Тіркелу Сайтқа кіру

Бесік жыры

Авторы: Лах Айдана Бақтыбекқызы, 9-сынып, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, «Айыртас негізгі орта мектеп» КММ
Жоба атауы: Бесік жыры
Секциясы: Қазақ әдебиеті
Жетекшісі:Бекмолдина Роза Кайполдакызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 2014-2015 о.ж.
Аннотация
Ғылыми жобаның мақсаты: Алған білімді эвристикалық-шығармашылық деңгейде бағалау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Пәндік білімін ұлттық дәстүр қаймағы бұзылмаған ауыл тірлігіндегі шынайы тәжірибемен ұштастыру;
- Тұжырымдарын әдеби тілмен дәлелді жеткізу;
- Әлеуметтік қарым-қатынастар дағдысына бейімделумен әрбір ел үшін маңызды болып табылатын рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтардың негізінде өз елінің мәдениетін құрметтеуге қалыптасу.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Әрбір ел үшін маңызды болып табылатын рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтардың негізінде жастарды өз елінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу; екіншіден, жылдам өзгеріп жатқан әлемде өзіне сенімді және табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылар мен түсініктерін дамытуға, өмірлік жағдайда өз білімдерін қолдануға ықпалын тигізетін сыни ойлауға үйрету.
Проблемасы: Жас бала тәрбиесінде медицина мен ұлттық сипаттағы таным арасындағы қайшылықтар.
Зерттеу жұмысының болжамы: Оқушының ғылыми білімді ұлттық құндылықтарымызбен ұштастыра санасына сіңірумен құзіретті тұлға қалыптастыруға тамшыдай болса да үлес қосу.
Зерттеудің кезеңдері: 1. Оқулық бойынша пәндік білім меңгеру.
2. Отбасылық құндылықтарды зерттеу, жинақтау.
3. Зерттеулерді қосымша ғылыми біліммен дәйектеу, дәлелдеу үшін кітапхана, интернет ресурстарын қарастырып іздену.
Бесік жыры
Орыс халқының ғұламасы К.Паустовский: «Әрбір адамның өзінің ана тіліне деген көзқарасына қарап оның мәдени дәрежесі ғана емес, сонымен бірге азаматтық қасиеті жөнінде де мүлтіксіз баға беруге болады.Өз Отанына деген махаббат өз ана тіліне деген шынайы махаббатсыз болуы мүмкін емес», - депті.Тіл-қарым –қатынас құралы, - дейді оқулықта. Егеменді еліміздің келешек азаматы ретінде іскер де сауатты, өз пікірін ашық та айқын жеткізе алатын тұлға болып қалыптасу міндеті тұр біздің алдымызда Тіл- адамның жан дүниесінің айнасы болғандықтан, рухани бай болу керек. Рухани байлықтың қайнар көзі тұрмыс-тіршілік, салт-санамызда. Сондықтан дәстүрімізді терең білу керек. Әдебиеттен «Салт жырлары» тақырыбынан бірнеше жоба ішінен «Бесік жырын» таңдап зерттедім. Бесікке тән: жөргек, жастық, түбек, шүмек тәрізді кәсіби сөздерді менгердім. Баланың басына жасайтын, іліп қоятын: айна, тарақ, үкі, бүркіт тұяғы, қасқыр асығының мәніне қанықтым. «Аластаудың» мәнін анықтадық. -«Тыштырма» ырымы не үшін жасалады? - деген сұрағына түрлі болжам жасап, ақырында:- Тоқ баланың түбегі тез толады, демек, бала тоқ болсын деген ырым пікіріне тоқталдық.
«Бесік жыры» тақырыбына дереккөздерді іздестіріп отырғанда, Момышұлы Бауыржан атаның мына бір құнды пікірін оқыдым: «Балаларға бесік жырын айтатын келіндердің, ертегі айтатын әжелердің азайып бара жатқанын қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспегеннің көкірегі көр бола ма деп қорқамын»,- дейді. Мұндайларды ақын Мұхтар Шаханов «Компьютер басты жарты адамдар» өлеңінде қарттың сөзімен жарты адамға теңеп, ал АДАМ деп санауға:
Сол үшін ұлдың бірі ғана қайсар, ұшқыр арманын,
Техникалық санаты мен ғылыми өр талғамын
Өз ұлтының рухани байлығына жалғады,
Содан шуақ, қуат алып, ғаламдық ой толғады, - деген ризашылық оймен рухсыздық апатынан сақтануға шақырады.
Сөйтіп, сыныптағы төрт бала төрт тақырыпты зерттедік: Меруерт - «Тұсау кесу», Ердәулет - «Бата», Ерболат - «Беташар» жырын. Зерттелмегені қаншама. Ойладық та, ойнадық та. Естен кетпестей әсер алдық. Содан мынадай ой туды: еліміз «ЭКСПО-2017» көрмесіне үлкен әзірлік үстінде. Қазақта той көп. Солардан тура сол кезге жоспарлап, т.б тұнған салт-дәстүрімізді шынайы бет бейнесімен шетелдіктерге неге таныстырмасқа? Радловтың пікірімен айтсам: «Еңбектеген баласынан еңкейген кәрісіне дейін шешен» халқымызға бұл сөз болып па?

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. «Аңыз адам» № 9, 2010
2. Қазақ әдебиеті 9-сынып
3.Қазақ әдебиеті пәні оқулығының хрестоматиясы 9-сынып
4. Даналардан шыққан сөз. А. «МЕКТЕП» 1987. Жинақтаушы Ұ. Асылов
5. М. Шаханов «Жаңа қазақтар», Алматы. «Білім», 2000
6. «Шаңырақ» энциклопедиясы. dle
Ұқсас мақалалар:
Үйірме: Қазақ халқының салт-дәстүрлері.

Үйірме: Қазақ халқының салт-дәстүрлері.

Үйірме: Қазақ халқының салт-дәстүрлері. (6 - сынып) (оқыту қазақ тілді емес мектептер үшін) Сағитова Бибігүл Бұлтынқызы Павлодар облысы Ертіс ауданы...
Бесік  жыры.  Тұсау кесу жыры.

Бесік жыры. Тұсау кесу жыры.

Сыныбы: 2 «А» Күні: 17.10.14 Сабақтың тақырыбы Бесік жыры. Тұсау кесу жыры. Мақсаты Қазақ халқының салт-дәстүр жырларының...
Бесік  жыры.  Тұсау кесу жыры.

Бесік жыры. Тұсау кесу жыры.

Сыныбы: 2 «А» Күні: 17.10.14 Сабақтың тақырыбы Бесік жыры. Тұсау кесу жыры. Мақсаты Қазақ халқының салт-дәстүр...
Ата салтым – асыл қазынам (тәрбие сағаты)

Ата салтым – асыл қазынам (тәрбие сағаты)

Ата салтым – асыл қазынам (тәрбие сағаты) «Ата салтым – асыл қазынам» Мақсаты: 1.Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің...
Ғылыми жоба: Мағжан Жұмабаевтың

Ғылыми жоба: Мағжан Жұмабаевтың "Мен жастарға сенемін" өлеңінің тәрбиелік мәні

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Маңғыстау облысының білім басқармасы «Үстірт орта мектебі» ММ Авторы: Елубаева Жұлдыз...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру