Тіркелу Сайтқа кіру

ҚАЗАҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ ОРДАСЫ-СЫҒАНАҚ

ҚАЗАҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ ОРДАСЫ-СЫҒАНАҚ
Қызылорда облысы
Жалағаш ауданы
Каракеткен елдімекені
Тарих пәнінің ІІ санатты мұғалімі
Абенова Улжан Керейтбаевна

ҒЫЛЫМИ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫ:
“ҚАЗАҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ ОРДАСЫ-СЫҒАНАҚ”



Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі мазмұнында Сырдарияның төменгі ағысында орналасқан өз дәуірінде Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан ірі сауда және Ақ Орда мен Қазақ хандығының саяси орталығы болған ортағасырлық Сығанақ қаласы туралы баяндалады. Жұмыстың құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспе бөлімінде Сығанақ қаласын зерттеудің өзектілігі. Сығанақ қаласын зерттеген ғалымдар мен олардың еңбектері жайлы айтылады.
Негізгі бөлім үш тараудан тұрады. Бірінші тарауында ортағасырлық Сығанақ қаласының тарихы, қаланың саяси өмірі, қала туралы алғашқы деректер, қаланы зерттеген ғалымдар қамтылады. Екінші тарауында Ақ Орда мен Қазақ хандығының дәуіріндегі Сығанақ қаласының саяси тарихы қамтылса, үшінші тарауында Сығанақ қаласынан табылған археологиялық құнды жәдігерлер туралы айтылады.
Қорытынды бөлімінде Сығанақ қаласының Қазақ тарихындағы маңызы туралы айтылады
 Жалағаш ауданы Қаракеткен ауылы
№114 орта мектептің 8-сынып оқушылары
Әлі Ақбота мен Жеңісбек Бауыржанның
«ЕРЛIКТIҢ АРҚАУЫ, ЕЛДIКТIҢ БАСТАУЫ – ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ»
тақырыбында ғылыми жобасына
П І К І Р
Әлі Ақбота мен Жеңісбек Бауыржан ғылыми жобасы Қазақ хандығының құрылуы, қалыптасуы және дамуына арналған күрделі мақсат пен міндетті алдына қойған ғылыми ізденіс жұмыс болып табылады.Қазақ хандығы — құрылу процесін талдау, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын анықтау; тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаған қайраткерлердің еңбегін ұлықтауды өз Отанын ,елін-жерін қорғауға тәрбиелеуді мақсат еткен.
Алдарына қойған мақсаттары айқын және зерттеу жобасының деректің негізі жас зерттеуші үшін жеткілікті.
Қазақтардың XV және XIX ғасырлар аралығында дербес мемлекеті болған -. Қазақ хандығы қазақ халқының ғасырлар бойы сақтап, қорғап келген мемлекеттігінің нышаны. Ол ұлан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып, ұлтқа ұйыстыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды. Ұлттық мемлекетіміздің жеткен жетістіктері мен іркілістерін бүгінгі замануи тұрғыда тарих ғылымының жеткен жетістігі тұрғысынан қайта ой елегінен өткізу өскелең ұрпақ алдындағыда қасиетті борышымыз.
 
Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқыныі тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. 2015 жылы Керей мен Жәнібек Қозыбасыға орналасып, Қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толып отыр. Ата-бабамыз қалдырған осындай кең-байтақ жердің лайықты мұрагері болайық!. Қазіргі кезеңде тек бірлікпен болашаққа сенімді қадамдармен жүгіруіміз керек.
Әлі Ақбота мен Жеңісбек Бауыржан зерттеу жұмысын қазақстан тарихы сабақтарында қосымша материал ретінде пйдалануға болады. Ғылыми жұмысты оқи отырып, оқушылардың «ЕРЛIКТIҢ АРҚАУЫ, ЕЛДIКТIҢ БАСТАУЫ – ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ»тақырыбында жобаны аудандық конкурс байқауға ұсынуға болады.
 
 
Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік
университетінің тарих
ғылымдарының докторы: Дастан Сәтбай

ҒЫЛЫМИ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫ:

“ҚАЗАҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ ОРДАСЫ-СЫҒАНАҚ”
 
.
ҚАЗАҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ ОРДАСЫ-СЫҒАНАҚ dle
Ұқсас мақалалар:
Тәуке хан тұсындағы Қазақ Хандығы

Тәуке хан тұсындағы Қазақ Хандығы

И.Тайманов атындағы орта мектеп Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы Дайындаған:Турсинова Г.У Сыныбы:7а Атырау қаласы Сабақтың тақырыбы: Тәуке хан...
Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының алғышарттары

Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының алғышарттары

Тақырыбы:Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының алғышарттары. Сабақтың мақсаты:1.Қазақ хандығының құрылу процесін талдау, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес...
қазақ хандығы

қазақ хандығы

Сабақтың тақырыбы: Қайталау: Қазақ хандығының 16-17ғ дамуы «Қазақ хандығына саяхат»...
Шоқан Уәлихановтың зерттеу еңбектеріндегі қазақтың жыр-дастандары мен ақын-жыршылары туралы мәліметтер

Шоқан Уәлихановтың зерттеу еңбектеріндегі қазақтың жыр-дастандары мен ақын-жыршылары туралы мәліметтер

Шоқан Уәлихановтың зерттеу еңбектеріндегі қазақтың жыр-дастандары мен ақын-жыршылары туралы мәліметтер...
XYII ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы

XYII ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы

XYII ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың тақырыбы: XYII ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру