Тіркелу Сайтқа кіру

«Қыс қызығы»

Сабақтың мақсаты: Әнді сезіммен, мәнерлеп нақышына келтіріп айтуға  және би, музыкалық ойын әрекеттерін  орындауға  дағдыландыру.

Көрнекілік  құралдар: Шыршалар, қарлар, қысқы көрініс суреті,  үнтаспа.

Аудиоқұралдар:  Магнитафон.

Қатысушы  кейіпкерлер:

Жүргізуші  -  музыка  жетекшісі

Қыс ата  -  тәрбиеші      

Хат тасушы Мақтақыз  -  тәрбиеші

Аққала  -  тәрбиеші

                                        Оқу  іс – әрекетінің  жүрісі

Көңілді  әуенмен, сәнді  киіммен  балалар  безендірілген залға кіріп, шеңберге тұрады.

Музыка жетекшісі: Салематсыздар ма  балалар!

Балалар: Салематсызба!

Музыка  жетекшісі:  Балалар  қараңыздаршы  біздерге  көп  қонақтар  келіп  отыр  екен, кәне қонақтармен амандасайық.

Бәрі  бірге:  Салематсыз ба!

Музыка жетекшісі:  Бір-бірімізбен амандасқан қандай тамаша. Далада ауа райы керемет. Күн аязды, қар күнге шағылысып ұшқындайды. Күн бізге өзінің жылуын, жарығын, күлкісін сыйлап тұр. Ендеше балалар, бізде өзіміздің мейірімді күлкімізді сыйлайық.

                                           Салематсызба  алтын  күн,

                                           Салематсызба  көк  аспан.

                                           Салематсызба  самал  жел,

                                           Салематсызба  емендер.

Музыка  жетекшісі:  Балалар, біздер  бір-бірімізбен амандастық, енді өз орнымызға отырып жайғасайық. (балалар әуенмен орындыққа жайғасады).

Музыка жетекшісі:  Балалар назар аударып қараңыздаршы, біздің залымыз «қыс-қызығымен» безендірілген. Барлық жерде қарлар жатыр, әдемі, сәнді шыршамыз тұр. Ал сіздерге ұнайдыма, қуаныштысыңдар ма?

Балалар:  Иә.

Музыка жетекшісі:  Қыс айында не жасауға болады?

Балалар:  Қармен ойнаймыз, аққала жасаймыз, шанамен сырғанап ойнаймыз.

Есікті қағып әуенмен залға хат тасушы  Мақтақыз келеді.

Хат тасушы Мақтақыз: Салематсыздарма  балалар!  Салематсыздарма  қонақтар! Мен көңілді хат тасушы Мақтақызбын.Ал бұл балабақшама? Сендер «Мақтақыз бен  Мысық»

 

ертегісін білесіңдер ме?

 

Музыка жетекшісі: Балалар, кәне хат тасушы Мақтақызбен амандасайық.

Балалар: Салематсызба  Мақтақыз!

Музыка жетекшісі:  Иә, сіздікі дұрыс. Бұл «Айгөлек» балабақшаасы. Біздің балабақшамыздың іші  толған балалар.Біздің балаларымыз өлең айтқанды, би билегенді, қонақты қарсы алғанды жақсы көреді.

Хат тасушы Мақтақыз:  Көріп тұрмын, барлығыңыз әдемі, сәнді болып киінгенсіңдер, қандай көп қонақтар жиналған. Ал мен сендерге жедел хат алып келдім.

Музыка жетекшісі:  Балалар, хат тасушы Мақтақызға рахмет айтайық.

Балалар:  Рахмет.

Хат тасушы Мақтақыз:  Ал енді менің кетуім керек, себебі менің әлі көптеген хаттарым бар, оларды таратып үлгеруім керек. Далада қар қалың.  Сау болыңыздар балалар.

Балалар:  Сау болыңыз.

Музыка жетекшісі:  Балалар, кәне жеделхатты оқиық, оны бізге кім жіберді екен?

                          Салематсыздарма   құрметті  балалар!

Менің сендердің балабақшаларыңызға барғым келеді және сендерді қонаққа шақырғым келеді. Әуелі, сендер менің жұмбағымды шешіңіздер.

                                 Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

                                 Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

                                 Үсті, басы ақ-қырау түсі суық,

                                  Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Музыка жетекшісі:  Бұл кім екен балалар?

Балалар:  Қыс ата.

Музыка жетекшісі:  Ал енді бәріміз бірге,  қонаққа Қыс атаны шақырайық.

Балалар:  Қыс ата бізге қонаққа келіңіз. (әсем әннің әуенімен  залға Қыс ата кіреді).

Қыс ата: 

                               Борандатып  аққарлатып,

                               Арқаланып  қыс  келді.

                               Ақ көңілмен, пәк көңілмен,

                               Сендерге сәлем береді.

Балалар сендер мені қонаққа шақырдыңдар ма?  Міне менде келдім сендерге.  Мен сендермен ән айтқанды, би билегенді, ойын ойнағанды жақсы көремін.

Музыка жетекшісі:  Салематсызба Қыс ата!

Біз сіздің қонаққа келгеніңізге өте қуаныштымыз. Біздің балаларымыз сізді әсем әнмен қарсы алады.

                                         Ән:  «Ақша қар» сөзі: Қ.Жәленова, әні:  Е.Өміров.

Қыс ата:  Балалар сендердің әсем әндеріңізге көп-көп рақмет. Ал менің ақшақарларым қайда екен?

                                          Би:  «Ақшақарлар  биі».

Қыс ата:  Балалар  мен сендерге көп жұмбақ  алып келдім, сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме?

Балалар:  Иә, жақсы  көреміз.

                                                   1 Мамықтай  ұлпа,

                                                      Қанттай  ақ.

                                                      Қыста  жер  бетін  басады,

                                                      Жазда  сайға  қашады.        (Қар)

                                                     

                                                    2. Отқа  жанбас, суға  батпас.  (Мұз)

 

                                                   3. Аяғы  жоқ, қолы  жоқ,

                                                       Жүретұғын  жолы  жоқ.

                                                       Мінезі де  жеңілтек,

                                                       Тіл  алмайтын  бір  тентек   (Жел)

Муз жетекшісі:  көңілді  жұмбақтарыңызға көп-көп рақмет Қыс ата.  Сіз кішкене отырып демалыңыз.

Музыка жетекшісі:  Балалар мен сендерге енді қыстың сиқырлы суреттерін көрсетейін. Суретке  қарап  «Қыс  несімен  ұнайды?»

  1.       Ұлпа қарымен ұнайды.
  2.       Қыста жаңа жыл мейрамы болады.
  3.       Қыста шанамен ойнаймыз.
  4.       Қыста Аязата мен Ақшақарқыз болады.
  5.       Қыс-қызығымен  ұнайды.

 

 Залға, әуенмен билеп Аққала кіреді.

Аққала:  Салематсыздарма  балалар!  Мен сіздердің дауыстарыңызды естіп, сіздерге қонаққа келдім.

                                                     Мың түрлі  айламенен,

                                                    Мені  соқыр  қылдыңдар.

                                                    Қолыма  сыпыртқы  алып  беріп,

                                                     Мұрныма  сәбіз  қойдыңдар.

Музыка жетекшісі:  Аққала  сіз ренжімеңіз, біздің балаларымыздың сізге арнаған әсем әні бар.  Кәне әнді тыңдап көңіліңізді  көтеріңіз.

                                    Ән:  «Қыс  қызығы»

Музыка жетекшісі:  Аққала сізге біздің әніміз ұнадыма?

Аққала:  Әрине  ұнады,  өлеңдеріңіз тура мен туралы айтылған екен, мен өте ризамын.

Музыка жетекшісі:  Аққала, сен біздерді қолыңдағы сыпыртқымен ойнатқың келмей ме?

Аққала:  Менің қолымдағы сыпыртқы біреу, ал балалар көп қой.

Музыка жетекшісі:  Ендеше балалармен қосылып сиқырлы сөз айтайық.

 «Унды, фунды  превращумбы» - кәне балалар тағыда бәріміз қосылып айтайық.

(Осы сөзден кейін Аққала екінші сыпыртқыны көрсетеді).

Музыка жетекшісі:  Ал енді біздердің екі командаға бөлінуіміз керек.

                          Бірінші  команда    «Қыс  ата»

                          Екінші   команда    «Аққала»

Ойынның  барысы:  Балалар  сыпыртқыны аяқтың арасына қыстырып., кубикке дейін жүгіру және кейін қарай командасына дейін тез жету. Әуелі  Қыс ата мен Аққала өздері ойнап көрсетеді, содан кейін балалар ойнайды.

Қыс ата:  Балалар, мен бүгін өте көңілдімін, сендер маған ән айттыңдар, би биледіңдер және ойын ойнадық.  Сендерге көп-көп рақмет.  Енді менің кететін уақытым таяп қалды.

 

 

Аққала:  Бізді енді келесі жылы қонаққа күтіңіздер, біз міндетті  түрде қызықты ойынымызбен, қыс қызығымен келеміз.

Музыка жетекшісі:  Балалар, кәне қонақтарымызға келесі кездескенше сау болыңыз деп айтайық.

Қыс ата және Аққала қоштасып шығып кетеді.

Музыка жетекшісі:  Осымен бүгінгі  «Қыс  қызығы»  тақырыбына арналған ашық оқу іс-әрекетімізді аяқтаймыз.  Балаларымыздың  топқа баратын  уақыты  таяп  қалды.                                          

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру