Тіркелу Сайтқа кіру

Қарым – қатынас мәдениеті

Психологиялық  тренинг

 

Қарым – қатынас мәдениеті

 

 

Мақсаты :

1. Педагогтардың айналасындағы адамдармен , ортамен , өз - өзімен дұрыс қарыс – қатынас қалыптастыру барысында талдау жасауда сүйенетін психология саласынан мағлұмат беру.

 

2.   Педагогтарды практикалық  ,тренинг , жаттығу жұмыстарын жасау арқылы  жағдайды талдай алуға , саналы шешім қабылдауға баулу, айналасындағы адамдармен үйлесімді қарым – қатынас жасауға тәрбиелеу .

 

 

Психологиялық бағыт беру /әуенмен /

         Сәлематсіздерме , қадірлі қонақтар !  Қарым – қатынас туралы психологиялық тренингімізді Абай Құнанбаевтың : « Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым – қатынасы »  деген сөзімен

 бастағалы отырмын .

 

 

Ұйымдастыру кезеңі: 

         «Амандасу»  Шеңберге тұру : ішкі шеңбер, сыртқы шеңбер.Қимыл-қозғалыспен, ымдау арқылы амандасу.

Психолог : 1) Бала кезіңіздегі досыңызды кездестірдіңіз?. 2)  Басшыңыз бөлмесіне кірдіңіз?. 3)  Балаңыз алдыңыздан жүгіріп шықты?. 4)Сіз келінсіз алдыңыздан атаңыз шықты?. 5)Бірге жүрген ұжымдасыңыз қалай амандасасың?.

             

 

Психолог:  «Әке мен бала» әңгімесі.

         «Оқып, талдап, ғибрат қыл»

 

         Ертеде бір кісі баласы болмапты.Әреңдеп көрген бір түйір баласын әбден есіртіп, еркелетеді. Бала өсе келе тілі удай, есерсоқ, әдепсіз  бала болып өседі. Оның қасына ешкім жақын жүрмеуге тырысады. әкесі әбден ойланып оған жалпақ тақтай беріп, «Күніне қанша адам ренжітсең, сонша шеге қақ» дейді. Бірінші күні 37 шеге қағады. «Балам өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға тырыс» депті баласы.

         Бала бір күні ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да күнге жетіпті. Әкесі былай депті: «Енді балам, ешкіммен ұрыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда, бір шеге суырып отыр».

 

         Баласы әкесінің айтқанын орындауға тырысып, тақтайдағы шегелерді күндердің бір күнінде ақыры тауысыпты.

         Әкесі қуанып, «балам міне сен өз-өзіңді тәрбиеледің, жақсы адам болатын жолға түстің. Ал тақтайдың беті шұрық тесік, адамдар қанша кешірдім десе де, олардың жүрегінде із қалды. әрине, бұл әркіммен ұрысып жүргеннен жақсы, тіліңе ие бол» - дейді.

 

         Талдау – Тақтайдың бетін немен бітеуге болады?

-          Көңілде қалған сөздері ше?

         Ауыздан шыққан сөзге де назар аударайық.

 

         Экранда :  Сөйлеу әдебі.

  1.      Сөйлеген сөздің соңын ойлап, соған байланысты сөйлеу
  2.      Ешкімнің көңілін қалдырмау, сөйлегенде басқаның сөзін бөлмеу
  3.      Біреуді мақтағанда артық кетпеу.
  4.      Үлкендердің қасында дабырлап сөйлемеу
  5.      Көп сөйлеп мылжыңдамау
  6.      Сөйлегенде білгішсінбеу, басқалардың сөзінен кемшілік іздемеу
  7.      Тілді жаман сөзге үйретпеу, жалған ант және сөз беруден, басқаларға қарсы сөйлеуден, сөз тасудан сақтану

 8.Басқаларды келемеж қылмау, ешкімге жаман ат тақпау

 9.Адамның сырын ешкімге айтпау

 

Тренинг: «Қай ағашты таңдайсыз?.
Мақсаты:  Әркім өзінің қандай екенін білу үшін.
Барысы:  Суреттегі ағаштардың бірін таңдап алыңыз. Әрине қайсысы көзіңізге ерекше түсті, соның реттік санына қараңыз. Егерде суреттегі ағашты таңдап болсаңыз, өзіңіз жайлы психологикалық тест жауабымен танысыңыз.

 Талдау:  Сіз қандай екенсіз?

 

      «Табиғат сабақтарына» назар аударайық. Барша қатысушылар сіздердің де мінездерің осы заттарға сай болсын.

 

Тренинг: «Жылы лебіз»

Тренинг соңында, жылы лебізімізді жазып, көңіл-күй тақтасына орналастырайық.Осымен құрметті әріптестер тренингімізді  аяқтаймын.

 

 

 

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру