Тіркелу Сайтқа кіру

Көңілді көктем

Көңілді көктем
Құмарбекова Рысалды Қызырханқызы
Өскемен қаласы әкімдігінің КМҚК "№100 балабақша-бөбекжайы"

Білім беру облысы:Қатынас,Таным,Шығармашылық
Бөлім:Көркем әдебиет,ҚМҰҚ,жапсыру,ән,
Сабақ тақырыбы: “Көңілді көктем ”

Сабақтың мақсаты: .Балаларға жыл мезгілдерін ажырата білуге, әр мезгілдің ерекшелігін танып білуге бағыт беру, ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту, қоршаған ортаны сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Үй жануарлары жайында балалардың білімдерін кеңейту, оларды күтіп-баптауға адамдарға тигізетін пайдалары жайлы түсінік беру және адамдардың жануарларға қамқорлығын түсіндіру.Балаларға ойыншықтарды сипаттай отырып, қысқа әңгіме құрастыра білуді үйрету. Ол неден жасалғанын және қатты ма, жұмсақ па екенін білу, меңгерту.Пішіндер арқылы құстарға үйшік жасау, дидактикалық ойындар арқылы балалардың есте сақтау қабілетін дамытып, ойлау қабілетін арттыру.
Қажетті құралдар:Суреттер,муляждар,пішіндер,ойыншықтар,Жыл мезгілдерінің слайды,жануарлардың,құстардың дауысы
Билингвальды компоненттер:жануарлар-животные,құс-птицы,төл-детеныш
Іс –әрекеті Тәрбиешінің іс-әрекеттері Балалардың іс-әрекеттері
Мотивациялық қозғаушы

Рефлексивтік түзетушілік.

Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атсын!
Алтын сәуле таратсын!
Жарқырайды күніміз!
Жайнай түсті даламыз.
Қайырлы күн, балалар!
Қайырлы күн қонақтар!
Әлемде тыныштық болсын! Деніміз сау болсын! Күніміз жарық болсын! Анамыз қасымызда болсын! Туымыз биік болсын!

-Бізге балалар бүгін қонаққа Дымбілмес келіпті. Ол сендерден көмек сұрай келіпті. -Біз көмек көрсету үшін тапсырмаларды орындауымыз керек
-Көмектесеміз бе?
1-тапсырма:
-Бір жылда неше мезгіл бар?
-Атап шығыңдар.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінде далада қандай өзгерістер болады?


Көктемде неше ай бар?
«Көктем келді еліме,
Көктем келді жеріме,
Байлық бақыт тілеймін,
Бүкіл қазақ еліне».
- Тақпақ не жайлы?(слайды)
-Ал балалар санамақ санауды білеміз бе?
«Бір дегенім білім,
Екі дегенім еліме,
Үш дегенім үйшік,
Төрт дегенім төсек».
1.Тапсырма: Тура және кері санау. Қай сан жоғалды?
2.Тапсырма:Жануарлар бар. Қызыл жолаққа қоян, ақ жолаққа жолбарыс және түлкі. Қайсысы көп? Қайсысы аз? Жануарлардың жанына тиісті сандарды қой.
3.Тапсырма:
Саны бойынша заттарды қос.
4.Тапсырма: «Салыстыру».
5.Тапсырма: Пішіндерді атап өту.

-Балалар, көктем мезгілінде бізге нелер ұшып келеді?
-Ал ендеше біз құстарға пішіндерден үйшік жасайық.(жапсыру)
-Балалар, біз қандай пішіндерден ұя жасадық?
- Балалар, сендердің жасаған үйшіктеріне құстар ұшып келіпті. Нұралидің үйшігіне бір қарлығаш ұшып қонды, ал Заринаның үйшігіне үш торғай қоныпты. Сонда балалар, барлығы қанша құс ұшып келді?
- Әминаның әжесі базардан үш алма сатып алды.Әмина біреуін жеп қойды. Неше алма қалды?
Жұмбақтар:
1.Бесбайда бар үш іні,
Естайда бар екі іні,
Алсаң үштен екіні,
Неше екен шешуі?
2.Қолымда бар қарындаш сары, қызыл, ақ. Қанша болды барлығы?
Сергіту сәті:
Жасыл көктем келеді
Самал беттен өбеді
Көкте бұлттар көбейсе
Мөлдір жаңбыр төгеді.

-Бір аптада неше күн бар?
-Атап шығыңдар

6-тапсырма:
- Ал енді, балалар, 6- шы тапсырмамыз жұмбақ екен.
1. Екі айнасы бар.
Екі найзасы бар.
Ол не?
-Сиыр не жейді?
-Дұрыс айтасындар.
-Ал сиырдың төлін қалай атаймыз?
-Дұрыс, сиыр мен бұзау қандай дыбыс шығарады?
Ал қалай шақырамыз?
2. Кішкентай ғана бойы бар.
Айналдырып киген тоны бар. Ол не?
-Қой не жейді?
-Ал қой қалай дыбыстайды?
-Ал қой төлін не дейміз?
-Оны қалай шақырамыз?
3. Міңсен желдей шабады,
Бәйгеден орын алады. Бұл қай жануар?
-Жылқы не жейді?
-Ал жылқының төлін қалай атаймыз?
-Жылқы мен құлын қандай дыбыс шығарады?
-Жылқыны дауыстап қалай шақырамыз?
4.Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. Ол не?
Түйе не жейді?
-Ал түйенің төлін қалай атаймыз?
-Түйені қалай шақырамыз?
5. Басында екі таяғы бар, төрт аяғы бар. Адам деуге болмайды сақалы тағы бар. Ол не?
Ешкі не жейді?
-Ал ешкінің төлі не?
Ешкіні, лақты қалай шақырамыз?
(Суретін көрсетіп) Балалар,
ешкінің басында несі бар?
Иегінде несі бар?
Д/о: «Адасқан төлдер»
- Жарайсыңдар, балалар.
7-тапсырма: «Жабайы аңдар мен үй жануарларының айырмашылығы».
-Ал енді, жабайы аңдарды еске түсірейікші. Жабайы аңдарға не жатады?
-Ал, үй жануарлары мен жабайы аңдардың айырмашылығы неде?

Билингвальды компоненттерді айттыру:жануарлар-животные,құс-птицы,төл-детеныш
-Жабайы аңдар туралы қандай ертегі білесіңдер?
8-тапсырма:«Ойыншықтарды сипаттау»
-Балалар, мынау сиқырлы сандық. Сиқырлы сандықтың ішінде не бар екенін көрейік.
1. Ой, балалар қарандаршы мынау не?
Түсі қандай?
Неден жасалған?
Қатты ма, әлде жұмсақ па?
2. -Ал, мынау не?
Қуыршақ қандай киім киіп тұр?
-Қуыршақ неден жасалған?
3. –Ал, мынау не?
Түсі қандай?
Неден жасалған?
Қатты ма, әлде жұмсақ па? (Балалар қолдарымен ұстап көреді)
4. –Ал, мынау не?
Онда біз не пісіреміз?
Неден жасалған?
Қатты ма, жұмсақ па?
Д/о: «Даусынан таны»
Даусы бойынша құспа,әлде жануарма екенін айтады.
Ән: «Көктем келді»
Дымбілмес өзінің көп нәрсені білгеніне қуанады,балалармен қоштасады,рахметін айтады.

-Сонымен балалар, біз бүгін қандай жұмыс жасадық?
-Не туралы әңгімелестік?
-Енді балалар, кімге сабақ ұнады -жасыл,аздап ұнағаны-көк,ұнамағаны-сары смайликті ала қойыңдар. Балалар шаттық шеңберін құрып,өлең жолдарын айтады.

-Иә, көмектесеміз

-4 мезгіл бар
-күз,қыс,көктем,жаз
-көктем
-Қар ери бастайды, күн жылынады, құстар жылы жақтан ұшып келеді, бәйшешектер шығып, шөптер өсе бастайды.
Наурыз, Сәуір, Мамыр

Сергітуді қимыл-қозғалыс арқылы жасайды.

-7 күн бар
-Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, сенбі, жексенбі


-Сиыр

-Шөп, жем, су ішеді.
-Сиырдың төлі: Бұзау

-Мө, мө,мө
-Аухау, аухау

-Қой
-Шөп, жем жейді.
-Мә,мә,мә деп маңырайды
- Қойдың төлі: «қозы»
-Пұшайт, пұшайт деп шақырамыз

-Жылқы
-Жем жейді, су ішеді
-Жылқы төлін:құлын деп атаймыз

-Кісінейді
-Қырау, қырау деп шақырамыз

-Түйе
-Түйе тікен жейді, су ішеді
-Түйенің төлі: Бота
-Көс, көс деп шақырады

-Ешкі

-Шөп, жем жейді
-Ешкінің төлі: Лақ
-Шөре, шөре деп шақырамыз

-Мүйізі бар
-Сақалы бар

-Қасқыр, аю, түлкі, арыстан т.б.
-Жабайы аңдар орманда өмір сүреді, өз жемтіктерін өздері табады. Ал үй жануарлары үйде бағылады. Адамның көмегін қажет етеді.
Билингвальды компонентті айтады.

Түлкі мен Аю, Түлкі мен Қасқыр т.б.
Ол аю
-Түсі ақ
-Матадан
-Ол жұмсақ
-Ол қуыршақ
-Көйлек киіп тұр
-Жұмсақ пласмастан жасалған
-Бұл кубик
-Түсі ақ
-Ағаштан жасалған
-Қатты

-Кастрөл
-Тамақ
-Темірден
-Қатты
Даусынан ажыратып айтады.

Әнді көңілденіп айтады.
Балаларда қоштасады.

Сұрақтарға жауап бердік.
-Үй жануарлары мен жабайы аңдар

Күтілетін нәтиже:
Біледі: жыл мезгілдерін ажырата алады, әр мезгілдің ерекшелігін танып біледі, ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамытады, құстарға , қоршаған ортаны сүюге, қорғауға көмектеседі
Игереді: Үй жануарлары жайында балалардың білімдерін, оларды күтіп-баптауға адамдарға тигізетін пайдалары және адамдардың жануарларға қамқорлығын .
Меңгереді: Балалар ойыншықтарды сипаттай отырып, қысқа әңгіме құрастыра білуді,оның неден жасалғанын және қатты ма, жұмсақ па екенін меңгерді, дидактикалық ойындар арқылы есте сақтау қабілетін дамытып, ойлау қабілетін арттыруды. dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру