Тіркелу Сайтқа кіру

Ана – барлық көркемдіктің үлгісі

Ана – барлық көркемдіктің үлгісі
Ана – барлық көркемдіктің үлгісі
Ана! Бар болғаны үш әріптен тұратын сөз. Бірақ бұл сөздің астарында ұшан-теңіз ой жатыр. Бұл сөз иесі бар әлемдегі ең аяулы, ең әдемі, ең ардақты, ең сүйкімді, ең сүйікті жан. Олай дейтін себебіміз, ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы. Шыр етіп дүние есігін ашқаннан-ақ ананың ақ сүтімен нәр алып, ана құшағына еніп, мейіріміне бөленеміз. Сәбидің аузынан шығатын ең алғашқы сөзі де – ана. Сондықтан бұл өмірде анаға тең келер ешкім жоқ.

Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын көрсетпей, өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу. Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңның жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый-құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де татымайды. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. "Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді" деп бекерден-бекер айтылмаса керек.

Ана - болашақтың кепілі. Өйткені біздің елбасымыз, елге белгііл әншілеріміз, жұдырығы балғадай балуандарымыз, қайтпас қайсар спортшыларымыз, бәрі-бәрі анадан туған. Ананың тәрбиесін көрген. Қанша жерден ұлы болса да, ананың ұлылығынан асып түсе алмайды. Ғабит Мүсірепов айтқандай, "ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді". Иә, ананың мейірімділігінде шек жоқ. Ананың мейірімі нұр шашып, жан-жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл аналардың құшағында мейірім алып жүрген біз – алтын анаға мәңгілік қарыздармыз.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, барлық перзент ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, шашына ақ түсірмей, қасиетті де, киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман жүрсін! dle
Ұқсас мақалалар:
«Ардақты ана, қамқоршы ұстаз және мен» сайысы

«Ардақты ана, қамқоршы ұстаз және мен» сайысы

«Ардақты ана, қамқоршы ұстаз және мен» сайысы Салауатқызы Айдана Алматы технологиялық университетінің 3 курс студенті...
Ана - ұлт тәрбиешісі

Ана - ұлт тәрбиешісі

Қызылорда облысы, Арал ауданы №2 Арал кәсіптік лицей Тәрбие сағаты Тақырыбы: Ана – ұлт тәрбиешісі Өткізген: физика және информатика пәндерінің...
Ата-ананы қадірлеу – парыз

Ата-ананы қадірлеу – парыз

Ата-ананы қадірлеу – парыз Тақырыбы: Ата-ананы қадірлеу – парыз Мақсаты: оқушылардың бойында ата-анаға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру,...
Аталар сөзі – тәрбие көзі

Аталар сөзі – тәрбие көзі

Аталар сөзі – тәрбие көзі Мақсаты: Халқымыздың ата заманнан келе жатқан ұлттық мұрасының бірі ұлттық салт-дәстүр негізінде адамгершілікке,...
Мерекеңмен, аяулы арулар (ашық тәрбие сағаты)

Мерекеңмен, аяулы арулар (ашық тәрбие сағаты)

Мерекеңмен, аяулы арулар (ашық тәрбие сағаты) Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, мақал-мәтелдер арқылы анаға сүйіспеншілікпен қарау. Ананың...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру