Тіркелу Сайтқа кіру

Білім бәйгесі

Білім бәйгесі
Білім бәйгесі

Мақсаты: 1. Оқушыларға ұлттық ойындар мен салт дәстүрден мағлұмат беру.
2. Екі топты жарыстыру арқылы оқушылардың технология пәні бойынша білімін тексеру.
Тәрбиелік мақсаты: Ұлттық ойындар арқылы оқушыларды ерлікке, өжеттілікке, әділдікке, адамгершілікке баулу.
Пайдаланылған көрнекіліктер: Екі топтың газеттері, қоржын, теңге.
Нақыл сөздер: «Алма ағашты бергеніне қарап бағала, Адамды еңбегіне қарап бағала»
К. Д. Ушинский
«Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл» Мақал.
Сабақтың түрі: сайыс
Барысы: Сыныптан тыс жұмыстың арқауын осы аламан бәйге - ат жарысы түрінде ұйымдастырып, оқушыларға ұлттық ойындар мен салт дәстүрден мағлұмат беріледі. Оқушылар Исатай ауылы –«Ақ табан», Ақан сері ауылы –«Құлагер» болып екіге бөлінеді. Ара - арасында музыкалық үзілістер болып отырды.
I – жорға жарыс. Жылқы өзінің жұмсақ та тайпалма жүрісімен көзге түседі, жарыс кезінде де жорғасынан таймайды. Жарыс екі - үш шақырым қашықтықта өткізіледі.
Осынау дүбірімен күй ақтарған,
Бәйгеден озып келу сияқты арман
Туған ел үміт үзбей қарап отыр
Тұлпардан қалған өңкей тұяқтардан
Тұяқтан құйын - перін шаңды ойнатып,
Бұл жолы дарындардан сыймайды аты
Мәреге бұрын жетіп боз жусанда
Шаттықтан аунап жату қандай бақыт
Алдағы біз баратын бағыт анық
Сәйгүлік екеніңді тағы таныт
Бәйгеде аттың басын тартпас болар,
Ал енді тізгіндерді ағыталық.
Жорға жарыстың сұрақтары.
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын ата.
2. Қазақстанның жеріндегі пайдалы кен қазбалары. (темір рудасы, түсті және асыл металдар; мыс, қорғасын, алтын, күміс т. б.)
3. Қазақстанның жер көлемі, халқының саны.
4. Қазақстанның егемендігі туралы өлең.
II Желіс жарыс.
а) Қазақ ырымдарын айту.
ә) Мүшел айту.
III Алтын қабақ ашу.
Ат үстіндегі ойынның бір түрі. Ұзын сырықтың басына мергенге арналған сыйлықты жіпке байлап іліп қояды. Мерген оның жібіне көздеп, садақпен атып жерге түсіреді.
1. Металдар неше топқа бөлінеді?
2. Түсті металл мен қара металлдың арасындағы айырмашылық қандай?
3. Металлдардың қасиеттерін айт.
4. Егеумен жұмыс істегендегі қауіпсіздік ережесі.
5. Металл кесетін қайшымен жұмыс жасау ережесі.
6. Құжаттық сызба дегеніміз не?
IV. Қыз қуу. ( Үй тапсырмасы. Бір - біріне сұрақ қояды)
Қамшылама атыңды текке бекер
Көп қудың ғой, жігітім, енді жетер
Тізгінімді тежейін алдыма түс
Келді менің кезегім жүндей түтер.
V. Аударыспақ.
Өмірдің өзі адамды тірестірген,
Бірі жаңа тірестің, бірі ескірген
Алқақотан отырып күрестірген
Белдескеннің бір бүктеп тастамаққа
Бағын сынап көреді жас талапта
Тұрмысы бұл дүниенің күреспен тең
Тәуекел жарысқа түс бардағы осы. (Екі оқушы білек күшін сынасады)
VI. Теңге алу – ат спортына жататын ойынның бірі. Бұл ойында жуас жылқылар пайдаланылады. Ат ойыншының қалауынша шабады, бірақ теңге жатқан жерге келгенде баяулауға болмайды. Қоржынның ішіне теңгеге жабыстырылған сұрақтар салынады.
1. Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіпті қалалар. (Арқалық, Балқаш, Қарағанды, Жезқазған, Қаратау, Ақтау, Рудный, Кентау, Жаңатас т. б.)
2. Қазақ мақал - мәтелдерін айт.
3. Құрылыста пайдаланылатын ағаштар.
4. Үй жиһаздарын жасауға пайдаланылатын ағаштар.
5. Ойма дегеніміз не?
6. Ойманың неше түрі бар?
7. Ағаштарды күзде шырпуға болама?
8. Ағаш өңдеу құралдарын ата.
VII. Бәйге төбе. Білім жарысы қорытындыланып, жеңімпаз dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру