Тіркелу Сайтқа кіру

Қоштасу

Қоштасу
Құмарбекова Рысалды Қызырханқызы
Өскемен қаласы "№100 балабақша -бөбекжайы"

Қоштасу тәрбие сағаты
Екі жүргізуші ұшақ дайын ,енді тек қонақтарды күтіп алсақ болды.(Тақтаның артынан шығу)
Ал енді саяхаттың басты қонақтары –балалар. Қарсы алыңыздар:

1 -жүрг:
Өтті қызық көп күндер
Бес жасқа да жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
2 -жүрг:
Өсті ақыл - ойларың
Өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың.
Балалар тақпақтан кейін ән айтады: «Балабақша үйіміз»
1 -жүрг:
Енді жолға дайынбыз,самолетті орындарыңызға отырыңыздар.(балалар отырады да экранда аэродромда енді ұшып бара жатқан самолет көрсетеледі)
Би «Стюардессалар»
1-ші қону алаңы «Ертегілер әлемі».
Патша кіреді кішкентай қызымен :-Амандасады.Балалар сендер қайда бара жатырсыңдар?
Жүрг:-Мектепке бара жатырмыз.
Патша:-Ал сендер қайдан келе жатырсыңдар?
Жүрг.-Балабақшадан.Ол жер де біз көптеген тақпақтар,билер, әндер үйрендік.
Патша:-Сендердің маған кезіккендерің қандай жақсы болды.Қызым би үйренгісі келеді,менің қызым сендермен мектепке барсыншы!!!!
Жүрг:-Олай болса біздің балалар үйретеді.
Патшаның қызымен қосылып, СОВРЕМЕННЫЙ БИ билейді.
Патша:қызын тастап , өнерлерің үстем болсын!
Сапарларың сәтті болсын!,-деп өзі кетеді.
Жүрг: -Кел ханшайым,ұшағымызға мін,жолдан қалмауымыз керек
1 жүрг:«Жасыл орман» аялдамасы
(Кикимора сәнденіп отырады)
Жүрг:-Кешіріңіз,сіз кімсіз?
К: -Ой,қойшы,мені танымай қалдың ба?! Мен Кикиморамын ғой! Осы орман да тұрамын.Қысқаша Кики деп айта берсең болады.Тамағы қарлығып ән айта бастайды.
Припев:
Ой, ля-ля, ой. ля-ля,
Әдемімін әдемі...
Әнді қалай айтады екенмін а?
2 жүрг: -Қалай айтсам екен. Сені ренжіткім келмейді,алайда сен біздің Аружанның дауысын естіп көрсеңізші.Әннен бұрын біздің балалардың тақпағын тыңдаңызшы
Жеке дауыста ән: «Балдәурен»
Кики: -Ән айтуға сендерді кім үйретті?
2 жүрг: -Біздің балабақшада.Тек қана ән емес биде билеуге де үйретті.Ал сен билей аласың ба?
Кики: -Мен… Мына кішкентай балалақайлардан әлде қалай күшті билеймін.Бірақ мен өте ұялшақпын. «Бони «М» тобының музыкасына билейді.
1 жүрг: -Сіздің биіңіз жақсы екен.Менің балаларымның би өте тамаша.
«Джентельмендер» биі
Кики:-Ойладым мен бір жоспар.
Құлақ салып тыңдаңдар!
Алдап барлық баланы,
Алып кетем өзіммен,
Ормандағы үйіме.
Ән айтады тек маған,
Би билейді тек маған.
Ха-ха-ха оқимын деп қояды,осы орманда қаласыңдар.
1 жүрг: -Сен недеп сыбырлап тұрсың? Ал балаларымыз сізбен ойнағысы келеді..
Кики:-Ойын? Міне қандай керемет.
Тыртысып қалған арқамды,
Құрысып қалған қолымды,
Жаттықтырам мен енді.
Қандай ойын ойнаймыз,
Айта қойшы сен енді?
Ойын «Адасқан сандар»
(Ойын кезінде Кики балаларды алдап,орманға алып кетпекші болады)
2 Жүрг: -Ах,Кики не деген қусың? Өтірік ойнаған болып балаларды алып кетпекшісің ғой.Оның бола қоймас.Біз сені мерекемізден қуып жібереміз.(Кики кешірім сұрайды)
Кики: -Мүмкін менде мектеп ашып алармын?
Мұғалім де өзім боламын!Алақай табылған ақыл! Ал сіздер(ата – аналарға қарап)бүгіннен бастап менің мектебіме жазыла беріңіздер.(Қуанып,балалармен қоштасып шығып кетеді)
1 жүрг: -Балалар сапарымызды жалғастырайық.
«Мультяшка» аялдамасы. (Экранның артынан Шапокляк сығалап қарайды)
1 жүрг:- Ой, Балалар мынау кім?
Шапокляк ары – бері жүреді.
1 жүрг: -Білдім,бұл мультфильмдегі, Шапокляк әжей.
Шапокляк: -Әрине,мен Шапоклякпін! Басқа кіммін? Сәлеметсіңдер ме! Сендер мектепке кетіп бара жатыр деп естідім,сол рас па? Мен мектепте болдым. Онда біраз қызық оқиғалар болды,қуана есіме аламын. Ужас! Олай болса сендердің мерекелеріңді қыздырайық. Сыйлық алғыларың келе ме? (жүгіріп,қорап алып келеді)
Сендердей жақсы балаға,
Базарлығым бар менде.
Қараңдаршы қорапта
Түрлі – түрлі сыйлықтар.
Міне рогатка балақай,
Торғайларға атасың.
Мынау шуылдақ пистолет,
Қыз баланы сен қорқыт.
Мына ауыр тастармен,
Терезені шағасың.
Ал мына кішкентай тышқанды,
Мұғалімнің сөмкесіне саласың.
Ха – ха – ха!
Сыйлықтарым қалай екен?
2 жүрг:- Ондай сыйлықтар мектепке керек емес. Балаларымыз мектепке тентектік жасауға емес білім алуға барады.
Шапокляк:- Білім не үшін керек? Мен онсыз да бәрін білемін.
2 жүрг:- Бәрін білесің бе? (Шапоклякты тексереді)
Жүрг.-(күліп)Жарайды.Сен оданда балалардың ағылшын тіліндегі тақпақтарын тыңда.
Тақпақтар,
Ән: «Әже жүрші мектепке»
Шапокляк:- Жарайды ,олай болса жолдарың бөгет болмайын.
Көмектесем сендерге,
Жүгіріңдер мектепке.
Тілеймін тек жақсылық,
Сабақ оқыңдар тек беске.
Сау болыңдар,балалар!(кетеді)
Жүрг:- Сапарымызды жалғастырайық.Балалар жолымыз ұзап кеткен сияқты,Ұшағымызға жанармай құйып алайық.Ұшақтың жанармайы толғанша әдемі биге кезек берейік.
Орыс биі.
Биден кейін балалар орындарына тұра қалады (аналарымен ойын)
Жүрг:- Жарайсыңдар,енді орындарыңа отыра қойыңдар.Мектепке дейін жол алыс.
1 жүрг:- Міне соңғы аялдама. Мектеп.
Музыка қосылып,балалар залдағы орындарына тұрады.Бірнеше бала тақпақ айтады.
Жүрг-1:-Енді сендер мектепте кітап қаламмен дос боласыңдар,басқа достар табасыңдар.Сендерге біз тек ақ жол тілейміз.
Жүрг:-Тақпақ
Ән: «Қоштасу әні»

Ән соңында залға шарларын ұшырады. dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру