Тіркелу Сайтқа кіру

Ниткография техникасымен гобелен жасау.

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы

№1 ЖОББМ.КММ.

Технология пәнінің мұғалімі:

Тлесова Бейсенкул Мыркыбековна

 

Сабақтың тақырыбы: Ниткография техникасымен гобелен жасау.      

Максаттары:      

Білімділік :  Оқушыларға жіппен сурет салудың техникасын үйрету.ниткография техникасы туралы мәлімет беру.

Дамытушылық:      Оқушылардың көркем қолөнерге деген қызығушылығын , эстетикалық талғамын  қалыптастыру,шеберлік қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:       қолөнер шеберлерінің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу;сарамандық жұмыс барысында тәртіпті сақтау, өзара көмек көрсетуге үйрету, бастаған жұмысты аяғына дейін аяқтауды үйрету.

Сабақтың түрі:     Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі:   Түсіндірмелі иллюстративті, көрсету, сұрақ жауап.

Көрнекіліктер:   слайд, интербелсенді тақта, дайын жұмыстар.

 Пәнаралық байланыс:  сызу,бейнелеу өнері, биология.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:

тақтаны сабаққа дайындау

оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

құрал жабдықты түгендеу.

2. Жаңа сабақ.

Ниткография туралы жалпы мәлімет беру.( интерактивті тақтамен слайдтар көру).

Жіппен сурет салу техникасын ниткография деп  немесе тоқылмай жасалған гобелен деп атайды. Бұндай гобелен жасауға кез келген жіп түрін пайдалануға  болады : жібек жіп, жүн жіп, акрил, синтетика, мақта жіп, мулине.

 

Ниткография техникасымен салынған суреттер тартымды және фактуралы болып шығады,өйткені жіптің қалыңдығы әр түрлі және түр түсін өте кең түстік спектрде қолдануға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жіппен кез келген сурет салуға болады – табиғатты, жануарларды, ою-өрнектерді. Бұндай картиналарды  интерьерлерге, балалар бөлмесіне, холлдарға  ілсе ерекше көңіл күй беріп тұрады. Және ең қарапайым суреттерді кез келген адам ,тіпті сурет салу білмесе де жіппен жасай алады.

Жұмысты енді бастағанда түгі шықпайтын тегіс жіптермен пайдаланган ыңғайлы. Сурет салу  үшін қатты картон немесе ДВП ны қолданады. Желім ретінде неғұрлым иісі аз клейді алу керек - ПВА клей мысалы.

Жіппен сурет салу үшін бізге келесі құралдар  қажет:

Қатты картон қағаз немесе ДВП көлемі 35 /45cм . (одан кіші немесе үлкен болуы мүмкін)

клей ПВА

жіп түрлері , қайшы,  қарындаш , жіңішке таяқша.

жақтау - сатып алуға немесе қажет өлшемде қолдан жасауға болады.

3. Практикалық кезең.

Картон бетіне таңдап алынған суретті салу.

Суреттің контурына клей  жағып шығу, таяқамен клейді жазып жағу.

Жіпті жабыстыруды суреттің контурынан бастау, суреттің орталарын жабыстырғанда керек жерлерінде қолмен басуға болады.

Майда детальдарын жабыстыруды ортасынан бастау ыңғайлы.

Жіптің шеттерін және қиын бұрылыстарда жіпті  қайшымен  кеседі.

Дайын суретті  ыстық үтікпен булап басып жіптерді тегістеу.

Жақтауға суретті орналастыру.

4. Сабақты қорытындылау.
•  қандай жіптерді ниткография техникасында қолданады?
• жіппен сурет салу өнері туралы не білесіңдер?
• қауіпсіздік үшін қандай желімді пайдаланған дұрыс?
• ниткографиямен  сурет салу үшін  қандай құрал жабдықтар керек?

5. Үйге тапсырма.
үйде  бастаған жұмысты жалғастыру.
6. Баға қою.
Сабаққа қатысқандарына қарап баға қою.

7. Рефлексия.
• Бүгінгі өткен сабақтан қандай әсер алдыңдар?
• ниткография өнері ұнады ма?
 

dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру