Тіркелу Сайтқа кіру

Достық - қымбат өмірде

        Мен екінші сынып оқушысымын.Денсаулыгыма байланысты үйден оқып журмін. Сыныпта ""Достық - қымбат өмірде" атты тәрбие сағаты болып өтті. Маған тәрбие сағаты ұнады.  Мектепте сыныптастарыммен таныстым. Тәрбие сағатынан алған әсерімді айтар болсам, онда мен досыңмен аркашан  тату, ұйымшыл болу керектігін және досыңды сыйлау керек екенін түсіндім. Досқа қашанда адал болу керек. Мен тәрбие сағатына барғанымда екі сыныптас баламен таныстым . Олардың есімдері Дамир мен Али. Алдағы уакытта олармен жақсы дос болып кетеміз деп ойдамын. Мені тәрбие сағатына шақырып, осындай достарыммен танысуыма себепкер болған психолог ұстазым Есенбулатова Улмекен апайға алғысымды білдіремін.                                                                     Жолдасқали Қанат 2-сынып оқушысы, Орал қаласы

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру