Тіркелу Сайтқа кіру

V-Х ғасырлардағы Батыс Еуропа

Күні:

Сабақ: 7 сынып

Пән: Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Тақырып: V-Х ғасырлардағы Батыс Еуропа

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

1. Білімдік – Герман тайпалары және олардың Батыс Рим империясына басып кіруі, Франк мемлекетінің құрылуы, олардың мемлекеттік құрылымы туралы оқушыларға баяндау.

2. Дамытушылық – оқушылардың өзіндік жұмыс дағдысын және біліктілігін дамыту. Тақырыпқа қорытынды жасап, пікірін айтуға дағдыландыру.

3. Тәрбиелік – шәкірттердің сабақ үстінде тақырыпты толық меңгеріп, тәлім-тәрбие алуына қолайлы жағдай тудыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: әңгіме, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, кесте, тірек-сызба арқылы белсенділікті арттыру.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: карта, түрлі түсті суреттер, кесте

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын тексеру:

Өткен жылға материалдарды қайталау.

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жоспары:

1. Герман тайпалары және олардың  Батыс Рим империясына басып кіруі.

2. Франк мемлекетінің құрылуы.

3. Мемлекетті басқару.

4. Франктердің христиан дініне енуі.

5. Майордомдар билігі.

6. Ұлы Карл және оның империясы. Империяның ыдырауы.

Негізгі ұғымдар мен түсініктер: «Сали ақиқаты», король, граф, аллод, колондар, «майордам»,тривиум, квадривиум, «Каролингтердің қайта өрлеуі».

   V ғасырда Рим империясы әлсірей бастады. Оның бірнеше себептері болды. Ең басты себеп - құлдар еңбегінің тиімсіздігі еді. Құлдар өнімді көп өндіруге мүдделі болмады. Еңбегіне ақы алмай, тек тамағы үшін ғана ауыр жұмыс істеуге мәжбүр болған құлдар қасақана еңбек құралдарын бүлдіріп, зиянкестік жасады, жұмыстан жиі бас тартты.

    Билік басындағыларды, әскерді азық-түлік, киім-кешек, қару-жарақпен қамтамасыз етіп отыру үшін халыққа салынатын салық мөлшері жылдан-жылға өсе берді. Сөйтіп өкіметкеқарсы тек құлдардың ғана емес, карапайым қала халқы мен шаруалардың да наразылығы күшейе түсті. Құлдар мен қарапайым еңбекші халық шіркеуге де сый-сыяпат, зекетретінде алым-салықтар төлеп тұрды. Тойымсыз дінбасыларға деген наразылық қалың бұқара арасында күпірлер қозғалысын туғызды.

    Қатты күйзеліске ұшыраған Батыс империяға Герман тайпалары -вандалдарвестготтар (батыс готтар), остготтар (шығыс готтар), ағылшын-сакстер, франктер және тағы басқалар шабуылдарын күшейтті. Бұл тайпалардың қоғамдық даму деңгейі біркелкі емес еді. Кейбіреулері отырықшылық өмір сүріп, егіншілікпен шұғылданса, екіншілері мал шаруашылығымен айналысып, қоныс аударып отырды. Германдық тайпалардың негізгі шаруашылық ұясы қауым болды. Қауым мүшелері топқа бөлінбей, жерді бірлесіп өңдеді. Германдықтарда мемлекет болмады. Қауымдарды сайланып қойылатын көсемдер басқарды. Дау-дамай, талас-тартыстарға ру ақсақалдары қазылық етті. Тайпалар өзара соғысып, бірін-бірі бағындырып отырды. Соғыс кезінде батырлығымен көзге түскен тайпа көсемі әскербасы болып сайланатын.

     IV ғасырдың аяғынан бастап германдық тайпалар Батыс Рим империясына басып кіріп, қоныстана бастағаны сендерге «Ежелгі дүние тарихынан» белгілі. Оларды шығыстан көшпелі ғұндар ығыстырған болатын. 378 жылы Адрианополь қаласы маңында германдық вестготтаримператор Валенттің өзі басқарған Рим әскерін талқандады. Осы жеңілістен кейін Империя оңала алмады. 410 жылы Аларих бастаған вестготтарРимді басып алды. Вестготтарқаланы үш күн бойы тонады. Бірак олар Римде тұрақтап қала алмады, азық-түлік қоры таусылды, оның үстіне Империя тұрғындары варварларға қарсы күресін тоқтатқан жоқ еді. Сол себепті вестготтарОңтүстік Галлияға өтіп кетті. 418 жылы Оңтүстік-Батыс Галлияда Вестгот корольдігі пайда болды.

Варварлар корольдігі жаңа феодалдық мемлекеттердің қалыптасуына негіз болды. Ол мемлекеттердің ішіндегі ең қуаттысы 486 жылы Солтүстік Галлиядақұрылған Франк мемлекеті еді. Оны салий франктерінің меровей руынан шыққан көсемі Хлодвиг басқарды. Хлодвиг барлық франк тайпаларын кол астына біріктіріп, Римнің карамағындағы көрші Галлияның құнарлы жеріне жорыққа аттанды. 486 жылы Суассон қаласының маңында франктер римдіктерді талқандап, Солтүстік Галлияны басып алды. Бұдан соң Хлодвиг вестготтардан Галлияның оңтүстігін де жаулап алды. Сөйтіп Рим империясының осы провинциясының орнына өзінің корольдігін құрды.

    Галлияны жаулап алған франктер бұрынғы жер иелерін орындарынан қуған жоқ, бос жатқан жерге ғана қоныстанды. Жаулап алушылардың билігін мойындаған римдік және Галлиялық байлар аз уақыттың ішінде франк ақсүйектерімен араласып, туыстасып кетті. Франк мемлекетінің халқы латын және герман тілдерін араластырып сөйледі. Осы аралас тіл кейін француз тілінің негізін құрады. Жазу саласында тек латын тілі қолданылды. Хлодвигтің тұсында осы тілде франктердің ең алғашқы coт саласындағы заңдары жазылды. Ол «Сали ақиқаты» деп аталды. Ол заңдар бүкіл мемлекет аумағындағы бірыңғай тәртіпті нығайтуға үлес қосты. Франктердің заңы бойынша қылмыстың көпшілігі ақшалай айыппен өтелетін. Адамдар заң алдында тең болмады: адам өлтіргендігі үшін салынатын айып мөлшері кімді, кандай адамды өлтіргендігіне байланысты әр түрлі болды. Франктің өмірі галлдар мен римдіктердің өмірінен кымбат бағаланды. Жауапқа тартылған адамның кінәсі дәлелденбесе, оны «құдай сотына»салатын. Мысалы, жалаңаш қолмен қазанда қайнап тұрған судан сақина алуға мәжбүр етілді. Егер кінә тағылып отырған адамның қолы көп күймесе, ол адамның ақ екендігінің белгісі деп саналды. Сондықтан оған құдай жақ болып отыр деген тұжырым жасалатын.

Тапсырма.

№ 1. Оқушыларға дәптерге «Франк мемлекетінің билік сатысы» сызбасын салу тапсырылады.

№ 2. Тарихи оқиғаларды кестеге түсіру.

Тарихи оқиғалар

Хронологиялық ауқымы

Басты тарихи тұлға

Нәтижесі

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекіту: Жаңа сабақты меңгерудегі окушылардың білімін жүйелі орнықтыру мақсатында бекіту сұрақтары беріледі:

1. Рим империясының әлсіреуінің басты себебі неде?

2. Герман тайпаларын неліктен Рим жеріне басып кірді?

3. «Халықтардың ұлы қоныс аударуын» кімдер басқарды?

4. Франктердегі жер иелену тәртібі қандай болды?

5. Франктер неліктен христиан дінін қабылдады?

6. Ұлы Карл империясы неліктен ыдырай бастады?

7. Ұлы Карл мәдениетті дамытуға қандай үлес қосты?

Қорытынды: Сөйтіп, Ұлы Карлдың империясы үшке бөлініп, үш корольдік пайда болды. Кейіннен олардың орнында Франция, Германия және Италия мемлекеттері дүниеге келді.

Үй тапсырмасы: §1-2 оқу, бірінші параграфтағы тарихи оқиғаларды кестеге түсіру.

Бағалау.

 

 

 

 

dle
Ұқсас мақалалар:
Дүние жүзі тарихы 7 сынып күнделік жоспар

Дүние жүзі тарихы 7 сынып күнделік жоспар

7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты: 7-сыныпта оқытылатын Орта ғасырлардағы дүние жүзі...
Қазақстан тарихы 11-сынып ҚМЖ қысқа мерзімдік жоспары

Қазақстан тарихы 11-сынып ҚМЖ қысқа мерзімдік жоспары

Қазақстан тарихы 11-сынып   ...
Қазақстан тарихы 6 сынып күнделікті сабақ жоспарлары 6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Қазақстан тарихы 6 сынып күнделікті сабақ жоспарлары 6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

6-сынып. Ежелгі  Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: §1.Алғашқы адамдардың пайда болуы Сабақтың мақсаты: Адам баласының пайда болуы...
Сақтар. 5 сынып.

Сақтар. 5 сынып.

Сыныбы 5а, б, в, г Сабақтың тақырыбы Сақтар Мақсаты Сақтардың  түрлерімен, қоғамдық құрылысы мен шаруашылығы туралы таныстыру. ...
Орта ғасырлардағы ғылым мен білімнің дамуы

Орта ғасырлардағы ғылым мен білімнің дамуы

Тақырыбы: Орта ғасырлардағы ғылым мен білімнің дамуы Сабақ мақсаты: 1.Орта ғасырда ғылымның дамуы мен оған үлес қосқан ғалымдардың еңбектерімен...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру