Тіркелу Сайтқа кіру

Бөпешім

Әй-әй, бөпем, әй, бөпем,
Сыр сандықты бесікке,
Ақ мамықты төсекке.
Жата қойшы бөпешім.
Айналайын, тарланым,
Үміт артар арманым,
Сенсің менің қалауым.
Алақандай бөпешім.
Әй-әй, бөпем, әй, бөпем
Жамандықтан қашық бол,
Жақсылыққа асық бол.
Достарынмен адал бол,
Дұшпанынмен қатал бол.
Әй –әй, бөпем, әй, бөпем,
Елін қорғар намысшыл,
Батыр болшы бөпешім,
Ұлы Абай атандай
Ақын болшы бөпешім.
Әнші Әміре атандай,
Әнші болшы бөпешім.
Жыршы Жамбыл атандай
Жүзге келші бөпешім.
Нұрсұлтандай еліне
Президент болшы бөпешім
Бар тілегім қабыл боп
Орындалсың арманын!


Жалтыр №2 ОМ оқушысы Канапьянова Дарига dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру