are legs ... legs» депайтамыз.Балалардыңдаосысәттібіргеқайталауынамүмкіндікбереміз: «Legs, spider». Show me your hand. This is a spider. Spider is climbing,climbing,climbing (өрмекшініңқолдарыөрмелепжоғарышығадыдепкөрсетеміз) and falling down! (төменгеқарайқұлайды!) Ойынкезіндеөрмекшініңжақсыөрмелейтінін, жәнеоқыстақұлапкеткендеолөлмейтінінайтакетукерек. 

 

"Volchevny mirror" (сиқырлы айна).

Мақсаты: Зейінді дамыту.

Айнадан ойыншық-аңдардың бейнесі біртіндеп балаларға көрсетіледі. Содан соң сиқырлы айнадан бірнеше аңдар бір мезгілде көрсетіледі. Балаларға сұрақтар қойып, нені көргенін және оның санын сұрау керек: I see a dog. I see five dog.

 

“Clap you`r hands” -  Қол соғу

Мақсаты: Тез, дәл қимыл жасау, есту қабілетін жетілдіру, ретімен санауды, қанша, қанша болса сонша ұғымдарын қалыптастыру.

Қажетті құралдар: Педагогтың және әрбір баланың алдына тілі бар дөңгелек.

Ойын барысы:1-нұсқа: Педагог қол соғады. Балалар санайды. Ортаға шақырылған бала педагогтың неше рет қол соққанын айтуы немесе дөңгелектің тілін саны сонша қара дөңгелекшелер тұрған бөлікке қаратып қоюы тиіс.2-нұсқа: Ойын күрделенеді. Балалар үндемей, қол соғу санын есептейді, әрқайсысы дөңгелек тілін өздігінен жылжытады. Педагог қатарларды аралап, ойын ережесінің дұрыс орындалуын тексереді.Ойын екі-үш рет қайталанған соң, қорытындысы шығарылады. Ойыншылары қателеспеген қатар ұтып шығады.

 

 The Family (саусақтармен ойын)

This is our mother,

This is our feather,

This is our brother tall,

This is our sister,

This is our body,

Oh, how we love then all!

 

Is it true or not?

Мақсаты: Заттардыңсипаттамалыққасиеттерінажыратабілугеүйрету. Сөздікқорындамыту.

Ойынбарысы: Ойындыдоппенойнауғаболады. Педагогбалалардыңбіреуінедоптылақтырып, сөзтіркесінайтып «Isittruenot?» депсұраққояды.

Мысалы: Yellow lemon.Pink piggy.Orange bear.Brown monkey.White snow.Red crocodile.Purple mouse.Greengrapes. Grey elephant. Purple cucumber.

 

Simon says

Бұл ойын түрі өте қызықты және қимыл-қозғалыс ойны. Ойын шарты мынада: Жүргізуші балалардан бір әрекет жасауын сұрайды, Бірақ егер жүргізуші «Simon says» десе орындайды, айтпаса орындамайды. Мысалы:

T.: Simon says “Sit down!” (балаларотырады)

T.: Stand up! (балалартұрмайды)

 

Clap the sound

Мақсаты: Белгілі бір дыбыстары бар сөздерді табу. Балалардың сөздік қорын дамыту. Дыбыстар туралы білімін бекіту.

Ойынбарысы: Педагог дыбысты айтады, содан соң сөздерді айтады. Егер сөздің ішінде берілген дыбыс болса - бала қолын шапалақтайды, егер дыбыс болмаса – қолдарын шапалақтамайды.

Мысалы: «B»дыбысы – butter, cucumber, brother, cat, mother.

 
     Қорытындылай келе, ойындар балалардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез - келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңіл - күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге көмектеседі. Тақырыпты ашу барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі қолданылып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана педагогтың тақырып мақсатын ашуына мүмкіндік береді. Ал, дұрыс таңдау үшін балалардың психологиялық және жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін білу керек. Тек қана осы жағдайда ғана, біз күткен нәтижелерімізге қол жеткізе аламыз. Тиімді қолдана білген кез келген технология білім сапасын арттыратыны хақ. Дамыған елу мемлекеттің қатарына кіру үшін білімді ұрпақ тәрбиелейік. Себебі, Қазақстанның болашағы білімді ұрпақтың қолында. Қазіргі жастар - ертеңгі Қазақстанның болашағы.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1.     Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беру  тұжырымдамасы// Қазақстан  жоғары  мектебі. – 2004. - №1

2.     2. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан  халқына Елбасының  жолдауы. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» - 2007. - 28 – ақпан

3.       Үш тілдегі дидактикалық ойындар жинағы. Әдістемелікқұрал. Астана. 2013ж. 3-5 б.

4.      Кадыргалиева С.И. Есбергенова Г. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне оқыту. Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті. 2011 ж. 10-14 б.

5.      Верещагина И.Н.Рогова Г.В. «Методика обучения английскому языку на начальном этапе в общеобразовательныхучреждениях.»

6.      English. Play and Learn. №7/2006 ж.

10.    Мектептегі шет тілі журнал   №1  ( 31)қаңтар-ақпан   2008 ж.10-11 б. 

11.    Құлжанова.Н. Ойын  мақсатын талдау  және  ойын  мәні// Қазақстан  мектебі.- 2001.- №1.б.

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру