Тіркелу Сайтқа кіру

«Алтын күз» мерекесіне арналған ертеңгілік

«Алтын күз» мерекесіне арналған ертеңгілік
«Алтын күз» мерекесіне арналған ертеңгілік
Мерекеге сай безендірілген залдың сахнасына «Алтын күз» тақырыбы түрлі - түсті жапырақпен жазылып, гүлдермен әшекейленеді. (Музыка әуенімен ортаға жүргізуші шығады.)

Жүргізуші: Құрметті апайлар, ата - аналар, балалар сіздерді «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймыз! (Музыка әуенімен бүлдіршіндер сахнаға келіп орналасады.)
- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын:
Жиын - терін болатын
Қамбаға астық толатын.
«Қызыл қырман ойнайтын»
Қай мезгіл деп ойлайсың.(Күз)
Қызыл, сары кемелер,
Су бетінде қалқиды.
Соқса егер салқын жел,
Ырғалады, толқиды.
(Жапырақ)
- Дұрыс айтасыңдар! Қазір бізде жылдың қай мезгілі?
- Күз!
Олай болса сендердің күз туралы тақпақтарыңды тыңдайық.
Мұхаммад: Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Каусар:
Көбейді құт, береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.

Аружан: Алтын сары, қызыл, көк
Алуан - алуан жапырақ
Күз болғанда күлімдеп
Көз тартады атырап
Ән: «Күзгі бақ»
Балалар менің сендерге жасырар тағы да жұмбақтарым бар, кәне шешіп көреміз бе?!
Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні,
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.
(Сәбіз)
Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр.
(Қызылша)

Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін,
Қабат - қабат тоным бар,
Қалай оны шешемін?
(Қырыққабат)

Көмдің тағы түйірлеп,
Қазып алдың «үйірлеп».
(Картоп)
Шалқан ертегісі:
Рөлдерде: Ата -
Әже:
Немере:
Ит:
Мысық:
Тышқан:

Әсия: Қазан айы басталды,
Құстар қайта бастады
Туыстық адал достықпен
«Алтын күз» тойы жалғасты.

Арай: Ұшты талдан жапырақ
Сары көбелек секілді
Аспанда жай шатырлап,
Тамшы жерге секірді
Сәтжан:
Сәлем, сәлем, Алтын күз
Жаны жомарт жарқын күз
Би: Көкөністер

Тәрбиеші:- Балар, сендерге көп рахмет.
Дамир: Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр етеді
Жарқынай:
Сау - сау етіп жапырақ
Сабағынан үзілді
Қоңыр тартып атырап,
Көкте құстар тізілді
Нұрайым:
Ақтарады мырза күз
Уылжыған жемісін
Күзге бізде ризамыз
Аянбаған ел үшін
Ән: Жаңбыр
Аида: Астық, жеміс жиналды,
Қамбамызға құйылды
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім сыйыңды

Марлен: Астық жеміс береке
Барымды мен сыйлаймын
Менде көп - ақ мереке
Барлығыңды қимаймын.

Айдана Құстар қайтты ән салып
Бұлт шарлады аспанды
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды
Әлім: Жаңбыр, жаңбыр жауа бер,
Қорықпаймыз біз сенен
Қолымызда қолшатыр
Кел билеші бізбенен.
Қане балалар молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «жеміс - жидек жинаудан кім епті?» деп аталады. Ойынның шарты бойынша жеміс - жидекті жылдам жинауымыз керек. Кім көп жеміс - жидек жинаса, сол жеңіске жетеді.

Би: Қолшатыр
Ендеше көкөністерімізді тыңдайық
Аида:
Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсім бар қанға - нәр.
Зияным жоқ біліп қой -
Қызылшамын, пайдам бар.

Нұрай: Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып,
Тұрған ол мен – қызанақ,
Күнге қарап ұялып.

Б: Әли:
Көптеп ерте шырмалып,
Өсемін мен бүр жарып.
Атым – қияр, теріп ал,
Жиі - жиі суғарып.
Сәтжан:
Бақшаларда тізіліп,
Қаперсіз мен жатамын.
Қабат - қабат киініп,
Қырыққабат атандым.
Арай:
Картоп – біздің атамыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған
Ағайынбыз бәріміз.

Айша Т:
Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргендер тамсанған -
Балдай тәтті қауынмын.

Ән:«Күз - жомарт»
Барлығы: Рахмет күз саған
Тәрбиеші:- Ертеңгілігіміз аяқталды, келгендеріңізге көп рахмет. dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру