Тіркелу Сайтқа кіру

«Бауырсақ» ертегісі

«Бауырсақ» ертегісі
Қайрғалиева Бағдагүл
«Ақбота» балабақшасы

24.01.2014 о.ж.
Білім саласы: Қатынас
Ұ.о.і.ә. : Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісі

Мақсаты: «Бауырсақ» ертегісін сахналау, бұл ертегінің жақсылықпен аяқталатын
жаңа нұсқасын таныстыру, мазмұнын түсіндіру.
Балалардың ой- өрісін, қиялын дамыту.
Балаларды адалдыққа, достыққа, адамгершілікке, татулыққа тәрбиелеу,
достық ұғымын қалыптастыру.
Көрнекілігі: Ертегі желісі бойынша суреттер, ертегі кейіпкерлерінің бас киімі.
Әдіс- тәсілдер: Жұмбақ жасыру, еске түсіру, сахналық көрініс, түсіндіру, ойын,
сергіту сәттері.

Іс – әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті

Ынталандыру,
Қонақтармен амандасу.
Ой қозғау, жұмбақ жасыру:
Қоян,аю,қасқыр,түлкі туралы жұмбақтар айту.
Қай ертегінің кейіпкерлері екенін еске түсіру. «Бауырсақ» ертегісінің мазмұнын еске түсіріп айту.Сахналық көрініс қойғызу. Сәлем саған жарық күн,
Сәлем,сәлем қонақтар.
Сәлем әсем табиғат,
Сәлем біздің жас достар.
Жұмбақтың шешуін табады, қай ертегі екенін еске түсіреді. «Бауырсақ» ертегісін сахналайды.

Ұйымдастыру,
ізденістер.

Міне балалар, бұл ертегіде түлкі бауырсақты жеп қояды, бауырсақ сәтсіздікке ұшырайды. Түлкі қандай?
Бауырсақты жеп қойғаны аянышты ма? Әрине.
Ал енді бүгінгі «Бауырсақ» ертегісінің жаңа нұсқасында бауырсақ сәтсіздікке ұшырамайды, керісінше жақсылыққа кенеледі. Олай болса, «Бауырсақ» ертегісінің жаңа нұсқасымен таныс болайық. Ертегіні оқып, мазмұнын түсіндіру.
Сергіту сәті:
Қоян болып секірейік,
Аю болып қорбаңдайық.
Қасқыр болып ырылдайық,
Түлкі болып бұлаңдайық.
Ертегі мазмұнын сұрақ- жауап арқылы пысықтау. Достық туралы әңгімелеу. Достық туралы тақпақ айтқызу.
Ән саламыз күнде біз,
Шаттық толы іргеміз.
Біз мәңгілік достармыз,
Біз әрқашан біргеміз.
«Бауырсақ» ертегісінің жаңа нұсқасының мазмұнын айтқызу.
Ойын «Күн мен жаңбыр».
«Бауырсақ» ертегісінің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, талқылайды.

2-3 бала мазмұнын айтады.


Ойын ойнайды.

Жинақтау,
қорытынды. «Бауырсақ» ертегісінің екі нұсқасын салыстыру.
Сұрақ- жауап арқылы қорытындылау, мадақтау. Сұрақ- жауап арқылы салыстыру.


Білуі керек: Ертегі мазмұнын түсініп, салыстыра білуі керек.
Түсінеді: Ертегінің қандай жағдайда аяқталатынын түсінеді.
Қолдана алады: Достық туралы ойлары бекиді.Достық туралы тақпақты жатқа
айта алады.

6.03.2014 о.ж.

Білім саласы: Таным
Ұ.о.і.ә. : Құрастыру
Тақырыбы: «Қағаздан жасалған сақина»

Мақсаты: Қағаз парағынан сақина құрастыруды үйрету.Қағаздың қасиетін есте
ұстау.Қолдың ұсақ қимылдарын дамыту. Ой- өріс, түсінігін дамыту.
Ұқыптылыққа, ептілікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Түрлі сақиналар, тәрбиешінің жасаған үлгісі, интерактивті тақта,
моншақ, сырға, алқа, білезік.
Әдіс- тәсілдер: Қуыршақты қарсы алу, зергерлік бұйымдармен танысу, тәрбиеші-
нің үлгісі, игтерактивті тақтадан жасалу жолын көріп танысу,
орындалу тәсілін бекіту, өздік жұмыс, ойын.

Іс – әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті

Ынталандыру,
сезімді ояту
Қызық сәт. Қуыршақ қыз қонаққа келеді. Оның көп моншақ, сақина, сырға, білезіктері бар. Соларды тамашалау, ұстап көру, соның ішінде сақинамен танысу, қолдарына тағып көру. Оның дөңгелек, әртүрлі тастармен безендірілетінін түсіндіру. Сәлем саған жарық күн,
Сәлем,сәлем қонақтар.
Сәлем әсем табиғат,
Сәлем біздің жас достар.
Қуыршақты қарсы алу, оның зергерлік бұйымдарымен танысу.
Сақинаны қолдарына тағып көру.Оның қалай жасалғанын түсіну.

Ұйымдастыру,
ізденістер.

Осы сақинаны бізде қуыршаққа арнап құрастырып жасайтынымызды айтып түсіндіру. Тәрбиешінің үлгісін көрсету, қалай жасалғанын айту. Интерактивті тақтадан сақинаның қағаздан жасалу жолын түсіндіру. Алдымен қағаздың қасиеттері жөнінде әңгімелеу. Жұмыстың орындалу тәсілін қайталау. Орындалу тәсілін бекіту. Сұрақ -жауап.
Балалардың өз беттерімен жұмыс істеуі. Қиналған балаларға көмектесу.
Сергіту сәті.
Құрастыру жұмыстарын аяқтау.
Ойын: «Сақинам кімде?» Тәрбиешінің үлгісін көріп, сақинаның қағаздан қалай жасалатынын түсіну.Интерактивті тақтадан сақинаның қағаздан қалай жасалатынын түсіну. Қағаздың қасиеттерін ұғыну.

Жұмыстың орындалу тәсілін бекіту.
Сұрақтарға жауап беру.
Өз беттерімен жұмысқа кірісу.

Сергіту сәті.
Жұмыстарын аяқтау.
«Сақинам кімде?» ойынын ойнау.
Жинақтау, қорытынды

Құрастыру жұмыстарын қорытындылау және талдау.
Балаларды мадақтау. Жұмыстарын көрмеге қою.
Жұмыстарын аяқтап, көрмеге тапсыру.

Білуі керек: Қағаздан сақина құрастыра білуі керек.
Түсінеді: Әдемі қағаздардан көп нәрсе жасауға болатынын түсінеді.
Қолдана алады: Қағазды, желімді ұқыпты пайдалана алады. dle
Ұқсас мақалалар:
Қуыршақ Әйгерімнің туған күні.

Қуыршақ Әйгерімнің туған күні.

Қайрғалиева Бағдагүл «Ақбота» балабақшасы 21.10. 2014 жыл. Білім беру саласы: Қатынас. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:...
Жабайы аңдар

Жабайы аңдар

Ұйымдастырылғаң іс- әрекеттехнологиялық карта Білім беру саласы:Әлеуметтік орта .Қатынас. Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің түрі:Қоршаған ...

"Шағын орталықпен қоштасу"ертеңгілік

"Шағын орталықпен қоштасу"ертеңгілік « Шағын орталықпен қоштасу» ертеңгілігі. Мақсаты: Бір жыл бойы бойларына сіңірген білім деңгейін ата-аналарға...
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР. БАЙЛЫҚ ПЕН АҚЫЛ (ЕРТЕГІ) 2 СЫНЫП

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР. БАЙЛЫҚ ПЕН АҚЫЛ (ЕРТЕГІ) 2 СЫНЫП

Оразымбетова Акмарал Қысқа мерзімді жоспар Әдебиеттік оқу 2 сынып Тақырып Байлық пен ақыл (ертегі) Сілтеме Қабатай Б.Т. , Рахметова С.Р. 2013ж ...
СӘЛЕМ, ЖАЗ! ЕРТЕҢГІЛІК.

СӘЛЕМ, ЖАЗ! ЕРТЕҢГІЛІК.

СӘЛЕМ, ЖАЗ! ЕРТЕҢГІЛІК. «Сәлем,жаз!» Ойыналаңымерекегесайшарлар мен жалаушаларменбезендірілгенересектобыныңбалаларықолдарына шар ұстап «Большой...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру