Тіркелу Сайтқа кіру

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыта отырып, адамгершілік қасиеттерге баулу

Ә. Ж. Өтегенова М. Әбдіхалықов атындағы

орта мектебінің даярлық сыныбының тәрбиешісі

Ақшұқыр ауылы

                                                                         

  Мақсаты:балалар оқу іс-әрекеттерінде тілін дамытып, өз ойын толық жеткізуге дағдыландыру.Сөздік қорын молайтып,ертегі, ойындарарқылыадамгершілікке, ізеттілікке тәрбиелеу, баулу.

 

      «Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе – бұлар адамгершілік қасиеттер» - деп, Әл-Фараби айтып  кеткендей , «Адамгершілік — бұл рухани тәрбие».  Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Әсіресе, мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі негізгі міндет – балалардың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде жақсы әдет, мінез-құлқын қалыптастыру.
       Адамгершілік қасиеттер:  адалдық,  достық,  жауапкершілік, бауырмалдық,  қайырымдылық, әдептілік, ұжымдық, намысшылдық, т.б.

1. Мен күнделікті оқу іс-әрекетімде кінәлау, айыптау, жазалау;  ата-ана үлгісі; бағалау; түсіндіру; сендіру және мадақтау баланың көңіл-күйін көтеріп, өзіне сенімділікті арттыратындықтан осы әдістерді үнемі қолданамын.

2. Бақылау. 5 жасында оқушыларымның даму ерекшелігі: зейінді, жақсы қылықтар істеуге ынталы болатынын байқадым. Тәрбиелеу міндеттерім-бағыт беру, бағалау және мадақтау.

   6 жасында оқушыларымның даму ерекшелігі: істі аяғына дейін жеткізуге төзімділік, ұйымшыл болады. Тәрбиелеу міндеттерім: түсініспеушіліктерін шешуге әлі де болса тәрбиешінің көмегі керек екендігін ұқтым.

       

   «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата-ана үлгісі» - деп, Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай, осы құнды қасиеттерге тәрбиелеу үшін отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.

        Мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын молайтып, адамгершілігін ұлғайтуда өнегелі отбасының рөлі де ұшан-теңіз. Өйткені, бойындағы тілдік қоры мен жағымды қасиеттері қаншалықты деңгейде екенін ата-анадан артық ешкім біле алмайды. Үй жағдайында ата-анамен бірлесіп серуендеу және ойнау кездерінде баланың ой-өрісінің кеңеюіне, тілі дамуына, таным құштарлығының қалыптасуына қолайлы. Және қоршаған ортамен байланысып, тілін дамып, адамгершілік қасиеттерін де бойға сіңіреді. Ата-ана сөйлеу тілі мен мәдениеті, сөйлеу мәнері мен тіл байлығы баланың еліктеуіне үлгі болады, яғни үлкендердің үлгісімен сіңеді.

       Сондықтан мен ата-аналарға сауалнамалық сұрақтар жүргіздім. Нәтижесінде балаларға бойындағы жеткіліксіз қасиет-қабілеттерін анықтап, оған жұмыстандым.

1)                Бала тәрбиесінде кемшілік бар екенін мойындайсыз ба?

2)                Балаңызға үлгі боларлықтай қандай жақсы қасиеттерді ерекше атайсыз?

3)                Келешекте балаңыз қандай адам болғанын қалайсыз?

           Өйткені, бала ересектерге еліктеп, олардан үлгі алады. Қай істегі сияқты бала тәрбиесінде ештеңе өздігінен жүзеге аспайды. Баланың әр қылығына мән беретін қырағы мол қамқорлық пен тәрбие қажет.Адам бойында осы жақсы қасиеттердің болуы, жанұяға, өскен ортасына байланысты. Әр өткізілген жиналыста көпшілігіміз мән бере бермейтін мына көріністі алдыға тарттым.

   

    Бұл менің ғылымилық тұрғысынан зерттеуімнің қорытындысы:

  • Бала өзімшіл, даңғой, суайт болуының себебі, алдын алу:
  • Бөбек күнінен басқа да жоқ қымбат киім кигізуге, қымбат ойыншық алып беруге ұмтылмаңыз.
  • Әкесі не анасы жоқ бала қызығып, мағанда алып беріңдер деп келгенде, қолында жүрген ойыншықты өтірік жамандамау, баланы ересек алдауға болмайды.
  • Бала сіздің өтірік жамандап тұрғаныңызды біліп, сәби санасында өзіңе ұнамайтын нәрсені жамандауға болады екен деп ұғынады. Оданда шындықты айтып, ойыншық алуға ақшамыз жетпейді деген дұрыссырақ.

           

      Жанашырлық жаттығуы:

*Көптеген ата-ана баланы қатаң тәртіп, қытымыр мінезбен ойдағыдай өсіруге болады, - деп ойлайды. Бала ойнап жүріп, құлап қалса да, өзге бала жылатып кетсе де – тіл табыса аламаған, келісе алмаған өзің кінәлісің – ересек өз мазасын алмайтындай, шағымданбайтындай етіп айтады.

*Бұл дербестікке тәрбиелеу дұрыс, алайда үнемі осылай жанашырлық танытпау жақсылық емес. Өйткені, өзі зәбір көргенде, ешкім аяушылық жасауды көрмегесін, тас бауырдың өзі болып шығады. Ал, мейірімді-қайырымды баланы өсіру үшін балаға үлгіні өзіңіз көрсетіңіз.

   «Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін» (В.А.Сухомлинский)

      

     Ал, балалардың тілін дамыту, сөздік қорын молайту арқылы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу процесі бір-бірімен тығыз байланыста жүреді. Өйткені, тіл дамыту сабақтарында белгілі бір ертегі желісін көргенде сөздің мағынасына түсініп өзіндік ой-пікірлерін сөйлем құрап, толықтай жеткізуге әдеттенеді, міне, осыдан-ақ байқауға болады.

        Тіл дамыту әдістерін өз оқу іс-әрекеттерімде пайдаланып жүремін:

ü    Тәрбиешінің сөзі

ü    Әңгімелесу

ü    Салыстырмалы

ü    Кітап бойынша білімді меңгерту

ü    Көрнекілік

ü    Экскурсия

ü    Техникалық құралдарды пайдалану.

 

        Балалардың сөздік қорын молайтуға пәнаралық байланысты ескермей кетуге болмайды. Себебі, сауат ашу,тіл дамыту, көркем әдебиет, қоршаған ортамен танысу, т.с.с. пәндерінің қай-қайсысы да балалардың ақы-ойы мен дүниетанымын кеңейте отырып, тілін ұстартып, сөздік қорын кеңейтуде шешуші роль атқарады.

     

      Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні әлі де тұрақсыз болғандықтан, оқу іс-әрекетімнің бастапқы кезеңінде балаларды назарын өзіме аударып, мұқият тыңдау үшін міндетті түрде амандасу, тілек, шаттық шеңберлері, тосын сәт және түрлі ойын элементтерін: дидактикалық, қимыл-қозғалыс, сабақ арасындағы бой сергіту сәттері және сюжетті-рөлдік ойындар психологиялық дамуында ерекше әсер ететіндіктен әрқашан қолданамын. Бұл жұмыстар баланың тілге, оның дыбысталуы мен мағынасына ерекше қызығушылығымен, сезімталдығымен ерекшеленетіндіктен, баланың адамгершілік қасиеттерімен қоса, тілін дамытуға да өте қолайлы.

    

    «Әдептілік-әдемілік», «Үлкенге құрмет-кішіге ізет» атты тақырыптағы тәрбие сағаттарында осы мақсатқа анық қол жеткіздім. «Ата мен немере» көрінісін сахналауда үлкенге құрмет көрсетіп, амандасу, орын беру жайында балалар өз ойларын жеткізді, тіптен оқу деңгейі төмен балалардың өзі келесі оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығы мен белсенділігін арттырдым.

     Мен «Ойлай отырып, ойнайық!» атты тренинг-ойын сабағымда«Белсенді әріптер» өтілген әріптен сөз ойлап айтып, «Ертегі ойлап тап!» ойынында суретке қарап қызықты ертегі, әңгімені ойдан құрастырттым және «Ойлан, не болуы мүмкін?!» қияли контанимация құрастырып, осы ойындарды ойнаттым.

   

    Әдетте, балалар басқалардың айтқан әңгімесін тыңдай отырып, соларға еліктеп, өз түсінгендерін (сөз, сөз тіркесі, сөйлемдер) айтуға жаттығады. Мен оқушыларымды қысқа сөздер, сөйлемдер құрастырып, дағдыландырдым. Сондай-ақ, балалардың өз жолдастарының, тәрбиешінің, ата-аналардың, яғни көпшіліктің алдында да сөйлетіп үйреттім.

 Оны сауат ашу пәнінен өткізген «Ұ дыбысы және әрпі» тақырыбындағы ашық оқу іс-әрекетім дәлелдеймін. Кеспе әріптерден балалар ойланып, сөз құрай алды, анаграмма-әріптерді сан ретімен қойып сөз құратқызып, ребустар шешімін тапқыздым.

   

     Көркем әдебиет пәнінен: «Құмырсқа мен көгершін» С. Көбеевтің мысал әңгімесін сахналаттым. Осы оқу іс-әрекетінде үзінділерді тыңдай отырып, сөйлеу дағдысына, сөздердің тура және ауыспалы мағынасын балалар түсіне алатын болды.

    Қысқаша мазмұны: құмырсқа өзенге су ішуге келгенде суға түсіп қала жаздайды, оны көрген көгершін ауызындағы бұтағын тастап, құтқарып алады. Кейін аңшы көгершінді торына түсірмекші болғанда, құмырсқа аңшының аяғын қатты шағып, көгершінді аман алып қалады.

    Мақсаты: Балаларды әрқашан қиын сәттерде дос, туыс, жалпы адамдрға қиын сәтте көмектесу, адамгершілік, жақсы қасиеттерге баулу.

   Сондай-ақ, осы оқу іс-әрекетінде «Жануарларды тамақтандыр!» атты дидактикалық ойынымда жануарлардың қорегін табуға көмектесіп қана қоймай, әр тағамды орналасуын және атауымен қосып айту арқылы балалардың тілін дамытып, адамгершілікке де баули алдым.

    

   Қоршаған орта пәнінен өткізген «Мамандықтар» тақырыбындағы ашық оқу іс-әрекетімде өмірмен байланыстырып, оқушылардың ата-анасының мамандықтарын кірістірдім, әңгімелеп, сөйлем құрауға ынталандырдым. Міне, сөздік қоры біртіндеп молая түсті және үлкендер еңбегін құрметтеуді ұғынды. Дидактикалық ойындар: «Кім болам?», «Әр маман иесінің тиісті көлігін тап!», «Мамандыққа керек заттарын тап!» ойындарды ойнату арқылы жақсы нәтижеге қол жеткіздім.           

 

    Мен осы аталған әдістерді өзімнің сабақтарымда қолданып, пәнаралық байланыстарды сақтай отырып, қоршаған орта пәнінен «Мамандықтар» тақырыбында өткізген ашық сабағымды өмірмен байланыстырып, балалардың өз ата-аналарының мамандықтары жайында да айтып өттім және зерттеп жүрген тақырыбыма байланысты тіл дамыту әдістерін тәрбиешінің сөзі,  әңгімелесу және сұрақтарға толық жауап беруін қадағалап, салыстырмалы әдіс бойынша суреттерді салыстырып және ажыратып, кітап бойынша білімді меңгертуде әліппе дәптермен жұмыс жүргізіп, дидактикалық ойындарда көрнекілік пайдаланып, экскурсия,

техникалық құралдарды, яғни жаңа технология слайдты пайдалана отырып және балалардың ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіріп, сөздердің тура және ауыспалы мағынасын түсіну үшін ашық сабағымда мақал-мәтел, өлең-тақпақтар ды да қолдандым. Мектепке дейінгі оқушылардың тілін дамыту, адамгершілікке баулу жұмыстарын осындай бағытпен жүргіздім.

   Тіл дамыту арқылы балалардың ақыл-ойы кеңейеді, адамгершілік, эстетикалық тәрбие, бір-бірімен достық қарым-қатынас мәселелері де дұрыс жолға қойылады.

 

    Тіл дамытудың негізгі міндеті – баланы өз ойын дұрыс айта білуге үйрету, оның ойлау қабілетін дамыту, өзін қоршаған заттар, құылыстар туралы білуге құмартуын, соларды бақылай білуге дағдыландыру қажет.(Табиғатты бақылау, сурет қарау, сурет бойынша әңгіме жүргізу, т.б.)

    

      Балалар мазмұны жеңіл, мағынасы түсінікті, оқуға оңай мәтіндерден мәнерлеп оқуға, жаттауға үнемі жаттықтырамын (әңгіме, өлең,жұмбақ,ертегі,мақал, жаңылтпаш, т.б.). Өйткені, бұл есте сақтау қабілетін де жақсартады.

Педагог Я.А.Коменский айтқандай: «Адам баласы білімді кітаптан ғана емес, аспаннан, жерден, ағаштан, тас, топырақтан да үйренуі керек». Заттар туралы түсінікті тікелей өзі бақылатып, көрсеттім.

                  

    Математика пәнінен «10 санын қайталау» тақырыбында өткізген оқу іс-әрекетімде балалардың ертегідегі қоян кейіпкерінің сәбіздерін табуға көмектесу арқылы адамгершілікке баули отырып және тапсырмаларын орындау арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыта отыра, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыра алдым.

 

      Балаларға ребустар шештіріп, математикалық ойын есептер шығарту, берілген суреттер бойынша есеп құрату ақыл-ойының жаттығуымен қатар, сөздік қорын молайтуға да өзіндік септігін тигізеді. Мысалы, әр түрлі геометриялық пішіндерді көрсету арқылы олардың түр-түсін, санын, көлемін (төртбұрыш, үшбұрыш, көпбұрыш, шаршы) ажыратқызуды алайық. Осы фигураларды өзара салыстыртып, топтастырып, олардың атауын ерекшеліктеріне байланыстыра айтқызып, есептің шешімін табу үшін  балалардың ойланып жауап беруіне итермеледім. Демек, бала пішіндерді танып қана қоймай, олардың сыртқы көрінісіндегі айырмашылықтарын көріп, оны сөзбен атайды.

       

    Мен осы уақытқа дейінгі жасаған іс-тәжірибемде сабақты өткізудің ғылымилық жолына(яғни, оқыту әдіс-тәсілдерін іріктеп алу материал мазмұнына, жас шамасын ескеріп) сүйеніп, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, мынадай ашық сабақтарын өткіздім.

       

   Баланың тілін дамыта отырып, адамгершілікке баулу бағытында жүргізілген жұмыстар:

  • Әңгімелесу, өз ойын анық жеткізу;
  • Сұрақтарға толық жауап беру;
  • Сөздерден сөйлемдерді дұрыс құрату;
  • Ашық айту, дауыс ырғағын келтіре сөйлеу;
  • Түсінгенін айта білу;
  • Байланыстырып сөйлей білу;
  • Көпшіліктің алдында сөйлеп үйрету;
  • Сөздердің тура және ауыспалы мағынасын түсіну үшін мәнерлеп оқуға жаттығу:жұмбақ, ертегі, мақал, жаңылтпаш,әңгіме, өлең, т.б.

 

      Баланың сөздік қорын дамытуға бағытталған бастапқы жұмыстар сабақ барысында әрі қарай мақсатты түрде әрдайым қолданып жүремін.

     Ізденіп, зерттеп жүрген тақырыбым бойынша, оқушылар арасынан теріс қылықтарды байқаған сәтте, оның алдын-алуға түрлі әдіс-амалдарды жүзеге асырдым.

 

    Мәселен, өмірден алатын болсам, күнделікті сабақта болған жәйтты негізге ала отырып, ойдағыдай нәтижелі  жаңашылжолын тапқандаймын. Сыныптасы Абылайханды «немқұрайлы, сен сабақта оқи да, жаза да алмайсың» - деп, келемеж етеді. Әрине, біріншіден, ол бала ескерту жасап, Абылайханды көзден таса қылмай, үнемі мақтап, өз ойын жеткізу үшін жетекші сұрақтар қойып, оны қолдап отырдым. Сабаққа қызығушылығын арттыру үшін ойындық әдіске көшіп, сан алуан көрнекілік көрсетіп, анық түсінікті болу үшін Абылайхан секілді оқушыларды сол тақырып төңірегінде образға енуге ықпал жасадым.

 

Төменгі деңгей- әсер ету- қызығушылық ояту – ұқыпты – еңбекқор

 

        Балаларға арналған сауалнама.

  1. Мектептегі достарың кім?
  2. Өзіңнен үлкен адамдар есіктен кірмекші болғанда сен не істер едің?
  3. Мұғалім сенің ата-анаңмен сөйлесіп тұрғанда сен не істер едің?
  4. Қай кезде де досыңа көмектесесің бе?

 

     Қорытынды.

 

     Менің зерттеп жүрген жұмыстарымның нәтижесі:

* Кез келген жерде балалар өз ойын ашық түрде жеткізе, айта алады.

*Үлкендерді, айналасындағыларды құрметтеуге дағдыланды.

*Сұрақтарға толық жауап беріп, сөйлем құрай алады.

*Бастаған істерін аяғына дейін жеткізіп, бір-біріне көмектесу керектігін үйренді.

   

    Балалардың адамгершілік қасиеттері және сөздік қоры, ойлау қабілеті және зейіні қаншалықты деңгейде екенін мына зерттеу диагностикасынан көрінеді.

 

     Алға қойған мақсатым – жалпы мұғалім менің ойымша, ізденімпаз, білікті,жан-жақты, барлық жаңа технология бойынша сабақ өткізуге қабілетті, яғни құзыретті болу қажет. Жалпы, қызықты әрі жүйелі өткізілген сабақ нәтижелі болатыны белгілі.

      

     Қорыта келгенде, уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер баланы тәрбиелеу осы заман талабына сай үйлесімді деңгейді қайта құруды міндеттейді. Тәрбие мен оқу егіз деген сөз бар. «Тәрбие бар жерде ғана сапалы білім саналы ұрпақ болады» деген дана халқымыздың мақал сөзіне сүйенеміз. Даңқты, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың «адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»- деген сөзімен ойымды қорытындылаймын. 

 

           Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Д. А. Айдаров, Асыл қасиет –Алматы,1990.

2. Ә. Т. Әбжанов,  Нысанбаев; Ой. Ақыл. Адамгершілік – Алматы «Білім» 1994;

4. Балалар бақшасында адамгершілікке тәрбиелеу

5. «Балақан» журналы №3(15) 2011

6. Л. П.Васильева - Гангнус; Уроки занимательного труда  - Москва «Педагогика» 1979;

7. Ф.Жұмабекова; Мектепке дейінгі педагогика – Астана: Фолиант, 2008ж;

8. «Мектепке дейінгі тәрбие» журналы

9.  «Отбасы және балабақша»  журналы №2(144) наурыз-сәуір 2011 ж.

 

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру