Тіркелу Сайтқа кіру

Қош келдің, Жаңа жыл.

Атырау облысы. Қызылқоға ауданы.
Миялы селсы.
Жасұлан балалар бақшасы.
Телманова Әсия.

Қош келдің, Жаңа жыл.
Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем
безендірілген залға балалар қол ұстасып кіреді.
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті ата-аналар, қымбатты балалар, балабақша ұжымы! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласыды,
Қуанышы қөп болсын жаңа жылда-дей отыра,1- сәбилер Балапан тобының «Қош келдің, Жаңа жыл» атты жаңа жылдық кешімізді бастаймыз.
Іңкәр: Киіндік ұл мен қыз,
Ақ болып, жан болып.
Танымай тұрсын деп,
Досымыз таң болып.

Кәусар: Жаңа жылмен, жаңа жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Папамызды, мамамызды,
Қонақтардың бәрінде.

Мейірлан: Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Келді сұлу шыршамыз,
Көптен күткен сағынған.
Тәрбиеші: Ән: « Жаңа жыл келді».
Тәрбиеші: Балалар енді жаңа жыл мерекемізге Аяз атаны шақырайық.
Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! Аяз Ата!- деп айғайлап шақырады.
Аяз Ата: Амансыңдар ма, балаларым?
Балалар: Сәлеметсіз бе Аяз Ата.
Тәрбиеші: Алыстан шаршап келдіңізғо, отырып деміңізді алыңыз. Балалар, міне, бізге бүгін Аяз ата мен Ақшақар қонаққа келді.
Аяз Ата: Балалар шыршаларың әдемі екен.Маған кім тақпақ айтып береді.
Кәусар: Аппақ тонға оралып,
Базарлықты мол алып,
Келді алыс сапардан,
Аяз Ата оралып.
Айбарша: Жаңа жылға сәніміз,
Біздің айтар әніміз.
Келдің бе аман алыстан,
Сәлем Аяз атамыз.
Мейірім: Аяз Ата аппақ,
Кәмпиттері тәтті-ақ.
Маған кәмпит көп берсең,
Тағы айтамын тақпақ.

Алихан: О, алақай тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Жаңа жылда бәріміз.
Ән айтамыз жаңаша.

Аңсар: Қызыл ала шапаны,
Сағындым Аяз атаны.
Жылдамырақ келсе екен,
Бізге сыйлық берсе екен.
Аяз Ата: - Жарайсыңдар балаларым.
Тәрбиеші: Балалар ойын ойнағыларың келе ме?
Балалар: Иә.
Тәрбиеші: Ендеше « Кім көп қар түйіршіктерін жинайды» деген ойынды ойнайық.
Тәрбиеші: Бәрекелді балалар!
Жаңылсын: Аппақ, аппақ қар аппақ,
Аппақ,аппақ дала аппақ.
Қырау, қырау тал аппақ,
Айналаның бәрі аппақ.

Айсана: Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шапаны,
Сағындым аяз атаны.
Аяз Ата: Бәрекелді қандай керемет! Сендер билей білесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Тәрбиеші: Би:«Жаңа жыл ».
Аяз Ата: Жарайсыңдар!
Шырша артында сылдырмақты сылдырлатып Күлдірген тығылып тұрады.
Тәрбиеші: Көңілді Күлдірген, біз сені көріп қойдық, кәне ортаға шық.
Күлдірген жүгіріп шығады.
Күлдірген: Амансыздар ма Аяз ата, Ақшақар, балақандар. Мереке құтты болсын.
Тәрбиеші: Көңілді Күлдірген, мереке күні көрсететін қандай өнерің, тартуың бар.
Күлдірген: Балалар мен сендерге билеп берейін.
Кәне, балалар бірге билейік.
Аяз Ата: Кәне, балалар тағы кімдер тақпақ айтып береді.
Сәкен: Мерекеге келдік,
Тақпақ айтып бердік.
Ойыншықтарын тізген,
Шыршаны да көрдік.

Абдолла: Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Жадырап бар бала жүр.
Нұрдана: Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Рустам: Қала нұр, дала нұр,
Құтты болсын Жаңа жыл.
Арсен: Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жаңа жыл.
Ата-әже, ата-әже,
Құтты болсын жаңа жыл.
Тәрбиеші: Ән: « Шырша жыры »
Тәрбиеші: Балалар енді біз «Шалқан» ертегісін тамашалайық.
Күлдірген: Аяз Ата пимаңыз қандай әдемі. Беріңізші киіп көрейін.
Аяз Ата: Өзі сондай жылы, әдемі таптырмайтын пима. Абайла жоғалтып алма.
Аяз Ата пиманы лақтырады.
Күлдірген пиманың соңынан жүгірген болады, пима жоғалып қалады.
Күлдірген: Ата пимаңыз жоғалды. Енді не істейміз?
Ақшақар: Балалар іздейік.
Тәрбиеші: Балалар Аяз Атаға көмектесейік, пимасын іздейік.
Күлдірген: Міне, Аяз Ата, балалар, ақшақар пиманы таптым.
Аяз Ата: Мынау менің пимам ба? Иә, иә тура өзі. Балаларға әкелген сыйлықтарым қайда? О, ғажап бәрі пиманың ішіне кіріп алыпты. Міне, мынандай сыйлықтар әкелдім, балаларым! Ақылды өнерлі болыңдар. Сыйлықтар таратылады. Ал, Ақшақар біз жолға шығайық.
Ақшақар: Балалар кездескенше.
Аяз Ата: Сау болыңдар, қарақтарым.
Балалар: Сау болыңыз, Аяз ата!
Күлдірген : Балалар, қараңдаршы, шыршаның сендермен ойнағысы келіп тұр. Шырша сөніп- жанады.
Тәрбиеші: Қол шапалақтап, қуантайық шыршаны.
Күлдірген: Ал, енді үрлеп көрейік.
Тәрбиеші: Балалар шыршада сендермен қоштасып жатыр. Шыршамен қоштасайық!
Балалар шыршаны айналып, билейді.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! Жаңа жылға арналған мерекелік кешіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл тек қана жаңа табыс, береке, бірлік әкелсін. dle
Ұқсас мақалалар:
«Жаңа жылдық саяхат»

«Жаңа жылдық саяхат»

Сценарий тақырыбы: «Жаңа жылдық саяхат» Сценарий мақсаты: балаларда мерекелік көңіл –күй тудыру; шыршаның қалай әдеміде сәнді...
Жаңа жыл – жаңа жыр.

Жаңа жыл – жаңа жыр.

Тәрбие сағатының тақырыбы: Жаңа жыл – жаңа жыр....
Жаңа жыл мерекесінде

Жаңа жыл мерекесінде

Нұржанова Инкар Мейрамбаевна Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қарабұтақ селосы Қарабұтақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тақырыбы: Жаңа жыл...
Жаңа жыл мерекесіне орай безендірілген залға музыка ырғағымен сәнді киінген балалар залға кіреді

Жаңа жыл мерекесіне орай безендірілген залға музыка ырғағымен сәнді киінген балалар залға кіреді

Жаңа жыл мерекесіне орай безендірілген залға музыка ырғағымен сәнді киінген балалар залға кіреді. Тәрбиеші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы, Ақ...
Жаңа жыл (Балабақша | Қош келдің Жаңа 2015 жыл, Қазақша сценарий)

Жаңа жыл (Балабақша | Қош келдің Жаңа 2015 жыл, Қазақша сценарий)

Жаңа жыл (Балабақша | Қош келдің Жаңа 2015 жыл, Қазақша сценарий) «Қош келдің, Жаңа жыл» 2015 жылдың балаларға арналған ертеңгілігі Жүргізуші:...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру